Балалар диатезі – баланың белгілі бір патологияларға бейімділігін тудыратын тұқым қуалау аномалиясы. Белгілі қоздырғыштармен байланыс орнаған кезде заттардың алмасуы бір уақытта бұзылады.
Бала ағзасы бірнеше ерекшеліктерге ие, оның ішіне төмендегілер кіреді:
- ересек адамдарға қарағанда, балалардың асқорыту әрекеттері басқаша жүреді, осыған байланысты азық-түліктерге ерекше сезімталдық пайда болады;
- балалардың инфекциялық патологияларының көбі кішкентай кездерінде байқалады, кей кездері олар асқынып кетуі де мүмкін;
- дәрілер, азық-түліктер және тұрмыстық химия секілді сыртқы ортаның жағымсыз әсерлері, осылардың барлығы балаға тура осы кезеңде әсер етеді.
Диатездің себептері
Дегенмен емшек еметін нәрестелер мен бір жастан асқан балаларға диатез басқа себептер әсерінен де шығуы мүмкін. Мұндай реакция тудыратын басты факторларға мыналарды жатқызуға болады:
- баласына аяғы ауыр болғанда анасында жеріктіктің болуы;
- тұқым қуалаушылыққа бейімділік;
- сыртқы ортаның жағымсыз әсерлері;
- нәрестелерді дұрыс тамақтандырмау, аллергендік өнімдер қолдану;
- жасанды жолмен тамақтандыру.
Балада диатез тудыратын себептерге, сонымен бірге осы аурудың әртүрлігіне байланысты ары қарай терапия алу тәсілі ұсынылады.
Диатез түрлері
Бұл ауру бірнеше түрлерге топтастырылады. Оның кең таралған мынадай нұсқалары кездеседі:
- жүйкелік-артриттік түрі (несеп қышқылды тұздар метаболизмінің ауытқуы);
- лимфалық-гипоплазиялық түрі (эндокринді жүйенің қызметінің бұзылуы салдарынан лимфа түзілімдерінің қабынуы пайда болады);
- шілде қотыр-қабынбалы түрі (патологияның аллергиялық түрі);
- геморрагиялық түрі (қанауға бейімділік жоғары болады);
- суланғыш (бұлық) және тұзды түрі (бүйрек диатезі).
Бірақ педиатрлардың айтуынша балаларда аурудың алғашқы үш түрі кездеседі екен. Аталған аурудың осындай түрлері пайда болғанда бұл мәселені жылдам шешу керек болады. Әйтпесе, бұл патологияны қиындатып және асқындырып аламыз. Ата-аналардың бала ағзасындағы кез келген өзгерістерге, әсіресе бөртпелерге, бірден көңіл аударғандары жөн.
Диатез белгілері
Диатез шыққанын білу мүлде қиындық тудырмайды:
- бет пен дененің басқа да жерлеріне қызыл түсті дақтар шығады;
- терінің зақымдалған жерлері қабыршақтанады;
- эпидермис сулана бастайды;
- шырышты қабаттар қабынады;
- қатты қышу байқалады;
- баста себорея қабыршақтары пайда болады;
- баланың диатез шыққан жерлері базданып кетеді.
Диатез белгілері көбіне емшектегі нәрестелер мен бір жасқа дейінгі балаларда байқалады. Емшектегі сәбилердің ағзасы әлі жетілмегендіктен оларда көбіне диатез пайда болады. 2-12 жаста басталған аурудың алғашқы сатысы, қауіпті салдарларға әкелетін жасөспірімдік түріне де айналып кетуі ғажап емес.
15 жастан кейін мұндай аурулар жойылуы ықтимал. Егер олай болмаған жағдайда, шынтақта, бөкседе және бұттың арасындағы эпидермистің құрғақтығы мен қаттылығы білінетін нейродермиттің пайда болу қаупі бар. Мұндай реакция туындаса, уақытты өткізбей диатезді емдеуді қолға алу қажет.
Балалар диатезін қалай емдеуге болады?
Балалар диатезін емдеу стратегиясы көптеген факторларға байланысты болады. Оларға төмендегілер кіреді:
- патологияны дұрыс диагностикалау;
- мұндай реакция тудырған себептерді анықтау;
- ауру формасы.
