5 апта кезінде эмбрионның көлемі қандай болады?
Жүктіліктің бұл кезеңінде эмбрион өте кішкентай және бақаның баласына ұқсайды. Бластоциста жатыр қабырғасына нық орналасып, үлкейе бастайды, аналық жасушалар бұрынғыдай қажетті прогестерон бөліп тұрады, бұл жүктілікті жалғастыруға көмектеседі. Жатырдың қабықшалары өсіп, ол қалыңдай бастайды.
Сенбейсіздер, алайда болашақ сәбидің көзі, мұрны қалыптасады. Олар дұрыс дамымаған, бірақ жарыққа жауап береді. 5 аптада жүрек белсенді өседі, басқа органдарда қалыптасуын бастайды.
Жүктіліктің 5 аптасында эмбрион қалай дамиды?
Жүктіліктің 5 аптасы дегенде, ұрық 2 апта бұрын пайда болған деп түсіндіріледі. Ол 3 аптада өсуін бастайды. Оның сырты түкті және бірінен кейін бірі қылтамырлар өсіп шығады. Жатыр ұлпаларын құртудың енді қажеті жоқ, тура анасының қаны арқылы қорек пен оттегін алуға болады.
Қан айналым пайда болып, ол алғашқы болғандықтан да жатыр мен бала жолдасы өзара байланысын бастайды. Аналық ағзаға гомондардың әсер еткені соншалық, ол ұрықты бөгде дене деп санамайды. Осының салдарынан анасының иммунитеті төмендейді. Сырттан келетін жағымсыз әсерлерден ұрықты қорғайтындай бала жолдасы әлі де мықты емес. Осы кезеңде әйел өте сақтық танытып, сыртқы инфекциялардан қорғануы қажет.
Жатырдағы эмбрион дамып, өсіп жатыр. Бұл кезеңде ұрық симметрия осімен бөлінеді де бірдей 2 жарты пайда болады. Осы кезде эмбрионның іш жағы қайсы, арқасы қайсы екені біліне бастайды.
Тура осы уақытта қаңқа негізі өсуін бастайды. Шеміршекті өсу орын алады. Ішек түтіктері өседі. Өт қабына қарай тартылатын сабақша кіндік жіпшесі немесе болашақта кіндік болады. Бұлшықет және сүйек, жүрек, қантамырлары ұлпаларына арналған негіздер пайда болады. Осы кезеңде болашақ ішкі органдарға арналған негіздер дамуын бастайды.
Бас миы мен жұлын жүйке түтікшелерінен пайда болады. Органдардан: бүйректер, өкпе, бауыр, ішек және т.б. өсе бастайды. Егер ер бала болатын болса, осы аптада оның аталық ұрық бездері пайда болады. Олар бірден тестостерон бөлуін бастайды.
Осы уақыттан бастап бала басқа жолмен дами бастайды. Егер қыз бала болатын болса, ол әйел ағзасы секілді дамиды. 5 аптаның ішінде эмбрион 0,5 см. өседі. Алдында осы кезеңнің қиындықтары туралы айтқанбыз. Кішкене инфекцияның түсуі немесе дәрі ішу эмбрионда үлкен патологияны тудырады, тіпті жүрек ақауы болуы мүмкін. Осындай қауіптер туралы ұмытпаңыздар.
Әйелдің жүктілігіне 5 апта болғанда қандай белгілер болады?
Болашақ ана ағзасында қандай өзгерістер болады? Көпшілігі жүкті екенін біледі. Зертханалық сараптама жасатып, мұны 100% анықтауға болады. Аналар бала күтіп жүргені туралы күмән келтірмейді. Осы уақыттан бастап және жүктіліктің соңына дейін етеккірі болмайды. Медицнада мұны аменорея деп атайды, бұл жүктіліктің салдарынан табиғи жолмен орын алатын құбылыс.
Несептегі ХГЧ мөлшері өте көп болғандықтан, оны анықтау оңай. Әлі дәрігерге бармадыңыз ба? Баратын уақыт келді. Егер дәрігер жатырдан тыс жүктілікті анықтаса, ол Сізді бірден УДЗ жасауға жібереді.
Жүктіліктің 5 аптасында қандай сезімдер болады?
Әйел өзінің жүкті екенін түсінетін белгілі бір себептер болады. Олар 5 аптадан ертерек де білінеді. Мысалы, сүт бездері ісінеді, таңертең немесе тәуліктің басқа уақыттарында құсқыңыз келеді, басқа тамақтарға тәбетіңіз ашылады, іштің төменгі жағы тартып ауырады. Көптеген әйелдер бұл кезеңде ашушаң болып кетеді.
Жүктіліктің 5 аптасында жағындылар қандай болады?
Бұл кезеңде әйелде етеккір болмайды, физиологиялық аменорея басталады. Кейбір әйелдерде жағындылар болады, бірақ олар қызыл емес, түссіз. Егер қанды жағынды болса, түсік тастау қаупі орын алады. Сондықтан, әйел өте мұқият болуы керек және жағындыны байқаса бірден дәрігерге барған жөн.
Жүктілік кезінде қандай да бір түсті жағындылар болып, әйел жыныс органдарының аймағында ауырлық сезінсе бұл жаман. Бұл бір нәрсенің дұрыс болмай тұрғанын және қажет болса емделу керектігін білдіреді.
Жүктіліктің 5 аптасында қалай дұрыс тамақтану керек?
Бұл кезеңде ішкі органдардың белсенді түрде қалыптасатыны туралы айттық. Анасы мен болашақ балаға дәрумендер керек. Әсіресе, В тобының дәрумендері, олар сәби ағзасында химиялық баланстың қаншалықты сақталатына байланысты. Мәзірге: түрлі ботқалар, кез келген өсімдік майын, сары қызыл жемістер, көкөністер қосыңыз.
Мәзір қарапайым болсын. Пайдалы теңіз қырыққабаты туралы ұмытпаңыз. Жүктілік кезінде теңіз қырыққабатын жеген құрбыларыңыздан жақсы рецепт болса, сұрап алыңыз. Оны сүйсіне отырып жеуге тырысыңыз, оның құрамында йод пен магний көп.
Ағза инфекциялармен жақсы күресуі үшін, осы қауіпті кезеңде құрамында С дәрумені көп көкөніс, жеміс жеген дұрыс. Олар инфекциялармен жақсы күресуге көмектеседі. Пайдалы заттары аз, ал калориясы көп азық-түліктерді көп тұтынбауға тырысыңыз. Диета сақтаудың қажеті жоқ, бірақ артық салмақ та еш жақсылық әкелмейді.
УДЗ не көрсетеді?
Зерттеу жатырдың домалана бастағанын көрсетеді. Жатырдың астында орналасқан ұрық қабы да осындай болады. «Ұрық қабы» дегенде көз алдымызға үлкен бір нәрсе елестейді, бірақ ол шындығында 1/2 мл немесе одан кішкене үлкендеу болады. Жатыр қабырғаларын эндометрия қабықшалары қаптап, ол бала өсетін кішкентай ыңғайлы үйшікке ұқсайды.