Бала ағзасы үшін К дәруменінің маңыздылығы

K дәрумені, доромарин, балаларға арналған дәрумендер кешені, балаларға арналған дәрумендер

К дәруменін адам ағзасында ХХ ғасырдың басында ашқан, ал оның барлық қызметтерін технологиялар мен әдістер жетіспеушілігінен аяғына дейін зерттей алмаған. Алғашында ол тек қанның ұюына жауап береді деп болжанған, ал тәжірибеде оның рөлі маңызды екені көрсетілген. Ендеше, бала ағзасы үшін К дәруменінің маңыздылығы және оның жетіспеушілігі тудыратын зардаптар туралы сөз қозғайық.

Бала ағзасы үшін К дәруменінің маңыздылығы

К дәрумені (филлохинон деген атпен де белгілі) бала ағзасындағы маңызды микроэлементтердің бірі болып табылады. Ол қанның ұюына жауап береді, адамды ішкі және сыртқы қансырау түрлерінен қорғайды. Егер ағзада бұл зат болмаған жағдайда, кішкентай жараның өзі ауыр қансырауға әкелетін еді, себебі жара ешқашан өздігінен жазылмайды.

Сонымен бірге, К дәрумені остеокальцин жинақталуына да қатысады, ол – сүйек ұлпаларының қалпына келуі мен тұтастығына жауап береді және бауыр мен бүйректің дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Остеопороздың (сүйек ұлпаларының морт сынғыштығы) пайда болуына кедергі болады, бактерияларға қарсы әрекет етеді және ауыруды басады.


К дәруменінің өзін екі түрге бөлуге болады:

  • К1 — өсімдіктерде жинақталады және олардың жапырақтарында кездеседі;
  • К2 — тік ішек микрофлорасы мен бауырда болады.

Босану кезінде ішкі қансыраудың орын алуын төмендету үшін аталған дәруменді көбінесе жүкті әйелдерге тағайындайды. Сонымен қатар ол бауырда жиналып қалған улы заттарды жояды, бұл жалпы денсаулыққа жақсы әсер ететіні сөзсіз.

К дәрумені жетіспеген кезде не болады?

К дәруменінің жетіспеушілігінен көбіне жаңа туған нәрестелер зардап шегеді, әсіресе анасы тамақтануын дұрыс қадағаламаған кезде. Себебі, өмірінің алғашқы сатыларында нәресте тек емшек сүтімен қоректенеді, бүкіл пайдалы микроэлементтерді осылайша сіңіреді. Алайда, ана сүтінде К дәрумені мүлдем жоқ десек болады, сол себепті емдеуші дәрігер жеке курс жазып беруі мүмкін.

Ересектеу шақта дәрумен жетіспеушілігі түрлі аурулардың әсерінен, антибиотиктер, антикоагулянттар және басқа дәрі-дәрмектерді  қабылдаудан болады. Егер бала тамақтанғанда көкөністерді жеткілікті қабылдаса да, олардан барлық қажетті құрамдас бөліктерді алуға ІҚЖ, асқазан аурулары кедергі болуы мүмкін. Сонымен қатар ұзақ уақыт сақталатын өнімдердегі бояғыш заттар мен консерванттар да зиянын тигізеді.

Бала ағзасында К дәрумені жетіспегенде келесі белгілер білінеді:

  • Қатты шаршағыштық;
  • Қызыл иектің қанауы;
  • Мұрыннан қан кету;
  • Ішкі қансырау;
  • Тері астына қан құйылу.

Осы белгілер пайда болғанда иммунитет төмендейді, ал егер уақытында микроэлементтер жетіспеушілігін толықтыруды бастайтын болса, қанағыштық дерті, тіпті остеопороз басталып кетуі мүмкін. Себебі биохимиялық сатыда ағзаның кальцийді сіңіруі нашарлап кетеді. К дәруменінің жетіспеушілігінің орнын толтырамыз. Жас ерекшелігіне байланысты бала ағзасына арналған К дәруменінің күнделікті мөлшері 5-тен 65 мкг құрайды, ал өмірінің алғашқы күндері бұл мөлшер тура 15 мкг болуы керек. Оның көптеген мөлшері жапырақты көкөністерде, сонымен қатар төменде көрсетілген өнімдерде кездеседі:

  • Көк қызанақтарда;
  • Саумалдық жапырағында;
  • Брюссель және түрлі-түсті орамжапырақта;
  • Қалақайда;
  • Бидайда;
  • Тотта.

Егер ет өнімдері жайлы айтатын болсақ, онда К дәрумені өте аз, тек жануарлар бауырында болады. Алайда, соңғысы көбінесе өндірістік мақсатта өсірілетіндіктен, оның пайдалылығы туралы айту қиынырақ. Егер үй жағдайындағы ет сізге қолжетімді болса, оларды қорықпай пайдалана беруге болады.

Егер балаңыз К дәрумені бар көптеген өнімдерді жеткілікті түрде пайдаланса да, оны сіңіру үшін ағзада майдың болуы қажет екенін ескерте кету керек. Сонымен қатар бұл зат ішінара ішек микрофлорасы арқылы да пайда болады, алайда дәруменсіздік, дисбактериоз және басқа да ішек-қарын жолдарының жұмысын бұзатын түрлі аурулар кезінде, бұл құрамдас бөлік ағзада мүлдем жойылады. 

Доромарин — сіздің балаңызға арналған ең жақсы өнім

Балаларға арналған “Доромарин” дәрумендері тек табиғи өнімдерден жасалған, ал дәмі жағынан кәдімгі шырын сияқты. Егер жыл мезгілдеріне және тұтынатын тағамдарына қарамастан, балаңыздың дені сау болсын, сонымен қатар К дәруменінің жетіспеушілігінен зардап шекпесін десеңіз, балаларға арналған табиғи, емдеу-алдын алу өнімі Доромаринді қабылдаңыз. Оның құрамында жалпы бала ағзасының жұмысын жақсартуға арналған түрлі микро- және макроэлементтердің көптеген шоғыры бар.

Егер балаңыз төмендегі жағдайларға тап болса, Doromarine қабылдау қажет:

  • Ауа-райы жағдайына қарамастан, жиі ауырса;
  • Мектеп немесе балабақшадан басқа, балаңызды физикалық тұрғыда шаршататын қосымша секцияларға қатысатын болса;
  • Өте селқос өмір салтын сақтаса;
  • Оқуда үлгермесе;
  • Басы жиі ауыратын болса.

Доромарин шаршау белгілерінен арылуға көмектеседі, сүйектердің беріктігін жоғарылатады, иммундық жүйе жұмысын жақсартады, сонымен қатар балаңызды күнін қаншалықты белсенді өткізгеніне қарамай одан да белсендірек етеді. Аталған өнім баланың мектептегі және қосымша сабақтардағы үлгерімін жоғарылатады. Ал ең бастысы – Доромарин толықтай табиғи және дәмі өте жағымды, оны қандай да бір шектеусіз іше беруге болады.

 

Телефон нөміріңізді қалдырып, біздің мамандардың тегін кеңесін алыңыз.

Кері қоңырау

X

WhatsApp-ге жіберу