В5 дәрумені бала тұтынатын барлық өнімдерде кездеседі, сондықтан оның жетіспеушілігінің орын алуы сирек кездеседі, алайда бірен-саран болып қалуы мүмкін. Ендеше, бұл заттың маңызы қандай және оның жетіспеушілігінің зардаптары неге әкелетіні туралы сөз қозғайық.
B5 дәруменінің маңыздылығы
Б5 дәрумені (Пантотен қышқылы) ересектермен қатар, балалар да тұтынатын көптеген азық-түліктерде кездеседі. Ол тотығу әрекеттеріне, сонымен катар түрлі биохимиялық реакцияларға - майларды ерітуге, қышқылдар мен гемоглобин жинақталуына және т.б. қатысады. Б5 дәрумені тағамнан пайдалы заттарды сіңіру және оларды адам ағзасының әр жасушасына тасымалдау әрекеттерінде маңызды рөл атқарады. Басқа топтардағы дәрумендерді де сіңіру ағзадағы пантотен қышқылының мөлшеріне байланысты.
Б5 дәрумені глюкокортикоид деген қарсы денелер мен маңызды гормондардың жинақталуына қатысады, ал олар ағзаны қабынудан, жүйкеге түсетін күштен, сонымен қатар микробтар мен вирустардың жағымсыз әсерлерінен қорғайды. Осы заттың жетіспеушілігінен балада аллергия пайда болуы мүмкін.
Дәрумен жетіспеушілігінен болатын жағымсыз зардаптар
В5 дәруменінің жетіспеушілігі сирек кездеседі, ал басты себебінің бірі - бірыңғай тамақ түрі, яғни бала тек бір санаттағы азық-түліктерді пайдаланады. Жетіспеушілік жағдайлары соңғы жылдары жиі кездесуде, себебі мал өнімдерін тағамға қоспайтын вегетарианшылық және басқа да тамақтану түрлері кең етек жаюда. Пантотен қышқылының жетіспеушілігі сонымен бірге ІҚЖ органдарының жұмысы бұзылғанда пайда болуы мүмкін.
Дәрумен мөлшерінің жетіспеушілігі бірнеше жағымсыз зардаптарға әкелуі мүмкін. Осылайша, балада терінің қабынуы, сонымен бірге басқа да тері аурулары дамуы мүмкін. Бұл жасушалық деңгейде заттардың алмасуының бұзылуы, сондай-ақ ағзада дұрыс қызмет атқару үшін қажетті заттардың жиналмауы салдарынан болады.
Б5 дәруменінің жетіспеушілігі кезінде балаларда тоқ ішектің қабынуы пайда болуы мүмкін - ішектің шырышты қабатының қабынуы. Бұл сырқат ауыру белгілерімен және нашар сезіну арқылы білінеді, сонымен бірге асқазан жарасына әкелуі мүмкін. Ал оны емдеу айтарлықтай ұзақ уақыт алады.
Пантотен қышқылының жетіспеушілігі балада артриттің пайда болуына әкеледі. Бұл сырқат баланың даму кезеңінде өте қауіпті, себебі түрлі ауытқуларға жеткізіп, кейбір жағдайларда тіпті мүгедектікке дейін әкелуі мүмкін. Оның басты белгілері: буындардың ауыруы, тамақтанудың бұзылуы, буындардың ісінуі және қимылдың қиындауы.
Мұның барлығы қауіпті зардаптарды айтпағанның өзінде, салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік бермейді.
Сондай-ақ, В5 дәруменінің жетіспеушілігі кезінде келесі белгілер білінуі мүмкін:
- Қатты шаршау;
- Саусақ ұштарының тартылуы;
- Бұлшықеттер мен буындардың ауыруы;
- Баланың құсуы;
- Гормондар .
Сонымен қатар балаларға безеу шығуы мүмкін, бірақ бұл басты белгі емес, себебі ол ағзадағы жас өзгерістеріне байланысты болуы ықтимал. Асқынып кеткен кездері дәрумен жетіспеушілігі арықтауға, өсудің тежелуіне, тіпті су қараңғылыққа әкелуі мүмкін.
Құрамында пантотен қышқылы бар азық-түліктер
Пантотен қышқылы дүкен сөрелерінен табылатын түрлі азық-түліктер құрамынан табылады. Бұл тізімде барлық көкөністер мен жеміс-жидектер, тұтас бидай өнімдері, сонымен қатар құс, балық және үй жағдайындағы мал еттері бар. Ішек микрофлорасы дұрыс жұмыс істегенде бала ағзасы қажетті мөлшерін өзі жасап шығарады. Бұл зат ағзада шамадан тыс көп мөлшерде деп ойлау қате, себебі В5 дәрумені несеппен бірге шығып кетеді.
Б5 жылыға өте сезімтал екенін айта кету керек, ал тамақ дайындау кезінде өнімдер 50% дейін пайдалы заттарын жоғалтады. Сондықтан дайындау кезінде мұқият болыңыз, сонымен қатар ыдыстың аузын жауып жүру қажет.
Доромарин — балаларға арналған бірегей дәрумендер кешені
Егер балаңыздың дұрыс тамақтануға уақыты болмай, ал қарны ашқанда жылдам дайындалатын тағамдар іше салатын болса, онда Doromarine дәрумендер кешеніне көңіл бөлетін кез келді. Ол төменде көрсетілгендермен қатар, бала ағзасында В5 дәруменінің орнын толтыруға көмектеседі:
- Мазасыздық пен депрессия жағдайларын жояды;
- Белсенді өткен күннен кейін де шаршаңқылықты басады;
- Иммундық жүйені күшейтеді;
- Көру аппаратының жұмысын жақсартады;
- Әр ағзаны қосымша макро- және микроэлементтермен толтырады;
- Тіндердің орнына келуін жылдамдатады, бұл балаңыз үнемі құлап, үйге жаралы боп қайтқан жағдайларда өте маңызды;
- Мектепте және басқа орындарда үлгерімін жақсартады.
Доромарин инфекциялық және қабыну ауруларының дамуына кедергі келтіреді, өзі тек табиғи құрамдас бөліктерден тұратындықтан, ағзаға тигізер әсері өте жоғары. Бұл емдеу-алдын алу өнімі тек пайдалы ғана емес, дәмі өте жағымды, яғни ол әртүрлі жастағы балалардың барлығына міндетті түрде ұнайды.