Доромарин - дені сау ұрпақ, бақытты отбасы!

Доромарин балаларға арналған дәрумендер кешені

Бала денсаулығының жақсы болуын қамтамасыз ету үшін, оның ағзасындағы дәрумендердің жеткілікті болуын қадағалау өте маңызды екенін әрбір ата-ана біледі. Дәрумендер жетіспеушілігі түрлі балалар ауруы мен патологиялық жағдайлар әсерінен ғана орын алып отырған жоқ. Бүгін біз дәруменсіздік түрлері, оның белгілері және оны жоятын әмбебап құралдар туралы айтамыз.

Балалар дәруменсіздігі: ол неден пайда болады?

Мұндай жағдай ағзаға қажетті қоректік заттардың жеткіліксіз түсуінен дамуы мүмкін. Дәрумендердің әрқайсысы белгілі бір қызмет атқарады, сондықтан оны үнемі бақылауда ұстау өте маңызды.

Төмендегі жағдайларда балаларда дәрумендер жетіспеушілігі жиі орын алады:

  • Мешел ауруы кезінде;
  • Қан аздықта;
  • Жиі суық тиіп ауырғанда;
  • Аллергиялық ауруларда.

Дәруменсіздік түрлі жағдайларда білінуі мүмкін: белгілері қандай заттың жеткіліксіз екеніне байланысты болады.

Балалардағы дәруменсіздік белгілерінің жиынтығы

Дәрумендер жетіспеушілігінің бірнеше түрлері белгілі, алайда төменде көрсетілгендер кеңінен таралған:

Сонымен қатар балаларда Д, С дәрумендерінің жеткіліксіз шоғырын анықтайды. Дәрумен жетіспеушілігінің әрқайсысын жеке қарастырамыз.

А дәруменінің жетіспеушілігі: ретинол суда еритін дәрумен болып табылады. Оның ағзадағы басты мақсаты - тері мен шырышты қабаттардың дұрыс құрылымын ұстап тұру. Ол метаболизм әрекеттерін, көру органдарының саулығын қалыпқа келтіру үшін маңызды (ретинол ымыртта көруге арналған көру пигменттерінің бірі болып табылады).

В1 дәруменінің жетіспеушілігі: бала ағзасында бұл дәрумен жетіспегенде оның өсуі мен дамуы тежеліп, тәбеттің нашарлауы, есте сақтаудың төмендеуі, ұйқының бұзылуы, қатты шаршау байқалады.

В2 дәруменінің жетіспеушілігі: егер бала ағзасы рибофлавин жетіспеушілігінен зардап шексе, баланың көз алмасының қантамырлары жəне шырышты қабаттарымен байланысты мәселелер туындайды. Шаш жиі зардап шегеді, теріге қызыл безеу бөртпелері каптап кетеді.

Аскорбин қышқылының жетіспеушілігі: С дәруменінің жетіспеушілігі балаларда қырқұлақ - Меллер-Барлов ауруының ерекше түрінің пайда болуына әкеледі. Бұндай патология сүйек массасының дурыс қалыптасуы бұзылғанда байқалады. Негізі С дәруменінің жетіспеушілігі теңгерімсіз бірқалыпты ас мәзірімен байланысты. Оларда көмірсутектер өте көп. Бұл мәселе никотин қышқылының жетіспеушілігімен бірге жүрсе, бала әлсіздікке, тәбеттің жоқтығына, қызылиектің қанауына, денесінде белгісіз көгерулердің пайда болғанына шағымданады.

Д дәруменінің жетіспеушілігі: қарастырылып жатқан бұл зат сүйек тіндерінің қалыптасуына қатысады, сондықтан оның жетіспеушілігі кезінде ең алдымен баланың тістері зардап шегеді. Сүйек массасы жұмсарып, зақымдануға бейім болады. Д дәруменінің жетіспеушілігі кезінде бұлшықеттер жиі тартылып, бала әлсіздікті сезінеді. Д дәруменінің жетіспеушілігі ғылыми зерттеулерге сәйкес ақыл-ес және физикалық жетіспеушіліктің алғашқы белгісі болады.

Дәруменсіздік емдеуді не үшін қажет етеді?

