Доромарин - дені сау ұрпақ, бақытты отбасы!

Балалардағы гемоглобин

Гемоглобин – оттегін беретін, ұстап тұратын және байланыстыратын қасиеттерге ие, бірнеше молекуладан тұратын нәруыздық құрылым. Бұл байланыс қан арналалары арқылы оттегі молекуласын әкелетін транспорт қызметін атқарады. Бұл біздің жасушаларымызды өмірлік қажетті затпен қамтамасыз ететін жалғыз құрылым. Балалардағы гемоглобиннің төмендеуінің жиі себебі авитаминоз бен суық тию инфекциялары саналады. Төмен гемоглобин иммунитет тапшылығының, дамудың тежелуінің, зейінсіздіктің себебі болып табылады. Созылмалы түрдегі төмен гемоглобин оттегінің миға жеткіліксіздігіне және артта қалушылыққа алып келеді. Баланың гемоглобинін қалай көтереді және қандай препараттардың әсері жоғары? Темір жеткіліксіздігін және анемияны емдеу мен алдын алуда табиғи дәрумендер кешені Доромарин қаншалықты жақсы көмектеседі?

Гемоглобин деген не?

Гемоглобин – оттегін беретін, ұстап тұратын және байланыстыратын қасиеттерге ие, бірнеше молекуладан тұратын нәруыздық құрылым. Бұл байланыс қан арналалары арқылы оттегі молекуласын әкелетін транспорт қызметін атқарады. Бұл біздің жасушаларымызды өмірлік қажетті затпен қамтамасыз ететін жалғыз құрылым.

Ескерту:қанның гемоглобинсіз, тікелей оттегін өзінде еріту қасиеті өте төмен және ол небәрі 0,03%-ды құрайды. 

Адам қанындағы гемоглобиннің негізгі қызметі – газ алмасу. Оның орындалуына қызыл қан денешіктерінің құрылымы және эритроциттердің ішінде орналасатын гемоглобиннің өзі де байланысты. Толық газ алмасуға және жасушалардың оттегіге қанығуы үшін қалыпты гемоглобин деп аталатын қызыл жасушалардың белгілі мөлшері қажет.  

Ескерту: әрбір жасушаның әр секунд сайын оттегін алу қажеттілігі оның органикалық заттарды қышқылдандырып, энергия шығару қасиетімен түсіндіріледі. Алынған энергияны жасушалар өмір белсенділігіне жұмсайды – өсу, тамақтану, даму, көбею.

Гемоглобин құрылысы – темір және 140 аминқышқылы

Гемоглобин құрылымы темірден және аминқышқылдарынан тұрады. Темір – оттегінің байланысуын тікелей қамтамасыз ететін элемент. Гемоглобин құрылымы – 4 атомды екі валентті темір болып табылады. Оттегін қайтарған кезде – екі валентті жағдайға дейін қалпына келтіріледі.

Гемоглобин құрылысының қалпына келуіне және қышқылдану үрдісінің ағынына аминқышқылының 4 тобы қатысады. Бұл нәруыздық тізбектер күрделі құрылым болып табылады және әрбірі 140 аминқышқылынан тұрады.

Ескерту: гемоглобиннің күрделі құрылымында қалдық қалмайды. Мысал ретінде, егер темір үш валентті болса, гемоглобин оттегін ала алмайды. Ал егер, құрылымда бір аминқышқылы жоқ болса, балада қанның тұқымқуалайтын ауруы болады. 

Гемоглобин синтезі: минералдар және дәрумендер қажеттілігі

Гемоглобин құрылысының соншалық ұзақ және толық сипатталуының себебі – оның өте күрделі кешен екенін түсіндіру. Оның синтезі үшін әртүрлі биологиялық компоненттер мен заттар – дәрумендер, минералдар қажет. Олардың ағзадағы мөлшері ересектердің немесе балалардың қанында айналып жүретін қызыл қан денешіктерінің санын анықтайды. Балаларға арналған дәрумендер – өсудің, дамудың және иммунитеттің кепілі. Бұған қоса дәрумендер кешенінің сіңірілген түрі, олардың табиғи құрамы, аллергиялық реакциялардың жоқ болуының кепілі маңызды болып табылады.

Тамақта дәрумендер мен минералдардың жеткіліксіз болғандығынан, әсіресе қыс кезінде балаларда анемияның әртүрлі деңгейлері дамиды. Осы жағдайларға байланысты дәрумендер кешенінің препараттарын ішуге деген қажеттілік туындап отыр.

