Доромарин - дені сау ұрпақ, бақытты отбасы!

Бала ағзасындағы хромның (Cr) негізгі міндеттері

Мазмұны: [Көрсету]

Хром – бұл  ағзаға пайдалы ғана емес, сондай-ақ зиянын тигізетін біртекті емес микроэлемент. Оның қалыпты көрсеткішін сақтап тұру өте маңыздыХром — бұл адам ағзасындағы бірегей микроэлемент. Ол көптеген ішкі тіндердің құрамында болады және басқа заттардан ажыратуға болатын көптеген ерекшеліктерге ие. Ендеше хромның бірегейлігі неде екенін және адам ағзасында қандай қызметтер атқаратынын қарастырайық.

Ағзадағы хромның негізгі қызметтері

Хром басқа микроэлементтерден ең алдымен, ағзадағы тұрақты қалпын сақтап тұруымен ерекшеленеді. Адам денесіне қажетті көрсеткіші қатаң сақталуы қажет, ал оның зардаптарын жеткіліксіздігі ғана емес, қалыптан артық мөлшері де тудырады. Бүйректің, ішектің, қалқанша безінің және өкпенің қызметін бақылап отыратындықтан ағза бұл микроэлементке әрдайым мұқтаж болады. Бұдан бөлек шеміршек және сүйек тінінің құрылымының бүтіндігіне жауап береді.

Микроэлементтің өзі келесі қызметтерді ақарады:

  • ДНҚ және РНҚ-ның құрылымының бүтіндігін сақтайды және нуклеин қышқылын бұзылудан қорғайды;
  • инсулинмен белсенді әсерлеседі, сондай-ақ глюкозаның қанда қалыпты мөлшерде болуын және оның энергияға айналуын бақылайды;
  • артық мөлшері дене салмағының ұлғаюы және жүрек-қантамыр аурулары сияқты симптомдарға әкелетін холестериннің қандағы мөлшерін бақылайды;
  • жүрек және қан түзу жүйесінің қызметін қалыпқа келтіреді;
  • артериалды қан қысымына және оның қалыпты деңгейде болуына жауап береді;
  • бұлшық ет тонусының және бұлшық ет эластикалығының сақталуын қамтамасыз етеді.

Хромның негізгі міндеттері — бұл ең алдымен миокардты азықтандырады, сонымен бірге ГТФ синтезін қамтамасыз етеді. Соңғысы глюкозаның мембрана арқылы әртүрлі жасушалардың ішіне енуіне ықпал жасайды.

Адам ағзасында бір мезетте хромның үш валентті және алты валентті екі түрі болатынын ескеру қажет. Бірінші түрі жоғарыда айтылған барлық қызметке жауап береді, ал екіншісі- мутагенді және канцерогенді әсер шақыратын токсинді зат. Алты валентті хромның көп болуы нәтижесінде онкология және жасуша дамуының бұзылысымен байланысты басқа да патологиялар дамуы мүмкін. Дәл осы түрінің ағзаға сіңуі қиынырақ, сондықтан бұл микроэлементтің әрқашан қалыпты көрсеткіште болуын қадағалау қажет. 

Хромның жеткіліксіздігі және оның зардаптары

Хром жеткіліксіздігі өмірдің әртүрлі кезеңінде туындауы мүмкін.Кең тараған себептерінің бірі ауыр стресстар мен аурулармен өткен жүктілік болып табылады. Микроэлемент әртүрлі зат алмасу және регенеративті үрдістерге қатысады, сондықтан оның жеткіліксіздігі отадан кейін және ауыр жарақаттардан кейін бақыланады.

Тағы бір себебі — дұрыс тамақтанбау, соның нәтижесінде ағзаға хромның жеткілікті мөлшері түспейді де, оның алмасуы бұзылады. Бұл келесі жағдайларға да байланысты, рационда микроэлемент көп болса --- оны денеміз қауіп ретінде қабылдайды және белсенді түрде сыртқа шығарады. Сондай-ақ жеткіліксіздігі тұрақты физикалық жүктемемен жүретін, қатты терлейтін және жиі қажеттілігін түрлендіретін адамдарда анықталады. Микроэлемент бүйректе фильтрацияланады және тер немесе зәр арқылы сыртқа шығарылады. Хром жеткіліксіздігі келесі симптомдарға алып келеді:

  • тұрақты бас ауруы және мигрень;
  • ұстамалар және аяқтың дірілі;
  • қолдың және аяқтың сезімталдығының төмендеуі (невралгия);
  • зат алмасудың бұзылысы;
  • қандағы қанттың мөлшері артады немесе азаяды;
  • холестерин жоғарылайды;
  • триглицеридтің құрамы артады;
  • дамудың кешеуілдеуі.

