Баланың салмағы 1 килограмға жетті, ал бойы 36 сантиметрді құрайды. Енді оны суреттен жақсылап көре аласыз, ол жаңа туған нәрестеге ұқсайды. Туғанға дейін енді өзгермейтін беті қалыптасты. Май енді тек іші мен қатпарлар аймағында қалған. Басының көлемі айтарлықтай өскен: ол 7,3 см, ал кеудесі - 7,44 см, іші - 7,93 см. Сіз баланың ішіңізде қалай қатты қимылдап жүргенін сезесіз. Толыққанды қозғалу үшін орын жетіспейтіндіктен, бала еркіндікке шыққысы келеді.
Баланың қаны қорғаныс және басты қызмет көрсетуге ықпал ететін соңғы құрамына жетті. Қазіргі уақытта оның қаны аралас, бірақ жақын арада бұл өзгереді (өкпе жұмысын бастағаннан кейін).
Бөлу қызметтері бар күшімен қызмет атқаруда, ол тәулігіне бір жарым литр несеп шығарады. Асқорыту жүйесі сүтті қабылдауды бастауға дайын.
29 аптада әйел не сезеді?
Күшіңіз таусылып, шыдамыңыз да қалмады, алайда жақын арада балаңызбен кездесетініңіз Сізге қуат береді. Түрі қандай болатынын, кімге ұқсайтынын, қандай дауыстар шығаратынын көз алдыңызға елестетесіз. Осы ойлар күйзелісті жеңуге көмектеседі. Босануға дайындалу үшін әлі уақытыңыз бар. Жұмыс артта қалды, бұл босануға жайлы жағдайлар орнатуға ықпал етеді. Сіз бала күтімі бойынша демалысқа шығасыз, қазіргі сатыда ол Сіздің ағзаңыз үшін өте қажет.
Ішіңіз өте үлкен, сол себепті қозғалуға ыңғайсыздық тудырады. Қозғалғыңыз келмейді, бірақ денсаулығыңызға зиян болмас үшін, қозғалуға тура келеді. Беліңіздің ауырғаны күннен күнге күшейіп барады, себебі омыртқаңызға көп күш түсуде. Ішіңіздің аймағындағы біртүрлі сезімдер Сізге тыныштық бермейді, теріңіздің іштің көлеміне дейін созыла алмай қалатын сияқты. Ішіңіз қышып, тітіркенуді бастайды. Тері ысқышпен жеңіл массаж жасауды ұмытпаңыз, ылғалдандыратын жақпа майлар қолданыңыз. Бұл терінің тысыраюының алдын алады. Табиғи иілгіштігі мен жұмсақтығын сақтау үшін өз теріңізді қорғаңыз.
Аяқтардың қатты ауыруымен және ауырлығымен бірге жүретін тамырлардың варикозды кеңеюі орын алады. Бұл тамырлар ауруы геморройдың дамуына әкеледі, себебі қантамырларына жүктілік әсерінен қатты қысым түседі. Геморрой – денсаулыққа қатысты ауыр мәселе тудырады. Ол іштің қатуымен қатар жүреді. Геморройсыз да іштің қатуы болуы мүмкін, себебі жатыр тоқ ішекке қысым жасайды.
Тамырларға қатысты мәселе туындамауы үшін не істеу керек? Варикоз ауруы кезінде тамырлардағы қан ағысын реттеп тұратын арнайы шұлықтар сатып алыңыз. Құрамында іш қатуының алдын алатын азық-түліктер болатын күнделікті тамақ үлесіңізді қайта қарастырыңыз. С дәрумені қантамырлары мен тамырлар қабырғасы үшін пайдалы. Итмұрын — аталған дәрумен деңгейін қабылдауды жоғарылатуды айтарлықтай жақсартатын өнім. Ол бүйректердің жағдайына керемет әсер береді.
Бұл мерзімде қандай жағындылар қалыпты болып саналады?
