Қазіргі заманғы фармацевтика өнеркәсібі әртүрлі комбинацияларда және көп мөлшерде балаларға арналған мультивитаминдер шығарады. Олардың арасынан таңдау жасау оңай емес, ал өзіміздің сүйікті сәбиімізге ең жақсы және пайдалысын сатып алғымыз келеді. Витаминдік кешенді таңдау кезінде бағасының қымбаттылығын басшылыққа алмаңыз, оның орнына баланың педиатрна хабарласыңыз. Бұл баланың ағзасында витаминнің тапшылығының бар-жоғын анықтауға және синтетикалық аналогтарды қосымша қабылдау қажеттілігін анықтауға көмектеседі. Дәрігер дозаны тағайындайды, емдеу курсының ұзақтығы, препараттың оңтайлы құрамын айтады. Дәрігерлер кез-келген витаминнің артық болуы жеткіліксіздіктен гөрі қауіпті екенін біледі, сондықтан баланың денсаулығына қамқорлық жасауда абай болыңыз.
Балалық шақтағы дәрумендердің маңызы
Нәрестелер үшін дәрумендердің қалыпты балансы – бұл дұрыс өсу мен дамудың кепілі. Ағзада витаминдер маңызды функцияларды орындайды:
- Зат алмасуды қалыпқа келтіреді;
- гормоналды фонды бақылайды;
- қан құрамының жаңаруына ықпал етеді;
- жүйке жүйесінің қызметіне қатысады;
- бұлшықеттердің, сүйектердің, тістердің өсуін ынталандырады;
- ішкі органдар мен жүйелердің қызметін жандандырады.
Емшекпен емізу кезінде нәресте қажетті элементтерді ананың сүтінен алады, бірақ егер емізетін әйелдің ас мәзірі дұрыс жасалмаса, нәрестеде гиповитаминоз дамиды. Емшекпен емізу кезінде Д витаминін қабылдау қосымша тағайындалады, оның жетіспеушілігі рахитті тудырады. Жасанды тамақтандыру кезінде бала пайдалы компоненттерді алдымен сүт қоспасының құрамынан алады, өсе келе қосымша тағамдардан алады. Бір жылдан асқан балалардың тамақтануы өсіп келе жатқан ағзаның барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін дұрыс теңдестірілуі керек.
Витаминдер майда еритін (А, К, Д, Е), олар ұлпаларда жинақтала алады және суда еритін (В, С тобындағы витаминдер, фолий қышқылы және басқалары) болып бөлінеді.
Балалардың тамақпен бірге алатын суда еритін элементтері жинақталып сақталу қабілетіне ие емес, сондықтан олар үнемі тамақтың құрамында болуы керек. Әр түрлі жастағы балалар үшін арнайы тамақтану мәзірлері әзірленген, онда барлық қажетті компоненттер оңтайлы арақатынаста болады.
Балалардағы витамин жетіспеушілігінің белгілері
Балаға қандай витамин немесе минерал жетіспейтінін өз бетінше анықтау қиын. Мәселені шешуге педиатр көмектеседі, ол сіздің шағымдарыңызға, тексеруіңізге және зертханалық зерттеулеріңізге негізделген диагноз қояды. Біз әртүрлі элементтердің жетіспеушілігінің тән белгілерін сипаттаймыз.
Д витаминінің жетіспеушілігі
Д дәрумені емшек сүтінде жоқ, сондықтан кальциферол қабылдамайтын бір жасқа дейінгі нәрестелерде рахит белгілері қосымша пайда болады. Балаларда бастың артқы жағында таз дақтар пайда болады, қаңқа сүйектері деформацияланады, төменгі аяқтар бүгіліп, құрысулар пайда болуы мүмкін, психомоторлық реакциялар баяулайды.
А витаминінің жетіспеушілігі
Баланың тырнақ пластиналарында көлденең жолақтар пайда болады, шаштар үзіліп, түсіп кетеді, көру қабілеті төмендейді, ас қорыту бұзылады, тері құрғақ және жарылған болады. Сондай-ақ, каротиннің болмауы физикалық және психикалық дамудың артта қалуын тудырады.
Е витаминінің жетіспеушілігі
Токоферолдың жетіспеушілігі кезінде жүйке және жүрек-тамыр қызметі зардап шегеді, анемия дамиды, тамырлар икемділігін жоғалтады.
