Доромарин - дені сау ұрпақ, бақытты отбасы!

Ағзадағы никельдің (Ni) қызметі және оның жетіспеушілігінің зардаптары

Мазмұны: [Көрсету]

Никель жетіспеушілігі – сирек кездесетін құбылыс, алайда ағзадағы жалпы ауытқулар салдарынан пайда болуы мүмкін. Жетіспеушілік өмір сапасына жағымсыз әсер етеді

Адам денесі өзінің құрылымына қарай өте күрделі. Әрқайсысы өзінше бір рөл атқаратын көптеген микроэлементтерден тұрады және кейбірінің жетіспеушілігінен ауыр жүйелік ақаулар орын алуы мүмкін. Осындай заттардың бірі никель. Ендеше, адам ағзасындағы никельдің рөлі қандай және оның жетіспеушілігінің зардаптары туралы сөз қозғайық.

Ағзадағы никельдің қызметі

Никель бұлшықеттерде, өкпеде, бауырда, бас миында және тері қабаттарында жинақталатын негізгі элементтердің бірі. Адам өмірінің ағымында аталған заттың шоғыры жоғарылап тұрады, бірақ оның мөлшерін С дәрумені, мырыш, магний және темір реттеп отырады. Қазіргі таңда никельдің негізгі қызметтері әлі зерттелуде, алайда негізгілерін көрсетіп өтуге болады: 

  • РНҚ, ДНҚ, түрлі ақуыздар мен ферменттердің құрылымы мен қызметтерін қалыпқа келтіреді;
  • Қанның түзілу әрекеттерін ынталандырады;
  • Инсулин тиімділігін күшейтеді, сонымен қатар қандағы қант құрамын қалыпта ұстайды;
  • Кейбір органдардың жасушаларын оттегімен қамтамасыз етеді;
  • Ұлпалардағы болып жатқан қышқылдану әрекеттері мен қайта қалпына келуді жақсартады;
  • Гипофизге арналған диуретизмге қарсы әсерге ие;
  • Ағзадағы гормоналды жағдайды қалыпта ұстайды;
  • Артериялық қысымды төмендетеді.

Никель сондай-ақ май алмасуына белсенді қатысады және С дәруменінің қышқылдануына жауап береді, демек ағза үшін өмірлік маңызды болып табылады.

Микроэлемент жетіспеушілігінің зардаптары

Ағзада никельдің жетіспеушілігі сыртқы және ішкі зардаптардың себебі болуы мүмкін. Төмендегі белгілер микроэлемент жетіспеушілігі кезінде орын алады:

  • Баланың өсуі бәсеңдейді;
  • Тері қабынуларының неше түрі орын алады;
  • Мембрана жағдайларының өзгеруіне байланысты жасушалық құрылымдардың бұзылуы болады;
  • Глюкоза көрсеткіштерінің төмендеуі кездеседі;
  • Кальций, темір және В12 дәруменінің алмасуы мен сіңірілуіндегі ауытқулар болады;
  • Қозғалыс белсенділігінің төмендеуіне әкеледі;
  • Бауырда патологиялық әрекеттер пайда болады;
  • Холестериннің және гематокрит шоғырының төмендеуі орын алады.

Никель өмір сүру ұзақтығымен тікелей байланысты және оның үнемі жетіспеушілігі орын алғанда өмір ұзақтығы мен сапасы төмендейді. Микроэлемент жетіспеушілігінің көп таралған белгісі тері қабынуы болып табылады, ал қалған белгілері жағдайға және ағзаның ерекшеліктеріне қарай білінеді.

Ағзаға тәулігіне микроэлементтің 0,05 мг мөлшері түссе, никель жетіспеушілігі орын алады. Бұл мөлшер сондай-ақ жеке көрсеткіш болып табылады және көрсеткіштер 100-300 мкг шамасында ауытқып тұрады.

Азық-түліктер құрамындағы никель

Никельді түрлі азық-түліктерден оңай табуға болады. Қол жетімділері шоколад, жаңғақтар, шай және какао. Өсімдік өнімдерінің ішінен жасыл жапырақтылардың барлық түрлерін айтып өтуге болады:

  • шие;
  • қарақат;
  • шабдалы;
  • саңырауқұлақтар;
  • әртүрлі бұршақ тұқымдастар.

Мал өнімдерінің ішінде никель мөлшері көп кездесетіндері мыналар:

  • ет өнімдері;
  • балық өнімдері;
  • сүт және сүт өнімдері;
  • тауық жұмыртқасы.

Сонымен қатар теңіз балдырлары никельге өте бай. Кең таралған түрлері қиыр шығыс ламинариялары, оларды сатылымнан оңай табуға болады және олар дәрумендік кешендер өндірісінде қолданылады.  

Доромарин балаларға арналған дәрумендер

Балаларға арналған “Доромарин” дәрумендері тек табиғи өнімдерден жасалған, ал дәмі жағынан кәдімгі шырын сияқты. Егер сіз балаңыздың денсаулығына алаңдап, оның дұрыс өсіп, дамығанын қаласаңыз, бала ағзасын дәрумендердің тәуліктік мөлшерімен дұрыс қамтамасыз ету керек. Мұны емдеу-алдын алу өнімі Доромаринмен бірге жасау өте оңай, ол мынадай жағдайларда көмектеседі:

  • мектептегі үлгерімін жақсартады;
  • сүйек  пен ұлпалардың өсу әрекетін қалыпқа келтіреді;
  • иммунитетті күшейтеді;
  • таным қызметін белсенді етеді;
  • бас ауруынан айықтырады;
  • шаршау көрсеткіштерін төмендетеді;
  • ағзаны таза энергиямен байытады.

Доромарин бірнеше белсенді ингридиенттерден тұрады, олардың ішінде айта кететіндері:

  • қиыр шығыс ангустат ламинариясы — жеке органдар мен жалпы ағзаның қызметтерін реттеу мүмкіндігіне ие микроэлементтер мен дәрумендердің толық кешенінің табиғи негізі;
  • трепанг сығындысы — жасушалардың құрылымдық бүтіндігіне жауап береді;
  • теңіз кальциі — сүйек ұлпаларының беріктігі мен мықтылығын жоғарылатады, олардың өсу әрекетін қалыпқа келтіреді, тісті берік қылып, эмалінің жағдайын жақсартады.

Доромариндегі ингридиенттердің барлығы толықтай табиғи болып табылады, құрамында кездесетін жеміс шырының арқасында өнім тек пайда әкеліп қоймайды, сонымен қатар жағымды дәм береді. Doromarine-мен бірге баланың жалпы жағдайы жоғары деңгейде болады, ол үшін өнімге бір рет тапсырыс беру жеткілікті. Қазақстан аумағы бойынша өнімді жеткізу тегін жүзеге асырылады және өтініш толтырған соң бірнеше күн өткеннен кейін-ақ сіз балаңыздағы жағымды өзгерістерді байқайтын боласыз.

 

Телефон нөміріңізді қалдырып, біздің мамандардың тегін кеңесін алыңыз.

Кері қоңырау

X

WhatsApp-ге жіберу