Көптен күткен жүктілік пайда болды. Енді жақын арада Сіздің мықтылығыңыз сыналады. Басында жүрегіңіздің астында бала көтеріп жүру 9 айға созылатын ұзақ уақыт болып көрінсе, біраз уақыттан соң оның зымырайтынын түсінетінін боласыз. Жүктілік кезінде барлық аналар күнделік жазуды бастайтынына қарамастан, көптеген гинекологтар мұндай қажеттілікке бей-жай қарамауға кеңес береді, себебі Сіздің қолыңызда бірегей құжат естелікке қалады! Болашақта оны өзіңіздің ересек болған балаңызға сыйға тартуыңызға болады – бұл өзіңіздің сезімдеріңіз бен уайымдарыңыз туралы айтатын керемет мүмкіндік екеніне келісесіз ғой, иә?
Жүктілік күнделігіне қандай белгілерді жазуға болады? Әрине өзіңіздің бақытты апталарыңыз туралы, себебі әрбір әйел баласы туғанша уақытты аптамен санайды ғой. Сонымен, жүктіліктің үшінші аптасы болды. Енді бала көтерген кездегі салмағыңыз қаншадан басталғанын жазып қойғыңыз келетіні сөзсіз. Гинекологқа әр барған сайын дәрігер ішіңіздің қаншаға өскенін белгілейді — мұндай сәттер күнделігіңізде тұруы керек! Күнделігіңізге түртіп қоятын тағы бір нәрсе — осы керемет кезіңізді еске салатын жаңа сезімдеріңіз. Жүктілігіңізді жазуды өз бетіңізше жүргізетініңізге қарамастан, басқа аналардың да пайдалы кеңестері пайдаға жарауы мүмкін.
Жүктіліктің 3 аптасы
Құттықтауымызды қабыл алыңыз! Енді Сіздің ішіңізде кішкентай адам өмір сүруде. Фолликул жарылғаннан кейін, оның ішіндегі сұйықтық жатыр мойнына құйылады, осы жерде ол ер адамның жыныстық жасушаларымен — сперматозоидтармен кездеседі. Оның ішіндегі ең белсендісі аналық жасушаны ұрықтандырып, жаңа өмір басталады. Ұрықтанғаннан кейін аналық жасуша жылдам бөліне бастайды. Шамамен 2 аптадан кейін ол жатыр ішінде болады.
Адам ағзасында ешқандай кездейсоқтық болмайтыны қызық: тура фолликула жарылған жерде, сары дене пайда болады. Осы кезеңде Сіздің ағзаңыздан белсенді түрде прогестерон бөліне бастайды. Бұл бала жолдасы пайда болғанға дейін жалғасын табады.
Жатырда орын алатын өзгерістер
Жүктіліктің 3 аптасында жатыр жұмсақ болады, сондықтан да эмбрион оңай жабысып қалады. Ұрықтанған аналық жасуша жатырға жабысқаннан кейін, ол арнайы қабықшамен жабылады. Эмбрионның эндометрияның жасушаларымен қоректенетінін көбі біле бермейді. Өмір үшін осы кезеңде қандай үлкен күрес жүретінін көз алдыңызға елестету қиын!
Жүктілік орнауының алғашқы белгілері
Жүкті болғаннан кейін ағзадағы ауытқулардан қашып құтылу мүмкін емес. Бұл кезеңде Сіздің ішіңізде көптеген қызықты нәрселер болады. Өкінішке орай, әрбір өзгеріс білінбей қала бермейді. Жақындарыңыздың біреуі жағдайыңыздың өзгеруі мен тәбетіңіздің кей нәрселерге ашылғаны туралы айтып жатса таңқалмаңыз. Бұл ағзадағы зат алмасуының өзгеруінен болып жатыр.
Тура осы себепке байланысты, тамақтың әдеттегі иістерінің сіз үшін басқаша болатын сезесіз. Басқа бір экзотикалық өнімдердің дәмін көргіңіз келеді, мұндай ләззәттан бас тарпағаныңыз жөн. Осындай өзгерістерді байқаған жақындарыңыз мен таныстарыңыз, сіздің ашушаңдығыңызды кешіре салады. Сіз — болашақ анасыз, оны барлығы түсінуі тиіс.
Бұл керемет кезеңде болатын басқа өзгерістер байқаусыз қалмайды. Мысалы, сүт бездерінің ісінуі. Омырауыңыздың көлемі айтарлықтай үлкейеді, ал салмағыңыз өсе бастайды. Бұл прогестеронның жоғарылауының әсерінен орын алады. Артық салмақты ойлап уайымдаудың қажеті жоқ, әсіресе арықтау туралы ойламаңыз да. Қазір Сіз екі адам үшін тамақтанасыз, себебі болашақ баланың денсаулығы дұрыс және толыққанды тамақтануға тікелей байланысты.
Жыныс жолдарындағы жағындылар
Жүктіліктің орын алу белгілері әртүрлі болуы мүмкін. Кейбір әйелдерде ол болады, кейбірінде болмайды. Қалыпты жағдайда жағындылар ақ түсті жағымсыз иіссіз болуы керектігін есте сақтаңыз. Жағынды мөлшері көп болса, гинекологқа бару қажет. Мұндай құбылыстың орын алу себебі көп болуы мүмкін, оның ішінде ең көп таралғаны — инфекция.
Жүкті әйелдің тамақ үлесі
Бала көтерген уақытта Сіз 2000 калориядан аз емес тамақ жеуіңіз керек. Жаңа піскен және табиғи азық-түліктермен жиі-жиі тамақтанғаныңыз дұрыс. Тәттілерден бас тартып, оның орнына кептірілген жемістер жеңіз. Өнімдердің құрамында фолий қышқылы, темір мен ақуыз көп болуы қажет.
Су ішу тәртібін де ұмытпаған жөн — күнделікті таза газдалмаған судың 1,5-2 литрін ішкен дұрыс. Әрине, жүктілік кезінде тәтті кофенің бір саптыаяғын немесе лимонад ішкіңіз келіп тұрады. Шектен шықпай барлық нәрсені ішуге және жеуге болады, бірақ бастысы сау тамақтанған жақсы. Мұны ұмытпаңыздар!