Доромарин - дені сау ұрпақ, бақытты отбасы!

Балалар стоматиті

Стоматит көбіне 5 жасқа дейінгі балаларда кездеседі. Емшектегі балалар ана сүтімен берілетін қарсы денелердің арқасында бұл ауруға қарсы тұра алады, бірақ суық тиіп ауырғаннан, екпе алғаннан, ұзақ уақыт дене қызуы көтерілгеннен кейін оларға да қауіп төнуі мүмкін. Стоматит – ауыздың, тілдің, қызыл иектің шырышты қабаттарының қабынуы. Ауыз қуысы қабынып,  ерекше өңез бен жаралар шыға бастайды. Бұл ауру түрі бір аптаның ішінде өздігінен қайтып кетуі мүмкін, тек ауру қоздырғыштары пайда болғанда қайтадан басталады. 

Стоматит көбіне 5 жасқа дейінгі балаларда кездеседі. Емшектегі балалар ана сүтімен берілетін қарсы денелердің арқасында бұл ауруға қарсы тұра алады, бірақ суық тиіп ауырғаннан, екпе алғаннан, ұзақ уақыт дене қызуы көтерілгеннен кейін оларға да қауіп төнуі мүмкін.

Стоматит түрлері

Себебі мен қоздырғыштарына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. Герпестік.
  2. Зеңдік.
  3. Бактериялық.
  4. Афтоздық.
  5. Көпіршікті.
  6. Аллергиялық.
  7. Қабынбалы.
  8. Агнулярлық.

 

Стоматит түрлерінің көпшілігі жұқпалы емес (герпестік және көпіршікті түрлерінен басқасы), бұл мәселе негізгі аурудың салдары болып табылады.

Стоматит түрі

Қоздырғыш/себебі

Герпестік (герпесті)

Герпес вирусы (І түр)

Зеңдік (ауыздың уылуы)

Кандида зеңі (Candida)

Бактериялық

Шарышты қабаттың жарақаты

Афтоздық

Гигиенаның сақталмауы

Көпіршікті

РНҚ-вирусы

Аллергиялық

Қоздырғыш реакциясы (аллерген)

Қабынбалы

Ауыз қуысы гигиенасының дұрыс сақталмауы

Ангулярлық (ауыздық)

Темірдің тапшылығы немесе дұрыс сіңірілмеуі

Стоматиттің герпестік түрі

Жұқпалы, вирус ағзаға ертерек еніп кетуі мүмкін, алайда иммунитет төмендеп, ағза әлсіреген кезде шығады. Тұрмыстық заттар арқылы беріледі (ыдыс, ойыншықтар және т.б.).

Ұсақ көпіршікті бөртпе секілді шығады,  ол 3 күн ішінде жарылады. Ұйқыға тартады, дене қызуы демде 38°С дейін көтеріледі және  ЖРВИ басқа да белгілері байқалады.  Қызыл иек қанап, сілекей жабысқақ болуы мүмкін. Орташа есеппен 5-8 күнге созылады. Бұл белгілерді емдеу үшін герпеске қарсы препараттар тағайындалады (ацикловир).

Герпес толықтай емделмейді, тек терапияның көмегімен белгілерін қайтаруға болады, иммунитет көтеріліп, аурудың ерекше қабынуы басылады.  Сондықтан суық ауа-райында және көктемдегі дәрумен жеткіліксіздігі кезінде иммунитетке арналған балалар дәрумендерін қабылдау керек.

Зеңдік стоматит (ауыздың уылуы)      

Көбінесе емшектегі балаларда кездеседі – себебі сүт бұл зеңнің өмір сүруіне қолайлы орта болып табылады. Аурудың алғашқы сатыларында ауыз құрғап, кішкене жайсыздық болады. Бұдан кейін қышқыл сүт өңезі, тілде дақтар пайда болып,  күйдіріп тұратын жаралар шыға бастайды. Егер уақытында емделмесе, ауызға түгелдей аппақ қабық жайылып, еріннің сыртқы жағына дейін ауыздық шығып кетеді (ауыздың шеткі жағының жарылуы).

Бактериялық стоматит

Жұқпалы емес. Шырышты қабатттар зақымдалғанда, әсіресе ауыз гигиенасы дұрыс сақталмағанда шығады. Алғашқы тіс жаруы кезінде де шығуы мүмкін.