Жүктілік кезіндегі жағындылар: қауіпті және қолайлы болып екіге бөлінеді. Қатерлі белгіні байқамай қалмас үшін міндетті түрде жағындыларды бақылап жүріңіз.
Егер жағындыларда қан ұйықтары болса, жедел жәрдем шақыру қажет. Сулы жағындылар қауіп төнгенін білдіреді. Баланың денсаулығына қауіп төндіретін инфекция қағанақ суына түсіп кетуі мүмкін. Тек дәрігердің тексеруі арқылы ғана қауіпті сейілтуге болады.
Жүктіліктің 29 аптасында тамақ үлесіңізге не қосуға болады?
Жүктіліктің бұл сатысында қатты ісіну арқылы білінетін гестоз дамиды. Гестоздың дамуына жақсы жағдай туғызатын орта қалыптастырмаңыз, күнделікті тамақ үлесіңізді өзгертіңіз. Егер шамадан тыс артып кетсе, ісік тудыратын тұз мөлшерін тұтынуға жақсылап көңіл бөліңіз. Тұзды нәрседен бас тарту емес, оның мөлшерін азайту қажет. Жүкті әйелдердің денсаулығы үшін маңызды болып табылатын ағзадан суды сыртқа шығаруда, тұз бүйректерге көмектеседі.
Жүкті кезде әйел адамдар көп тұзды нәрсе жегісі келетіндерін айтады. Бұл көбіне жаз маусымында орын алады. Кей кездері тіпті қиындық туындайды: тұзсыз суға шөл қанбайтын уақыт болады.
Ас тұзы ағзадағы дұрыс теңгерімді ұстап тұру үшін қажет. Ол қантамыр тонусын қалыпта ұстап, олардың жағдайына әсер етеді. Жүкті әйел баланың арқасында күнде қысымға тап болатын қантамыр жағдайын бақылап отыруы керек.
Тұзды қалыпты мөлшерде қабылдау – адам ағзасы үшін көмек, шамадан тыс болса немесе тұз тапшылығы орын алса – қатты зиян келтіреді. Дұрыс тәуліктік мөлшері – бір шай қасық тұз. Тұзды және қақталған азық-түліктерден бас тартыңыз, олар ісік тудырады.
Егер тұз жақсы көретін болсаңыз, хлорид натрийінің пайызы төмен тұз сатып алыңыз. Ол пайдалырақ және жүкті әйелдердің де жиі қолдануына болады.
Йодталған тұз — пайдалы заттарды сіңіру көзі. Пайдаланғаннан кейін тұзды герметикалық орамаға салып қойыңыз, сонда йод ауаға сіңіп кетпей, құрамында сақталып тұрады. Жүкті әйелдерге минералдар қажет, сондықтан мұндай тұз ағзаның жалпы жағдайына жақсы әсер етеді.
УДЗ:
Ултрадыбыстық зерттеу жасатқаннан кейін қандай жаңа нәрселер көретініңіз қызық. Баланың салмағы бір килограмнан көп, бойы ұзын, өзі мықты. Ол қимылдаған кезде, өкшесін тіпті қолмен сипап көруіңізге болады. Сүйек майы қатты дамыған, сондықтан қантүзілімі жылдам жүреді. Қабырғаларының дамуы да соңына таяп қалды. Бетінің кескіні айқын білінеді, сол себепті баланың жақындарыңыздың қайсысына ұқсайтынын көре аласыз. Тісі де қалыптасқан, тек олар қазір қызыл иектің астында тұр. Бала дауыстарды естиді және жарықты сезеді.
Бұл кезең музыкалық қабілетті дамытудың басы: баланың қабілетін дамытып қана қоймай, оған тыныштық сыйлайтын классикалық музыка тыңдаңыз. Қатты күн сәулелерінен аулақ болыңыз, Сізге күнге күюге болмайды.