Қоғамда байланыс орнатудың негізгі тәсілі ауызша сөйлеу болып табылады. Оның қалыптасуы 2 жастан 5 жасқа дейін белсенді жүреді. Осы кезеңде бала сөйлеудің барлық бөліктерін әңгімеде қолдана бастайды, сөйлемдерді грамматикалық тұрғыдан дұрыс құрастырады, оларды үйлесімді тіркестерге байланыстырады. Бірақ ата-аналар баласының сөйлеуіндегі кемшіліктерді байқай алады. Осындай кемшіліктердің бірі – балалардағы кекештену немесе логоневроз.
«Логоневроз» термині екі бөліктен тұрады: лого + невроз. Logos грек тілінен аударғанда «сөйлеу», «сөз» дегенді білдіреді. Невроз– жүйке жүйесінің жұмысындағы ауытқу. Балалардағы логоневроз - бұл ауыр нейропсихиатриялық ауру, ол нейропсихиатриялық тик секілді ауру. Ол сөйлеуді тудыратын бұлшықеттердің құрысуынан пайда болады. Статистика бойынша, әлемдегі балалардың 3% - ында бұл сөйлеу кемістігі бар.
Егер мектепке дейінгі балаларда кекештену кейде ғана туындаса, болашақта ол созылмалы түрге айналуы мүмкін. Егер мұндай жағдай екі-үш айға созылса, онда ата-аналар мәселені тез арада жою үшін шаралар қабылдауы керек.
Кекештенудің симптомдары – бұл сөйлеудегі тоқтап қалулар, бірінші буынды созу («маааа – ма»), дауыссыз дыбыстардың қайталануы, буындар, сөздер мен сөйлемдер арасындағы ұзақ үзілістер.
Кекештенудің себептері
Туа біткен себептер:
- ауыр тұқым қуалаушылық;
- жүктілік кезіндегі патология (олардың бірі – ананың темекі шегуіне байланысты ұрыққа оттегінің жеткіліксіз болуы);
- күрделі босану;
- сөйлеу аппаратының соматикалық мәселелері;
- жүйке жүйесінің жеке ерекшеліктері.
Жүре пайда болған себептер:
- жұқпалы аурулар мен жарақаттар;
- психологиялық проблемалар (ата-анасының жоғалуы, ауыр отбасылық микроклимат);
- бір реттік психологиялық жарақат (қорқыныш);
- дамудың артта қалуы, ми қыртысының органикалық зақымдануы.
Логоневроз түрлері
Логоневроз түрлерінің бірнеше жіктелуі бар.
Пайда болу көзіне байланысты патологиялық және невротикалық түрлерге бөлінеді. Патологиялық түрде ақау туа біткен болады. Невротикалық түрде ауру жүре пайда болған себептерден туындайды.
Сондай-ақ, логоневроздың тұрақты, тұрақсыз және циклдік түрлері бар. Тұрақты түрі – әрдайым болатын, тұрақты сөйлеу бұзылуы. Тұрақсыз түрі стресс, қорқыныш, жарқын эмоциялар нәтижесінде пайда болады. Циклдік түрде науқас белгілі бір уақыт аралығында кекештенбей сөйлейді.
Ақаудың көрінісіне байланысты тоникалық, клоникалық және аралас түрлері (формалары) болып бөлінеді. Сөйлеудің тоникалық түрінде ұзақ үзілістер мен дауысты дыбыстардың, буындардың созылуы байқалады. Клоникалық түрінде науқас кейбір дыбыстарды немесе буындарды айта алмайды. Аралас формада тоникалық және клоникалық патологияның белгілері бірге көрініс береді.
Балалардағы кекештенуді емдеу
Ұзақ уақыт бойы, ХХ ғасырға дейін адамзат кекештенудің құпиясын шеше алмады. Бұл артикуляциялық аппараттың бұзылуы деп есептелді. Сөйлеу бұзылыстарынан зардап шегушілерді емдеуге емшілер шөптермен емдеуді, дұғалар оқуды қолданды.
Тек ресейлік психиатр И.А. Сикорский аурудың пайда болу құпиясын ашып, оны психологиялық себептермен байланыстырды.
Егер ата-ана баланың сөйлеудегі ақауларын байқаса, кекештенуді емдеуді неден бастау керек? Мұндай жағдайда сізге балалар невропатологына жүгіну керек. Ол нақты диагноз қойып, ұсыныстар береді, дәрі-дәрмек, массаж, физиотерапия тағайындайды. Егер логоневроз баланың психикасына, оның балалармен қарым-қатынасына, мінез-құлқына, қорқыныш сезімінің пайда болуына әсер етсе, онда психотерапевтке бару керек.
Сөйлеу ақауларын түзетумен логопед-дефектолог айналысады. Мүмкіндігінше логопедке ертерек жүгіну керек, себебі уақыт өткен сайын мәселе күрделене түседі. Сөйлеу ақауларын түзету жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуі керек.
Ата-аналардың міндеті – мамандарға көмек көрсету, олардың ұсыныстарын қатаң орындау. Жетістікке жетудің маңызды шарты отбасындағы тыныш, мейірімді ортаның болуы. Қарым-қатынаста жоғары тонда сөйлеуді және шулы іс-шараларға қатысуды шектеу керек. Барлық ересектер сөйлеген кезде дауыстары тыныш, сөйлемдерді толық айтуы және сөздерді созып сөйлеуі керек. Бірте-бірте бала мұндай сөйлесу тәсілін қабылдай бастайды, бұл оған кекештенуден арылуға көмектеседі.
Логоневроздыі алдын алу шаралары
Сөйлеу кемшіліктерінің алдын-алудың маңызды шарты – жүктілік кезінде дәрігердің ұсыныстарын орындау, темекі шегуді, алкогольді, стрессті болдырмау.
Бала туылғаннан кейін анасы барлық қауіп факторларын талдауы керек: генетикалық бейімділік, логоневрозбен ауыратын туыстарының болуы және басқалары.
Мектепке дейінгі балаларда кекештенуге бейім баланы шулы ойындардан, стресстен қорғау керек. Күнделікті тәртіпті сақтау, гимнастика жасау және күнделікті серуендеу қажет. Мүмкіндігінше бассейнге бару, гимнастикалық жаттығулар жасау, дәрумендер қабылдау қажет.
Қоңыр балдырлардан жасалған «Доромарин» табиғи витаминдік кешені баланың соматикалық және психикалық денсаулығын нығайтуға көмектеседі. Кешен балалардың жүйке жүйесін қолдайды, қозу және тежелу процестерін үйлестіреді, баланы қалыптандырады, иммундық жүйені нығайтады.
Ресей Федерациясының Биотикалық медицина орталығы «Доромарин» витаминдік кешенінің қоректік заттарын растады. Кешеннің құрамында бала ағзасына қажетті барлық микро-макро-элементтер, минералдар, A,B,C,D,E дәрумендері шоғырланған.
Тек табиғи компоненттерден жасалған «Доромарин» балалар денсаулығын сақтауға көмектеседі. Кешен құрамындағы негізгі компоненттер:
- Қиыр Шығыс ламинариясы, йодқа, темірге, күміске бай;
- Трепанг сығындысы – аскорбин қышқылы мен B, PP дәрумендерінің негізгі жеткізушісі;
- теңіз кальцийі;
- жеміс шырыны, өнімге балалар ұнататын дәм береді.
«Доромарин» үш айлық және одан жоғары жастағы балаларға мүлдем зиянсыз.
Балаларды жақсы көріңіз, мәпелеңіз, сонда олар сау және бақытты болады!