Балалардағы көкжөтел және оның себептері

Көкжөтел – Борде-жангу немесе бордетелла деп аталатын бактериялардың тыныс алу жолдарына енгеннен кейін дамитын, тез таралатын, жұқпалы ауру. Көбінесе аурудың қоздырғышы көкжөтел таяқшалары ретінде көрінеді. Балаларда көкжөтел 10 жасқа дейін ерекше дамиды. Сонымен бірге, көкжөтел таяқшаларына қарым-қатынасы бойынша осалдық танытатын жас – адам өмірінің алғашқы 2-3 жасы. Көкжөтел – Борде-жангу немесе бордетелла деп аталатын бактериялардың тыныс алу жолдарына енгеннен кейін дамитын, тез таралатын, жұқпалы ауру. Көбінесе аурудың қоздырғышы көкжөтел таяқшалары ретінде көрінеді. Балаларда көкжөтел 10 жасқа дейін ерекше дамиды. Сонымен бірге, көкжөтел таяқшаларына қарым-қатынасы бойынша осалдық танытатын жас – адам өмірінің алғашқы 2-3 жасы.

Кішкене жастағы балаларда жөтел көбінесе, салқын тигеннен болатын ауруды көрсетеді. Бірақ аурудың бұл белгісі көкжөтелдің негізгі көрінісі, яғни жіті респираторлық инфекция болып саналады. Бұл ауруға бірнеше айға созылатын булықпа жөтел тән. Көкжөтел диагнозы аурудың бастапқы кезеңінде жиі қойылады, бұл ЖРВИ және ЖРА инекцияларына ұқсайтынына байланысты.

Балалардағы көкжөтелдің себептері

Көкжөтел – Борде-жангу немесе бордетелла деп аталатын бактериялардың тыныс алу жолдарына енгеннен кейін дамитын, тез таралатын, жұқпалы ауру. Аурудың қоздырғышы – қысқа таяқша тәрізді бактерия.    

Микроағзалар ауа арқылы таралады. Көкжөтелмен ауыратын науқастың немесе инфекцияны тасымалдаушының сілекейінде бактерия өте көп мөлшерде болады. Жөтелгенде және түшкіргенде бордетелла қоршаған кеңістікте бір жарым-екі метр арақашықтыққа таралады.

Бордетелла қоршаған ортаға өте төзімсіз, ол зарарсыздандырғыш дәрі-дәрмектер мен күн сәулесі әсерімен төмен температурада тез жойылады. Осындай ерекшелігінің себебінен инфекцияның таралуы бойынша таралудың анаэробты (ауа арқылы) жолы ерекше мәнге ие. Жанасу жағдайында инфекцияның берілуі тіркелмеген, өйткені жеке қолданылатын заттарда, ойыншықтарда, ыдыс-аяқтарда бактерия өзінің белсенділігін және жұғу белсенділігін жоғалтады.

Балаларда көкжөтел 10 жасқа дейін айрықша жақсы дамиды. Сонымен бірге көкжөтел таяқшаларына қарым-қатынасы бойынша осалдық танытатын жас – балалар өмірінің алғашқы 2-3 жасы.

Көкжөтелге қарсы екпе егілмеген балалар науқаспен жақын қарым-қатынаста болса, 90-100 пайыз жағдайда ауруды жұқтырады. Көкжөтелден жазылғаннан кейін ағзада тұрақты иммунитет пайда болады.

Балалардағы көкжөтелдің даму ерекшеліктері

Тыныс алу жолына түскеннен кейін көкжөтел таяқшасы тамақтың шырышты қабығына, брохқа жабысады, содан соң бастапқы өзгерістер мен қабыну реакциясын тудыратын токсиндерді бөле бастайды. Патологиялық өзгерістер қатты білінбейді, өйткені жасушалардың ішіне бактерия келіп түспейді. 

Айрықша көкжөтелдің пайда болу механизмі дамудың бірнеше сатысын қамтиды. Бактериялар бастапқыда жөтелдің пайда болуына алып келетін, шырышты қабықтың рецепторларын тітіркендіретін токсиндерді бөліп шығарады. Содан соң тамақта қабыну реакциясын тудыратын биологиялық белсенді заттар шығарылады. Жүйке талшықтарының үнемі тітіркенуі бас мидың тыныс алу орталығында қозу ошағының пайда болуына алып келеді.

