Доромарин - дені сау ұрпақ, бақытты отбасы!

Нәрестелердегі гипоксия

Статистикаға сүйенетін болсақ, 100 жағдайдың 4-6 жағдайында нәрестелерге гипоксия диагнозы қойылады. Патология жеңіл дәрежеде болуы мүмкін және де бұл жағдайда ағзада жағымсыз әсерлер байқалмайды. Бірақ кейбір нәрестелер қайтымсыз салдарға алып келуі мүмкін оттегі тапшылығының ауыр формасымен туылады.

Нәрестелердегі гипоксия дегеніміз не?

Гипоксия ауруға жатпайды, дұрысы бұл аурудың пайда болуына алып келетін патологиялық бұзылыс.Гипоксия медициналық термин ретінде hypo – аз және oxigenium – оттегі деген мағынаны беретін екі сөзден шыққан. Оттегінің жетіспеуі бас мидың барлық бөліміне жағымсыз әсер етеді. Оттегі жетіспеушілігі неврологиялық бұзылыстардың пайда болуына алдын ала жағдай жасайтын жасушалардың жойылуына алып келеді. Дегенмен, жалпы алғанда гипоксия ағзаның барлығына әсер етеді: жүректің жұмыс істеуі, тыныс алу жүйелері нашарлайды, рефлекстер төмендейді.

Гипоксия жіті және созылмалы болып бөлінеді. Баладағы оттегінің жіті жетіспеушілігі босану барысында жиі пайда болады. Созылмалы – жүктіліктің барлық мерзімінде оттегі мөлшері аз келіп түсетін болса, дамып жатқан нәрестеде болатын гипоксия.

Гипоксия ауруға жатпайды, дұрысы бұл аурудың пайда болуына алып келетін патологиялық бұзылыс.

Гипоксияның салдары нәресте дүниеге келе салысымен бағаланады. Ол үшін Апгар шкаласы қолданылады. Онда жаңа туған сәбидің рефлекстері, тыныс алу қызметі, жүректің қызметі, бұлшықет тонусы ескеріледі.

Апгар шкаласына сәйкес жаңа туған нәрестені бағалау кестесі

Параметрлері

Өзгерістерді бағалау

Ұпайлар

Тыныс алу

Қалыпты (сәби туғаннан кейін қатты жылайды)

2

Тұрақты емес немесе баяу

1

Анықталмайды

0

Тамырдың соғуы

Минутына 100 реттен артық  

2

Минутына 100 реттен кем

1

Анықталмайды

0

Рефлекстер

Сәби туылғаннан кейін дауысын қатты шығарып жылайды, түшкіреді

2

Рефлекстер нашар

1

Рефлекстер жоқ

0

Бұлшықет тонусы

Аяқ-қолдарымен белсенді түрде қозғалту

2

Қолдары мен аяғын бүгу

1

Минималды

0

Тері қабатының түсі

Сәбидің денесі толығымен алқызыл болуы

2

Терісі алқызыл, бірақ аяқ-қолдары көкшіл

1

Тері қабаты көкшіл және солғын

0

Туылғаннан кейін гипоксия болса, нәресте тексеру кезінде 3-4 балл жинауы мүмкін, бірақ босанғаннан кейін 10-15 минуттан соң қайта тексергенде 7-8 балл берсе, онда болжам айтарлықтай дұрыс болады.

Баланың жағдайы нашарлаған кезде, соңында жағымыз жағдайға алып келуі мүмкін.

Гипоксия баланың дамуына қалай әсер етеді?

Іште жатқан сәбидің гипоксиясы баланың ары қарайғы өміріне болмашы әсер етуі де, түзету қиынға соғуы да мүмкін. Олардың көрінім деңгейі ағзаға оттегі жетіспеушілігі әсерінің ұзақтығына байланысты.

Іштегі нәрестенің қанына оттегінің келіп түсу нормасымен салыстырғанда төмендетілгені бірінші бас мидың жағдайына кері әсер етеді:

  • Метаболиттік (алмасу) процестер бұзылады;
  • Тамырлы қабырғалардың өткізгіштігі ұлғаяды;
  • Қан айналымы нашарлайды.

Нәтижесінде бұл өзгерістер тіндердің ісінуіне алып келеді, соның салдарынан жүйке жасушалары зақымданады. Гипоксия неғұрлым ұзаққа созылса, солғұрлым бас мидың барлық құрылысы да, зардап шегеді және дегенерациялық өзгерістер болуы мүмкін.