Аскорбин қышқылының (С дәрумені) жетіспеушілігі
Аскорбин қышқылының жетіспеушілігі кезінде иммундық жүйе зардап шегеді, балалар көбінесе ЖРВИ, суық тию, тұмаумен ауырады, өйткені дене инфекцияға төтеп бере алмайды. Аскорбин қышқылының жетіспеушілігі бар балалар тез шаршайды, сылбыр, летаргиялық күйде болады. Оларда жаралар ұзақ жазылады, кейде қызыл иектері қанайды.
В тобы витаминдерінің жетіспеушілігі
Жүйке жүйесі зардап шегеді, бала нашар тамақтанады және нашар ұйықтайды, бұлшықеттерде әлсіздік пайда болады, еріннің бұрыштарында «ауыздықтар» пайда болады, ішек қызметі бұзылады. Шаштарының түрі нашарлайды, тері қабығы жарылады, анемия дамиды, иммунитет зардап шегеді. В тобының витаминдері өздігінен сіңірілмейді және тек топтың басқа өкілдерімен бірге «жұмыс істейтінін» білу маңызды.
Балаларға мультивитаминдер не үшін қажет
Мультивитаминдердің синтетикалық кешендері гиповитаминоз мәселесін сәтті шешеді. Сондай-ақ, аталғанпрепараттарда витаминдермен бірге ағзада жақсы сіңетін микро-макро элементтер бар.
Егер баланың тамақтануы дұрыс болмаса, онда көкөністер мен жемістер жеткіліксіз болса, дәрігер қосымша түрлі кешендерді тағайындайды. Сондай-ақ, вирустардан туындаған ауыр ауруларға шалдыққан әлсіреген балаларға арналған препараттар көрсетілген.
Мультивитаминді кешендерді қабылдауды дәрігер қатаң түрде тағайындайды, ата-аналар баланың режимін ұйымдастырып, оның гигиенасы мен тамақтануын қадағалауы керек, сондай-ақ күн шуақты күндері ауада серуендеулері керек.
Егер сіз витаминдерді өзіңіз сатып алсаңыз, қарсы көрсетілімдері жоқ және аллергиялық реакциялар тудырмайтын табиғи «Доромарин» өніміне назар аударыңыз.
Мультивитаминді Доромарин кешені
«Доромариннің» негізі қоңыр балдырлар болып табылады, олардың құрамы ерекше. A, B, C, D, E витаминдері, күміс, йод, селен және басқа да пайдалы компоненттер өнімде табиғи түрде біріктірілген, бұл витмаиндер мен макро-микроминералдарың жақсы сіңуін қамтамасыз етеді, сол арқылы көптеген аурулардың алдын алады. «Доромаринді» қолдана отырып, Сізге басқа синтетикалық кешендерді таңдау мен артық дозадан қорқудың қажеті жоқ.
Табиғи өнім балаларға 3 жастан бастап ұсынылады. Қабылдау биотехнология жөніндегі маманның бақылауымен жүзеге асырылады, бұл қателіктер мен артық дозаланудың алдын алады. «Доромарин» иммундық жүйені ынталандырады, көру қабілетін, сүйектерді нығайтады, ас қорытуды және жүректің жұмысын қалыпқа келтіреді. Емдеу барысында және одан кейін балалардың көңіл-күйі жақсарады, олар мектеп бағдарламасын жақсы үйренеді, аз шаршайды және жаңа дағдыларды тез үйренеді.
Таңдау сіздікі. Біз «Доромарин» өнімі туралы пікірлерді оқып шығуды, сондай-ақ оны қолдану қажеттілігі туралы педиатрмен кеңесуді ұсынамыз. «Доромаринді» қолдануға келесі жағдай да әсер етеді, қазіргі кезде халық арасында йод пен селеннің эндемиялық жетіспеушілігі бар, осы жетіспеушіліктен ақыл-ой зардап шегеді, гормоналды және онкологиялық патологиялардың саны өсуде. Ересектер бұл элементтердің жетіспеушілігін теңіз қырыққабаты, көк шөптер, қыша, желкек қолдану арқылы толтырады. Мұндай өнімдерді қолдану балаларға көрсетілмейді, бірақ «Доромаринді» қабылдау рұқсат етілген.