Жөтел қатты дыбыс, жарық сәуле, күлкі, эмоционалды артық күш жұмсау сияқты жүйке жүйесіне әсер ететін, күшті және орташа қоздырғыштардың әсерінен пайда болады.

Өршу ошағы тыныс алу орталығымен қоса көкжөтел кезінде құсу, тамыр қозғалтқыш және өзге де ми қабы асты құрылымдарына таралады. Міне, сондықтан да көкжөтел жөтел ұстаған кезде жөтелмен қатар қатты лоқсуға, талықсуға, күретамырлық қысымның ауытқуына, тахикардияға алып келеді. Кішкентай балаларда тыныс алуы нашарлап, тіпті қысқа мерзімде тоқтап калуы да (демнің тоқтауы) мүмкін.

Көкжөтелмен ауыратын баланың жұқтырғыштығы аурудың кезеңіне байланысты:

  • Алғашқы аптада қоршаған ортаға патогенді микроағзалар өте көп мөлшерде бөлінеді;
  • Екінші аптада инфекцияны жұқтыратын науқастар 60%-дан аспайды;
  • Үшінші аптаның соңында көкжөтелмен ауыратын балалардың 30%-ы ғана жұқтыратын болуы мүмкін;
  • Төртінші аптада қоздырғыштар 10%-ында ғана бөлінеді.

Алайда теориялық тұрғыдан алғанда науқас 6-аптасына дейін ауруды жұқтыруы мүмкін.

Аурудың клиникалық көрінісі

Балада көкжөтел екенін қалай түсінуге болады? Бұл – балалары булықпа жөтелмен ауырған аналардың қоятын, кеңінен таралған сұрақтарының бірі. Аурудың бастапқы кезінде инфекциялардың белгілері жіті респираторлық инфекцияларға ұқсас болады, алайда содан кейін өзіне тән белгілері пайда болады.

Балалардағы көкжөтелдің белгілері аурудың сатысына байланысты

Көкжөтелдің кезеңі

Сипатты белгілері

Ұзақтығы

Инкубациялық

Көңіл күйінде ешқандай өзгеріс жоқ.

5 күннен 2-3 аптаға дейін

Қабыну

Инфекцияның болар-болмас белгілері, бұл көбінесе ауыз қуыратын ринит болады. Біртіндеп жөтел құрғақ бола бастайды, бала ашуланшақ және мазасыз болады.

7-10 күн

Булығып жөтелу кезеңі

Жөтелдің ұстауы қатты, бірақ қысқа жөтелдің пайда болуымен сипатталады. Көбінесе кешкі уақытта немесе түнде жөтел ұстайды, ауыр жағдайларда лоқсуға, мойындағы тамырлардың ісінуіне, шелдердің қызаруына, беттің ісінуіне, көзден жас ағуға алып келеді. Көкжөтел кезінде жөтел ұстағанда тіл барынша жоғары бүгіледі, ол тіл жүгеншігінің зақымдануына алып келеді.

3-4 апта

Стадия разрешения

Жөтелдің ұстауы ақырындап өзінің күшін жоғалтады. Ауырып жазылған балада әлсіздік, селқостық, мазасыздық сақталады.

2 аптадан 2 айға дейін

Қалпына келу кезеңі

Баладағы көкжөтелдің қалпына келу кезеңіндегі белгілері – мазасыздық, тез шаршағыштық, инфекциялық ауруларға тез шалдыққыш.

 6 айға дейін

Бала көкжөтелмен ауырған кезде қандай жөтел аурудың ауырлығына байланысты болады:

  • Инфекцияның жеңіл формасында жөтелдің ұстауы тәулігіне 10-нан 15 ретке дейін, ал жөтелу саны 5-тен аспайды;  
  • Көкжөтелдің орташа-ауыр формасы кезінде жөтелдің ұстауы күніне 25 ретке дейін мазалауы, ал жөтелу саны 10-ға дейін жетуі мүмкін. Жөтелдің соңында лоқсиды. Әлсіздік синдромы тән: әлсіздік, көңілсіздік, мазасыздық, тәбеттің нашарлауы, терінің қуқылдығы және беттің ісуі;
  • Күніне 50 ретке дейін жөтел ұстаса, көкжөтелдің ауыр деңгейге жеткені туралы сөз қозғауға болады. Олар тым ұзақтығымен, цианоздың (мұрын-ерін үшбұрышының көгеруімен) пайда болуымен, тырысумен, тыныс алудың бұзылуымен ерекшеленеді.

