Доромарин - дені сау ұрпақ, бақытты отбасы!

Балалардағы гайморит

Мұрыннан су ағып, жалпы көңіл-күйдің нашарлауы, дене қызуының көтерілуі – ЖРВИ мен ЖРА тән белгілер. Бірақ кейде олар балада гаймориттің болу ықтималдығын да білдіреді. Егер уақытылы дұрыс диагноз қойылса, ауруды сәтті емдеуге болады және ол ешбір асқынуларға әкеп соқтырмайды, ал ата-аналар дәрігердің ұсынған емдеу тәртібі мен кеңестерін толық ұстанулары қажет. Ауру асқынып кетсе, қиын жағдайлар орын алады, оны емдеу үшін ұзақ уақыт дәрімен емделу қажет болады.

Гайморит дегеніміз не

Гаймор немесе жоғарғы жақ қуыстары – жоғарғы жақ сүйектерінің тереңіндегі мұрынның сол және оң жағында орналасқан кіші қуыстар. Іш жақта олардың шырышты қабаты бар, ол жерде шырышты шығаратын бездер болады. Жоғарғы жақ қуыстары мұрын қуысымен кішкентай тарамдар арқылы қосылады.

Гаймор қуыстары ұрықтың даму кезеңіндегі үшінші айдан бастап қалыптасады, бірақ нәресте туылған кезде көлемі өте кішкентай болады. Жоғарғы жақ мұрын қуысының бұл құрылымының ерекшеліктері оларға инфекция еніп кетпеуіне кедергі болады. Гаймар қуыстары өмірдің алғашқы 3-5 жыл аралығында кеңейе бастайды және қалыптасу тек жасөспірімдік шақта ғана аяқталады. Тура 3 жастан асқаннан кейін балада гайморит пайда болуы мүмкін және көбіне ауру жиі тұмау мен басқа респираторлық инфекциялардан туындауы ықтимал.

Гаймор  қуыстары анатомиялық жағынан мұрын жолдарымен байланысты, сондықтан мұрын арқылы оған инфекция оңай еніп кете алады. Гайморит кезінде шырышты қабырғалар қабынып, ісіп кетеді. Пайда болған ісік сұйықтықтың дұрыс ағуын бұзады. Өз кезегінде сұйықтықтың жинала беруі бактериялық ортаның дамуына керемет негіз болады, сол себептен де катаралдық гайморит оның ауыр түрі – іріңді түріне оңай айналады.

Балалардағы гайморит белгілері

3 жастан және одан асқан балаларда жіті дамыйтын гайморит белгілері болып мыналар табылады:

  • Шырышты және іріңді бөлінулер байқалатын мұрынның бітелуі;
  • Дене қызуының 38-ге дейін, тіпті одан да жоғары көтерілуі;
  • Әлсіздік, тәбеттің нашарлауы, ашушаңдық, ұйқының бұзылуы, бастың ауыруы арқылы білінетін ағзаның улану белгілері.
  • Көздің жасаурауы, көздің астының, мұрын айналасының ісінуі;
  • Маңқалану немесе дауыстың қырылдауы.

5 жастан асқан балалар ата-аналарына қай жерлері мазалап тұрғанын түсіндіре алады. Бала төмендегілерге шағымдануы мүмкін:

  • Басты төмен қарай игенде, бастың қатты ауыруына;
  • Шайнаған кезде қатты байқалатын тіс ауруларына;
  • Қатты жарыққа қарағанда көздің ауыру сезімдеріне.

Егер мұрын-ерін қатпарларының үстінен бассаңыз да ауыру сезімдері байқалады. Қуыстардағы қабыну әрекеттерінің себебі ауыздан шығатын жағымсыз иіс, тері қабаттарының бозғылдығы, беттің ісінуі болуы мүмкін.

Ауру кезінде міндетті түрде барлық жоғарыда аталған өзгерістер біліне бермеуі де мүмкін. Балаларда мұрыннан шырыштың сыртқа ақпауы да мүмкін, себебі пайда болған ісік шырыштың қабынған қуыстан сыртқа шығуына жол бермейді.

Балалардағы гайморит әдетте ринит, ринофарингит және ларингит түрінде пайда болатын вирустық инфекциялардың әсерінен басталады. Мұрын қуыстары қабынуының алғашқы белгілерін ата-аналар респираторлық инфекцияларды емдегеннен кейін ғана байқайды.

