Шие: жүктілік кезіндегі пайдасы мен зияны
Жүктілік — әр әйелдің өміріндегі маңызды кезең, сол себепті оған аса мұқияттылықпен және сақтықпен қараған жөн. Ең маңыздысы тамақтану. Себебі ағзаға түсетін өнімдер тікелей физиологиялық жағдайға әсер етеді. Жүкті әйелдер өз денсаулығы мен баланың жағдайы үшін жауапты.
Тамақ өнімдері бала денсаулығына пайдалы болуымен қатар, кей кездері кері әсер етуі де мүмкін. Пайдалы болатын көкөністер мен жемістердегі дәрумендер мөлшерінің қажетті көлемін алу маңызды. Алайда көкөністер мен жемістер жүктілік кезінде теріс әсер ететін аллергиялық реакция тудырады. Қандай көкөністер мен жемістер пайдалану қауіпсіз болатынын білу керек. Жүкті әйелдер қаныққан және тәтті дәмді жақсы көреді. Шие (құс шие) – дәмді өнім. Ал оны жеу пайдалы ма әлде жоқ па?
Несімен пайдалы?
Бұл құс жемісі құнарлылығы аз, пайдалы жеміс болып саналады. Демек аяғы ауыр келіншектің артық салмақ туралы ойлап уайымдамауына болады, себебі шие дәрумендер мен минералдар жеткізіп, жеңіл қышқыл дәмінің арқасында рахат сыйлайды.
Бұл жемістің құрамындағы құрамдас бөліктер жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысына жақсы әсер етеді, сондықтан оны жүрек пен қантамыр ауруларының профилактикасы ретінде жеу пайдалы. Шие ішек пен бүйрек жұмысына әсер етеді. Егер аяғы ауыр келіншектің буындары сырқырап, қақсайтын болса, шие жеу оған пайдалы болады.
Бұл жемістің көптеген жақсы жақтары бар, ол іш қатуына және ішектің басқа да мәселелерімен күресуге көмектеседі. Ол иммунитетті көтереді. Шиені иммунитет көтеретін өнімге айналдыру үшін ағашының бұтақтары мен гүлдерін пайдалану керек. Олардан емдік тұнбалар дайындайды. Оны диабетпен ауыратындар қабылдайды, себебі оның құрамында сахароза жоқ. Сахароза фруктозамен алмастырылған. Сүйектерінен алынған майларын хош иіс алу үшін парфюмерияда қолданады.
Жүктілік кезінде несімен жақсы?
Құс шиесі пайдалы, себебі оның құрамында жүкті әйелдің және оның баласының денсаулығын жақсартуға көмектесетін қажетті микроэлементер мен дәрумендер бар. Ең алдымен, шие асқорыту жүйесінің жұмысына жақсы әсер береді, жүйкені нығайтып, сабырлы болуға ықпал етеді. Іш қатуымен күресуге көмектеседі.
Жүкті әйелдің асқорыту жүйесін қалыпта ұстау өте маңызды. Егер АҚ көтеріліп кетсе, дәрі-дәрмектен ішкеннен де, шие жеген дұрыс. Шиенің ұнтақталған түрін құлпынаймен қосып жеңіз. Осылайша тері қажетті дәрумендерін сіңіреді, ылғалданады. Себебі әрбір әйел жинақы және сұлу көрінгісі келеді. Егер аяғы ауыр келіншектің шиеге аллергиясы болмаса, онда күніне 500 г - ең дұрыс мөлшер. Осы мөлшер жүкті әйел мен баланың денсаулығы үшін қауіпсіз деп саналады. Шамадан тыс жеуге болмайды. Бірнеше түрін пайдаланған дұрыс. Шиеден компот, тосап, джем жасайды, түрлі тоқбасарларға қосады немесе тіпті етке арналған тұздықтар да жасайды.
Шиені жемес бұрын, ағзаңызды аллергияға тексеріп алыңыз. Кейбір әйелдер жүктілікке дейін аталған өнімге аллергия болмаса, кейін де болмайды деп ойлайды, осылайша өздерін қауіпсіз санайды. Алайда гормондық ауытқу кезінде ағзаның қызметі өзгереді. Алдымен аз-маз мөлшерін жеп, ағзаның реакцясын күту керек. Ағзаға зиянды химиялық заттар түсіп кетпес үшін, шиені тек маусымдық кезінде және тек тексерілген орындардан сатып алған дұрыс.