Жүктіліктің 14 аптасы: ұрық қалай дамып жатыр
Жатырдағы баланың нәрестеге ұқсайтынына бұрындары келіскеніңізге қарамастан, дәрігер тура осы мерзімде бұған қатты назар аударады. Тура осы уақытта баланың беті толық қалыптасып біткен, тіпті қасын да байқауға болады (олар қазір түбіт секілді). Іште жатқан баланың терісін түктер қаптап тұратынын Сіз бұрын білуші ме едіңіз, ол денедегі жылу мен майды жақсы сақтау, сонымен қатар баланы қағанақ суынан қорғап тұру үшін қажет.
Бала қазір күніне бірнеше рет дәрет сындырады. Ол қағанақ суына түсіп, соның көмегімен химиялық теңгерім сақталып тұрады. 14 аптада баланың гомондық өзгерістері пайда болады. Бұл уақытта ұйқы безі белсенді жұмыс атқарады, ол инсулин бөледі. Сонымен қатар жыныстық органдары қалыптасуын бастайды: ер балаларда – простата, қыз балаларда – аналық жыныс бездері. Олар ақырындап жамбас қуысына қарай түсе береді (мұның алдында іш қуысында болған).
Баланың басының көлемі үлкейіп, 26,3 мм дейін жетеді, ал бала жолдасы қалыңдайды (16,85 мм дейін).
Жүктіліктің 14 аптасы: бұл мезгілде әйел қандай сезімде болады. Дәрумендер мен минералдар жетіспеген жағдайда әйелдің денсаулығы нашарлай бастайды. Тура осы кезде дәрумендердің көп мөлшерін қабылдаған дұрыс. Егер қызыл иектеріңіз қанаса, қатты шаршау сезімдері болса, онда ағзада С дәрумені тапшы (қажетті мөлшерде). Егер шаштарыңыз құрғап, ал тырнақтарыңыз сына берсе, А дәруменің жетіспеушілігі орын алған.
Күннен күнге жатыр өсіп жатыр, шаттың үстіңгі жағынан іш шығып, іштің ортаңғы жағынан қара түсті сызық пайда болады (кейбір әйелдерде ғана). Әйел адамның беті дөңгеленіп, ол кішкентай балаға ұқсап қалады. Өсу дәрумені осылай әсер етеді. Үнемі терлеп жүргендей сезім болады, ал жақындарыңыз Сіздің үнемі үһілеп жүретініңізді байқай бастайды (оттегі жетіспейтін секілді). Бұл шындығында солай, прогестерон деңгейі көп болған кезде, бронхтар ісіп кетеді.
Қатерлі ештеңе болуы мүмкін емес және байқалмайды да. Әрбір әйел мұндай өзгерістерді басынан өткізеді және кез келген «өзгерісті» байқап отырады. Айналаңыздағылар Сізді қолдап отырады, өз тәжірибелерімен бөліседі, ал Сіз – біліміңізді тарылап жинайсыз.
Жүктіліктің 14 аптасы: жыныс жолдарынан бөлінетін жағындылар. Неге ұқсайды және қай кезде «дабыл» қағу керек?
Жүктіліктік басталғаннан бастап, әр апта сайын жыныс жолдарынан бөлінетін жағындылар сипаты мен көлемі өзгеріп тұрады. Кандидоздың алғашқы белгілері (қышу, үлпек тәрізді жағындылар) кезінде, Сіз өз-өзіңізге диагноз қоя аласыз. Көбіне демалып, өз-өзіңізге келу жеткілікті. Микрофлора өздігінен қалыпқа түседі, оған сенуіңізге болады. Себебі кандида тобының зеңдері күйзеліс немесе иммунитеттің төмендеп кетуі салдарынан қынапта пайда болады. Ол қауіпті деп саналмайды, бірақ оның астында жыныс жолдарының ауыр инфекциялары тығылып жатуы әбден мүмкін.
Іштің астыңғы жағы ауырса, сонымен қатар қан кету орын алса, міндетті түрде медициналық көмекке жүгінген дұрыс. Жатыр мойынының жаралары осылай пайда болады, кей кездері мұндай белгілер жүктілікті тоқтатуға дейін әкеліп соқтырады.
Жүктіліктің 14 аптасы: аллергиялық реакциясы бар әйел қалай тамақтануы керек
Тамаққа келгенде талғампаз әйелдер қатарынан болсаңыз, онда жүктілік кезінде тамақтану әрекетіңізді қатаң бақылауда ұстағаныңыз жөн. Жүктілік кезінде дәрумендер мен минералдарды көп мөлшерде қабылдау қажеттілігі жоғарылайтынын, ал олардың тапшылығы жалпы жағдайыңызға кері әсер ететін білесіз, мұндай жағдайда өзіңізге қалай болса да көмектесу керек.
Сонымен қатар, кейбір тағамдарды көтере алмай (аллергия тудырады) қаласыз. Мұндай жағдайда не істеу керек? Ненің алдын алу керек? Қалай жылдам қалыпқа келуге болады? Бала көтеріп жүргенде гистаминге қарсы дәрілер ішуге бола ма?
Мысалы, қарбыздар шыға бастады делік. Алғашқы қарбыздар пестицидтермен толтырылғандықтан, оларды бірден ешкім сатып ала қоймайды. Жемістің пайдасына қарамастан, ол бөртпе, ісіктер тудыруы мүмкін. Сондықтан осындай белгілер пайда бола салысымен, міндетті түрде маманмен кеңесу керек. Дәрігер жүктілік кезінде пайдалануға болатын жақпамайларды біледі.
Қоянның, тауықтың, балықтың (хек) еті аллергия тудырмайтынын есте сақтаңыз.
Аллергияны өсімдіктердің гүлдеуі мен гүлдер (көктемнің жай шығуы мен ерте жаз) тудырады. Жүкті әйелдерде сүт өнімдерінде, сонымен қатар бұршақ өнімдері мен картопқа аллергия болуы мүмкін.
Көкөністер мен жемістер арасынан сәбіз, апельсин, шабдалы, құлпынай аллергиялық реакция береді. Шектен шықпай тамақтану керектігін есте сақтаңыз, себебі аллергия иммундық жүйеге түсетін салмақтың өсуімен тығыз байланысты. Мұндай жағдай тек ананың ғана емес, сонымен бірге баланың дамуына да кедергі келтіреді. Болашақта балада диатез түрінде пайда болады. Балада аллергия болмас үшін, өз тамақ теңгеріміңізге мұқият қараңыз.
УДЗ:
Жүктіліктің 14 аптасында аяқтардың тырнақтары шығады, омыртқа жотасынан омыртқаларын қарауға болады. Бала қолдарымен өзара әрекет жасайды. Дәрігер сәулелік, шынтақ және иық сүйектерін ажырата алады. Шарана қолын бүге алады, алақанын да көруге болады. Беті айқындалып, шекесі, мойны мен еріндерінің көріністері байқалып келеді.