Доромарин - дені сау ұрпақ, бақытты отбасы!

Бала ағзасы үшін «D» дәруменінің маңызы

Мазмұны: [Көрсету]

«D» дәрумені баланың дұрыс дамуы үшін өте маңыздыӘр баланың ағзасында көптеген микроэлементтер болады, олар түрлі қызметтердің дамуы мен реттелуіне жауап береді. Олардың бір бөлігін көкөністерден, жемістерден және түрлі тамақ өнімдерінен оңай алуға болады, басқалары – өздігінен жиналады. Соңғысына «D» дәрумені жатады. Ендеше, бұл заттың ағзаңызға қалай түсетіні және оның жетіспеушілігінен туындайтын зардаптар жайлы сөз қозғайық.

«Д» дәрумені бала ағзасына қалай түседі?

«Д» дәрумені (Кальциферол) бала ағзасының өсуі мен дамуы кезіндегі барлық сатыларда оның қалыптасуына жауап беретін басты микроэлементтердің бірі болып табылады. Бұл зат сүйектердегі, бұлшық еттердегі, қантамыр жүйесіндегі және бас миындағы метаболизм әрекеттеріне жауап береді. Бала дүниеге келгенде бұл дәрумен ағзада өте аз мөлшерде кездеседі, кейін емшек сүті арқылы толықтырылады. Өсу көлеміне қарай ағза өз бетімен оны жинақтай бастайды, ал аталған әрекеттің маңызды бөліктері күн және таза ауа болып табылады.

Күн сәулесінің әсерінен эпидермисте кальциферолдың жинақталуы орын алады. Ары қарай, бауыр мен бүйректе «Д3» алмасу өнімі жасалады, ал бұл әрекеттердің дұрыс жүруі үшін таза ауа қажет. Ластанған қалалар мен еліміздің солтүстік аймақтарында тұратын балаларда «D» дәруменінің жетіспеушілігі орын алған. Себебі, бұл дәрумен кездесетін тамақ өнімдерінің көлемі жеткіліксіз.

«D» дәрумені минералдық алмасуға тікелей жауап береді. Бүкіл адамзат ағзасындағы сүйектер мен тістерде кальцийдің жинақталуына ықпал етеді. Сонымен қатар, аталған микроэлемент:

  • Иммунитетті күшейтеді;
  • Жүрек қағысын реттейді;
  • Артериялық қысымға жауап береді;
  • Онкологиялық ауруларға қарсы тұруды қалыптастырады;
  • Қалқанша безінің жұмысын қалыпқа келтіреді;
  • Қанның ұю әрекетін реттейді.

Демек, кальциферол адам ағзасындағы өмір сүру үшін маңызды әрбір негізде жатыр екен, ал оның жетіспеушілігі барлық жүйелерде айтарлықтай ауытқуларды тудыруы мүмкін.

«D» дәруменінің жетіспеушілігінен болатын зардаптар

Бала ағзасында «D» дәруменінің жетіспеушілігінен болатын қауіпті зардаптың бірі, мешел деген атпен белгілі аурудың орын алуы. Бұл сырқат баланың сыртқы келбетін толықтай өзгертіп жіберуі мүмкін. Өйткені даму сатысы кезінде ол төменде көрсетілген жағдайларға соқтыруы мүмкін:

  • Бастың үлкеюі және формасының өзгеруі;
  • Сүйек пішіндерінің өзгеруі;
  • Ішкі органдар жұмысының бұзылуы;
  • Тістің өсу қарқынының бәсеңдеуі.

Мешел болған баланың аяқтары қисайып, болашақта бала туу мүмкіндігіне кері әсерін тигізуі мүмкін (қыз балаларда). Оның белгісі ұзақ уақыт білінбейді, алайда тура осы аурудың даму белгілерінің негізі болып табылады. Сонымен қатар, «Д» дәруменінің жетіспеушілігі баланың өсуін тежейді, бұл да айтарлықтай ішкі ауытқуларға әкеліп соқтырады. Ал нәтижесінде, дамудың жалпы бәсеңдеуі байқалады.

«Д» дәрумені жетіспеушілігінің алғашқы белгілері:

  • Ұйқының бұзылуы;
  • Қатты мазасыздану;
  • Аяқтардың терлеуі;
  • Тәбеттің төмендеуі;
  • Бастағы түк қабаттары қалыңдығының өзгеруі болып табылады.

Кальциферол жетіспеушілігінің орнын ішінара толтырып тұруға болады, ол үшін теңіз өнімдерін, картофель және сиыр сүтін пайдалану керек. Алайда, оның барлығының құрамында фосфор бар, ол ағзаның дәруменді сіңіру әрекетін қиындатады. Сол себептен оны Doromarine секілді дәрумендік кешен түрінде қабылдау дұрыс.

«Доромарин» — «D» дәруменінің табиғи негізі

Балаларға арналған “Доромарин” дәрумендері тек табиғи өнімдерден жасалған, ал дәмі жағынан кәдімгі шырын сияқты. «Доромарин» - құрамында макро- және микроэлементтердің көп мөлшері кездесетін балаларға арналған табиғи, емдеу-алдын алу өнімі болып табылады. Сонымен қатар, құрамында бала ағзасына өте қажетті «Д» дәрумені де бар.

Егер төмендегі жағдайлар орын алса, балаңыз аталған өнімді қабылдау керек:

  • Күн сәулесінің және таза ауаның жетіспеушілігі;
  • Иммунитеттің төмендеуі;
  • Физикалық белсенділіктің аздығы;
  • Күнделікті толық кесте.

«Доромарин» құрамында өсуге қажетті «D» дәрумені бар, ол балаңызды түрлі жағымсыз нәрселерден қорғайды. Ол:

  • Иммунитетті күшейтуге;
  • Метаболизм және зат алмасу әрекеттерін қалпына келтіруге;
  • Мектептегі және балабақшадағы үлгерімді жоғарылатуға;
  • Көру аппаратының жұмысын жақсартуға;
  • Спортпен белсенді түрде шұғылданатын балаларда жиі кездесетін ұйып қалу мен сіңірдің тартылуын болдырмауға;
  • Балаңызды мешелден, остеопороздан және түрлі қимыл-тірек аппараты ауруларынан қорғауға;
  • Жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысын қалпына келтіруге және жүрек бұлшықеттерін күшейтуге көмектеседі.

Сондай-ақ, Doromarine бала кезде көп кездесетін инфекциялық және вирустық ауруларға қарсы тұру қабілетін жоғарылатады.

Егер сіз балаңыздың жас ерекшелігіне қарамай, оның болашағы үшін қатты алаңдайтын болсаңыз, оның ағзасы «D» дәруменін және басқа да қажетті микроэлементтерді жеткілікті түрде қабылдауы керек екенін ойлаңыз. Ал бұл оп-оңай – «Доромаринді» қабылдасаңыз жеткілікті. Бұл өнім толығымен  табиғи, қауіпсіз және дәмі өте жағымды.

 

Телефон нөміріңізді қалдырып, біздің мамандардың тегін кеңесін алыңыз.

Кері қоңырау

X

WhatsApp-ге жіберу