Егер азық-түліктер немесе басқа қоздырғыштар салдарынан балаға аллергия шықса, ата-аналары баланы мына мамандарға көрсету керек:
- педиатрға;
- аллергологқа;
- дерматологқа;
- гастроэнтерологқа.
Тек білікті маман ғана басқа патологиялардың ішінен диатезді анықтай алады және емдеудің қажетті сызбасын жасайды. Диатезден арылу үшін, кешенді сауықтыру шараларының бірнешеуін қабылдау қажет болады. Төменде көрсетілген әрекеттерді орындай отырып, диатез терапиясын алуға болады:
- пайдалы өнімдерді қоса отырып, тамақтанудың ерекше үлесін тағайындау;
- жақпа майларды пайдалану;
- баларға диатез шыққанда, қосымша терапия ретінде халық медицинасын қосады;
- сонымен қатар, ауру таралып кетпес үшін, балаға дұрыс күтім жасау қажет.
Мұндай ауруды емдеу әрқашан диетадан басталады. Балаларға диатез шыққанда – қоздыру әсерлерін тудыратын азық-түліктерді тамақ үлесінен алып тастайтын ерекше диета сақтау қажеттілігі туындайды. Емшекпен емізу кезінде әйел адамның белгілі бір тамақтарды жеуіне тиым салынады. Бала диатезге бейім болған кезде тиым салынған өнімдер мен жеуге болатын өнімдер болады, олардың тізімін кестемен көрсетейік:
Тиым салынған өнімдер |
Жеуге болатын өнімдер |
Бал, кез келген цитрус өнімдері мен жұмыртқа |
Арық ет, вегетариан сорпалары |
Майлы сүт, шоколад, қызыл сары немесе қызыл түсті жемістер |
Майы алынған ірімшік немесе тәттілегіш пен қоспалар қосылмаған йогурт, қатық, ботқалар |
Тәттілер, пирожныйлар, торттар, тоқаштар |
Пісірілген алмалар, бидай ұнынан жасалған арнайы нандар, итмұрын тұнбасы |
Ата-аналар пайдалы азық-түліктер тізімін жете зерттеулері керек. Егер диатез белгісі қатты білінбесе, баланың ішетін тамақтарын дұрыстап аурудың алдын алуға болады. Міндетті түрде Е және Д дәрумендеріне бай өнімдерді, пайдалану қажет. Олар теңіз өнімдерінде, әсіресе ламинария құрамында көп кездеседі. Бұл заттар бала иммунитетін нығайтуға көмектеседі. Асқынып кеткен формасы ұзағырақ терапияны қажет етеді.
Диатездің шілде қотырлы-қабынбалы түрі
Патологияның бұл түрі кешенді емдеуді керек етеді. Бұл жағдайда да балаға арнайы ас мәзірі мен күн тәртібін сақтау қажет болады. Диета мынадай түрде сақталуы тиіс:
- емшектегі баланың сиыр сүтін ішуін, соның ішінде ашыған сүт өнімдері бар балалар қоспаларын ішуін шектеу;
- тамақтандыру уақытын қатаң сақтау;
- нәресте алты айдан асқаннан кейін қосымша тамақтандыруды бастау;
- тамақ үлесін жеткілікті дәрумендермен байыту;
- банан, бал және құлпынай, сорпа, қақталған және майлы ет, цитрус өнімдерін, томаттар, какао мен шоколад және жаңғақ деген нәрселерді мүлде бермеу.
Дәрілік терапия былайша жүрзіледі:
- гистаглобулин (қолданар алдында алдын ала сынама жасау қажет);
- абсорбенттер;
- гистаминге қарсы дәрілер;
- қышамаға қарсы дәрілер;
- кальций тұзы;
- дәрумендік кешендер.
Терінің инфекциялық қабынуын бактерияларға қарсы заттармен емдейді. Магний сульфатын қабылдау көмектеседі. Диатез қаптап кеткен кезде (суреті төменде көрсетілген) және жағымсыз әсерлерді азайту үшін мынадай заттарды қолданады:
- мырыш пен ақ минерал ұлпасындағы жақпалар;
- күміс нитраты;
- түймедақ тұнбасы;
- геолимицин жақпа майы;
- йод, жасыл дәрі.
