Пайдасы немесе жүктілік кезінде грейпфрутты қалай тұтыну керек
Таңдаулы, тәтті-ауыз қуыратын грейпфруттың дәмі жүкті әйелдердің көңілінен шығатыны анық. Ол үнемі «бір нәрсе» жегісі келіп тұратын болашақ аналардың тағам таңдауын қанағаттандырады. Алайда оны шамадан тыс жеудің қажеті шамалы – апельсин мен помелоның қосылысы көп уақытта жақсы қызмет көрсете бермейді. Жүктілік кезіндегі грейпфруттың несімен пайдалы екенін, аяғыңыз ауыр кезде оны тамақ үлесіне қанша мөлшерде және қаншалықты жиі қосу керектігі туралы толығырақ әңгімелейік.
Бола ма әлде болмай ма?
Егер болашақ ананың цитрусқа аллергиясы болмаса, оған грейпфрут жеуге болады және міндетті түрде жеуі керек.
С дәрумені бойынша рекордтық көрсеткіштерге ие грейпфруттың құрамында жүкті әйел мен шарана үшін қажетті басқа да заттар бар.
Пайдалы құрамдас бөліктері
Фолий қышқылы немесе В 9 дәрумені. Бұл құрамдас бөлік шарананың туа біткен ауытқуларының алдын алады, себебі ол ДНҚ мен жаңа жасушалардың өсуіне жауап береді. Сонымен қатар В9 дәрумені амин қышқылдарының өндірілуіне, қан түзіліміне қатысады, уақытынан бұрын босанудың алдын алады. Фолий қышқылы қатерлі ісікке қарсы қасиетке ие және күйзеліспен күресу кезінде таптырмас құрал. Бұл заттың тапшылығы анемияның пайда болуымен, бала жолдасының бөлініп кету салдарынан түсік тастау қаупімен қорқынышты. В9 дәруменінің жетіспеушілігі когнитивтік ауытқулар: көңіл-күйдің бірден түсіп кетуі, ешкіммен араласқысы келмеу, жылауықтық, жылдам шаршау, ашушаңдық тудырады. Жүкті әйелге тәулігіне 600 мкг фолий қышқылы қажет.
Майды ерітетін дәрумендер – каротин, А, Е. Олар жақсы сіңірілу үшін грейпфрутты кез келген майлы субстанциямен бірге қолданыңыз: оны салаттың немесе екінші тамақтың құрамдас бір бөлігі етіңіз. А және Е дәрумендерін әйелдерге арналған дәрумендер деп бекер айтпаған: олар жүктілікті тоқтату қаупін азайтады, шарананың тыныс алу жүйесін қалыптастырады, алмасуды жақсартады, С дәруменімен қоса қабылдағанда күшті антиоксидант болып табылады.
Грейпфрут құрамындағы суда еритін дәрумендер – бұл аскорбин қышқылының және В тобының барлық өкілдерінің өте көп мөлшері, олар жүктіліктің ерте сатысындағы баланың жүйке талшықтарының қалыптасуына әсер етеді. С дәрумені және В тобының өкілдері (В1 ден В9 дейін) жүктіліктің екінші жартысының қатты асқынуларынан – преэклампсиядан сақтайды, жалпы зат алмасуды, ұлпалық тыныс алуды ынталандырады, сонымен қатар қатерлі ісікке қарсы қасиетке ие.
Грейпфруттың микро- және макроэлементтері – көптеген және әртүрлі топтарға жатады:
- Марганец. Жүкті әйелдің буындары мен бұлшықеттерінің жұмысына қатысады, баланың бұлшықет және сүйек ұлпаларының қалыптасуын жақсартады.
- Селен. Қатерлі ісікке қарсы айтарлықтай әсері бар.
- Калий. Жүрек-қантамыр және эндокринді жүйенің қалыптасуы және жақсы қызмет істеуі үшін қажет.
- Кальций. Сүйек ұлпасы - остеогенезездің қалыптасуы үшін маңызды құрамдас бөлік болып табылады.
- Фосфор. Болашақ баланың ішкі органдарының - бауырының, бүйректерінің қалыптасуында үлкен рөл атқарады, иммунитетті ынталандырады.
- Мырыш. Ер балалар мен ер адамдар үшін өте маңызды элемент, айыр безінің қалыптасуына қатынасады.
- Мыс. Онсыз остеогенез бұзылады, эндокринді жүйе зардап шегеді.
Жоғарыда аталған элементтерден басқа грейпфрут құрамында каротиноидтар, антиоксиданттар, жасұнық, эфир майлары, органикалық қышқылдар болады.
