Жүктіліктің 39 аптасы — бұл кейбір аналарда шұғыл толғақ басталып, ол ана атанатын кезең. Бұл уақытта әйел адам өз жағдайын және баланың қозғалысын бақылап отырғаны маңызды. Психологиялық тұрғыдан көптеген әйелдер босануға дайын болғанымен, жүктіліктің тағы 2-3 апта жалғасқаны дұрыс болады.
Баланың дамуы
Жүктіліктің 39 аптасында баланың салмағы 3 кг жетеді. Бойының ұзындығы шамамен 52 см. Ер балалар кішкене ірілеу келетіндіктен, қыз баланың салмағы мен бойы 2,5 кг мен 50 см құрауы мүмкін. Баланың басының диаметрі 92,5 мм. Кеудесінің көлемі — 98 мм. Ішінің көлемі — 101 мм.
Баланың ішкі органдары түгелдей қалыптасқан, олар туғаннан кейін баланың толыққанды өмір сүруін қамтамасыз ете алады. Өкпесі ауаға толып, «тыныс ала» алады. Асқорыту органдары емшек сүтінің құрамындағы қоректік заттарды алуға және сіңіруге дайын. Баланың иммунитеті, сонымен бірге қан түзу жүйелері толық дамыған. Терінің астында май қабаты қалыптасты, ал басында шаштары бар. Тырнақтары да өскен. Кейбір балалардың тырнақтары қатты ұзын болып туылатындықтан, туа салысымен оларды алып тастау қажет.
39 аптада баланың сезім мүшелерінің барлығы толыққанды дамыған. Бала көреді, дәм сезеді, иісті біледі, естиді. Оның жүйке жүйесі белсенді түрде дами береді және тәулік сайын жүйке жасушалары арасында «жаңа» өзара байланыстар пайда болады.
39 аптада анасының ішіндегі бала туғанға дейін өзгермейтін белгілі бір қалыпта жатады. Кейбір балаларда гипоксия орын алуы мүмкін (оттегі жетіспеушілігі). Бұл процесс бала жолдасының қабырғаларының жіңішкеріп, алмасу әрекеттерінің төмендеуімен түсіндіріледі. Жүкті әйел баланың қозғалысын бақылап, санап отырғаны дұрыс. Егер қозғалу саны (тебу, итеру) 10-нан аз болса, онда бірден емдеу дәрігеріңізге қаралған дұрыс. Аталған белгі балаға оттегі жетпей жатқандығының көрінісі болуы мүмкін.
УДЗ
Егер әйел ағзасында бұрын қандай да бір ауытқулар болса ғана, жүктіліктің 39 аптасында УДЗ жасау тағайындалады – ондай ауытқулар судың аздығы немесе керісінше су мөлшерінің көп болуы, кіндіктің бала мойнына оралып қалуы, бала жолдасының төмен жатуы.
УЗД нәтижелеріне қарап дәрігер баланың жағдайын, бала жолдасының орнын және гипоксия белгілерін анықтайды. УДЗ сондай-ақ физиологиялық ауытқулар кезінде дәрігердің босандыру стратегиясын таңдауына көмектеседі.
Жүкті әйелдің сезімдері
Әйелдердің босануы 38 бен 42 апта аралығында басталады. Бұл қалыпты деп есептеледі. 39 аптадағы босану – бұл да қалыпты, себебі болашақ ана өзінің көптен бері күтіп жүрген баласының кез келген уақытта дүние есігін ашатытына дайын болуы керек.
Болашақ ана толғаққа да дайын болғаны дұрыс (39 аптада әйелдерде жалған толғақ жиі болады). Жақында босану белгілерінің немесе қатты ауыру сезімдерінің пайда болуы кезінде шұғыл түрде жедел жәрдем бригадасын шақыртқан дұрыс. Қажет кезде оларды іздеп уақыт кетірмес үшін, төменде көрсетілген құжаттарды дайындап қойыңыз:
- төлқұжат;
- сақтандыру куәлігі;
- мед полис;
- алмасу картасы.
Ауруханада босанушыға қажет болатын заттарды: халат, аяқ киім, қосымша іш киімдер, ылғалды орамалдар және т.б. ұмытпаңыз.
Моральдық тұрғыдан көптеген жүкті әйелдер баланың туылуына дайын. Баланың белсенді өсуінен әйелдің іші қатты үлкейген. Қағанақ суының көлемі азайған. Балаға анасының іші тарлық көрсетуде, сол үшін ол белсенді түрде итеруді бастайды.
Бала анасының шат сүйектеріне қарай төмендей береді, осылайша жүкті әйел шат сүйегіне түсетін қысымды сезіп, жайсыз жағдайға тап болады. Бұл кезеңде әйел қатты және ұзақ уақытқа созылатын ауыру сезімдерін бастан өткереді. Бұл баланың басының жүйке талшықтарын қысуымен түсіндіріледі, бұндай әрекет қатты және бұрап ауыру сезімдерін тудырады. Жүктіліктің соңғы аптасында әйелдің жүрісі өзгереді – ол ебедейсіз, ауыр және икемсіз болады.
Болашақ ана босануға дайын болып, ағзасында болып жатқан өзгерістерді мұқият қадағалауы керек. Жақындап қалған босану белгілері:
- жиі дәретке бару;
- жүктілік кезінде жатырға кіретін жолды бітеп тұратын шырышты қақпақтың түсуі;
- қағанақ суының кетуі;
- белдің төмен тартып ауыруы;
- шатыр аймақтарына қысым түскенін сезу;
- толғақ.
Жүкті әйел ағзасындағы физиологиялық өзгерістер
Жүкті әйел ағзасында бір нәрсенің дұрыс болмауын білдіретін белгі – жыныс органдарынан ерекше жағындылардың бөлінуі. Таза, түссіз, иіссіз және бөгде дақтарсыз жағындылар қалыпты болып табылады. Егер жағындылар қою, жасыл немесе аппақ болса, тез арада дәрігерге барыңыз.
Мынадай жағдайларда тез арада дәрігерге қаралған дұрыс:
- шырышты қақпақтың түсуі (қанды дақтармен шырышты кесектер) – босанудың басталуын білдіреді;
- қан аралас жағындылар — бала жолдасының ажырап кеткенін білдіреді, бұл ана мен бала өмірі үшін аса қауіпті.
Тамақтану негіздері
Уайым мен қайғы болашақ ананың тоңазытқыш алдына қайта-қайта баруына себеп болады. Жүктіліктің соңғы айларында жүкті әйелдер өте көп тамақ ішетіні белгілі болған. Сонымен қатар, олардың ұнататын тағамдары әртүрлі – біреулер тәттіні қаласа, кейбірі – тұзды және ащы нәрсені қалайды.
Босану алдындағы соңғы аптада болашақ ана өз тамақ үлесін жақсылап бақылауы керек. Оның басты тапсырмасы – ішегін қатты толтырмай, оны тазалау болып табылады. Құрамында жасұнықтың көп мөлшері кездесетін өнімдер осындайда көмекке келеді – олар жаңа піскен көкөністер, түрлі жемістер, тұтас бидайдан пісірілген нан. Анасы мен баланың ағзасына ақуыз өнімдері (ірімшік, қатты ірімшік, айран және т.б.) пайдалы болады.
Босану алдындағы соңғы күндері болашақ ана уақытты жағымды өткізуі керек – кітап оқығаны, қолөнермен айналысқаны дұрыс.