Емшектегі сәбилерде булығып жөтелу ұзаққа созылмайды, бірақ тыныс алудың уақытша тоқтауы мен құрысу жиі болып тұрады. Гипоксия ми бұзылыстарына және пневмонияға алып келеді, ал ол – өлімге әкелудің бірден-бір себебі.

Балалардағы көкжөтелдің ең ықтимал асқынуларына бронх қабынуы, көмейдің қабынуы, пневмоторакс (өкпе қабырғаларының зақымдануы), құлақтың қабынуы жатады. Жөтелгеннен құрсақ қабырғасына қатты күш түсуі салдарынан шап және кіндік жарығы (грыжа) дамуы мүмкін. Оттегінің жетіспеуі ми деттеріне жиі жиі алып келеді.

Көкжөтелден кейін қалпына келу кезеңі бойы балалар мазасыз, шәлкез болуы мүмкін. Бұл уақытта респираторлық және ішек инфекцияларын тудыратан бактериялар мен вирустарды жұқтыру ықтималдығы жоғары болады.

Вакцина көкжөтелден қорғай ма?

Вакцина егілген бала көкжөтелмен ауруы мүмкін бе? Екпе егілген балалар көкжөтел таяқшаларын жұқтыруы әбден мүмкін. Алайда, егілген балалар қатты ауырмайды, көбіне булығып жөтелмейді, бірақ көп уақытқа дейін құрғақ, ұзақ уақытқа созылатын жөтел мазалайды. Вакцинациядан кейін ауыр асқынулар болмайды, ал ағза тез қалпына келеді.

Балаға өмірінің алғашқы жылдарында үш рет, яғни 3, 4,5 және 6 айында көкжөтелге қарсы екпе егіледі. Бір жарым жасында тағы бір қайталап екпе егіледі. Толық қайталап екпе егу көкжөтелден ұзақ иммунитет береді, алайда ол мәңгілік емес. Бірақ ересек адамдар көкжөтелмен едәуір оңайырақ және көбінесе асқынусыз ауырады.

Көкжөтелдің диагностикасы

Алдын ала диагноз шағымдар мен тексеру негізінде қойылады. Көкжөтелді растау үшін зерттеудің зертханалық әдістерін белгілейді:

  • Қанның жалпы талдауында лейкоциттер шамадан тыс жоғары (3-4 есе) болады;
  • Жұтқыншақтың артқы бөлігінен жағынды алу арқылы алынған бактериалогиялық талдау көкжөтел таяқшасының бар болуын (тек қабыну кезеңінде) көрсетеді;
  • Серологиялық талдаулар нақты ақпарат беретін талдау болып саналады. Көкжөтелге қарсы денелер әртүрлі әдістердің көмегімен қанда байқалады.

Балалардағы көкжөтелді емдеу принциптері

Көкжөтелмен ауырып жатқан бір жасқа дейінгі сәбилер мен жағдайы ауыр, ауруы асқынған балалар аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылады. Қалған жағдайларда үйде емделеді. Оған мыналар кіреді:

  • Режим сақтау. Көкжөтелмен ауыратын балаға үнемі таза ауа келіп тұруы және тыныштық керек, өйткені белсенді ойындар ауруды қоздыруы мүмкін. Күн сайын далада жалғыз серуендеуі керек, себебі көкжөтелмен ауыратын бала өзгелерге де жұқтырады;
  • Емдәм терапиясы. Жұтқыншақтың шырышты қабығын тітіркендірмейтін тағамдар ішуі керек. Сондықтан ащы және тұзды тағамдар, газдалған сусындар, сүрленген, ысталған ет тағамдары, жаңғақтар, цитрустар, кептірілген нан рационнан алып тасталады;
  • Дәрі-дәрмектер. Көкжөтел таяқшалары антибиотиктердің әсерімен өледі. Алайда олар тек қана қабыну кезеңінде ғана тиімді, оларды ары қарай жұқтыру мүмкіндігін азайту мақсатында қолданған жөн. Жөтелге қарсы дәрілер көкжөтелдің ұстауын аздап қана басады, дәрігерлер көбінесе Бромгексин, Коделак, Мукалтин сияқты қақырық түсіретін дәрі-дәрмектерді қабылдауды ұсынады. Олардың әсерімен қақырықтың жабысқақтығы азайып, оның тыныс алу жолдарынан шығарылуы жеңілдейді. Көкжөтел кезінде жөтелге қарсы дәрілерді 1-2 апта сайын ауыстырып тұру керек.