Афтоздық стоматит

Жұқпалы емес. Жиектері ашық-қызыл және сұрлау сары өңездері бар, ұрт, ерін ішінде өршітпеуге арналған бөгеттері бар дөңгелек жаралар (афттар). Герпестік түрдегідей бөртпе шықпайды, әдетте көлемі 5-10 мм болатын бір немесе екі афт болады. Дене қызуы көтеріледі, ұйқыға тартады, тынышсыздық және тамақтан бас тарту сияқты белгілер байқалады.

Көпіршікті стоматит

Бұл стоматит түрі жұқпалы болғандықтан, бұл кезде түгел оқшаулау қажет болады, осыған қоса ауырған баланың ыдыстарын, тіс щеткасын және т.б. заттарын қосымша зарарсыздандыру керек.

Аллергиялық стоматит

Жай қызарған түрінде басталады. Егер бұған патогенді микрофлора қосылса, онда аллергиялық түр басқасына – ауыр түріне (бактериялық, зеңдік және т.б.) ауысуы мүмкін.

Ангулярлық стоматит

Оларды сонымен қатар ауыздықтар деп атайды. Күйдіріп тұратын еріннің шеттеріндегі жарылған жерлердің қанауы және қышқыл не ыстық зат тигенде одан ары күйдіруі мүмкін. Кішкентай қызарғаннан ауыздағы жараның қанауына дейін жетуі ықтимал. Мұндай стоматит темір тапшылығынан да болады. Оның пайда болуы, әсіресе шырышты қабат құрғап немесе қабынып тұрса, ұрттың, тілдің, еріннің (тістей беру, күйдіру) зақымдануына әкеледі,

Стоматиттің пайда болу себептері

Көптеген себептер, жалпы жайсыздықдың туындауынан бастап, дене қызуының көтерілуі, тіпті ішек құрттарына дейін осы мәселені тудыруы мүмкін. Әрине, аурудың басты белгісі мен факторы барлық жағдайларда гигиенаның сақталмауы немесе шамадан тыс сақталуы болып табылады.

Жалпы себептер ішінен иммундық жүйенің әлсіреуі, тұқым қуалаушылық, тіпті қоршаған ортаның зиянды факторларын атап айтуға болады. Кейбір зерттеулер қатары стоматитке бейім болған жағдайларда лаурил сульфаты бар тіс пастасын қолдануға болмайды деген пікірде. Құрғататын әсерге ие болғандықтан, бұл паста теріні жұқартып, жаралап, инфекциялардың одан ары енуіне жол ашады. Түрлі өсімдіктер (мысалы ангустат) күшті жазылу әсеріне ие болғандықтан, шырышты қабатты зиянды нәрселерден, соның ішінде тұз қышқылынан қорғайды.

Дәрумен жетіспеушілігі (А, В, С, Fe, В9 тапшылығы), дұрыс тамақтанбау, аллергия алғашқы себептердің бірі болуы мүмкін. Жаралар, күйік, құрғау, дене қызуының жоғарылауы – бұл барлық себептері емес.  АІЖ мәселелері де жара тудырады. Тоқ ішектің қабынуы, асқазан жарасы, он екі елі ішектің қабынуы, ішек құрттарын жұқтыру кезінде ауыздың шырышты қабаттары бұзылады. Егер жалпы жағдай нашарлап, иммунитет әлсіз болса мұның барлығы стоматитке алып келеді. Сол себептен бала ағзасының қорғаныс күштерін белсенді ететін және көптеген балалар ауруларын жылдам және жеңіл көтеруге көмектесетін мықты дәрумендік кешендер қабылдау маңызды.

Балалар стоматитінің белгілері

•	Ауыздың шырышты қабатының қызаруы мен ісінуі. •	Қызыл иек пен еріннің қанауы. •	Дене қызуының 37°С дейін көтерілуі, тек қызыл иек ыстық болып тұруы мүмкін.  •	Ерекше өңез түрі – сұр, алқызыл немесе ақ түсті болады. Егер қабынуды кандида тудырса, оның түсі ірімшік тәріздес келіп, ұртта сүт тамшысы тұрғандай болады және тілде ақ түсті барқыт тәрізді қабықша тұрады.   •	Бүкіл ауыз қуысына бөртпелер, жаралар және афттар қаптайды. Алғашқы сатыларында ауырмауы мүмкін, ал асқынып кетсе өте қатты күйдіреді.  •	Әлсіздік, ұйқышылдық, баланың мазасыздануы.  •	Лимфа түйіндерінің үлкеюі.Патологиялық әрекеттің барлық түріне қатысты мынадай белгілері болады:

  • Ауыздың шырышты қабатының қызаруы мен ісінуі.
  • Қызыл иек пен еріннің қанауы.
  • Дене қызуының 37°С дейін көтерілуі, тек қызыл иек ыстық болып тұруы мүмкін.
  • Ерекше өңез түрі – сұр, алқызыл немесе ақ түсті болады. Егер қабынуды кандида тудырса, оның түсі ірімшік тәріздес келіп, ұртта сүт тамшысы тұрғандай болады және тілде ақ түсті барқыт тәрізді қабықша тұрады. 
  • Бүкіл ауыз қуысына бөртпелер, жаралар және афттар қаптайды. Алғашқы сатыларында ауырмауы мүмкін, ал асқынып кетсе өте қатты күйдіреді.
  • Әлсіздік, ұйқышылдық, баланың мазасыздануы.
  • Лимфа түйіндерінің үлкеюі.

Диагноз қою үшін дәрігер баланың ауыз қуысын қарайды, науқастың медициналық картасын жақсылап оқиды, ата-аналарына және кішкентай балаға сұрақтарын қояды. Стоматит түрлерінің әрқайсысы әртүрлі емделетіндіктен, оның түрін дұрыс анықтау қажет. Егер алғашқы белгісі қандай да бір өзекті мәселеден туындаса, оны емдеумен бірге негізгі ауруға қосымша терапия беріледі.

Ең алдымен қабыну белгілері мен ауыру емделеді, себебі стоматитпен ауырған балалар тамақ жеуден, су ішуден бас тартады, өйткені аузындағы жаралары мазаларын кетіреді. Егер бала осындай жайсыздық кезінде сапалы табиғи дәрумендер кешенін қабылдайтын болса, бірнеше күн ішінде ауруы тез жазылады, ал егер дәрумендерді оған дейін ішсе, тіпті ауырмауы да мүмкін.

Балалар стоматитін емдеу

Жалпы терапия үшін күшті диета сақтау (сұйық, жұмсақ немесе үккіштен өткізілген тамақтар дайындаған дұрыс, өзі де асқынып тұрған теріні одан ары қоздырмас үшін қышқыл, ащы және тәтті нәрселер жемеу) керек, бұған қоса ауызды үнемі шайып отыру (асқынып кеткенде күніне 10 ретке дейін) қажет.  Кішкентай балалардың ұртын, қызыл иегін саусақпен немесе зарарсыздандырылған дәкемен арнайы ерітіндіні жағып, сүрту керек. Сілтілік орта тудыру қажет, бұл тез жазылуға көмектеседі. Жылдам айығу үшін сонымен бірге балаларға арналған сапалы табиғи дәрумендер керек. Шаю мен сүрту үшін дәрілік ерітінділер (антисептикалық шайғыштар), су тұнбалары, уылдырғыш, антисептикалық, залалсыздандырғыш және ауыруды басатын қасиеттері бар дәрілік шөптердің  спирттелген тұнбалары қолданылады. Емен қабығының, түймедақтың, қырмызыгүлдің, сүйелшөп, жолжелкен және эвкалипт тұнбаларын пайдалануға болады. Спирттелген тұнбаларды 50-100 мл сумен араластырады (баланың жасына байланысты – кішкентай балаларға 10 тамшыны 100 мл, ересек балаларға – 30 тамшы).

Ауыруды басу үшін парацетомол-шәрбатын, лидокаин (3-5% сулы ерітінді), лидохлор гель, басқа да анестетиктер қабылдау қажет.

Сода ерітіндісін (250 мл суға 1-3 ш.қ.) және түймедақ тұнбасын немесе бал суын (200 мл суға 2 ш.қ.) қолдану - сілекейдің шамадан тыс бөлінуіне әкеледі, бұл жаралардың жазылуын тездетеді.  Ерітінділер кішкене салқындау болғаны дұрыс. Эвкалипті бар, әсіресе жалбызды, мұз кәмпиттер сору жақсы әсер береді.

Дәстүрлі заттардың ішінен шай раушанынан жасалған тоспа мен шәрбат кеңінен танымал. Балалардың осы үй жағдайындағы тәттіні сорып жүргені жақсы. Теңіз балдырларының негізінде жасалған иммунитетті көтеруге арналған кешендер өздерін жақсы көрсетті.   

