Көкжидек — қоректік және пайдалы заттардың көп мөлшерінен тұратын жидек. Оның құрамы калий, С дәрумені және фолий қышқылымен бай. Жүктілікті жоспарлау сатысындағы нәзік жандыларға осы жидекті жеуге гинеколог мамандар кеңес береді, себебі фолий қышқылы эмбрионның өсуі мен дамуы үшін қажет. Көкжидек – бала көтеріп жүрген кезде несеп-жыныс жолдарындағы қабыну әрекеттері дамуының профилактикалық көрінісі.
Жүктілік кезіндегі көкжидек – пайдалы ма әлде зиян ба?
Болашақ аналар бұл жидектің балаға зияны жоқ па деген нәрсені ойлап уайымдайды. Ол жайлы уайымдаудың еш орны жоқ, себебі дәрігерлер бір ауыздан көкжидектің эмбрионға тигізетін еш зиянының жоқтығын айтады. Алайда бір нәрсені ескеріңіз – оны шамамен жеу керек, артық мөлшерде жеп қоюдың қажеті жоқ.
Жүктілік кезіндегі көкжидектің пайдалы қасиеттері
Көкжидек тек тәтті ғана емес, сонымен бірге болашақ анаға аса қажетті пайдалы заттардың негізі болып табылады. Оның пайдалы қасиеттерін тізіп жазу тіпті мүмкін емес, алайда кейбірін келтіре кетейік:
- құрамына ағзада маңызды рөл атқаратын - әйелдің қан қысымын реттейтін калий кіреді. Көкжидекті тұрақты тұтынатын әйелдер жоғары қан қысымы туралы уайымдамаса да болады – көрсеткіштер қалыптан шығып кетуі мүмкін емес;
- жидектің құрамында иммундық қорғанысты нығайтатын С дәрумені бар, осының арқасында болашақ ана вирустық және суық тию ауруларына қарсы тұра алады;
- бұл еритін және ерімейтін талшықтардың таптырмас көзі, сол себепті тамақты жақсы қорытады, сонымен қатар 9 ай бойы іш қатуы мен геморройдың алдын алуға көмектеседі;
- тұрақты тұтыну дене салмағын бақылауда ұстауға көмектеседі.
Балаға тигізетін пайдасы
Жидектің жүкті әйелдерге қандай пайдасы бар екенін талқыладық. Енді дамып келе жатқан шарана үшін көкжидектің пайдасы туралы айтайық:
- жидек құрамына шарананың жүрек ақауының алдын алатын фолаттар кіреді;
- құрамында полифенол және кальций бар. Бұл заттар сүйектер мен тістер үшін қажет;
- созылмалы аурулардың кесірінен орын алатын уақытынан бұрын босанудың алдын алады;
- құрамындағы С дәрімені ағзаның темірді сіңіруіне көмектеседі, осының арқасында шарана жүктілік мерзіміне сәйкес салмақ жинайды.
Көкжидектен қандай жанама әсерлер болуы мүмкін
- егер жүкті әйел бұл жидекті шамадан тыс жей беретін болса, қандағы глюкоза мөлшерінің төмендеуіне себеп болады, ал ол өз кезегінде өлімге әкеліп соғуы әбден мүмкін;
- ол аллергиялық реакциялардың пайда болуына себеп болуы ықтимал;
- К дәруменінің салдарынан қан кетуі пайда болуы мүмкін;
- көп жесеңіз АІЖ органдарының жұмысында мәселелер туындауы ғажап емес.
Маңызды ақпарат
Барлық уақытта та көкжидек жүкті әйелдер арасында танымал болған. Бұрынғы замандарда аборигендер оның тамырынан шай қайнатып ішетін болған, ондай шай күйзелістен құтқарып, болашақ аналардың еркінсуіне көмектескен. Сол замандардан бері көп нәрсе өзгерген жоқ. Біздің заманымызда шайдан басқа, шырыны да танымал. Алайда әрбір әйел кейбір нәрселерді білуі керек:
- тамаққа тек органикалық көкжидекті қосуға болады – оның құрамына зиянды заттар кірмейді;
- жидектің қайдан алынғанына байланысты, оны ағын сумен жақсылап жуған дұрыс;
- мұндай пайдалы өнімнің өзін қажетті мөлшерде ғана жеу керек, қарсы жағдайда денсаулығыңызда айтарлықтай мәселелер туындауы мүмкін;
- бұл өнімді тамақ үлесіңізге қосуға асықпаңыз, алдымен дәрігермен кеңесіңіз.
Көкжидек пайдалы қоректік заттардың негізі болғанына қарамастан, оның да жанама әсерлері болуы мүмкін. Сол себепті бұл жидекті шамамен жеп, өз жағдайыңыздағы өзгерістерге мұқият болуы шарт.