Балаларға қосымша гистаминге қарсы препараттар мен тыныштандырғыш заттар белгіленеді. Оларды қабылдау арқылы ашуланшақтығы азайып, ұйқысы жақсарады. Дәрумендер кешенін қабылдаған кезде балада ауру жеңілірек өтеді, ал азға тезірек қалпына келеді. Әлсіреген ағзаға әсіресе, аскорбин қышқылы, В тобының дәрумендері қажет.

Ата-аналарға кеңес

Баланың көкжөтел тақяшаларын жұқтыруын толықтай алдын алу мүмкін емес. Бірақ ата-аналар ағзаның инфекциялық агенттерге шалдыққыштығын төмендете, көкжөтелмен ауырған кезде ауруды жеңілдете және ағзаның жалпы қалпына келуін жылдамдата алады. Оған дәруменді-минералды кешендер көмектеседі. Солардың бірі – құрамы толығымен табиғи Доромарин емдік-профилактикалық өнімі.

Баланың көкжөтел тақяшаларын жұқтыруын толықтай алдын алу мүмкін емес. Бірақ ата-аналар ағзаның инфекциялық агенттерге шалдыққыштығын төмендете, көкжөтелмен ауырған кезде ауруды жеңілдете және ағзаның жалпы қалпына келуін жылдамдата алады. Оған дәруменді-минералды кешендер көмектеседі. Солардың бірі – құрамы толығымен табиғи Доромарин емдік-профилактикалық өнімі.

Көкжөтел кезінде Доромаринді курс бойынша қабылдау бірден бірнеше әсер береді:

  • Ағзадағы С дәруменінің мөлшерін қалпына келтіреді. Оның көмегімен тамырлы қабырғалар нығаяды және иммундық жүйенің жұмысы күшейеді. Аскорбин қышқылы мен В тобындағы дәрумендер кешені компоненттерінің бірі – қиыршығыстық ангустата ламинариясында бар;
  • Йод есебінен бронх тармақтарының су сіңдіру функциясын жақсартады. Бұл жөтелдің ұстауын және қақырықты шығарылуын жеңілдетеді;
  • Шырышты қабықтың зақымданған жасушаларының қалпына келуін күшейтеді;
  • Балалардың мазасыздануы мен шамдануын азайтып, тыныштандырады;
  • Тамаққа тәбетін ашады;
  • Теңіз кальциі есебінен жөтелді айтарлықтай нәтижелі ететін бұлшықеттің тартылу қабілетін күшейтеді;
  • Ішкі жүйелердің токсиндерден тазаруына мүмкіндік береді.

Көкжөтел басталғаннан бастап Доромарин дәрумендер кешенін пайдалану ауру барысын жеңілдетеді, инфекцияның тым ауыр формаға өтіп кетуін алдын алады және аурудың асқынып кету қауіпін төмендетеді. Доромаринмен ағза әлдеқайда тезірек қалпына келеді, сонымен бірге емдік-профилактикалық өнім жалпы бүкіл ағзаға оң әсер етеді.

Доромаринді үш айлығынан бастап қабылдауға болады. Өнімді профилактикалық түрде пайдалану баланың патогенді микроағзаларды жұқтыру ықтималдығын едәуір төмендетеді, баланың азғасын балалар арналған ұйымдарға баруына дайындайды, жіті және созылмалы аурулардың даму ықтималдығын айтарлықтай азайтады.

Көкжөтел – Дәрігер Комаровскийдің мектебі

Телефон нөміріңізді қалдырып, біздің мамандардың тегін кеңесін алыңыз.

Кері қоңырау

X

WhatsApp-ге жіберу