Ерекше, бірақ жақсы әсер беретін стоматитке қарсы зат ол ніл (су ерітіндісі) болып табылады. Жасыл антисептикпен майланған жаралар жақсы жазылатын болған, алайда қатты жасыл ауыз біртүрлі көрінеді.

Ауру сипатына қарай (вирусқа қарсы, зеңге қарсы және т.б.) дәрілермен зарарсыздандыру қажет.

Ангулярлық түрі темір препараттарымен жақсы емделеді (тотем, минералды кешендер)

Аллергиялық түрі ең оңай емделетіні – аллерген жойылып, белгілері емделеді. Асқынып кеткен кезде қоздырғышын табу өте қиын. Ең дұрысы бір аптаға (бір ай болса тіпті жақсы) тамақтағы аллергендерді (бал, шоколад, құлпынай, т.б.) алып тастау, тек барлық белгілер қайтқаннан кейін ғана ақырындап, бір-бірден қауіпті өнімдерді тамақ үлесіне қосуға болады.

Афтоздық түрін белгілеріне қарай емдейді – ауыруды басып, жараларды жылдам емдеу керек болады. Бұл үшін метилен нілімен жараларды сүртеді.  

Бактериялық түрі қарапайым ауызды шаю арқылы емделеді, бұл ауыздағы жараны жазу және ағзаның қорғаныс күшін нығайту үшін жасалады. Ауызды шаю үшін түймедақ тұнбасы, сода, мирамистин, хлоргескидин, марганец ерітіндісі және фурацилин жақсы көмектеседі. Ерітінділер әлсіз болуы қажет! Ең басты қолданылатын нәрсе – оксолин жақпа майы немесе хлорфилипт (майлы түрі жақсы) бүріккіші.  

Зеңдік түрі «Кандидамен» (тіпті емшектегі балаларға беруге болады), «Дифлюканмен» (10 жастан асқан балаларға) жақсы емделеді. Дәріні теріге жағар алдында, оны сода ерітіндісімен сүртіп алу (100 мл. 1 ш.қ.) керек. Емдеуді 10 күн немесе одан да көп күн жасаған дұрыс, әйтпесе зең бұл препаратқа қарсы тұруын жалғастырады.  

Герпесті түрі вирусқа қарсы дәрілермен (ацикловир) және иммунитет көтеретін заттармен (виферон) емделеді. Ірімшік тәрізді қабатты сүрту мен ауызды шаю үшін «Миримистин» (күніне 4 ретке дейін) қолдануға болады.

Өкінішке орай, антисептиктер кездейсоқ таңдалады – біреуін қолданып, еш нәтиже болмаса, келесісін таңдайсыз. Микробқа қарсы дәрілерді таңдауда да осындай жағдай. Люголь, Мирамистин, Йод және оның туындылары Винилин, Ротокан, Гексорал, ніл осылай таңдалады.

Балалар стоматитінің профилактикасы

Басты профилактикалық шара – кешенді гигиена. Кір заттарды ұстамау, қолды жиі жуу, тісті тазалау, антисептикалық заттармен ауызды шаю. Ауыздың жарақаттанбауын, иммунитеттің мықты болуын, таза ауада көп қыдыруды, дәрумендік-минералдық кешендерді (немесе әртүрлі, толыққанды тамақтану) қабылдауды қадағалау керек.

Дәрумендік топтардың (А, В, В9, С және темір) тапшылығы көбіне стоматит тудыратындықтан,  осы дәрумендерге бай өнімдерді тамаққа қосу қажет. А дәруменінің қорын толтыру үшін тамақ үлесіне асқабақ, сәбіз, ақжелкен, өрік, бауыр, ангустат (қиыр шығыс ламинариясы), теңіз балығын қосқан жөн.  В тобының  дәрумендері үшін – асжапырақ, астық өсінділерін, бауыр,  бұршақ тұқымдастар, жаңғақтар, теңіз өнімдері, қауақ, балдырлар, ұлулар қажет. С дәрумені үшін – салат бұрышы, цитрус өнімдері,  қарақат, шырғанақ, итмұрын қажет болады.

Ата-аналарға кеңес

Балаңыздың қашанда толыққанды тамақтануын қадағалаңыз, ең дұрысы Доромарин секілді балаларға арналған дәрумен қабылдағаны жақсы. Ол ауыздың уылуын емдеуде (емдеу препараттарымен бірге) өзін жақсы жағынан көрсетті.

