Доромарин - дені сау ұрпақ, бақытты отбасы!

Балалардағы холестерин түйіршіктері

Мазмұны: [Көрсету]

Балалардағы  холестерин түйіршіктеріХолестерин түйіршіктері деп кальцийдің, май тәріздес массаның (тікелей майдың), майдың және басқа да өнімдердің байланыстыру тіндері мен қантамыр қабырғаларында жиналуын айтамыз. Холестерин түйіршіктері мөлшерінің өсуімен қантамырлар саңылауы бітеліп, қабырғалардың иілгіштігі жойылып жүрек бұлшықеттері ауруларының пайда болу тәуекелі айтарлықтай жоғарылайды. 

Холестерин не үшін маңызды

Холестериннің өндірілуі мен жинақталуына бауыр жауапты. Бұл элементті толығымен жойып жіберуге болмайды, өйткені ол жасушалық мембраналардың, жүйке жүйесі органдары талшықтарының құрылуына және кортикостероидтар арасындағы байланыстың түзілуіне көмектеседі. Кортикостероидтар жалпы иммунитеттің күшеюіне әсер етеді, күйзеліске түсуден адам ағзасының қорғанысын мықты етеді. Кортикостероидтар біздің денеміздің түрлі қабынған аурулармен күресуіне көмектеседі.

Холестерин адам ағзасына D дәруменін шығару үшін де көмектеседі. Бұл элемент кальцийдің сіңірілуіне әсер етеді және остеопороздың дамуына кедергі болады.

Холестериннің түзілуі

Обмен холестерина в организмеХолестерин жоғарғы тығыздықты липопротеиндерде (ЖТЛП) түзіледі. Өзінің маңызды қызметін атқарып болған соң,  элемент қайта бауырға барып түседі. Басқа да холестерин болады. Оның түзілуі төменгі тығыздықты липопротеиндерде (ТТЛП) болады. ТТЛП холестерині бауырдан шыққан майды адам ағзасының қантамырларына тасымалдауға жауап береді.

Холестеринді жинақтауға арналған басты негіз ол тамақ. Егер өнім холестериннің жоғарғы мөлшеріне ие болса, онда элемент бауырда тотықпай, қанға дайындалмаған күйінде түседі. Осындай әрекеттер холестерин түйіршіктерінің түзілуіне себепші болады.

Балаға төнетін қауіп

Мұндай түйіршіктердің пайда болуы бала үшін айтарлықтай қауіпті. Қантамыр қабырғаларында төменгі тығыздықты холестеринді шөгінділердің пайда болуы атеросклероздың дамуына әкеледі. Түйіршіктер қантамыр қабырғаларының бұдыр жерлеріне барып бекітіледі. Былай қараса, май қабаттарын еске түсіреді. Асқынып кеткен кездерде мұндай элементтер қантамырларын толықтай жайлап алады.

 Сонымен қатар,  зақымдалған қантамырлардың созылуы мен иілгіштігі кәдімгідей төмендейді. Баланың артериялық қысымы жоғарылайды, ал зақымдалған тамыр қантамырдағы қысымның өзгерісіне тез арада жауап беру мүмкіндігін жояды, бұлар инфаркт немесе инсульт әкелуі мүмкін. Патологиялық әрекет көлемді түрде етек жайып, қантамырлары зақымдалған балаларда қысымның жоғарылауы медикаментоздық терапияға да бағынбауы мүмкін.

Алдын алу

Көбінесе холестерин түйіршіктері липопротеиндердің тығыздығы төмен болғанда қалыптасады. Аталған компоненттер элементті бауырдан қантамырларға тасымалдайды. ТТЛП деңгейі қалыпты көрсеткіштерден айтарлықтай жоғары болғанда, атеросклероздың қалыптасу тәуекелі жоғарылайды.

Бала өскен сайын қантамыр түйіршіктерінің пайда болуы үлкен қауіп төндіреді. Қантамырлардың қысылған жерлерінде дұрыс  қан айналу бұзылады. Бұл қабыну әрекеттерінің белсенділігіне әсер етіп, ұйысқан қанның пайда болуына әкеп соқтырады. Қан ұйысқан жер жарылып кетіп, ірі қантамыр қабырғаларын бітеп, ары қарай ішкі органдардың қанмен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік бермейді.

 Аурудың дамуына әсер ететін факторларды екі топқа топтастыруға болады. Біріншісі, ол әлі өзгертуге болатындары. Олардың көбі баланың өмір сүру салты мен отбасындағы жағдайға байланысты: гиподинамия, жиі күйзеліске түсу. Холестерин мөлшері көп майлы тағамдарды ішу де аз қауіп әкелмейді. Тәуекел тобына қант диабетімен, артериялық гипертензиямен және семірудің түрлі формаларымен ауыратын адамдар кіреді.

Тәуекел факторларының ішіндегі өзгерте алмайтындары ол осы аурудың ер адамдарға тән екендігі және отбасылық бейімділік.

Белгілері

Ұзақ уақыт бойы ата-аналар бала ағзасындағы қандай да бір өзгерістерді байқамауы мүмкін. Күйзеліс жағдайлары, физикалық күш түсу, жүрек қағысының бұзылуы жағдайды одан ары қиындатады. Бұл холестерин түйіршіктері жиналған жерлердегі қантамырлардың жарылуына әкеп соқтырып, ол жерлерде қанның ұйысуы немесе үлкен қанды ісіктің пайда болуына мүмкіндік тудырады.

Түйіршіктердің жинақталу аймағын ауруға байланысты белгілер анықтайды. Осындай кемістіктер аясында бала төмендегі көрсетілген жағдайлардан зардап шегеді:

  • Жүрек қыспасы
  • Ырғақсыздық;
  • Жүрек жеткіліксіздігі
  • миокард инфарктының ауытқушылығынан;
  • Атеросклероздың түрлі формаларынан

Жүрек қыспасының ұстап қалуы және басқа да ЖИА-ы баланы қинай бастайды. Ауыру белгілері кеуде тұсынан басталады. Кейбір балаларда ауыру желке тұсында, арқада және іштің жоғарғы жағынан білінеді. Кей балалар үшін:  дауыстың қарлығуы, жұту әрекеттерінің бұзылуы,  бастың жиі айналуы, ара-тұра естен тану (синкопальды жағдай) сияқты жағдайлар қалыпты болып кетуі мүмкін.

Емдеу ерекшеліктері

Өз уақытында тағайындалған және басталған емдеу шаралары ағзада холестерин түйіршіктерінің қалыптасуының көптеген зардаптарының алдын алуға көмектеседі.  Осындай түйіршіктердің жаңадан пайда болғандарымен күресудегі тиімді препараттың бірі “Доромарин”  дәрумендер кешені болып табылады. Отандық мамандардың заманауи өнімі туралы айтып отырмыз, оның негізі қоңыр балдырлар болып табылады. Синтетикалық қоспаларсыз, тек табиғи құрам бала ағзасына жақсы сіңеді.  “Доромариннің”  қарсы көрсетілімдері мен кері әсері жоқ, сондықтан оны 3 айдан бастап 16 жасқа дейінгі балаларға пайдалануға болады. 16 жастан асқан балаларға тиімділігі төмен.

 “Доромарин”  құрамы жағынан адам қанына өте жақын, сол себепті оның құрамындағы пайдалы ингредиенттер 98% сіңіп кетеді. Өнім полиқанықпаған май қышқылдары мен Омега3-ке бай, олар холестерин түйіршіктерінің еріп кетуіне және қантамыр жолдарының толықтай тазаруына көмектеседі. Баланың ішкі жүйелеріне тигізетін жалпы сауықтыру тиімділігі бойынша ешбір синтетикалық зат “Доромаринмен” теңесе алмайды.

Телефон нөміріңізді қалдырып, біздің мамандардың тегін кеңесін алыңыз.

Кері қоңырау

X

WhatsApp-ге жіберу