Ескерту: балалардағы төмен гемоглобин 40%  мектепке дейінгі және 34% мектеп жасындағы балаларда анықталды. Бұл аурудың осыншалық жоғары статистикасы қала орталықтарына тән. Ол жердегі өмір сүру жағдайы – күнделікті автокөлік қалдықтары, сапасыз тамақ, азық-түлікте гербицидтардың болуына байланысты. Бұл аталған факторлар авитаминоз және анемия дамуының себебі болып табылады.

Гемоглобин және қанның түсі – ашық немесе қою венозды

Гемоглобиннің өмір сүру уақыты 120 күнді құрайды. Белгілі уақыт аралығынан кейін құрылым жойылады, ал оның орнына ағза жаңа кешенді синтездейді. Яғни құрамындағы биологиялық заттарды – дәрумендер кешенін және минералдарды шығындау арқылы іске асырады. Қажетті кешендер жоқ болса, синтез болмайды. Балада немесе ересек адамда қызыл қан денешіктерінің қажеттілігі туындаса, бұл – анемия.

Гемоглобиннің өзі адам үшін улы болып табылады. Сондықтан ол қанда қорғаныш қабығымен – эритроцит деп аталатын қызыл жасуша түрінде жүреді. Оның құрылысында ол барлық дерлік ішкі кеңістікті алады. Денешіктің өзі қызыл түске ие және соған сәйкес аталуы – қанның қызыл денешіктері немесе ғылыми түрде – эритроцит.

Эритроциттің ішіндегі оттегінің құрамы қанның түсінің реңкін анықтайды. Қошқыл түс – оттегіден айырылған венозды қанда болады. Ашық, алқызыл – оттегіге қаныққан артериалды құрамда болады.

Ескерту: лейкемиямен (қанның қатерлі ісігі) ауыратын науқастарда қанның түсі – қанның қызыл денешіктері - эритроциттің құрамы төмен болу себебінен ашық күлгін түсті болады.

Гемоглобиннің анализі: қалыпты, төмен немесе жоғары

Анемия диагнозы қан анализінің нәтижесінде қойылады. Қанды лабораторияда саусақтан алады (капиллярлы қан деп аталады) және оны қанның қызыл денешіктерінің санын зерттейді.

Лабораториялық талдауда анықталған гемоглобиннің мөлшері адам денсаулығының жағдайын бағалауға мүмкіндік береді. Егер ол қалыптыдан төмен болса – анемияның дамығандығын көрсетеді. Ал егер қалыптыдан жоғары болса – оның жоғарылау себебін анықтайтын қосымша зерттеулер тағайындалады. Жоғары гемоглобин күрделі потологиялардың, онкологиялардың себебі болуы мүмкін, яғни ағза инфекцияға қарсылық көрсету үшін – қанның қызыл денешіктерінің өндірілуін күшейтеді.

Анемия дамуының деңгейі жеңіл, орташа, ауыр түрде болуы мүмкін. Ауру деңгейі қанның қызыл денешіктерінің көрсеткіштерімен, сондай-ақ симптомдарымен және зардаптарымен ажыратылады. Анемияның жеңіл деңгейі – тамақтануды дұрыстау, жылдың жылы кезеңдерінде теңіз жағасында сауықтыру нәтижесінде өздігінен жазылып кетеді. Орташа және ауыр түрлері – емдемеусіз жазылмайды. Орташа деңгейі баланың белсенсіз болуына, әлсіз өсуіне әкеледі. Ал анемияның созылмалы ауыр түрі өсуінің тежелуіне және ақыл-ой кемістігінің қалыптасуына әкеледі. Балалардағы анемия деңгейінің кестесі

Балалардағы және ересектердегі гемоглобиннің қалыпты көрсеткіші

Гемоглобин көрсеткіші, г\л

Анемия деңгейі

90-110

жеңіл

70-90

орташа

70 дейін

ауыр

Қалыпты эритроциттің кейбір шектері бар және ол ерлер мен әйелдерде, сонымен бірге әртүрлі жастағы адамдарда ерекшеленеді. Қызыл қан денешіктерінің максималды мөлшері – жаңа туған нәрестелерде болады. Ол 230 г\л-ге дейінгі мөлшерді құрайды. Минималды мөлшері – 3-5 айлық балаларда – шамамен 90 г\л. Ересектер үшін қалыпты гемоглобин 120 - 160 г\л-ге дейін түрленіп отырады.