Хром жеткіліксіздігі балалар үшін ерекше қауіпті. Оларда өсудің және толықтай дамуының артта қалуы болады. Бала арықтайды, ұйқысы бұзылады, қоршаған ортаны танып-зерттеуге талпынысы тежеледі. Микроэлементтің тұрақты жеткіліксіздігі қант диабетінің, атеросклероздың және репродуктивті жүйенің бұзылысының себебі болуы мүмкін.

Микроэлементтің қорын қалай толтырамыз?

Хром дүкендерден табуға болатын азық-түліктерде көп мөлшерде болады. Микрокомпонентті картоптан, астық дақылдарынан, кебектерінен табуға болады. Оның көп мөлшері сиырдың бауырында, етінде және тауық жұмыртқасында болады. Сондай-ақ хром теңіз өнімдерінде де --- балықта, шаянда, асшаянда, ламинарияда және ірімшік өнімдерінде болады.

Егер сіз емдік өсімдіктер ішіп жүрсеңіз, онда хромды мелиссадан және ақшайырдан іздесеңіз болады. Экзотикалық өсімдіктерден, гинкго билобаға бөлек көңіл аудару керек, егер сіз оның өсетін жерінде тұрмасаңыз, еркін саудада оны табу қиын екені рас.

Хромның тағы да жақсы көзі саңырауқұлақтар болып табылады – майқұлақ және томарқұлақ, бірақ. дүкендердегі түрлері жарамайды, себебі ол бірнеше рет термиялық өңдеуден өтеді және ешбір пайдасы сақталмайды, сондықтан өзің жинаған дұрысырақ.

Әсіресе пайдалысы кептірілген жемістерді жеу – олар өзінің пайдалы қасиеттерін ұзақ уақытқа дейін сақтайды және ағза үшін жақсы көмекші болып табылады, көбінесе маусым аралықтардағы авитаминоз кезінде пайдаланған абзал.

Доромарин — теңгерілген дәрумендер кешені

Балаларға арналған “Доромарин” дәрумендері тек табиғи өнімдерден жасалған, ал дәмі жағынан кәдімгі шырын сияқты. Егер балаңыз нашар ұйықтаса, жиі ауырса және тұрақты бас ауруына шағымданса, онда қорғану қажет, яғни бұл хром жеткіліксіздігінің белгілері болуы мүмкін. Бұл жайттан Доромарин өнімінің көмегі арқылы оңай құтылуға болады. Оның негізі жеміс шырыны және басқа да ағза үшін пайдалы қоспалар болып табылатын табиғи өнім. Солардың ішінен айта кетсек:

  • қиыршығыстық ламинария — А-дан РР-ға дейінгі топ дәрумендерінің толық спектрінің, ағзаның қалыпты жағдайын қалпына келтіруге қабілетті, хром, темір және басқа да микроэлементтердің көзі болып табылады;
  • трепанг сығындысы — құрамында ең алдымен барлық ағза жасушасының метаболизм қызметін бақылап және құрылымын нығайтатын фолий қышқылы болады;
  • теңіз кальцийі — теңізден алынатын микроэлемент, сүйек және шеміршек тінінің сондай-ақ оның қосылыстарын нығайтады.

Бұл барлық элементтер лабороторияларда мұқият өңделген, және оның құрамы бөлек жағымды әсер етіп қана қоймай, бір-бірінің әсерін күшейтетіндерден таңдалған. Doromarine  формуласы ағза пайдалы үш валентті хромды көбірек алып, ал алты валенттінің жағымсыз әсері болмайтындай таңдалған.

Доромарин профилактикалық өнімімен сіздің балаңыз оқуда үлгеретін болады, белсенді бола бастайды, аз ауыратын болады, ал оның ағзасы әртүрлі сынақтарға дайын болады. Ең негізгісі, Doromarine-нің дәмі өте жағымды, сондықтан ол тек пайдалы ғана емес, сонымен бірге рахат сыйлайды.

Телефон нөміріңізді қалдырып, біздің мамандардың тегін кеңесін алыңыз.

Кері қоңырау

X

WhatsApp-ге жіберу