Доромарин - дені сау ұрпақ, бақытты отбасы!

Бала үшін бата-каротиннің пайдасы және оның табиғи көздері

Мазмұны: [Көрсету]

B-каротиннің бала ағзасы үшін пайдасыβ-каротин майлардың көмегімен еритін қаныққан көмірсутек дегенді білдіреді. Адам ағзасы оны өздігінен жинақтай алмайды, ал негізгі көзі тамақ болып табылады. Ендеше, бета-каротиннің қаншалықты пайдалы және оның жетіспеушілігінің салдары қандай екенін қарастырып көрейік.

B-каротиннің бала ағзасы үшін пайдасы

Б-каротин ағзаға түскеннен кейін, әрқайсысы өзіндік қызмет атқаратын түрлі молекулаларға бөлшектенетін дәрумендер негізі болып табылады. Осылардың біреуі А (ретинол) дәруменінің жинақталуы, ол бағаналы жасушаларының бөлінуіне, ағзаның өсуіне, иммундық жүйе күшіне, сонымен қатар көру қабілетіне де жауап береді.

Ретинол жинақтаудан басқа В-каротин жүрек қантамырлары жүйесінің, ишемия ауруларының, сонымен бірге несеп-жыныс жүйесі мен ІҚЖ органдарымен байланысты сырқаттардың алдын алады. Бұл дәрумен негізі жасушалардың өсуін жылдамдатады, көздің су қараңғы болып қалуына кедергі болады, тіндердің қалпына келуін жылдамдатады. Тіпті кейбір зерттеулер нәтижесі бойынша онкологиялық аурулардың пайда болу мүмкіндігін төмендетеді екен.

Β-каротин сонымен бірге қорғаныс қызметін де атқарады – ультракүлгін сәулелердің кері әсерін төмендетеді, яғни күнге айтарлықтай күймейсіз, сонымен бірге тері қабатына косметикалық әсер береді.

Дәрумен негізі жетіспегеннен болатын зардаптар

B-каротин дәрумен негізі жетіспеушілігі бірінші кезекте баланың сырт келбетіне кері әсерін тигізеді – безеу бөртпелері пайда болады, ал тері құрғақтанып, қабыршақтанып кетеді. Сондай-ақ, тырнақтар мен түкті қабаттар зардап шегеді. Біріншісінің қабаттары бөліктерге бөлініп, екіншісі – сиректеніп, тіпті айтарлықтай ерте жаста түсіп қалуы мүмкін.

Сонымен қатар төмендегідей белгілер байқалуы мүмкін:

  • Тіс эмалінің сезімталдығы жоғарылайды;
  • Өсу қарқынының бәсеңдеуі байқалады;
  • Көру қабілеті төмендейді;
  • Иммундық жүйенің қабілеттілігі нашарлап, вирустық инфекциялар еш кедергісіз ағзаға өтіп кетуі мүмкін.

β-каротиннің табиғи күшейткіштері болып табылатын С және Е дәрумендерінің де өзара байланысын айта кету керек. Аталған микроэлементтердің бірге әрекеттесуі дәрумен негізінің әсерін айтарлықтай күшейтеді, сол себептен де ағзада олардың қажетті мөлшері үнемі сақталуы керек. Е дәрумені В-каротиннің бұзылуына кедергі болады. Микроэлементтердің әрқайсысын кешенді түрде қабылдаса, баланың тырнақ қабатының бөліктерге бөлінуі жылдам тоқтайды.

β-каротин жетіспеушілігінен пайда болатын, айтарлықтай жағымсыз зардап шектіретін ауру, ол - ақшам соқыр. Осының салдарынан көру қабілеті бұзылып, сонымен бірге түнгі уақытта көру белсенділігі төмендейді.

Б-каротиннің басты негіздері

Бета-каротиннің ең басты негізі сәбіз, ол қаншалықты жасаң болса, бала ағзасына соншалықты пайдалы дәрумендер түседі. Дәрумен негізінің әсерін күшейту үшін көкөністі қайнатуға да болады – ағза өнімді жылдам қорытып, барлық қажеттілерін сіңіреді. Егер сіз балғын өнім қабылдауды қаласаңыз, мысалы салат түрінде, онда дайындағаннан кейін 15 минут ішінде оны жеуіңіз қажет. Себебі, ультракүлгін әсерінен β-каротин тез бұзылады.

Б-каротин көбінесе жемістерде, көкөністерде, жидектерде және өсімдік өнімдерінде кездеседі. Оның шоғырын түсіне қарап анықтауға болады – қаншалықты қанық болса, соншалықты дәрумені көп. Мұның барлығы үй жағдайында қолдан өсірілуі керек екенін айта кету керек, сол себептен де супермаркеттен тұтынылған тауарлардың қажеті шамалы.

Егер малдан өндірілген өнімдер туралы айтатын болсақ, бұл жерде тізім тым қысқа. Бұларға бауыр мен сүтті жатқызуға болады. Барлық тамақты тек бұқтыру немесе буға пісіру керек, ал қаймақ не өсімдік майын қосуға келетін болсақ, бета-каротиннің дұрыс сіңірілуі мен таралуы үшін майлы орта керек-ақ.

β-каротині бар Доромарин дәрумендік кешені

Балаларға арналған “Доромарин” дәрумендері тек табиғи өнімдерден жасалған, ал дәмі жағынан кәдімгі шырын сияқты. Егер балаңыз бета-каротин жетіспеушілігінен зардап шегіп жүрсе, онда оның орнын толтырудың уақыты келді. Оны Doromarine дәрумендер кешенінің көмегімен жасай аласыз. Аталған өнім толықтай табиғи болып табылады және құрамында бала ағзасының жағдайын жақсартатын пайдалы дәрумендер мен микрокомпоненттердің барлығы кездеседі.

Доромаринді қабылдай отырып, балаңыз:

  • Күнделікті өмірде айтарлықтай белсенді болады;
  • Көру қабілеті жағынан еш зардап шекпейді;
  • Жақсы тамақтанады;
  • Оқуда үлгерімі жақсарады;
  • Күшті иммунитетке ие болып, кез келген инфекция мен ауруларды жеңе біледі.

Доромарин ішек-қарын жолдарынан бастап, жүрек-қантамыр жүйесі мен бас миына дейінгі барлық органдардың жұмысын қалпына келтіреді. Ал ең бастысы – бұл толықтай табиғи өнім, қауіпсіз және аллергиялық реакция тудырмайды. Балаңыз микроэлементтердің пайдалы шоғырын алып қана қоймай, тәулік уақытына қарамай, еш шектеусіз ішуге болатын дәмді шырынды да қабылдайды. Себебі дәрумендер, әсіресе бета-каротин ешуақытта көп болмайды.

 

Телефон нөміріңізді қалдырып, біздің мамандардың тегін кеңесін алыңыз.

Кері қоңырау

X

WhatsApp-ге жіберу