Оттегі жетіспеушілігінің салдары гипоксияның дәрежесіне ғана емес, баланың олардың әсер етуіне дербес бейімділігіне де байланысты. Нәрестелерде ары қарай жоғары белсенділік, жүйкенің жұқаруы, сөйлеу және есту қабілеттері нашарлауы мүмкін. Гипоксия балаларда церебральды сал ауруының (ДЦП), парездің дамуын өршітеді. Оттегінің жіті жетіпеушілігімен босану кезінде бала үшін миға қан кетуі және ми ишемиясы болуы мүмкін, ал ол өз кезегінде орталық жүйке жүйесінің зақымдануына немесе өлімге алып келеді.

Алайда гипоксия кезінде өте жағымсыз болжам ерекше жағдайда ғана болуы мүмкін.

Жаңа туған сәбилердегі гипоксияның себептері

Іште жатқан сәбидегі гипоксия, яғни созылмалы оттегі жетіпеушілігінің белгілі бір аурумен ауыратын әйелдерде немесе жүктіліктің ерекшеліктерінің салдарынан туындауы мүмкін. Мұндай себептерге мыналар жатады:

  • Қант диабеті;
  • Ағзаның вирустарды жұқтыруы, әсіресе бұл жүктіліктің бірінші триместріне қатысты;
  • Ұзақ және жиі қайталанатын түсік тастау қауіпі;
  • Көпұрықтық жүктілік;
  • Қағанақ суының аздығы;
  • Әйел адамдардағы қан аздығы;
  • Бала жолдасының ішінара ажырауы;
  • Бала жолдасының қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы;
  • Зиянды тәуелділіктер – алкогольді ішімдіктерді қабылдау, нашақорлық, темекі шегу.

Жіті оттегі жетіспеушілігі – бұл босану кезінде туындаған асқынудың салдары. Бұл көбінесе:

  • Баланың кіндігіне оралып қалуы;
  • Қағанақ суының көптігі;
  • Егіздерді немесе үшемдерді босануға рұқсат еткен кезде босанудың ұзаққа созылуы;
  • Бала жолдасының мерзімінен бұрын бөлінуі. Мұндай жағдай ұрық көпіршігін жөнсіз тескенде, қатты толғақ кезінде және толғақты дәрі-дәрмектермен қарқынды түрде ширықтыру кезінде жиі туындайды;
  • Босануға күшінің әлсіз болуы.

Іштегі сәбиде үдемелі гипоксия белгілері болса, жедел түрде кесір тілігін жасату қажет болады.

Баладағы гипоксияның белгілері

Іштегі сәбидің созылмалы гипоксиясының баладағы салдарын анасы босанған соң бірден байқаумауы да мүмкін. Алайда, неонатологтер (перзентханадағы педиатрлар) сәби ағзасының жұмыс істеуіндегі сәл ғана өзгерісті байқаулары керек.Іштегі сәбидің созылмалы гипоксиясының баладағы салдарын анасы босанған соң бірден байқаумауы да мүмкін. Алайда, неонатологтер (перзентханадағы педиатрлар) сәби ағзасының жұмыс істеуіндегі сәл ғана өзгерісті байқаулары керек.

Жаңа туған сәбиге оттегінің жетіспеушілігін келесі белгілер бойынша күдіктенуге болады:

  • Терінің қуқылдығы, ауыр жағдайларда цианоз (ауыз және ерін айналасының көгеруі) пайда болады;
  • Тыныс алуының әлсіреуі немесе тыныс алмауы;
  • Әлсіз айғайлап жылауы;
  • Бұлшықет тонусының төмендеуі;
  • Брадикардиялар (жүрек, тамыр соғысының сиреуі). Жаңа туған сәбилердің жүрек соғысы қалыпты жағдайда минутына 100 реттен көбірек соғуы керек;
  • Рефлекстердің төмендеуі немесе толығымен болмауы.

Шарана сұйықтығының түсі арқылы да оттегі жетіспеушілігін байқауға болады. Қалыпты жағдайда ол – түссіз, ал патологиялық процестерде көк болып келеді.

Жоғарыда келтірілген белгілердің барлығын дәрігер ғана нақты анықтай алады. Бірақ байқампаз аналар да гипоксияның кейбір белгілерін байқай алады. Олар:

  • Иектің қайта-қайта дірілдеуі;
  • Бала ұйқысының нашар болуы;
  • Баланың жатысын өзгерткенде денесінің дірілдеуі;
  • Еміп жатқан уақытта емуін жиі-жиі тоқтатуы немесе ол уақытта баланың жылауы.