Балалардағы созылмалы гайморит белгілері

Балалардағы гаймор қуыстарының созылмалы қабыну әрекеттері – жиі гаймориттің салдарынан немесе қажетті терапияны қабылдамағаннан орын алады. Көбіне аденоидтары үлкейген, мұрын дөңесі қисайған, иммунитеті төмен балаларға осындай диагноз қойылады.

Патологияның созылмалы түрінде жіті қабынудың айқын белгілері көрінбейді. Алайда, ата-аналар төмендегілерді байқауы мүмкін:

  • Баланың үнемі әлсіреп жүретіні және тез шаршап қалуы;
  • Көзінің астында қара дақтардың пайда болуы;
  • Мұрыннан анда-санда түссіз немесе жасыл-сары шырыштың шығуын;
  • Мұрнымен демалудың қиындығын;
  • Иіс сезуінің төмендеуін.

Үлкендеу балалар созылмалы гайморит кезінде бастарының ауыратындарына, ауыздан жағымсыз дәмнің білінетініне, көздерінің жиі жасаурайтына, мұрынның жағымсыз кернеп ауыратынына шағымданады.

Балалардағы гаймориттің себептері

Балалардағы жіті гаймориттің басты себептері мыналар:

  • Аллергиялық ринит. Мұрын қуысына еніп кететін аллергендер шырышты қабаттың ісінуін тудырады, бұл өз кезегінде қуыстардан бөлінетін секрецияны бұзады. Осы өзгерістердің аясында бактериялық инфекция оңай дамиды, бұл гайморитке әкеліп соқтырады;
  • Респираторлық инфекциялар. ЖРВИ және ЖРА кездерінде мұрыннан су ағу инфекцияның негізгі белгілері болып табылады, ал ол пайда болғанда шырыштың ағуы бұзылады. Егер баладағы ринитті емдемесе, гайморит суық тиюдің асқынуына дейін жеткізеді;
  • Мұрынның жарақаттануы. Жарақат алу шеміршек құрылымдары мен сүйектердің жылжып кетуіне әкеліп, қуыстарда ауру тудыратын микроағзалардың көбеюіне арналған керемет орта пайда болады;
  • Мұрын құрылымының туа біткен ақаулары;
  • Инфекцияның асқынған көздері. Бұл аденоидтар, тіс жегі, пародонтит, несеп шығару жолдарының аурулары. Жақын орналасқан инфекция көздерінен ауру тудыратын микроағзалар мұрынның қуысы мен жұтқыншақ және ауыз қуысын жалғастыратын жолдар арқылы еніп кетеді. Бүйрек аурулары кезінде бактериялар қанмен бірге енуі мүмкін;
  • Қантамырларының бұзылуы. Қантамырларының төмен тонусы мұрын қуысындағы қан айналымын нашарлатуы мүмкін, соның нәтижесінде жергілікті иммунитет төмендеп, ұлпалар өздеріне қажетті қоректік элементтерді ала алмайды. Яғни, қабыну реакцияларына жайлы жағдай туындайды.

Гайморитке бейім болатын факторлар мыналар:

  • Иммундық жүйе жұмысының бұзылуы;
  • Қажетті микроэлементтер мен дәрумендердің түсуін қамтамасыз ете алмайтын теңгерімсіз тамақ;
  • Суықтау;
  • Күйзеліс әсері.

Балалардағы гайморит түрлері

Балалардағы гайморит түрлері мынадай болады:

  • Жіті. Аурудың барлық нақты белгілері және улану белгілері де анық байқалады;
  • Созылмалы. Ауру асқыну кезеңдерінде және белгілерінің әлсіреуі кезінде көрінеді. Созылмалы гаймориттің негізгі қаупі -  мұрынның шырышты қабаттарын қайтадан қалпына келтіре алмайсыз, бұл оның қорғаныш қасиеттерінің айтарлықтай төмендеуіне әкеледі.

Гаймориттегі қабынуды жоюға байланысты гайморит мынадай топтарға бөлінеді:

  • Бір жақты - қабыну тек бір ғана қуысты қамтиды;
  • Екі жақты - инфекция қуыстың екі қабырғасына да таралады.

