Әйел адам бала күтіп жүрген кезде, ол өзінің тамақ үлесін барынша өзгертеді, сонымен қатар кейбір өнімдерді жеуден мүлде бас тартады. Бұл көңілге қонымды – ол баланың тек пайдалы заттарды сіңіргенін қалайды, себебі оның болашақтағы денсаулығы осыған байланысты. Алайда барлық аналар өздерінің қандай сусын ішіп жүргендерін ойлай бермейді, ал жүкті әйелдің ішкен сусынына баланың өсуі мен дамуы байланысты болады.
9 ай бойы қандай сусындарды ішіп, қандай сусындардан бас тартқан дұрыс? Осы мәселе көптеген әйелдерді толғандырады. Ең танымал сусын шай болғандықтан, көп талқылауға түсетін де сол. Алайда кейбіреулер оны ішпеген дұрыс деп санаса, біреулері ол өте пайдалы деп, оны шамадан тыс көп ішіп жібереді. Шайдың сұрыптары өте көп екенін естен шығармау маңызды, бірақ оның барлығын жүктілік кезінде іше беруге болмайды.
Қандай шайларды ішуге болады?
Мұндай сусынды жүкті әйелдердің ішуіне болады, алайда белгіленген мөлшері бар екенін ұмытпаған жөн. Көк шайдың да, қара шайдың құрамында кофеин бар. Әлсіз дайындалған сусынның құрамында кофеин мөлшері аз болады деп ойлау қате. Қатты қызыл етіп дайындасаңыз да, бозғылдау болса да кофеин мөлшері бірдей болады, сол себепті аяғы ауыр әйелге көп шай ішудің қажеті шамалы.
Бұл зат шаранаға бала жолдасының бөгеті арқылы оңай өтеді, бірақ ол жерде сіңбей жағымсыз әсер береді. Қара шайдың құрамында ағза үшін пайдалы көптеген заттар кездеседі. Көк шайда емдік заттардың одан да көп шоғыры жинақталған, сол себепті гинекологтар жүкті әйелдердің көк шай ішуіне кеңес береді. Көк шайдың артықшылығы – ол қантамырларының өткізгіштігі мен иілмелілігіне жақсы әсер етеді. Сонымен қатар, аяғыңыз ауыр кезде маңызды болып саналатын артериялық қысымды қалыпта ұстайды. Дәрігерлер шайды қатты шығармай, сонымен бірге шыныаяққа кішкене сүт қосып ішуге болады дейді.
Кофеин ақ шайда аз мөлшерде кездеседі. Бұл сусын иммунитті нығайтатын қасиетке ие, бактерицтік қасиеттері бар, жүрек жұмысына жақсы әсер етеді. Егер жүкті әйел таксикоздан қатты зардап шегіп жүрсе, гинекологтар үнемі шай жапырақтарын шайнап жүруге кеңес береді. Жүкті әйелдар арасында қара қарақаттан, итмұрыннан, шие бұтақтарынан, шетен жемістерінен, қара жидек жапырақтарынан және т.б. дайындалған шайлар жақсы танымал. Олардың құрамында зиянды бояғыштар мен концерванттар жоқ, ал бұл өте маңызды.
Жүкті әйелдер үшін шай несімен пайдалы
Қара шай- пайдалы заттардың өте көп мөлшерінің негізі. Оның құрамында:
- калий мен магний бар. Бұл заттар жүрек бұлшықеттеріне жақсы әсер етеді, жатыр тонусының жоғары болуынан сақтайды және тартылу сезімдерінің пайда болуына кедергі болады;
- фосфор мен кальций шарананың сүйектерін мығым қылады;
- теофиллин мен теобромин аздаған несеп айдағыш қасиетке ие, ісіктерді жояды;
- дәрумендер мен минералдар — нығайту әсеріне ие.
Жүкті әйелдер шайды аз мөлшерде ішулері керек – 250 мл суға 3 грамм шай есебінен тәулігіне 2 шыныаяқ.
Жүкті әйелдердің қандай шай ішулеріне болмайды?
Басты ереже — барлығын шектен шықпай ішу. Көк шайды көп ішуге болмайды. Егер бұны орындамасаңыз әлі дұрыс нығаймаған шарананың ағзасына кері әсер береді – бала үшін аса қажет фолий қышқылы сіңірілмейді.
Шөп шайлар да аяғы ауыр келіншек үшін қауіпті. Олар жатыр тонусын көтеріп жіберіп, уақытынан бұрын босану мүмкіндігі жоғарылап кетуі ықтимал. Өз жағдайыңызды жүйелі түрде бақылауда ұстаңыз және кез келген өзгерісте сүйікті шайыңызды ішуден бас тартқаныңыз жөн. Құрамына қарғашөп фенхель, ермен, батпақты жалбыз, адамтамыр, тоттанған шегіршін кіретін шайларды ішуге қатаң тиым салынады.
Болашақ аналарға арналған шөп қосылған ең пайдалы шайлар
- Жалбыз қосылған қара шай токсикоздан құтылуға көмектеседі, ісіктерді басады және АІЖ органдарының жұмысын қалыпта ұстайды.
- Қара қарақат, итмұрын, қарақат қосылғандары – пайдалы заттардың орны томас көзі.
- Түймедақ қосылғаны. Қабынуға қарсы әсерге ие, ұйқыны тыныштандырады.
- Бергамотпен. Оның құрамына қартаюға қарсыласатын заттар кіреді. Сусын тәбетті жақсартады, иммунитетті, вегативті жүйке жүйесін көтереді. Кофеин мөлшерінің көп болуына байланысты, бұл сусында өте аз мөлшерде ішкен дұрыс.
- Зімбір қосылған. Ерте токсикоздың пайда болуының алдын алады.
- Ақ гүлмен. Жүйке жүйесін тыныштандырады, ұйқысыздық кезінде көмектеседі.
- Бал немесе лимон қосылған шай. Суық тию ауруларымен күреседі, иммунитетті жақсартуға көмектеседі.