Сүт пайдалы заттар кешенінің ең керемет көзі болып табылады. Нәресте күтіп жүрген кезде, болашақ ана өнімді тамақ үлесіне кіргізуі тиіс. Жүктілік кезіндегі сүт ішумен байланысты әр сәтке толығырақ тоқталамыз.
Тағамдық сипаттары
1. Баланың бұлшықет ұлпаларының қалыптасуы үшін, жүкті әйелге ақуыз бағалы болып табылады.
2. Шарананың жүйке жүйесіне май қышқылдары жақсы әсер етеді.
3. Қоректік сұйықтықтың бір стақанын ішкеннен жүкті әйел кальцийдің тәуліктік нормасының төрттен бірін алады, ол темірмен бірге бала қаңқасының қалыптасуына көмектеседі және оттегінің тасымалдануына жауап береді.
4. Магний, калий және натрий зат алмасуды қалпына келтіру рөлін атқарады.
5. Лактоза зат алмасу әрекеттерін реттейді, ішкі органдар жұмысын қалпына келтіреді, майлардың, дәрумендердің және ақуыздардың биосинтезіне қатысады.
6. Бұған қоса болашақ ананың ағзасына А, В, D, E, PP, K, C дәрумендері түседі.
Қолданылу бойынша нұсқаулықтар
- Диетологтар басқа өнімдердің артынан сүт ішіп жіберуге кеңес бермейді;
- Оны тамақтан соң бірден ішуге болмайды;
- Қоректік элементтері аш қарынға жақсы сіңіріледі;
- Ешкі сүті сиыр сүтіне қарағанда майлылығының аздығымен ерекшеленеді. Иммундық жүйе жұмысына жақсы ықпал ететіні тағы бар;
- Табиғи тәттілендіргіштер пайдалануға рұқсат етіледі. Мысалы, бал ұйқы мәселесімен күреседі және жүкті әйелді токсикоздан құтқарады;
- Болашақ ана жаңа сауылған өнімді ұсынатын сатушылардың жайма базарынан аулақ болуы керек. Тіпті үй жануарының жағдайы және тауарды дұрыс сақтайтындары туралы сенімді ақпарат болса да, сүтті міндетті түрде қайнату қажет. Бұл пастерленген өнімдерге де қатысты;
- Майлылығы нөлге тең өнімдерді тамаққа қосуға болмайды. Өндіріс кезінде тек майы ғана емес, сонымен бірге пайдалы майды ерітетін дәрумендері де бөлініп кетеді. Ең тиімді майлылық – 2,5-3,5%;
- Бөгде иіс пен тұнба болмауы керек.
Кім сақтық танытуы керек?
Энтерит, асқазан ойық жарасы, асқорыту жүйесінің ауруларымен ауыратын адамдардың сүт ішпегені жөн. Диабет кезінде сүтті тек таза күйінде қолдану керек (қантсыз және бал қоспай). «Анемия» диагнозы қойылған әйелдер сүт темірдің сіңірілуіне кедергі болатынын естен шығармағандары дұрыс. Кей кездері сүт ерте токсикоз тудырады. Бірінші күдік кезінде-ақ, сүттің қолданатын мөлшерін азайту немесе уақытша тамақ үлесіңізді өзгерту керек.
Лактозаны көтере алмау кезінде іштің кебуі мен диарея байқалады. Бұндай жағдайда лактоза мөлшері төмен өнімді таңдау қажет. Бір уақытта асқорытуды жақсарту үшін ферменттердің көмегіне де жүгінген жөн.
Жүктілік кезінде не пайдалы?
1. Айран уыттарды сыртқа шығарады, АІЖ жұмысының ақауларын жояды. Құнарлылығы төмен болғандықтан айран мүсініңізге еш қауіп төндірмей аштықты жоя алады.
2. Йогурт әйел ағзасын протеиндермен, минералдармен, микроэлементтермен және пробиотикалық бактериялармен байытады. Табиғи йогурт иммунитетті нығайтуға көмектеседі, іш қатуы мен іш кебуінен қорғайды.
3. Сүзбе – магний мен кальцийдің көзі. Жүктілік кезінде қажетті мөлшерде сүзбе жеу бала сүйегінің жағдайына жақсы әсер етеді. Оралған сүзбе ақуызы болашақ ананың шаштарына, тісіне және сүйектеріне қорған болады.
4. Ұйытылған айран құрамында сүтқышқылды бактериялар бар. Айранға қарағанда, ұйытылған айранның дәмі жақсырап болып келеді. Алайда ұйытылған айранның майлылығы жоғары болатынын ұмытпаңыз.
5. Ірімшік концентрацияланған сүт өнімі. Жүктілік кезінде майлы емес түрлерін жеуге кеңес беріледі.
6. Қаймақ айтарлықтай майлы, сол себепті оны көп мөлшерде жеудің қажеті жоқ. Бірақ мүлде жемеуге де болмайды, ол ішектің қызметіне және өт айдау жолдарының жұмысына жақсы көмектеседі.
7. Сары май асқорыту және жүйке жүйелерінің жұмысына қатысатын май қышқылдарына өте бай. Жүкті әйел спредтер мен маргариндерді жеуден аулақ болғаны дұрыс, себебі олардың ағза үшін еш пайдасы жоқ.
Жүктілік кезі бұл әйел өміріндегі ең керемет және қуанышты ғана емес, сонымен бірге жауапты кезең. Барлық әрекеттеріңізді алдын ала ойластырып және таразылап жасауыңыз керек. Сүт жүкті әйелдің тамақ үлесіне міндетті түрде қосылады, алайда оны ақылмен және абайлап қолданғаныңыз дұрыс.