Баклажан - өте дәмді және пайдалы жидек. Ия, бұл жидек, көкөніс емес. Алғаш рет бұл өнім бізге Үндістаннан әкелінді, Еуропада ол 13 ғасырдан бастап танымал бола бастады. Егер сіз баклажан қандай түсті екенін сұрасаңыз, бәрі оның күлгін түсті екенін айтады. Бірақ бұл өнімнің қара, қоңыр, ақ және тіпті сары түсті болатынын білетіндердің саны саусақпен санарлық. Жидек құрамында көптеген пайдалы заттар бар, бірақ оны болашақ аналардың жеуіне бола ма? Бұл мақалада біз баклажанның пайдасы мен зиянын, сондай-ақ жүктілік кезінде оны қай түрінде қолданған дұрыс екенін талдаймыз.
Пайдалы және зиянды қасиеттері
Баклажан құрамында дәрумендер (D, PP, C, B тобы), микроэлементтер (темір, мыс, калий), пектин және жасұнық бар.
Дәрумендер жүкті әйелдің денсаулығына жағымды әсер етеді, дәрумендер тапшылығын жеңуге және денсаулықты нығайтуға көмектеседі. Өнімнің құрамында көп мөлшерде кездесетін мыс - қан аздық кезінде өте пайдалы болады. Калий - жүректің жұмысына оң әсер етеді, қысымның төмендеуіне ықпал етеді, сонымен қатар ісінуді жояды.
Жасұнық - жүкті әйелдерде жиі кездесетін асқорыту жүйесінің мәселелерін (іштің өтуі мен іш қату) жояды. Пектиндер - зиянды холестерин деңгейін төмендетеді, жүрек-қантамыр аурулары мен өттің толуының алдын алады. Бұл жидектер қант диабеті мен бүйрек аурулары кезінде де өте пайдалы болады.
Сондай-ақ, баклажанның диеталық өнім екенін атап өткен жөн. Шикі кезінде пісірілген түріне қарағанда құнарлылығы аз болады. Әсіресе, оларды қуыратын болсаңыз.
Көбіне әйелдер баклажанның ащы дәміне жиі назар аударады. Бұл оның құрамындағы соланинге байланысты. Көп мөлшерде болса соланин улы, бірақ баклажанның құрамында ол қажетті нормадан аспайды, солсебепті уайымдауға еш себеп жоқ.
Баклажанды қалай дайындаймыз
Құрамында соланиннің болуына байланысты баклажан ащы болуы мүмкін. Бұл ащы дәмді кетіруге болады: баклажандарды жуып, кесіңіз, содан кейін аз мөлшерде тұз себіңіз де, 10-15 минутқа қойып қойыңыз. Бөліктерінен шырындары шыққаннан кейін, оларды сумен жуып, пісіре беріңіз.
Баклажаннан түрлі тағамдар дайындауға болады. Бірақ жүкті әйелдердің оны пісіріп жегені жақсы. Біріншіден, өнім құрамында пайдалы заттар көбірек сақталады, екіншіден, пісіру кезінде ащы дәм өздігінен кетіп қалады. Егер сіз баклажаннан жасалған тағамдарды үнемі жейтін болсаңыз, жақын арада жағдайыңыздың қалай жақсарғанын және ісіктің төмендегенін байқайсыз.
Қуырылған баклажан, әрине, өте дәмді, бірақ оларды жүктілік кезінде жеуге болмайды, өйткені мұндай тамақ болашақ ана ағзасы үшін өте ауыр. Ал қуыру кезінде дәрумендердің көп бөлігі жойылып кетеді.
Баклажан шырынының халықтық медицинада кеңінен қолданылатынын көп адамдар біле бермейді, өйткені ол қабынуға қарсы және бактерицидтік қасиетке ие. Бірнеше рецептті көрсете кетейік:
- Холестерин мөлшерін азайту үшін. Жидекті аршып, үккіштен өткізіңіз және дәке көмегімен шырынын жақсылап сығып алыңыз. Тамақтану алдында 1 ас қасықтан ішіңіз.
- Өт айдау үшін. Баклажанды жуып, аршыңыз. Орташа төртбұрышпен кесіп, ыстық су құйыңыз (100 мл) және толығымен салқындағанша қойып қойыңыз. Тамақтанар алдында күніне 3 рет 100 мл ішіңіз.
Егер сіз осы рецептерді қолданғыңыз келсе, дәрігерден кеңес алуды ұсынамыз. Сізде кез-келген қарсы көрсетілім орын алуы мүмкін, өйткені әр жүкті әйелдің ағзасы әртүрлі, ал ем қабылдау үшін жекелей тәртіп қажет болады.