Бәрімізге танымал жидек – таңқурайдың пайдалы қасиеттері туралы білмейтін адамдар саны аз шығар. Барлық пайдалы қасиеттері туралы білу әрине мүмкін емес, алайда бұл таңқурайдың танымалдығын кемітпейді. Біз оны ауруларды емдеу үшін қолданамыз және керемет тәтті ретінде де жейміз.
Жүктілік кезіндегі таңқурайдың пайдасы
Таңқурай пайдалы дәрумендердің қайнар көзі болып есептеледі. Оның құрамында фолий қышқылы, мыс, калий, йод, темір, кальций және басқа да элементтер бар. Бұл жидекті міндетті түрде қанның қатерлі ісігімен ауыратын, АІЖ органдарының патологиялары бар және жүрек-қантамыр жүйелері ауруларынан зардап шегетін адамдар жеулері керек.
Таңқурай ЖРВИ және ЖРА терапиясы үшін тиімді, ол ағзаның вирустар мен бактерияларға қарсы күресуіне қажетті көмек көрсетеді. Осының арқасында дене қызуы төмендейді, иммундық қорғаныс белсенді болады, адам жылдам жазылады. Бұл өнімнің тек жидектері ғана емес, сонымен қатар сабақтары мен жапырақтары да пайдалы екенін көп адам біле бермейді.
Әйел ағзасы үшін таңқурайдың пайдасы орасан зор: ол ауыруды, бұлшықет түйілуін басады, жалпы тонус тиімділігін арттырады, етеккір циклын қалпына келтіреді, емізу уақытында сүттің келуін жақсартады. Пайдалы қасиеттеріне қарамастан, жүкті әйелдердің бұл өнімді тамақ үлестерне қоспағаны дұрыс деген пікір бар. Ол анасы мен баласы үшін зиян ба? Осы қиын сұраққа жауап іздеп көрейік.
Таңқурайды жүктілік кезінде жеуге бола ма
Жүктілік кезінде бұл жидекті тұтынуға қатысты екі қарсы пікір бар, олардың әрқайсысының өзіндік дәлелі бар. Кейбір дәрігерлер, таңқурай - микроэлементтердің, таптырмас көзі деп есептейді, сол себепті оны тамақ үлесінен шығарып тастаудың қажеті жоқ дейді.
Сонымен, оның құрамына кіретін жасұнық көп жағдайда ішектің дұрыс жұмысын қамтамасыз етеді. Болашақ аналарда АІЖ органдарының қызметіне қатысты үлкен мәселелер болады. Құрамында болатын фолий қышқылы баланың жүрек ақауымен тулыуына жол бермейді.
Таңқурай қан ағымын жақсартады, ал оның құрамына кіретін ақуыздар даму үстіндегі шарана үшін таптырмас нәрсе. Жидектің тағы бір артықшылығы әйелдердің оны көптеген аурулардың терапиясы ретінде қолданатынында жатыр: көп дәрілерді ішуге тиым салынатындықтан, жүкті әйелдер ауруды емдеудің және оның алдын алудың дәстүрлі түріне жүгінеді. Таңқурайдың құрамына аспириннің кішкене мөлшері кіретінін көп адам біле бермейді, ол преэклампсияның дамуының алдын алады.
Болашақ аналар үшін таңқурай жапырағының пайдасы неде
Бұл жидекті шамадан тыс тұтыну кезінде орын алатын бірден бір қауіп қанның ұю сипаттамасын төмендететіндігінде. Бірақ таңқурайды қажетті мөлшерден аспай жесеңіз, ол ешбір қауіп төндірмейді. Жапырақтарының зиянына келетін болсақ, олар жатыр тонусын жоғарылата алады. Мұндай жағдай ары қарай бала көтеруге қауіпті болып саналады. Бұл жағдайларды еш қиындықсыз қажеттіліктерге айналдыруға болады: босану жолдарын иілмелі ету үшін жапырақтарынан дайындалған шайды жүктіліктің 9 айы бойы ішуге болады. Жидектен бас тарту – қан кету ықтималдығының пайда болуын төменге дейін жеткізуге көмектеседі.
Бұл жидектің аллергиялық реакция тудыратынын ұмытпау керек. Көптеген жидектер аллергендер болып табылады, соның ішінде таңқурай да. Егер жүктілікке дейін ағзаңыздың тарапынан ешбір жағымсыз әсерлер болмаған болса, аяғыңыз ауырлағаннан кейін ол пайда болуы әбден мүмкін. Жайсыз әсерлердің алдын алу үшін жидектерді аздан жеген дұрыс.