Дәрілік терапия қатаң түрде дәрігердің бақылауымен өтуі керек. Баланы өз бетімен емдеуге тиым салынады – бұл өте қауіпті нәрсе.
Жүйкелік-артриттік диатез
Несепқышқыл диатезін емдеу үшін оның белгілерін жоюға бағытталған бірнеше сауықтыру шараларын жасау қажет. Балаға аз уақытқа энтеросорбенттер жазып беруі мүмкін. Емдеу негізі несеп қышқылының түзілуіне әсер етіп, несеп бөлінуін қамтамасыз ететін дәрілер болып табылады.
Патологиялық ауру жағдайына байланысты мына дәрілердің қосымша тағайындалуы мүмкін:
- тыныштандыратын және өт айдайтын дәрілер;
- В тобының дәрумендері.
Сауықтыру кезеңінде және одан кейін педиатр тағайындаған диетаны міндетті түрде сақтау керек.
Лимфалық-гипоплазиялық диатезді емдеу
Лимфалық-гипоплазиялық диатез арнайы терапияны қажет етпейді және жас ұлғая келе иммунитет нығайған сайын өз бетімен қайтып кетеді. Қорғаныс механизмдерін күшейту үшін төменде көрсетілгендерді орындау қажет:
- массаж;
- шынығу;
- гимнастика.
Емдеудің дәрілік түрінен мыналарды қолданады:
- дәрумендік терапия және адоптогендерді қабылдау;
- бүйрек жеткіліксіздігі анықталған жағдайда глюкокортикоидтар қабылдау.
Геморрагиялық диатезді қалай емдейміз
Балаларда геморрагиялық диатез болғанда, жағдайды жоспарлы түрде қарастыру керек. Бұл туралы пікірлерді біздің сайтымыздан оқи аласыздар. Мынадай шаралар қолдану арқылы терапия жасалады:
- дәрумендер тағайындау;
- қан ұю мәселелерін жою;
- глюкокортикоидтар қабылдау;
- қан кетудің тарап кетпеуіне арналған физиотерапия;
- қан кетуді тоқтату үшін суық басу, қан тоқтатын сорғыш қою, қатты қысатын таңыш салу;
- плазма немесе қан құю.
Аса күрделі жағдайларда ота жасалады, онда көкбауыр және жетілмеген қантамырлар тілініп, буындардан пункция алып, оларды ауыстырады.
Диатезді дәстүрлі еммен емдеу
Диатез – барлық қолжетімді тәсілдер арқылы емдейтін ауру. Халық шипагерлерінің төменде көрсетілген кеңестері тиімді әсер береді деп есептелген:
- дәрілік өсідіктермен шомылу (емен қабығы, қырмызыгүл, түймедақ, иіртамыр тамыры);
- балалар жақпайынан 3шай қасық және самырсын майынан 1шай қасық қосып араластырып, зақымдалған жерге жағу;
- қайыңнан, қара қарақаттан, аюқұлақ бүлдіргенінен, мыңжылдық пен түйежапырақтан алынған тұнбалар.
Ата-аналарға кеңес
Емдеудің тиімді болуы ата-аналардың мамандар кеңесін қаншалықты дұрыс орындағанына байланысты. Балаларға диатез шықанда Доромарин қабылдауға кеңес береміз. Бұл қиыр шығыс ламинариясынан жасалған өнім. Ол толығымен табиғи, ешқандай жанама әсерлері жоқ. Оның құрамында:
Осы құрамдас бөліктер, әсіресе теңіз кальциі ақуыздардың, ферменттердің және негізгі гормондардың түзілуіне белсенді қатысады. Ламинария құрамындағы йодтың арқасында эндокринді жүйенің қызметі қалыпқа келеді (лимфалық-гипоплазиялық диатез емделеді), метаболизм жылдамдайды (жүйкелік-артриттік), иммунитет күшейеді.
Доромарин құрамындағы теңіз кальциінің арқасында иммунитет жақсарады, метаболизм қалыпты болады, асқорыту жүйелерінің қызметі дұрысталады, бала ағзасының инфекциялық ауруларға қарсы қорғанысы жоғарылайды. Диатездің беті бері қарап, оны емдеу жеңілдейді және терапиялық курс қысқарады.
Диатез – Дәрігер Комаровский мектебі