Қандағы гемоглобиннің қатты төмендеу деңгейі 2-3 айлық емшек жасындағы балаларда физиологиялық болып саналады. Ол ішкі қайта құрылу себебіне байланысты қалыптасады. Бұл жаста гемоглобин қоры таусылады, ал қызыл қан денешіктерінің өзіндік синтезі – қалыптасу үрдісінде болады. Бұл үрдіс толық орнына келісімен, анемия жойылады.

Ескерту: құрсақта даму үрдісінде баланың бауырында темір жиналады. Оның мөлшері өмірінің алғашқы бірнеше айына жетеді. Бұл кезең уақытында балаға темір қосылған дәруменді-минералды кешенді екі айдан кем емес аралықта беру қажет.  Бұдан кейін физиологиялық анемия туындайды. Емізу уақытында нәресте ағзасына темірдің түсуі шектеулі. Яғни бұл кезде анасының ағзасына да минералдар жиі жеткіліксіз болады.

Әйелдерде гемоглобин ерлерге қарағанда төмен болады. Бұл менструация кезеңінде қызыл қан денешіктерін жоғалтумен байланысты. Әйел ағзасы үшін қалыпты мөлшері-120-150 г\л, ерлер үшін - 130-160 г\л-ді құрайды. Сондай-ақ гемоглобин мен эритроциттің өндірілуіне әйелдердің және ерлердің гормондары қатысады. Сондықтан да ұлдар мен қыздардың гемоглобин деңгейінің айырмашылығы жыныстық жетілуден кейін байқалады.  Кесте – балалардағы гемоглобиннің орташа қалыпты мөлшері

Балалар мен ересектер үшін гемоглобин көрсеткішінің факторлары

Жасы

Қалыпты гемоглобин, г\л

Жаңа туған нәресте 0 – 2 апта

130-220

2 апта – 1 ай

120-180

1-6 ай

90-140

6 ай - 5 жас

105-140

5-12 жас

115-140

12 жастан кейін

115-150

Гемоглобинге және оның қалыптан жоғарылауы немесе төмендеуіне тағы не әсер етеді?

  • Тұратын жері – таулы аймақтардағы, ауасы сирек аудандарда тұратын тұрғындарға толық тыныс алу үшін гемоглобиннің көп мөлшері қажет. Бұл өкпенің газға толуының төмендеуіне байланысты. Таулы аймақтардағы тұрғындар үшін гемоглобиннің қалыпты мөлшері – жоғары. Ал анемия  диагнозы балаға 125-130 г\л болғанда қойылады. Бұл кезде шет елдерде, Еуропа елдерінде балаларға міндетті түрде темір қосылған дәрумендер кешенін емдік және профилактикалық мақсатта тағайындайды.
  • Спортпен айналысу – спортшыларда гемоглобин деңгейі жоғары екені белгілі. Бұл кардио жүктемемен байланысты түсіндіріледі. Жаттығу кезінде ағза оттегінің жоғары мөлшерін қажет етеді, ағза қызыл қан денешіктерін еселеп синтездейді. Ескерту: спортпен айналысатын балалар мен ересектерге гемоглобиннің мөлшерін толтыру үшін және ұстап тұру үшін дәрумендер кешені қажет. Белсенді өмір сүру қалпын ұстанатын адамдарда гемоглобин жоғары болады. Гемоглабин неге төмен болады?

Баладағы гемоглобиннің төмендеуі

Дәрумендер жеткіліксіздігі кезінде және ішкі аурулар кезінде қалыптасады. Осыған байланысты, анемияның себептері ішкі және сыртқы болуы мүмкін. Сыртқы фактор деп, яғни ағзадан тыс, сыртқы ортадан әсер етуін айтамыз. Олар гемоглобин синтезін және эритроциттің қалыптасуын бұзады.

Ішкі деп, яғни қандағы эритроциттің бұзылысына әкелетін ағзаның өзінің мәселелерін айтады. Мысалы – тұқым қуалайтын аурулар, қан түзудің негізгі мүшесі болып табылатын – сүйек кемігінің мәселелері. 

Қандағы қызыл қан денешіктерінің синтезінің төмендеуінің ең кең тараған ішкі себептерін тізейік:

  • Синтез үшін компоненттердің жеткілікіздігі – тағам арқылы дәрумендер мен минералдардың жеткіліксіз түсуіне байланысты болатын тағамдық авитаминоз. Ескерту: анемияның қалыптасуында мыс пен темірдің жеткіліксіздігі ерекше рөл ойнайды.
  • Глисттік инвазиялар  – қалыпты тамақтануда авитаминоздың себебі болып саналады.
  • Ас қорыту мүшелерінің аурулары – астың толық емес сіңірілуіне және зардаптары – тағамдық заттардың жеткіліксіздігіне, авитаминозға әкеледі.
  • Тез өсу.
  • Қан кету жарақаттары.