Жүктілік кезінде қажет болатын грейпфруттың ең бағалы қасиеттері
Құрамы дәрумендік-минералдық жағынан бай болуы өнімнің бірегей мүмкіндіктерін қастамасыз етеді, олар мыналар:
- асқорытуды жақсарту. Ол жүкті әйелдерді іштің кебуінен, іш қатуынан құтқарады, диспепсиялық көріністер - құсу мен кекіруден арылуға көмектеседі;
- холестерин деңгейін төмендетеді, артериялық қысымды қалыпта ұстайды;
- артық салмақтан арылуға көмектеседі, грейпфруттың 100 грамында - бар жоғы 32 кКал! 100 грамм шырында не бәрі 30 кКал. Құнарлылығының төмен болуына байланысты, грейпфрут жеңілдетілген диетаның толыққанды құрамдас бөлігі бола алады;
- жеңіл несеп айдағыш қасиеті бар, жүктіліктің екінші жартысындағы ісік мәселелерінен құтылуға септігін тигізеді;
- жарақаттарды жазатын қасиеті бар;
- гестоздың алдын алады;
- ұйқы мен көңіл күйді жақсартады.
Бұл тізім өте орынды, бұған келіспеу тіпті мүмкін емес. Алайда өнімнің зиянды қасиеттері де бар, оны тек аяғы ауыр келіншек қана емес, бүкіл отбасы білгені дұрыс.
Зияны және қарсы көрсетілімдері
Алдымен абсолюттік қарсы көрсетілімдері туралы сөз қозғайық, яғни жүкті әйелдердің қай кезде грейпфруттың орнын алмастыратын өнім іздеуі керектігі туралы айтайық. Сонымен, жүкті болғанға дейін бауыр және бүйректің созылмалы ауруларынан зардап шеккен әйелдердің бұл жемісті жеулеріне болмайды. Сонымен бірге қышқылдығы жоғары асқазан ойық жарасымен ауыратын әйелдерге жеуге тиым салынады. цитрустық өнімдерге болатын аллергиялық реакциялар да абсолютті қарсы көрсетілімдердің қатарына кіреді.
Негізгі қарсы көрсетілімдеріне терінің жоғарғы сезімталдығы жатады. Егер жүкті әйел фотодерматиттен зардап шегетін болса, күн шығып тұрған кездерде грейпфруттан бас тартқан дұрыс, себебі оның құрамындағы эфир майлары тері реакцияларын күшейтеді.
Грейпфруттарды үнемі тұтынатын болсаңыз сүт безінің қатерлі ісігінің дамуын 33% жоғарылатады деген болжам бар. Бірақ бұл етеккір тоқтайтын кезеңге жатады, ол кезде гормоналды фон төмендейді, зат алмасу баяулайды. Сонымен бірге, канцерогенді қауіп үшін ыстық климат пен қатты күннің көзі керек. Сондықтан еуропалық нәзік жандыларға қорқататын ештеңе жоқ.
Уақыт пен тәсілдер туралы
Егер жүкті әйелге еш қарсы көрсетілімдер болмаса, грейпфрутты тәуліктің кез келген уақытында жей беруге болады. Аш қарында оны жеуге болмайды - себебі қыжыл туындауы ықтимал. Ал енді өнімді 2-ші таңғы ас ретінде, бесіндік немесе тіске басар ретінде пайдалану - керемет шешім.
- Құсқыңыз келсе, грейпфрутты кішкентай тілімдермен жеңіз, оны аузыңызға салып, жаймен сорып отырыңыз.
- Екінші таңғы ас немесе бесін ас ретінде салат дайындап алыңыз. Үгітілген алма мен сәбізді араластырып, күнжіт немесе грейпфруттың жартысын, аскөк немесе зәйтүн майын қосыңыз. Жеңіл және дәмді ас дайын болады.
- Жеңілдету күнінде түскі ас ретінде құс төсі мен грейпфрут қосылған салат дайындаңыз. Ол үшін қйнатылған құс төсін майдалап турап, үгітілген ірімшік пен грейпфуттың жартысын қосып араластырыңыз. Салатқа зәйтүн майы мен фета ірімшігі немесе қаймақ қосыңыз. Тек қана Сізге емес, үйдегілеріңізге де ұнайды, себебі ол мерекелік дастарханға дайындалғандай болады.
- Таза күйінде дайындалған грейпфрут шырынын көп ішудің қажеті жоқ, сол себебіпті сенімді түрде оны алма, лимон, жүзім шырындарымен араластырып ішіп, ләззат алыңыз.
Қызықты деректер және қорытынды
Невролог Алан Хирш грейпфруттің хош иісі ер адамдардың көзіне әйел адамдарды 5-6 жас жасырақ етіп көрсетеді екен. Өкінішке орай, керісінше хош иістің әсері жоқ екен.
Грейпфрут биіктігі 12-13 метрге жететін ағаштарда өседі. Жемістері бір-біріне жақын орналасатындықтан, алыстан үлкен жүзім шоқтары секілді көрінеді. Сондықтан помело мен апельсин қосылысының екінші атауы - жүзім жемісі деп аталады.
Грейпфрутты салқындатып жеу дұрыс емес, бөлме температурасында оның дәмі мен хош иісі артып, жақсы сіңіріледі.