Қабыну реакцияларының түріне қарай гайморит мынадай топтарға бөлінеді:

  • Катаралдық. Қабыну әрекеттері шырышты қабаттарға жетеді, кей кездері сүйек қабығы мен сүйекке дейін жетеді. Ісік және шырыштың қызаруымен, шырыштың пайда болуымен сипатталады;
  • Басты. Катаралдық қабыну аясында бактериялық орта қосылғаннан кейін іріңді түрі пайда болады. Уланудың басты белгілерінің білінуімен, сары-жасыл шырыш түріндегі іріңнің пайда болуымен сипатталады.

Балалар гайморитін диагностикалау

Гайморитті тек арнайы диагностикалық әрекеттер арқылы анықтауға болады. Баланы мынадай тексерістерден өткізеді:

  • Мұрын қуысын тексеру;
  • Қуыстарды рентгеннен өткізу;
  • Диафаноскопия. Қуыстарды арнайы құралмен ашып тексереді. Егер қуыста ірің түріндегі шырыш болса, ол қара дақ секілді болып көрінеді;
  • Жалпы қан талдауы;
  • Гайморит туындауының аллергендік түрінің жоқтығын анықтайтын талдаулар;
  • КТ. Компьютерлік томография қуыс қабынуларының қайталауы кезінде қатты қажет.

Балалар гайморитін емдеу

Балалар гайморитін емдеумен ЛОР дәрігер айналысады. Өз бетімен емделу көбіне асқынуларға дейін жеткізіп, аурудың созылмалы түріне айналуына мүмкіндік тудырады. Препараттар баланың жағдайына, патология белгілеріне, басқа ауруларына қарай таңдалады. Гайморитті емдеудің барлық түрі бір мезгілде бірнеше тапсырманы шешулері қажет.

Терапия тапсырмалары

Қолданылатын әдістер мен препараттар

Ауру тудыратын микробтарды жою

Бактерияға қарсы терапия. Балаларды емдеу кезінде көбіне пенициллинді және цефалоспориндік антибиотиктер таңдалады

Сағалар қосылысының (мұрын қуысы мен мұрын жолдарын қосатын жолдар) қалыпты өткізгіштігін қалпына келтіру

Тамыр тарылтатын тамшыларды мұрынға тамызу, гистаминге қарсы препараттар

Жиналып қалған шырыштан мұрын жолдарын тазарту

Жуу, «Көкек» тәсілі

Қуыстарды іріңді шырыштан тазарту

Іріңді шырышты тазартуға арналған пункция (тесу)

Жиналып қалған шырышты сұйылту

Мукалтин, АЦЦ секілді муколиттік препараттар

Жасушалардың қалпына келуін белсенді ету

Физиотерапия, өсімдік негізіндегі препараттарды пайдалану

Ағзаның қорғаныс қызметтерін жоғарылату

Иммуноынталандырғыштар, дәрумендік кешендер

Дәрігер тағайындаған емдеу тәсілдерінен міндетті түрде өту керек. Антибиотиктерді 7-10 күнге береді, оларды қабылдау ұзақтығын азайтуға болмайды, тіпті алғашқы белгілері мазаламаса да. Дене қызуы көтерілсе, қызу түсіретін дәрілер береді.

Емдеу кезеңінде балаға дәруменге бай дұрыс тамақ беру керек. Ауырып  жатқан балалар В тобының қажетті көлемдегі дәрумендерін, аскорбин қышқылын, А дәруменін алулары тиіс.  Бұл дәрумендер иммундық жүйені нығайтатады, зақымданған шырышты қабықтарды қалпына келтіруді жеделдетеді және тыныс алу органдарының мүшелеріне жағымды әсер етеді. Балаға мүмкіндігінше көп сұйықтық ішкізу керек -  сұйықтықпен қатар жинақталған токсиндер де ағзадан шығып кетеді.

Балалардағы созылмалы гайморитті емдеу

Аурудың созылмалы түрінде емдеу тәртібі жіті қабынуды жоюға ұқсас болады. Дегенмен, балаға арналған антибиотиктер бактериялық инфекцияға деген сезімталдығы анықталғаннан кейін ғана таңдап алынады, ол үшін микробтардың түрін анықтауға арналған мұрыннан жақпа алынады.

