Жүктіліктің 12 аптасындағы ұрықтың дамуы
Бұл мерзімде эмбрион шамамен 50 грамм болады, стандартты көлемі жеті сантиметрден асады. Баланың басының көлемі диаметрі бойынша 2,5 см, даму сатысына қарай мида қантамырлары қалыптасады, олар ұлпаларға пайдалы заттардың тасымалдануына жауап береді.
Жатыр денесіне кез келген нәрсенің тиюін бала сезеді, УДЗ - сканерлеу жасау кезінде кеуде қуысының өздігінен қозғалуын байқауға болады. Шарананың жүрегінің жиырылу жиілігі минутына 150 рет соғады, оны арнайы аппарат арқылы тыңдауға болады.
Дауыс желбезектері мен сүт тістерінің негіздері қалыптасады. Диафрагма қалыптасады, ол болашақта кеуде мен іш қуысын бөліп тұрады. Ер балаларда жыныс органдары пайда болады – оларға тестостерон әсер етеді.
Қолдары мен аяқтарының саусақтары айқындалған, оларда тырнақ пластиналары пайда болған. Барлық ішкі органдары бар, ішегі жиырылып тұрады. Гормондардың, йодтың, өттің өндірілуі басталды, сүйек тіндері дамуын жалғастыруда.
Үшінші айдың соңына қарай бала жолдасының көлемі 15,4 см тең. Бала барлық пайдалы заттарды бала жолдасы арқылы анасының ағзасынан алады, ол шаранамен уақытша қан айналу жүйесі арқылы байланысып тұр. Жүкті әйелдің қан қысымының төмендеуі фетоплацентарлы жүйенің дамуымен байланысты. Әйел жағдайындағы кез келген өзгеріс тез арада эмбрионның жағдайына әсер етеді.
Жүктіліктің 12 аптасында дәрігерге қаралу
Дәрігерлер барлық болашақ аналарға уақытында есепке тұруға кеңес береді. Маманды таңдау әйелдің өзіне байланысты: мемлекеттік немесе жеке меншік емханаларға баруға болады. Ақылы емханалар алмасу картасын жүргізе ме соны алдын ала біліп алу керек. Оның ішіне талдаулар нәтижелері, емшаралардан өткендігі, жүкті әйелдің тәуекел тобының бірінде тұрғаны жазылады.
Алмасу картасынсыз босандыру блогына келген әйел карантинге жіберіледі – денсаулығы туралы құжатының жоқтығы, заң бойынша, басқа босанушылар мен нәрестелер үшін шартты қауіпті жариялау себебі болып табылады. Гинекологтар міндетті есепке тұрудан, дәрігерге үнемі барудан, жоспарға сай диагностикалардан өтуге кеңес береді.
Жүктіліктің 12 аптасындағы әйелдің сезімдері
Үш айдан кейін ағза өзі үшін жаңа нәрсеге үйрене бастайды. Алғашқы жағымсыз әсерлер өз бетімен жойыла бастайды, жүкті әйелді жалпы жағдайының жайсыздығы мазаламайды. Бұл мерзімде жүкті әйел ұрықтың даму сатысы жайлы әдебиеттерді оқуы керек. Босану алдындағы қорқыныш сезімі – осындай жағдайда жүрген әйелдер арасында жеңіл шешіледі.
Кезекті УДЗ кезінде ұрықтың кішкентай бала кейпіне енгендігі байқалады. Акушер-гинекологтар бұл кезеңде болашақ аналардың өздеріне мұқият болулары, еңбек пен демалыс кестесін қалыпқа келтіруі, аздаған физикалық жаттығулар туралы ұмытпауларын естеріне салады. Таза ауада орманды саябақтарда жаяу серуендеу жүкті әйелдің ағзасына да, сонымен бірге шаранаға да жақсы әсер етеді. Күйзелістің болмауы – дені сау баланың негізі.
Жатырдың үлкеюінен болатын қысымның салдарынан қантамырларына қосымша күш түседі. Көптеген әйелдердің терісінде қантамыр жұлдыздары, ауырлық сезімдері пайда болады. Ең дұрыс шешім - аяқтарыңыздың астына жастық қойып ұйықтау. Жүкті әйелдерге арналған арнайы компрессионды шұлықтар мен колготкаларды дәрігер тағайындайды – тек қана дәрігер оның көлемі мен ауыратын жерлерге түсетін қысымды дұрыс айтып бере алады. Варикоздың алғашқы белгілері пайда болысымен, ертерек дәрігерге қаралу аурусыз асқынудан құтылуға көмектеседі.
Жүктіліктің 12 аптасындағы қынаптан бөлінетін жағындылар
Денсаулығында ешбір мәселелер жоқ әйелдерде, қалыпты жағындылар сүтті-түссіз, қышқылтым иісті болады. Иммунитет жұмысының бұзылуы салдарынан қынап микрофлорасы өзгеріп, кандидоз пайда болады. Кандидоз қышудың, айран иісі бар құйылмалы, іріткі жағындылардың себебі болады.
Кез келген стандартсыз жағындылар гинекологқа бару керектігін білдіреді. Кандидозға бей жай қарасаңыз, босану жолдары арқылы өткенде балада да кандидоз пайда болуына әкеледі.
Кішкентай қан іздері, ірің жедел емдеуді қажет етеді. Жеке жағдайларда олар баланы сыртқа итеріп, түсік тастау қаупіне әкелуі мүмкін.
Жүктіліктің 12 аптасындағы әйелдің тамақ үлесі
Дәрумендер мен минералды заттардың жоғары қажеттілігі мәзірді қайта қарауға себеп болады. Дәрігерлердің тағайындаулары талдау нәтижелеріне қарай болады – қандай да бір заттың жетіспеуінен болашақ ана көкөністердің, жемістердің, теңіз балығының, құрамында темірі бар және т.б. өнімдерді тұтынуды жоғарылатуы керек.
Жүкті әйелдерге арнайы полидәрумендік кешендер беріледі. Тек тамақтануға басым күш салып, оларға бей жай қарауға болмайды. Ұрық жылдам дамиды және пайдалы заттардың тапшылығы кезінде оларды анасының ағзасынан алуды бастайды, сосын анасының тістері, шаштары түседі, сүйектері сынғыш болады, ішкі органдарының жұмысында мәселелер туындайды.
12 аптадан бастап, дене салмағының артуы басталады – апта сайын 500 грамнан қосылып тұрады. Артық тамақтану да, аш жүру де қауіпті. Әйел адам өзінің тамақ үлесін және тамақтануын қадағалап отыруы керек.