Ескерту: жаңа туған нәрестелердегі төмен гемоглобиннің бірден-бір себебі – туыла салысымен өте тез арада кіндігін кесу. Бұндай тәжірибе нәтижесінде бала 100-ден 300 мл-ге дейінгі қанды алмай қалады. Бұл гемоглобин жеткіліксіздігінің және анемияның себебі болып табылады.

Гемоглобин төмендеуінің белгілері

Эритроциттің жеткіліксіздігін және ағзаның оттегіге ашығуын келесі белгілер арқылы байқауға болады:

  • Зейінсіздік, ұмытшақтық, әлсіздік, апатия, атония – бұлшық еттік әлсіздік, тәбеттің нашарлауы.
  • Бас ауруы, талып қалуы мүмкін – мидың оттегіге ашығуы нәтижесінде болады.
  • Жүдеу белгілері – бозғылт құрғақ тері, жұқа сынғыш шаштар, қабатталған тырнақтар.
  • Тыныстың жиілеуі, ентігу. Аз ғана физикалық жүктемеден кейін жүрек соғысының жиілеуі.
  • Иммунитеттің төмендеуі  

Баланың гемоглобинін қалай көтереді?

Доромарин гемоглобинді қалай қалпына келтіреді?

Балаңыздың гемоглобині төмен бе? Баланың гемоглобинін қалай көтеру керектігін білмейсіз бе? Балалардағы гемоглобиннің төмендеуінің себептері мен профилактикасы. Доромарин дәрумендер кешені гемоглобинді қалыпқа келтіреді.

Балаларға арналған дәрумендер кешені Доромарин (Doromarine) – анемияның алдын алуға және емдеуге арналған табиғи өнім. Оның құрамында – ағзаға дәрумендерді, минералдарды сіңірілген және аллергиялық емес түрде жеткізетін тек табиғи компоненттер болады. Бұл – ангустат ламинариясы, трепанг сығындысы және жеміс шырындары.

  • Қиыршығыстық ангустат ламинариясы – йодид, клетчатка, жартылайқаныққан қышқыл омега 3, A, C, D, E, K, PP – дәрумендер кешені, BB1, B2, B3, B6, B12 тобы, жалпы саны 37 болатын микро- және макроэлементтер кешені, оның ішінде – йод, темір, кальций және магний, калий мен натрий, фосфор, серу, кремний, алюминий, титан, кобальт, селен, хром, бром және т.б. Ангустат ламинариясының құрамының минералға бай болуы оның қоректену ортасымен түсіндіріледі – яғни теңіз суы минералдарға бай болғандықтан орын алады. Сондай-ақ қиыршығыстық ламинарияның құрамында альгин қышқылы болады – ұрықта болатын пектин аналогы. Doromarine - 100% табиғи өнім, оның биологиялық белсенділігі жоғары. Доромариннің құрамында консерванттар болмайды. Ол - 95% сіңіріледі. Халыққа аурудың алдын алу және сауықтыру мақсатымен кеңінен тағайындалатын диеталық профилактикалық өнім.

Ескерту: 1 кг ламинарияда йодтың мөлшері 100000 л теңіз суының мөлшерімен тең.

  • Қиыршығыстық трепанг – тіндері микроэлементтер мен биологиялық заттарға қаныққан теңіз жануары. Оның тіндері Қытай медицинасында ертеден емдік және жасарту мақсатында қолданылады. Трепанг сығындысы бактериоцидті, иммуностимулдеуші, регенерациялық және антиоксидантты әсерге ие. Жоғары емдік қасиетінің арқасында трепанг “ теңіз женшеньі” атауын алған.

Ескерту: трепанг – вирусы және патогенді бактериялары  болмайтын теңдессіз тірі ағза. Тірі трепанг өзінің айналасында бактериалды патогендерден бөлек бос кеңістікті сақтап тұрады.

  • Жеміс шырындары – балалардың және әртүрлі жастағы ересектердің иммунитет дәрумендерінің көзі болып табылады.
  • Теңіз кальцийі.

Анемияны әсерлі емдеуден бөлек, Доромарин денсаулықтың жалпы жағдайын жақсартады. Бұл зейіннің және есте сақтаудың жақсаруымен, зейінді реттеу қабілетімен сонымен бірге физикалық белсенділікпен көрінеді.