Баладағы гипоксияны емдемесе, 2 айында және одан ары қарай үлкейген сайын психомоторлы дамуының тежелуіне, эпилепсияға, гипербелсенділікке, гидроэнцефалопатияға алып келуі мүмкін.

Гипоксияның деңгейлері

Жаңа туған нәрестедегі оттегі жетіпеушілігінің деңгейі Апгар шкаласына сәйкес бағаланады:

  • 8-10 балл – туылған сәтте нәресте ағзасының жұмыс істеуінде ешқандай проблема жоқ екенін көрсетеді;
  • 6-7 балл – гипоксияның жеңіл дәрежесі;
  • 4-5 балл – ауырлықтың орташа дәрежесі;
  • 0-ден 3 балға дейін – гипоксияның ауыр формасы.

Бұзылыстың жеңіл дәрежесінде қалыпты тіршілік әрекеті бірнеше минуттың ішінде қалпына келеді және түзетуді қажет етпейді. Іштегі нәрестенің гипоксиясы салдарынан нәресте туғаннан кейін орташа деңгейде болса, бірнеше апта бойы емделу қажет болады. Патологияның ауыр деңгейінде ұзақ уақыт бойы емделеді, ал балаға ерекше күтім жасау керек болады.

Іштегі сәби гипоксиясының диагностикасы

Жүктілік кезінде сәбиде гипоксия бар екенін қалай білуге болады?Жүктілік кезінде сәбиде гипоксия бар екенін қалай білуге болады? Іште жатқан сәбиге оттегінің артығымен келіп түсуінің жетіспеушілігін болашақ ана сәбидің қозғалысының өзгергені бойынша байқай алады. 20-аптада бала қалыпты жағдайда күндізгі уақытта сағатына шамамен 10 рет қозғалуы керек. Сонымен бірге белсенді ғана емес, аз сезілетін қозғалыстар да ескеріледі. Жүкті әйелге баланың қозғалысы бір сағатта үш реттен аз сезілсе, онда алаңдауға себеп бар.

Оттегжетіпеушілігінің бар-жоғын анықтау үшін акушер-гинеколог патологиясы болуы мүмкін деп күдіктенген жүкті әйелдерді бірқатар қосымша тексеруден өткізуді белгілейді. Олар:

  • КТГ – кардиотокография. Аталмыш тексеру барысында жүкті әйелдің ішіне белгілеуіш аппаратқа баланың қозғалысы мен жүрек соғысы туралы ақпарат беретін датчиктер бекітіледі. Ол өз кезегінде КТГ көрсеткішін береді;
  • УДЗ және УДДГ. УДДГ-ден өту кезінде кіндікке және жатыр артериясына қанның ағу жылдамдығы анықталады;
  • Амниоскопия – қағанақ суын бағалау. Қынапқа енгізілетін эндоскоптың көмегімен жасалады. Оның көмегімен ұрық көпіршігінің төменгі бөлігі қаралады;
  • Қан талдауы. Оттегі жетіспеушілігі жүкті әйелдегі анемияның немесе биохимиялық көрсеткіштерінің өзгеруінің салдарынан болуы мүмкін.

Нәрестелердегі гипоксияның диагностикасы

Атап өткеніміздей, гипоксия сәби туылған кезде Апгар шкаласы бойынша анықталады. Орташа және күрделі деңгейдегі патология кезінде нәрестемен неонатологтен өзге балалар невропатологі де, айналысуы керек. Бас миындағы өзгерістерді толық бағалау үшін ультрасонография (бас миының УДЗ), қан талдауы және қажет болған жағдайда өзге де тексерулер мен неврологиялық тестерден өту белгіленеді.

Гипоксияны жүктілік кезінде емдеу

Жаңа туған нәрестелердегі гипоксияның не екенін болашақ аналар алдын ала білгендері дұрыс. Оттегі жетіспеушілігінің барлық салдарын біле тұра, әйелдер жүктілік кезінде емделу қажеттігіне күмәнданбайтын болады.

Іштегі нәрестенің үдемелі гипоксиясы кезінде жүкті әйел ауруханаға жатқызылады. Дәрі-дәрмектердің ішінен көп жағдайда мыналар қолданылады:

  • Қан тамырларын кеңейтетін дәрі-дәрмектер – Но-шпу, Эуфиллин;
  • Қан айналымын қалпына келтіретін дәрі-дәрмектер – Актовегин, Трентал;
  • Алмасу процестерін жақсартуға арналған ақуыздар мен аминқышқылдары;
  • