Доромарин - дені сау ұрпақ, бақытты отбасы!

Балалардағы тырыспа

Мазмұны: [Көрсету]

Балаларда тырыспаның ұстауы әртүрлі жаста болады. Ата-аналар бұның неліктен болғанын және мұндай жағдайда тез арада қандай көмек көрсету керек екенін білулері керек. Міндетті түрде маманға қаралуы керек. Өйткені бұндай жағдайдың салдары келеңсіз оқиғалармен аяқталуы мүмкін.

Бұндай жағдай неліктен орын алады?

Тырыспа дегеніміз – бұлшықеттердің тартылуы. Бұл көбінесе аяқ-қолға қатысты. Олардың өмірдің алғашқы жылдарында пайда болуы көптеген фактормен байланысты. Өзге диагноздардың, ұстамалы аурудың түрі мен емделушінің жасы маңызды рөл атқарады. Ең көп таралған себептер мыналар:

  • улану;
  • менингит;
  • тұншығу;
  • ішке қан ағу;
  • генетикалық аурулар;
  • ісіктер мен сарысулы ісік;
  • қояншық;
  • диабет және өзге алмасу патологиялары;
  • долылық;
  • бас сүйек-ми және босану жарақаттары;
  • психоэмоционалды жабырқау;
  • ОЖЖ-нің бұзылуы және тағы да басқалары.

Мысалы, мұндай синдромдар бала туғаннан кейін алғашқы күндерінен немесе айларынан кейін босану жарақаттарының, генетиканың, тұншығу немесе метоболиттік процестердің салдарынан туындауы мүмкін. Бір жасқа дейінгі балаларда тұмауратқанда немесе кезекті екпеден кейін осындай мәселеге тап болады.

Мұндай құбылыстар жүйелі түрде немесе бірінші рет орын алуына қарамастан, бұны назардан тыс қалдырмау керек. Аяқ-қолдың тартылуы белгілі бір патологиядан туындаса, онда дер кезінде терапия көрсетілмегендіктен, БЦП немесе өзге диагноздарына айналып кетуі мүмкін. Неғұрлым себебі ертерек анықталса, солғұрлым тез және толық сауығу мүмкіндігі көбірек болады.

Әртүрлілігі мен белгілері

Тырыспа бірнеше топқа жіктеледі. Көпшіліктің мақұлдауы бойынша олар жайылған немесе бөліктік болып бөлінеді. Бірінші жағдайда құрысу барлық бұлшықетке тарап, дене  толығымен жансызданады, ал екіншісінде олар тек бір аймаққа ғана таралады.

Тырыспа клонустық және тонустық болып та бөлінеді. Клонустық тырыспа кезінде бұлшықеттердің дірілдеуі мен олардың тамырларының соғуы байқалады, содан соң барлығы босаңсумен алмасады. Ал тонустық тырыстыру жағдайында ұзаққа созылуы мүмкін. Құрамдастырылған, тонусты-клиникалық қысқарулар да бар.

Тағы да бір классификациясы бар – ол қызулық және қызулық емес. Белгілері мынадай болады:

  • қызулықтың білінген кезінде температура күрт жоғарылайды. Көбінесе суық тиіп немесе тұмаумен қатты ауырғанда пайда болып, негізгі аурудан айыққаннан кейін кетеді;
  • қызулық емес түрі ми қызметі бұзылған кезде туындайды, 3 жасқа дейін баланың түсіне кіруі мүмкін. Егер мұндай жағдай бірлі-жарым кездесетін болса, онда еш алаңдаудың қажеті жоқ. Бірақ жиі орын алатын болса, бірден дәрігерге қаралу керек. Әсіресе 3 жастан кейін және түнгі уақытта ұйықтап жатқанда еріксіз несептің шығуы орын алады. Қояншықтың және естен танудың көрініс табуынан сақтану керек.

Егер сіңірдің тартылуы қатты болса, онда мынадай белгілер тән болады:

  • еріннің және терінің үстіңгі қабатының көгеруі;
  • түнгі уақытта несептің тоқтамауы;
  • тістің шықырлауы;
  • қояншық;
  • қол немесе аяқтың тырысуы және түйілуі;
  • аяқ-қолдың дірілдеуі;
  • ымдаудың нашарлауы;
  • көзінің ақшиюы;
  • аллергияның белгілері;
  • ауыздан көбіктің ағу немесе құсу.

Диагностика және терапия

Шығу тегіне қарамастан, балалардың барлығы дерлік тырыспаға бейім болады. Сондықтан ата-аналар мұндай жағдайда не істеу керек екенін білулері керек. Кез келген жағдайда бірлі-жарым ұстамадан кейін балалар дәрігеріне қаралу ұсынылады. Ол баланы қарап шығып, білікті маманға, яғни эндокринологке, невропатологке немесе неврологке жолдама береді.

Әңгіме қызулық тырысу жайлы болса, онда ол көбінесе өзге аурулармен ауырған жағдайда байқалады және сонымен бірге жазылып кетеді. Қызулық емес кезінде жалпы диагностика қажет болады. Оның көмегімен баланың жағдайы жалпы бағаланады және патологиялар анықталады, яғни соның салдарынан оны осындай синдромдар мазалайды. Оған мынадай шаралар кіреді:

  • зертханалық қан талдауы – қанның сол немесе өзге де элементтердің тым артық немесе тапшы екенін анықтайды; 
  • электроэнцефалография – бас ми қандай жағдайда екенін бағалайды;
  • МРТ немесе компьютерлік томография.

Егер ұстамалы ауру күтпеген жерден басталса, онда дәрігердің көмегіне сенудің немесе үміттенудің қажеті жоқ. Ата-аналар балаға өз бетінше алғашқы көмекті көрсетулері керек. Барлығы түйілу қай жерде тоқталғанына және қаншалықты қарқынды екеніне байланысты. Бөліктік тартылу кезінде бұлшықетті уқалау керек.

Жайылған жағдай анағұрлым қауіптірек. Ең алдымен дәрігерді шақыру керек, ол келгенше мынадай әрекеттерді орындау керек:

  • баланы бір жағына қаратып, басына жұмсақ зат қойып жатқызу керек;
  • жанынан барлық қауіпті заттарды аласырақ жерге алып тастау керек;
  • таза орамал немесе матаны тістерінің арасына қою керек;
  • аузынан көбік шыққанда немесе құсқан кезде шашалып қалмас үшін басын бір жағына бұрып жатқызу керек;
  • киімдерін ағыту керек;

Тістеніп тұрған кезде тістерін ажыратуға болмайды. Ұстамасы басылғанша, су ішкізуге тыйым салынады.

Дәріргер дамудың себептері мен өзге де факторларға байланысты терапияның не ол, не бұл нұсқасын белгілейді.

Мәселе

Терапиялық шешімдер

Қызулық тартылулар

Негізгі мәселені жою

Гипокальциемия

Кальций глюконаты ерітіндісін егу

Гипогликемия

Глюкоза және декстроза ерітіндісі

Гипомагниемия

Көктамырға салынатын күкіртқышқылды магнезия

Жаңа туған сәбилерде ұстамалы ауру

Қарқынды терапия бөлімінде стационарлы ем қабылдау. Барбитураттарды қабылдау.

Сәбилерде жиі өздігінен болатын дененің құрысулары

Тыныштандыратын дәрі-дәрмектер

Ауыр түрі

Өкпені жасанды желдету, қан қысымын қалпына келтіру

Негізгі диагноз бен өтудің ауырлығына байланысты барбитураттарды қалдыбаудың ұзақтығының айырмашылығы бар. Егер қояншық ауруы болса, онда курс барынша ұзақ болуы керек.

Алдын алу шаралары

Мұндай жағдайларды бала дүниеге келгенге дейін алдын алу керек. Болашақ дүниеге келетін сәбидің денсаулығы әйел адам жүктілік кезінде қандай өмір салтын ұстануына байланысты. Сәби дүниеге келгенде барлық қарым-қатынас, яғни физикалық тепе-теңдік және эмоционалдық жағынан үйлесімді дамуын қамтамасыз ету керек.

Уақытылы физикалық жүктеменің, жиі серуендеудің, әртүрлі және пайдалы тағамның маңызы зор. Рационда барлық қажетті элементтер мен дәрумендер болуы керек. Бірақ оларды сол немесе өзге өнімдер түрінде қабылдау мүмкін бола бермейді. Ондай жағдайда қажеттіліктерінің барлығы ескеріліп жинақталған, балаларға арналған арнайы кешендерді қабылдап көру керек.

Доромарин және оның ерекшеліктері

Дәріханаларда дәрумендік кешендердің сан алуан түрі сатылады, сондықтан да дұрыс таңдау жасау қиынға соғады. Бірақ Доромаринің құрамы бірегей. Соның есебінен өсіп келе жатқан ағзаға кешенді әсер етіп, көптеген сырқаттарды ескерте отырып оны сыртқы әсерлерден қорғайды. Өзінің аналогтерімен салыстырғанда оның келесідей артықшылықтары бар:

  • толық табиғи компоненттер;
  • тіпті тұрақты тұтанғанның өзінде аллергиның пайда болмауы;
  • дәмі ұнамды;
  • құрамында пайдалы элементтер мен полисахаридтердің өте көп мөлшерде болуы;

Барлық компоненттер 3 жастан жасөспірім кезге дейін ағзаға не қажет екенін ескереді. Құрамын Биотехникалық Медицина Орталығы мақұлдаған.

Құрасындар

Нені қамтиды, қандай әсер береді?

Қиыршығыстық Ангустата ламинариясы

А, B, C, K топтарындағы дәрумендер  мен өзгелері, мырыш, темір, йод, күміс және басқалары (барлығы 40 элементтен көбірек). Зат алмасуға жақсы әсер етеді, ісіктердің өсуін баяулатады, ауыттарды шығарады, қант мөлшерін төмендетеді, аурудан айыққан кейін ағзаны қалпына келтіреді.

Трепанга сығындысы

B1, B2, B5, B6, C, B3-PP, фолий қышқылы. Балық майының қасиеті бар.

Теңіз кальциі

Тістер пен сүйектерді нығайтады, жарақат алу, сыну мен сіңірдің созылу қатерін азайтады.

Жеміс шырыны

Дәрумендермен қамтамасыз етеді және ұнамды дәм береді.

Құрасындар өсу кезеңіндегі қажеттіліктерді ескереді. Оны тек қана патологиялар болған кезде ғана емес, әртүрлі ауруларды алдын алу мақсатында дені сау балаларға да қабылдауға болады. Ол мынадай қасиеттерге ие:

  • зат алмасуды жақсартады – белсенді өскенде барлық пайдалы элементтер барынша жылдам сіңірілуі керек;
  • иммунитетті жақсартады – жас ағзаны жағымсыз әсерлерден, атап айтқанда қыс мезгілінде жақсы қорғайды; 
  • көздің көруін жақсартады – бұл әсіресе, мектеп оқушылары мен көп уақытынды гаджеттермен өткізетін балалар үшін өзекті. Көзге көп салмақ түседі, сондықтан көздің көруі нашарлау қауіпі туындайды. Көздің көруін емдік-профилактикалық өнімдерді қабылдаудың арқасында жақсартуға болады;
  • ми қызметін, зейін мен есте сақтау қабілетін жақсартады;
  • асқазан-ішек жолы жұмысын қалпына келтіреді – белсенді физикалық және ой әрекетінен кейін тағамның тез сіңуін қамтамасыз етеді;
  • регенерациялық процестерді жылдымдатады – балалар ойнап жүріп үнемі жарақаттануға тап болады. Дәруменді қабылдағанның арқасында жара жылдамырақ жазыла бастайды;
  • ағзаларды зиянды заттар мен уыттардан тазартады – олар ұзақ уақыт бойы жиналып, жағымсыз әсер етуі мүмкін;
  • жүректің қызметін қалпына келтіреді – жүрек ең қиын жүктемені де көтере алады;
  • қимыл-тірек жүйелерінің жұмысын қалпына келтіреді – қоспа остеопорозды, сколиозды және т.б. алдын алу болып саналады;
  • аяқ-қолдардың тартылуын және жансыздануын жойып, оларды ескертеді;
  • гаймориттен жазып, оның пайда болуына тосқауыл болады.

Балалардағы бірқатар аурулар мен жағымсыз синдромдарды, соның ішінде бұлшықеттердің еріксіз қозғалыстарын ескерту үшін мамандар осы өнімді қабылдауға кеңес береді. Ол әсіресе, келесі жағдайларда маңызды: Дәруменді емдік-профилактикалық өнім ретінде кешенді балалар ғана қолданбайды. Оны ересек адамдарға терапевт те, өзге мамандар да, акушер және гинекологтер, радиологтер, онкологтер, эндокринологтер, диетологтер және тағы да басқалары қабылдауға кеңес береді.

Балалардағы бірқатар аурулар мен жағымсыз синдромдарды, соның ішінде бұлшықеттердің еріксіз қозғалыстарын ескерту үшін мамандар осы өнімді қабылдауға кеңес береді. Ол әсіресе, келесі жағдайларда маңызды:

  • егер оның аллергиясы болса немесе көп ауырса – бұл иммунитеттің әлсіздігін білдіреді және оны тез арада күшейту керек;
  • әсіресе індет кезеңінде өзекті, инфекциялар мен вирустардың жұқтырушысы болатын қатарластарымен тығыз қарым-қатынас;
  • мектеп оқушысы оқу материалын нашар меңгереді – бұл ұмытшақтық салдарынан жиі болады;
  • мардымсыз тамақтанғанда және дәрумендер мен пайдалы заттардың жеткіліксіз мөлшерде қабылдағанда;
  • аз қозғалса және уақытының көп бөлігін теледидардың мен монитордың алдында немесе телефонмен өткізсе;
  • ол өте белсенді және өте көп күш жұмсайды, соның салдарынан тез шаршап қалады.

Балалар (мектеп оқушылары да, кішкентайлары да) үнемі әртүрлі жүктемелерге тап болғыш. Ағзаның өзінің үнемі шамасы келе бермейді. Сондықтан пайдалы элементтер түріндегі «қосымша күшке» мұқтаж болады. Ал Доромарин кешені олардың ең көп мөлшерінен тұрады.

Бірақ балаларда талма ұстаған кезде емдеу міндетті түрде кешенді болуы және сансыз көп терапиялық шараларды қамтуы керек. Ең маңыздысы – әсіресе жаңа туған сәби туралы болса, оны дер кезінде бастау керек. Олардың ағзалары нашар дамыған, сондықтан емделмеген жағдайда ишемиялық ми деттері, инсульт пайда болуы, тіпті өліммен аяқталатын жағдай орын алуы мүмкін. 

Емделушіде ұстамалы аурудың пайда болудың себебі қандай болса да және жиілігіне қарамастан, адамды толық қарап шығып, өміріне қауіп төндіретін салдарын ескеру керек.

Балалардағы тырыспа: не істеу керек? – Дәрігер Комаровский

Телефон нөміріңізді қалдырып, біздің мамандардың тегін кеңесін алыңыз.

Кері қоңырау

X

WhatsApp-ге жіберу