Міндетті түрде дәрумендік терапия қажет болады, инфекцияның созылмалы ошақтарын жою, физиотерапия талап етіледі. Ешбір әсер болмаған жағдайда, қуысты антисептикалық ерітінділермен әрі қарай жуу арқылы қуыстар пункциясы тағайындалады.

Балалар гайморитінің асқынуы

Жіті және созылмалы гайморит төмендегілерге әкеліп соқтырады:

  • Тонзиллит – бадамша безінің қабынуына;
  • Бронхитке;
  • Құлақ қабынуына;
  • Барлық мұрын қуыстарын қамтитын өте жоғары қабынуға;
  • Миокардит – жүрек бұлшықетінің қабынуына;
  • Нефрит – бүйректердің зақымдалуына;
  • Сепсис – қан арқылы бүкіл ағзаға инфекцияның таралуына;
  • Менингит – ми қабыршақтарының қабынуына;
  • Буындардың қабынуына.

Профилактика

Кез келген тұмау, суық тию ауруларын толық және уақытылы емдеу гаймориттің алдын алу болып табылады. Инфекцияның сақталу көздерін уақытылы жойып, ағзаның қорғаныс күштерін жоғарылатып, анатомиялық кемістіктерді жойып отыру керек, бұл мұрын дөңесінің қисаюына дейін жеткізетін аденоидтар болып табылады. Балаларды қоршаған ортаның ағзаға жағымсыз әсер ететін факторларынан, оның ішінде темекі түтінінен, күйе, аллергендерден қорғау керек. 

Ата-аналарға кеңес

Гайморит кезінде баланың сауығуын жылдатуға, аурудың созылмалы түрін болдырмауға және асқынудың орын алмауына емдеу-профилактикалық Доромарин өнімін қабылдау көмектеседі, оның құрамында тек қана табиғи құрамдас бөліктер бар.

Гайморит кезінде баланың сауығуын жылдатуға, аурудың созылмалы түрін болдырмауға және асқынудың орын алмауына емдеу-профилактикалық Доромарин өнімін қабылдау көмектеседі, оның құрамында тек қана табиғи құрамдас бөліктер бар.

Бірегей DoroMarine кешенінің мұрын қуыстарының қабынуы кезінде ағзаға тигізетін жағымды әсері  оның құрамдас бөліктерінің негізгі әрекет ету механизмімен түсіндіріледі:

  • Қиыр шығыс ламинария ангустаты ағзаға қажетті микроэлементтер мен дәрумендерді береді. Ламинария әсерімен қатар бір уақытта иммундық жүйе жұмысы жақсарады, бактериялар мен вирустарға қарсыласу күшейеді, шырыштың сұйылуы жылдамдап, оның қуыстан тез шығуына ықпал етеді;
  • Теңіз трепангінен алынған сығынды жиналып қалған қалдықтардың шығуын тездетеді, алмасу әрекеттерін жақсартады, осының арқасында жергілікті иммунитет нығаяды, ал қуыс қабырғаларының шырышты қабаттары өздеріне қажетті қоректік заттарды алады. Демек, жасушалардың қалпына келу әрекеті қалыпты болып, күшейеді;
  • Теңіз кальциі тыныс алу жүйесі мен жалпы ағза қызметінің қалпына келуіне әсер етеді;
  • Жеміс шырыны Доромарин дәрумендік кешеніне тек жағымды дәм беріп қана қоймай, ағзаны пайдалы дәрумендермен одан сайын байыта түседі.

Доромаринді гаймориттің кез келген сатысында ішуге болады. Емдеу-профилактикалық өнімі дәрілік заттармен дұрыс үйлесіп қана қоймайды, олардың терапиялық әсерін күшейтеді. Патологияның созылмалы түрінде осы өнімді ішу ауруды тез арада жеңуге көмектеседі.

Доромарин қауіпсіз, оны балаларға үш айдан бастап беруге болады. Өнімді курспен қабылдау тек жақсы иммунитет қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен бірге балалардың дұрыс дамуы мен барлық органдарының жақсы қызметін қамтамасыз етеді.

Балалардағы гайморит – дәрігер Комаровский мектебі.

Телефон нөміріңізді қалдырып, біздің мамандардың тегін кеңесін алыңыз.

Кері қоңырау

X

WhatsApp-ге жіберу