Балаңызды дәрігерге апарардың алдында, оның жағдайын кішкене жеңілдетіп алыңыз – емдік шөптердің тұнбасымен аузын жиі-жиі шайдырыңыз. Қатты және ыстық тамақ бермеңіз, тіпті тамақ жегізуге тырыспай-ақ қойыңыз. Жылы су беріп, тыныштықта ұстаңыз. Анестетиктің әлсіз ерітіндісімен ауыруын басуға болады.  

Балаңыздың қашанда толыққанды тамақтануын қадағалаңыз, ең дұрысы Доромарин секілді балаларға арналған дәрумен қабылдағаны жақсы. Ол ауыздың уылуын емдеуде (емдеу препараттарымен бірге) өзін жақсы жағынан көрсетті. Қалпына келу әрекеті жылдам жүреді, бала белсенді болады және көптеген аурулармен, соның ішінде стоматитпен жақсы күресетін болады.

Балаларға арналған DoroMarine дәрумендер кешенінің құрамы табиғи (қиыр шығыс ламинариясы,  ангустат, трепанг сығындысы, теңіз кальциі және жеміс шырыны дәмін келтіру үшін) оны 3 айдан 16 жасқа дейінгі балалардың қабылдауына мүмкіндік береді. Дәмі жағымды, денсаулыққа пайдалы, баланың жалпы жағдайын жақсартады, сонымен бірге стоматитке қарсы күшті әсерге ие.

Доромариннің құрамдас бөліктерінің ішіндегі мықты иммунитет көтергіш заттардың арқасында ол көптеген балалар ауруына қарсы қолданылады. Бұл дәрумендер емдемейді, олар дененің патогенді жасушаларын өз бетімен жеңуіне көмектеседі. Доромарин тек иммунитетті көтеріп қана қоймайды, ол стоматит кезіндегі белгілер мен аурудың жазылуын қамтамасыз етеді.

Стоматит кезінде (емдеу мен профилактика) Доромарин дәруменінің мынадай қасиеттері маңызды болып табылады:

  • микрофлораның күшін төмендетеді;
  • темір секілді жұқа қабатпен шырышты қабатты қорғап тұрады;
  • ауыз қуысынан зиянды заттарды шығарады;
  • дисбактериозды, микрофлораның бұзылуын азайтады;
  • жаралар, күйіктер, жарылулар тез жазылады;
  • зиянды бактериялардың, әсіресе Кандидадың тіршілігін жояды;
  • микробқа қарсы әсері бар;
  • имунитет күшейтетін әсерге ие;
  • қызыл иек ауру кезінде тиімді болып табылады.

DoroMarine кешенінің  көптеген қасиеттері альгин қышқылының арқасында орын алады, ол Доромарин құрамында 55%-ға дейін (құрғақ қалдығынан қалғаны) кездеседі. Бұл балаларға арналған табиғи емдеу-профилактикалық өнімі өте белсенді, қоршаған ортасы өзгерген, аллергиядан, түрлі инфекциялар мен вирустардан, жылына екі реттен көп зардап шегетін қатарластарымен араласатын (балабақша, мектеп, шипажай) балаларға өте ыңғайлы. 

Бұл дәрумендер тамақты нашар ішетін немесе зат алмасу мәселелері дұрыс емес (ерекше аурулар, гормондық, соның ішінде қант диабеті, гипотиреоз және т.б.) иммунитеті әлсіреген балалар үшін таптырмас құрал. Үнемі теледидар көретін және компьютердің алдында отыратын жасөспірімдерге де ішуге кеңес беріледі. Бұл олардың көздерінің көру өткірлігін жақсартады, бүкіл ағза жұмысына жағымды әсер етеді. Көңілдері толған ата-аналардың жақсы пікірлері өте көп, олар балаларға арналған Доромарин дәрумендік кешенін ішуге кеңес береді.

Естеріңізде болсын, дені сау балаларда ешқандай стоматит болмайды!

Балалар стоматиті. Қалай анықтауға және емдеуге болады — дәрігер Комаровскийдің мектебі

Сіз Доромарин бүкіл Қазақстан бойынша тегін жеткізе аласыз.

Доромаринді сатып алу


Телефон нөміріңізді қалдырып, біздің мамандардың тегін кеңесін алыңыз.

Кері қоңырау

X

WhatsApp-ге жіберу