Жүктіліктің 24 аптасы: ұрықтың дамуы, оның салмағы, қозғалуы
Алдында жатырдағы бала адамның кескініне ғана ұқсаса, қазір ол толыққанды кішкентай адам ретінде саналады. Қазір де баланың тері астындағы майлары қалыптасуда, сондықтан терісі тегістеліп, алғашқы майлары ақшылданып жатыр. Енді оның түсі бұрынғыдай қызыл емес, алқызыл болып келеді. Осы уақыттан бастап, бала жылдам дамиды және үлкейеді. Бұған дейін оның өсуіне тері асты майлары көмектессе, енді оның өсуіне өсу гормоны ықпал етеді, ол тура осы аптадан бастап өндіріледі.
Бала қазір Сізді естіп қана қоймайды, сонымен бірге сіздің қолдарыңызбен сипағанды сезеді, ол жарықты көреді және түрлі дәмдерді сезеді. Ол енді Сіздің эмоцияларыңыз бен көңіл-күйіңізді өте жақсы сезеді. Сіздердің араларыңызда гуморалдық байланыс орнайды, соның арқасында Сіз қуансаңыз балаңыз белсенді қозғалады, ал Сіз ашуланып, көңіл-күйіңіз түссе, ол тып-тыныш болып қалады. Сондықтан отбасы мүшелеріңіз: егер Сізді ренжітсе, болашақ балаңызды да ренжітіп жатқанын түсінулері керек.
Дәрігердің қабылдауында балаңыздың жүрегі қалай соғып жатқаны тыңдалады және Сіздің жағдайыңыз мұқият талданады. Егер Сізде қатты ісік болса, салмағыңыз күрт өсіп, қысымыңыз бірден өзгерсе, преэкламсия басталуы мүмкін. Бұл жоғарыда аталғандардың барлығын асқындырып, ауыр жағдайда бала өліміне әкелуі мүмкін сырқат.
Бірақ егер өзіңізді жақсы сезінетін болсаңыз, уайымдауға еш себеп жоқ: бала ары қарай дамуын жалғастырады. 6 айда оның ұзындығы 60 см, ал салмағы 600 грамға жетеді. Кеуде қуысының көлемі енді 60 мм, ал іші - 60,9 мм құрайды. Баланың басының диаметрі - шамамен 59,4 мм. Бала жолдасы қалыңдай береді — енді ол 25,37 мм жетеді.
Жүктіліктің 24 аптасы: жүкті әйел не сезеді?
Жүктіліктің 6-шы айы өтіп жатыр, Сіздің тек бала туралы ойлайтыныңыз айдан анық. Психологияда бұл доминантты жүктілік деп түсіндіріледі.
Шат сүйектерінен жатырдың ең төменгі жағына дейінгі аралық бұл уақытта 24 см құрайды. Кіндіктің ойығы қазір көрінбейді, ал ішіңіз одан ары үлкейе береді.
Іштің қатты созылуының салдарынан олар қышуы мүмкін. Егер теріңіз сезімтал болса, онда ол қызарып тұруы мүмкін. Оған жұмсартатын жақпа майлар көмектеседі. Түсін өзгерпесе де, ол құрғақтықты жоюға ықпал етеді. Кеуде терісі де созылады.
Бұл айда ағзадағы темір қорын толтыру керек: қан көбейіп жатыр, ал талдаулар қан аздығын көрсетеді. Егер Сіз қалжырап, басыңыз айналып, ал бет теріңіз бозғылданса бұл қалыпты болып табылады. Бұған қанның сұйылуы кінәлі. Темір жақсы сіңірілуі үшін, фолий қышқылынан, С дәруменінен және мырыштан тұратын өнімдерді көп жеңіз. Сонымен бірге қанда оттегі аз болса, бұл тек Сіздің ғана емес, балаңыздың жағдайына да кері әсер ететінін есте сақтаңыз.
Егер тым шаршап тұрсаңыз да, торығудың пайдасы жоқ. Қажетті тәрумендер мен пайдалы заттар қорын толтыру үшін, біраз уақыт керек. Өз көңіл-күйіңізге мұқият болыңыз – балаңыз бәрін сезеді.
Тағы бір айта кететін жағдай, жүктіліктің осы сатысында Сіз көкбауыр мен бауырыңыздың ауыруын сезесіз. Бұл жатырдың ішкі органдарға қысым түсіруіне байланысты, еш уайымдамаңыз. Жатысыңызды өзгертіп көріңіз, ауыру сезімі өз бетімен қояды.
Жүктіліктің 24 аптасы: жағындылар қандай болуы мүмкін?
Егер іріңді немесе шырышты ақ жағындылар байқасаңыз, тез арада дәрігердің кеңесіне жүгініңіз, себебі бұл жатыр мойнының (кольпит) немесе қынаптың (эндоцервицит) қабынуының белгілері болуы мүмкін. Бұл инфекцияның кесірінен пайда болады, мұндай жағдайда емделу қажет болады.
Ал егер сулы жағындыларды сезсеңіз, бұл қағанақ суының ағу қаупін білдіреді. Босануға дейін әлі үш ай бар, сол себепті бірден жедел жәрдемге хабарласыңыз. Егер жатыр тонусы жоғарыласа, инфекция салдарынан уақытынан бұрын босану орын алуы мүмкін. Егер дәрігердің кеңесін алып, тексерілуді созып жүріп алмасаңыз, жүктілікті қажетті мерзіміне дейін сақтауға болады.
Қынаптан қан ақса немесе қан араласқан жағындылар байқалса да тура осылай әрекет етіңіз. Бұл бала жолдасының бөлініп кеткенін білдіреді, демек дәрігерлерге тез арада көріну керек.
Жүктіліктің 24 аптасы: жүкті әйел қалай тамақтануы керек?
Жоғарыда айтқанымыздай: күнделікті тамақ үлесіңізге көбірек темір қосыңыз. Сонымен бірге оны жақсы сіңіруге көмектесетін өнімдерді көп жеңіз. Бұл мерзімде қан аздық – жиі кездесетін ауру. Егер 6-шы ай жаз мезігілмен тұспа-тұс келсе – Сіздің жолыңыз болды. Көбірек жеміс жеуге тырысыңыз, әсіресе шиені көп жеңіз. Қыста анарға көп көңіл бөліңіз. Көбіне балық, теңіз өнімдерін, нәлім балықтарының бауырын және түрлі көкөністер жеңіз – бұл өнімдердің құрамында фолий қышқылы көп. Сондай-ақ жұмыртқа жеуді де ұмытпаңыз – ол нағыз темірдің көзі. Дәрумендері көбірек сақталуы үшін, оларды аз өңдеңіз. Жаңа піскен көкөністерден жасалған салаттар жеңіз.
УДЗ:
Болашақ баланың барлық дене мүшелері мен беті толық қалыптасқан. Оның бет әлпетін анық көруге болады. Бұл мерзімде баланың өкпесі қалыптасады. Ол қазір Сізді және айналаңыздағы сөздердің бәрін естиді, ұйықтайды және сергектік танытады, толыққанды адам секілді. Бастысы – жақсы тақырыптарда сөйлесу және жақсы көңіл-күйде болу, бұл баланың мінезі мен темпераментіне әсер етеді. Жүктілік кезінде көп жүйкесін жұқартпаған әйелдердің балалары тыныш болады. Ал көп ашуланып, ренжіген әйелдерде жылаңқы балалар мен ұйқысы сергек балалар туылады.
Тері асты майы көбейіп, баланың жылулығын сақтауына көмектеседі. Бала туылуға дайындалады, тіпті қажетті жиілікпен тыныс алады.