Бала ағзасында дәрумендер жетіспеушілігі - біз ойлағаннан да күрделі мәселе. Егер дәруменсіздікті жою бойынша қажетті шаралар қабылданбаса, төмендегідей зардаптар орын алуы мүмкін:

Нашар тері қабаты. Ағзалары қажетті дəрумендер мөлшерін сіңіре алмаған балалар, терінің қабынуы, теңге қотыр, есекжем, ихтиоз ауруларына шалдығуға бейім болады.

Ас қорыту органдары жұмысының ауытқуы. Түрлі белгілері бар: құсу, тəбеттің төмендеуі, дене салмағының күрт төмендеуі.

Шаш құрылымының өзгеруі. Дəруменсіздік пайда болған балалар ішінара, тіпті толықтай таз болып қалуы мүмкін. Көп жағдайда шаш жұқарып, түсіп қалуға бейім тұрады.

Əлсіз тістер. Бұрыннан дəлелденген факт: дəрумендер жетіспеушілігі тіс саулығын нашарлатып, қызыл иектің қанауына әкеледі.

Даму қарқынының тежелуі. Физикалық қалыптасу тұрғысынан қарасақ, ол дистрофия, сіңірдің тартылуы, дамудың айқын ауытқуларынан көріне бастайды. Бала аяқтарының қатты ауыру сезімдерін байқайды. Кей кездері дəруменсіздік орын алғанда ақыл-ес белсенділігінің де төмендеуіне əкеледі.

Ұйқысыздық жəне ұйқының қанбауы. Бала күні бойы белсенді жүреді, алайда ересек адамдардан да қатты шаршайды. Ағзада қоректік заттардың кейбірі жетіспегенде балалар уақытында ұйықтай алмайды: олар мазасыздықты сезініп, үнемі ояна береді.

Белгісіз нəрселерге құмарлықтың артуы. Дəрумендер жетіспеушілігі сіздің балаңызды бор, құм немесе топырақ жеуге мəжбүрлесе таң қалмаңыз. Осылайша, ол өзіне қажетті дəрумендердің орнын толтыруға тырысады.

Бала денсаулығын кешенді түрде нығайту

Доромарин балаларға арналған дәрумендер кешеніЕгер балаңыз қажетті дəрумендердің мөлшерін қабылдамай жүрсе не істейсіз? Тамақтанудың теңгерімді үлесін қамтамасыз еттіңіз, дəрумендер кешенін қабылдауды əдетке айналдырдыңыз, бірақ нəтиже жоқ па? Қандай дəрумендер жақсы жəне балалар үшін қауіпсіз?

«Доромарин» балаларға арналған дəрумендер кешені көптеген зерттеулер мен клиникалық сынақтардың нысанына айналды. Олардың қорытындылары бойынша бала бар əрбір үйде аталған өнімге орын табылуы керек.

«Доромарин» 100% табиғи өнім болып табылады, оның құрамындағы негізгі құрамдас бөліктер мыналар:

  • Қиыр шығыс Ламинариясы қымбат қоректік заттарға аса бай су өсімдігі. Ламинария темірге, органикалық йодқа, күміске, селенге, мырышқа жəне бала ағзасы үшін маңызды заттарға өте бай. Сонымен қатар өсімдікте балаларға арналған барлық дəрумендер бар: олар адамды А, B1, B2, В3, В6, С, D, E, K дəрумендерінің тəуліктік мөлшерімен қамтамасыз етуге қабілетті.
  • Трепанг сығындысы - пайдалы заттардың қомақты жиынтығына ие. Оның “Доромарин” балаларға арналған дəрумендер кешенінде болуы заңды: оның құрамында аскорбин қышқылы, В, РР тобының дəрумендері бар.
  • Теңіз кальциі - сау болып өсу үшін, тістердің нығаюы, қаңқа сүйектерінің қалыптасу əрекеттерін қалпына келтіруге қажетті зат. “Доромаринде" кездесетін кальций, жарақат немесе созылулар тəуекелін айтарлықтай төмендетеді.
  • Жеміс шырыны - өнімге жағымды дəм беретін құрамдас бөлік. Қосымша дəрумендік қызмет атқарады.

«Доромаринді» 3 айдан бастап қолдануға болады. Мамандар өнімді балалардың тамақ үлесіне енгізіп, оны жасөспірімдерге (16 жасқа дейін) береді.

