Жүктіліктің он жетінші аптасы: әйелдің сезімдері, ұрықтың дамуы, оның салмағы, қозғалысы
Осы он жеті апта ішінде Сіздің балаңыздың дамығаны соншалық, бұл ғажайып нәрсе! Егер ішіңізге кішкене жарық көзін түсірсеңіз, бала оны сезеді. Баланың көзі қаншалықты сезімтал екенін ойлап көріңізші! Ол қай кезде қараңғы, қай кезде жарық екенін оңай ажыратады. Оның өсуі жалғасып жатыр, бала басын тік ұстай алады. Оның диаметрі қазіргі уақытта 38,5 миллиметрді құрайды. Баланың есту аппараты да дамып жатыр. Ол дыбыстарды ажыратуды, оның қаттылығын және эмоционалдық түрін ажырата алады. Егер Сіз жай музыка тыңдайтын болсаңыз, ол балаңызға міндетті түрде ұнайтыны анық.
Тәтті тоқаштар, конфеттер және басқа да тәттілерді жегеніңізге өкінетін уақыт келеді. Тура осы мезгілде баланың май ұлпаларының негізі қаланады. Бұл ата-анасының май ұлпаларының үлгісімен қалыптасады. Егер Сізде зат алмасу бұзылса, яғни, бір кездері ол балада да шығуы мүмкін. Бір сөзбен айтқанда, тура осы он жетінші аптада баланың дене бітімі қалыптасады.
Сізге және балаңызға қазір кальций қажет. Есіңізде сақтаңыз: кальций – барлық нәрсенің негізі. Баланың қаңқасы мен болашақта шығатын тістерінің орны қалануда. Ол әлі шықпайды, бірақ бәрі қазірден басталады.
Сіздің балаңыздың бойы қазір 17 см, ал салмағы – 100 грамнан асты.
Жүктіліктің он жетінші аптасы: әйелдің сезімдері
Ішіңіз өсіп, көрінетін болды. Жатыр мойны шамамен 17 сантиметрге дейін жетті. Іш терісінің созылатын жағымсыздау әсерлер пайда бола бастады. Сонымен бірге іштің ауырлауы мен буындардың созылу сезімдері білінеді. Осыған орай арнайы бандаж кию артық етпейді. Оны осы мерзімнен немесе кішкене кешірек кисеңіз болады.
Емшек ұштарында бездер ұлғаяды, осының салдарынан бөртпелер пайда болады. Аяқтар мен емшектің тамырлары анық білініп тұрады.
Бет терісінде дақтар пайда болуы мүмкін. Күн жылы кезде ұзақ уақыт күннің астында жүрмеу керек, әйтпесе дақтарыңыз одан ары біліне бастайды. Бетіңіз кішкене ісіңкіреп тұруы мүмкін, бірақ жүкті әйел үшін бұл қалыпты нәрсе.
Әр болашақ ана бұл мерзімде баланың қозғалысын сезіне бермейді, бірақ тағы кішкене уақыт, шамамен бір-екі аптадан кейін, қозғалыстар айқын біліне бастайды.
Жатыр мен бала айтарлықтай өсті, олардың қысымы әсіресе бауыр мен асқазанға түседі. Тамақты жиі және аз мөлшермен ішіңіз, ағза оны қорытып үлгеруі керек. Дұрыс тамақтануға қанша тырысқаныңызбен, жүкті әйелді қыжыл мен асқазандағы ауырлық мазалайды. Бұндай жағдайларды болдырмау үшін, құрамында жасұнық кездесетін өнімдерді көп пайдаланыңыз. Төсекке жата қалу да енді оңайға түспейді. Барлық әйел шалқасынан жатып үйренбеген, ал қырыңыздан жатсаңыз органдарға қысым қатты түседі. Төсекте дұрыс қалыпты табу өте қиын, сондықтан да жүкті әйелдерді ұйқының бұзылуы, ұйқысыздық жиі мазалайды.
Сонымен қатар осы уақытта аяқтардың тартылуы басталады. Оның басты себептерінің бірі дәрумендер (кальций, магний, В тобының дәрумендері) жетіспеушілігі болып табылады. Тағы бір себеп – ағзадағы гормондардың қайта құрылымы. Кальций ішіп жүрген кезде, ең дұрысы күннің астында жүру, себебі ол ағзадағы Д дәруменінің өндірілуі үшін қажет.
Тартылу жаттығулары жақсы пайда әкеледі. Қазір буындарыңыз созылғыш және оңай тартылады. Жүкті әйелдер үшін шиацу және йога бойынша арнайы жаттығулар кешені бар. Бұл жаттығулар туралы Сізге аналар мектебінде айтады. Бірақ оларды өз жағдайыңызға қарай жасау қажет.
Жүктіліктің он жетінші аптасы: жыныс жолдарынан бөлінетін жағындылар
Жағындылар түссіз және қышқылтым иісті болып қалуы керек. Қынаптың микрофлорасы ағзадағы болмашы өзгерістерге сезімтал келеді. Егер иммуунитет әлсіресе, әйел күйзеліске немесе шаршағыштыққа тап болып, кандидоз пайда болу қаупі туындайды.
Іріңді жағындылар ақса, тексерістен өтіңіз. Қан мен іштің ауыруы орын алса – жедел жәрдем шақыру керек. Кез келген жағдайда дәрігерге баруды кейінге қалдырмаңыз.
Жүктіліктің он жетінші аптасы: жүкті әйелдің тамақтануы
Бұл мерзімде кальций өте қажет. Тіпті ашытқан сүт өнімдерін, ірімшік пен күнжітті көп пайдалансаңыз да, кальцийдің қосымша мөлшерін қабылдау артық болмайды. Ол қалқанша жанындағы бездің қалыптасуына, жүрек жұмысы мен қысымның қалыпты болуына ықпал етеді. Қатты майлы сүт өнімдері кальцийдің сіңірілуіне кедергі болады деген пікір бар, сол себепті қаймақ жегеннен де, сүт ішкен дұрыс. Кальций мөлшері көкөністер мен балықта болады. Балық таңдау кезінде майшабақ тұқымдастарына көп көңіл аударыңыз.
Кальцийдің тәуліктік мөлшері 1500 мг. Жақсы сіңірілуі үшін оны фосформен бірге ішуге кеңес беріледі. Және де Д күн дәрумені керек. Жай сөзбен айтқанда, тамақ үлесіңізге кальций кіруі керек, сонымен қатар оның сіңірілуіне керекті өнімдер қажет.
УДЗ:
Бұл уақытта баланың жынысын білуге болады. Қызыңыз бола ма әлде ұлыңыз болатынын білесіз. Баланың қалпы үнемі өзгеріп тұрады. Оның беті қалыптасқан, әр саусағы анық көрінеді. Баланың негізгі бет әлпетін ажыратуға болады.