Доромарин - дені сау ұрпақ, бақытты отбасы!

Молибден (Mo) және оның адам ағзасына әсері

Мазмұны: [Көрсету]

Молибден адам ағзасында көптеген қызмет атқарады және онкологиялық аурулармен қоса, ағзаны түрлі жағымсыз зардаптардан сақтайдыМолибден — адам баласының қызмет көрсететін түрлі саласында, әсіресе, ауыр өндірісте белсенді түрде қолданатын кең таралған металл.  Сондай-ақ ол адам ағзасында болып жатқан көптеген әрекеттерге қатысатын маңызды биологиялық микроэлемент болып табылады. Ендеше, молибденнің маңыздылығы неде, қандай қызметтер атқарады және оның жетіспеушілігінің зардаптары туралы сөз қозғайық.

Адам ағзасындағы молибденнің қызметі

Адам ағзасында молибденнің 9 мг мөлшері кездеседі, ал оның көп шоғырланатын жері сүйекте, бауырда, бүйректе және теріде болады. Микроэлемент ауыруды басу рөлін атқарады, арасында демікпе белгілерін жоюы мүмкін және тістердің бұзылу әрекеттерін тежейді. Осылармен бірге молибден мынадай қызмет түрлерін атқарады:

Ақуыздың соңғы өнімінің – несеп қышқылының өндірісіне қатысатын түрлі ферменттер құрамында кездеседі, оның денеден шығып кетуіне мүмкіндік тудырады және құяң ауруының дамуына қарсы тұрады; 

  • Көмірсулар мен майлардың сіңірілуіне қатысады;
  • Ер адамдардың жыныстық қызметтерін тұрақтандырады;
  • C дәруменінің жұмысын белсенді етеді;
  • Азоттың жинақталуына әсер етеді;
  • Ауыр металдар  мен алкогольдік өнімдерден улануды болдырмайды.

Соңғы зерттеу қорытындылары бойынша, молибден біздің ағзамыз үшін жат мутациялардың пайда болу мүмкіндігін төмендете отырып, АІЖ органдарындағы онкологиялық аурулар дамуының алдын алады.

Микроэлемент жетіспеушілігі және оның зардаптары

Молибден жетіспеушілігі, ағзаға микроэлемент мөлшерінің аз түсуімен байланысты. Мұның себебі тамақтанудың вегетериандық тәртібі, жиі күйзеліске түсу немесе вольфрам мөлшерінің шамадан тыс болуы. Сонымен қатар жетіспеушілік күре тамыр арқылы тамақтану, мысалы операциядан кейінгі уақытта орын алуы мүмкін. Осыған ұқсас жағдай қандай да бір микроэлементті сіңіру әрекеттерін бұзатын туа біткен кемістіктерден де болады.

Молибден жетіспеушілігі кезінде мынадай белгілер білінуі мүмкін:

  • Жоғары қозғыштық;
  • Көру қабілетінің бұзылуы, әсіресе түнгі уақытта;
  • Жүрек бұлшықеті жұмысының тұрақсыздануы;
  • Онкологиялық аурулардың даму қатерінің жоғарылауы.

Балаларда молибден жетіспеушілігі асқорыту органдары жұмысының бұзылуымен бірге жүреді, сондықтан баланың құсуы мен лоқсуы тура осы құбылыс салдарынан болуы мүмкін. Жоғарғы жүйке қоздырғышы ұйқының бұзылуына, сонымен бірге ақыл-ес кемістігі сияқты құбылыстың пайда болуына әкелуі мүмкін. Егер сіздің балаңыз нашар ұйықтайтын болса, жыласа немесе түн ортасында оянатын болса, бұған қорқыныш сезімі деп қарауға болмайды, мүмкін бұл ағзаның пайдалы микроэлементтерге реакциясы болуы ықтимал, сондықтан тез арада маманға көмекке жүгіну керек.  

Молибден қорын қалай толтыруға болады?

Молибденді таза күйінде таба алмаймыз, ал негізі ол кез келген дүкеннен сатып алуға болатын көптеген тамақ өнімдерінің құрамына кіреді.  Тәуліктік мөлшері жас ерекшелігі мен ағза ерекшеліктеріне байланысты 45-500 мкг құрайды. Ағза мысты неғұрлым көбірек сіңірсе -  соғұрлым норма жоғары болады.

Мынадай азық-түліктерден молибденді таба аласыз:

  • Жасыл жапырақты көкөністер, бұршақ тұқымдастар, орамжапырақ және күнбағыс шемішкесі;
  • Жармалар  — қарақұмық, жасымық, арпа, бидай;
  • Жемістер — қарақат және  қарлыған;
  • Мал өнімдері — әртүрлі сүт өнімдері, бауыр, үй жағдайындағы мал өнімдерінің және құс өнімдерінің бүйректері.

Мұндай өнімдерді шамадан тыс көп қабылдап кетуге де болмайды, себебі молибден мөлшерінің көптігі дәрумендер теңгерімсіздігіне әкеліп, түрлі жағымсыз құбылыстардың орын алуына әкелуі мүмкін.

Доромарин балаларға арналған дәрумендер кешені

Балаларға арналған “Доромарин” дәрумендері тек табиғи өнімдерден жасалған, ал дәмі жағынан кәдімгі шырын сияқты. Бала денсаулығы қашанда жақсы болып, сонымен қатар ол дұрыс дамып, өсіп және оның жақсы ұйықтағанын қаласаңыз, Доромарин қабылдайтын уақыттың келгені. Ол табиғи құрамдас бөліктерден тұрады, олардың әрқайсысы барлық қызметтердің және жасушалардың жұмысын тұрақты ете алады.  Өнім құрамынан төмендегілерді табасыз:

Doromarine балаларға арналған дәрумендерінің құрамында жеміс шырыны бар, ол өнімге жағымды дәм береді, демек алдын алу тек пайдалы ғана емес, сонымен қатар дәмді де болады.  Бұл өнім балаңызды өте белсенді өткізген күннен кейін де шаршатпайды, сонымен қатар ағзаны оқу мен көңіл көтеру үшін қажетті күшпен толықтырады. Сондай-ақ, балаңыз сыртқы және ішкі жағымсыз факторлардан қорғалады, яғни оны бір нәрседен шектеуге болмайды. Ал ең бастысы, Доромарин өнімін Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жеткізу толықтай тегін жүзеге асырылады.

Телефон нөміріңізді қалдырып, біздің мамандардың тегін кеңесін алыңыз.

Кері қоңырау

X

WhatsApp-ге жіберу