Doromarine аурудың алдын алу үшін

Доромаринді  алдын алу мақсатында ішу анемияның туындауын болдырмайды, суық тиюдің және қыс кезіндегі вирустық инфекциялардың жиілігін төмендетеді. Ол сондай-ақ ас қорыту жолының қызметін реттейді. Тағамның сіңірілуін жақсартады және созылмалы іш қату, метеоризмнен арылуға көмектеседі.

Doromarine препараты көп мөлшерде жағымды пікірлер алған. Қыс айларында қолданған көптеген аналар суық тию мен аурулардың жиілігінің төмендегенін көрсетеді. Болған күннің өзінде суық кезеңдерде 1 немесе 2 рет қана болған, дегенмен, жеңіл және тез өтіп кеткен.

Көптеген пікірлерде емдік курста гемоглобин көрсеткіші 20-30 бірлікке артқаны көрсетілген. Көпшілігі емнен кейін баланың жақсы тамақтанып, салмақ қоса бастағанын көрсетеді. Қосымша әсерлері де бар – балалардың кербездігі азайған, тістерінің мәселесі азайған. Созылмалы іш қатулар жойылған. Табиғи емдік өнімді ішудің кешенді әсері міне осындай деуге болады.

Ем қабылдағаннан кейін және гемоглобиннің қалыпты мөлшерге дейін жоғарылағаннан кейін – анемияның және қан түзу мен асқорытудың, иммунитеттің профилактикасы үшін препаратты ішу тағайындалады.

Жоғары гемоглобин – жақсы ма немесе жаман ба?  

Баладағы жоғары гемоглобин  егер көрсеткіші 30 және одан да көп бірлікке артық болған жағдайда анықталады.

Баладағы жоғары гемоглобиннің себептері:

  • Сусыздану, яғни суды қабылдаудың дұрыс емес режимінің себебінен болады, рафинадталған өнімдерді тұтыну, шектен тыс терлеу, стресс.
  • Несеп айдайтын өнімдерді қолдану (несеп айдайтын шөптен жасалған шайлар, кофе) және диуретик - препараттар.

Ескерту: жасөспірімдерде жоғары гемоглобиннің себебі темекі шегу!

Балалардағы жоғары гемоглобиннің патологиялық себептері:

  • Ішкі мүшелердің аурулары – бүйрек, жүрек, өкпе.
  • Ішектің өтімсіздігі.
  • Онкологиялық аурулар.
  • Термиялық жарақаттар  - күйіктер. Күйік кезінде тез қалпына келу үшін эритроциттің жоғары мөлшері қажет. Яғни жарақаттанған жерге қоректік заттар мен оттегін жеткізу үшін.

Жоғары  гемоглобин – күрделі патологияның белгісі болуы шарт емес. Кейде тамақтану режимін қалпына келтіру  баланы азырақ тамақтандыру, дұрыс тамақтандыру және міндетті түрде – денсаулығы мен иммунитеті үшін Doromarine дәрумендер кешенін берудің өзі жеткілікті. Доромаринмен балаларда гемоглобиннің мәселесі болмайды!

Отзывы Гемоглобин

Пікірлер шынайы адамдардың

Я сама принимаю финиковый сироп, выпила половину. Хороший результат! У меня был низкий гемоглобин, постоянная усталость. Сейчас чувствую себя хорошо даже если выпила только половину.

Хорошо помогает, повышает уровень гемоглобина и поднимает аппетит. Да благословит Вас Аллах, спасибо

Здравствуйте! У Дильназ гемоглобин то повышался, то понижался. Срок приема Доромарин дошел почти до месяца и до сегодняшнего дня гемоглобин показывает стабильно 130 и не понижается больше, аппетит появился, начала хорошо кушать, прибавили в весе. Большое Вам спасибо

Хорошо. Я приобрела 12 банок. Дала своим двум детям. Тьфу, всю зиму не болели и гемоглобин повысился.

ИншаАлла, Доромарин помогает. За один курс гемоглобин повысился от 110 до 138

Доромарин Отзывы

Доромарин Отзывы

Доромарин Отзывы

Доромарин Отзывы

Доромарин Отзывы

Доромарин Отзывы

Доромарин Отзывы

Доромарин представляет собой комплекс всего того, в чем нуждается ребенок в процессе своего развития и созревания.

Доромарин представляет собой комплекс всего того, в чем нуждается ребенок в процессе своего развития и созревания.

Доромарин Отзывы

Телефон нөміріңізді қалдырып, біздің мамандардың тегін кеңесін алыңыз.

Кері қоңырау

X

WhatsApp-ге жіберу