«Доромарин» балаларға арналған дəрумендер кешенін кімдер қабылдауы керек?

Өнімді қабылдау үшін қажет алғашқы сатыдағы белгілерді көрсетеміз:

  • Бала иммунитеттің əлсіздігінен зардап шеккенде (жылына екі реттен көп).
  • Балаларда аллергиялық аурулардың болуы.
  • Балаңыздың балабақша немесе мектепке баруы қиындай түскенін байқайсыз: үлгерімі онша емес, мектеп бағдарламасы тек қиындықтар туғызады.
  • Баланың тəбеті жоқ, соның салдарынан оның ағзасы қоректік заттардың тиімді мөлшерін алмайды.
  • Баланың метаболизмі бұзылған.
  • Кейбір аурулардың дамуына бейім (генетикалық фактор).

Сонымен бірге “Доромарин" балаларға арналған дəрумендер кешенін қабылдауға физикалық күш көп түсетін балаларға қолдануға кеңес беріледі (спорт және би секцияларына қатысатын, мектептен кейін үйірмелерге жəне т.б. қатысатын балалар). Өнім көп уақытын компьютердің алдында өткізетін бала үшін де пайдалы.

Доромарин балаларға арналған дәрумендер кешені

«Доромариннің» бала ағзасына əсері

Қиыр шығыс Ламинариясы негізінде жасалған бұл өнім бала ағзасына барлық жағынан əсер етеді:

  • Қорғаныс қызметтерінің жоғарылауы;
  • Вирустар мен инфекцияларға қарсы тұрудың жоғарылауы;
  • Метаболизм əрекеттерінің қалыпқа түсуі;
  • Көздің жақсы көруі;
  • Жүйке жүйесінің нығаюы;
  • Есте сақтау мен ақпаратты қабылдаудың жақсаруы;
  • Ас қорыту органдарының саулығы;
  • Бұлшықеттердің артық күштен арылуы;
  • Жаралардың жазылуын тездету;
  • Ағзаны улы заттар мен ауыр металдардан тазарту;
  • Онкологиялық аурулардың дамуының алдын алу ;
  • Қан айналымын қалпына келтіру;
  • Сүйектердің дұрыс өсуін қамтамасыз ету мен тістерді нығайту;
  • Ерте жастағы остеопороздың алдын алу .

Неге «Доромарин» - жай дəрумендер кешені емес?

Осы мақаланы оқығаннан кейін көпшіліктің ойына осы сұрақ келген болар. Сонымен, неге «Доромарин» балаларға арналған осы күнгі ең жақсы дəрумен:

  1. Көптеген химиялық қосылысты дəрумендерге қарағанда, «Доромарин» толықтай табиғи өнім болып табылады. Көптеген зерттеулер бойынша ол химиялық өңдеуді қажет етпейді (сілтеме арқылы өтіп танысуға болады);
  2. Өнім гипоаллергенді, сондықтан аллергияға бейім балаларға да қолдануға болады;
  3. Құрамындағы жеміс шырынының арқасында «Доромарин» балаларға арналған дəрумендер кешенінің дəмі өте жағымды. «Доромаринді» әрбір бала рахаттана отырып қабылдайды;
  4. РФ Биотикалық Медицина орталығы өткізген зерттеулер нəтижесі бойынша өнім бала ағзасын тəуліктік қажеттілік мөлшерімен қамтамасыз етеді;
  5. Ешбір дəрумендік кешеннің құрамында дəрумен, полисахарид, минералдар, микро- жəне макроэлементтер түріндегі керемет құрам жоқ;
  6. Бұл зат толықтай бірегей болып табылады, қосымша дəрілер мен қоспаларды қабылдауды қажет етпейді.

Балаларға арналған «Доромарин» дəрумендер кешенін сатып алсаңыз, бала ағзасындағы дəрумендер жетіспеушілігі мәселесін шешесіз. Дəрумендер мен минералды заттардың үлкен жиынтығы керемет теңдестірілген, сондықтан кез келген жастағы бала үшін дəрумендердің тəуліктік мөлшерін толықтай жабады.

Телефон нөміріңізді қалдырып, біздің мамандардың тегін кеңесін алыңыз.

Кері қоңырау

X

WhatsApp-ге жіберу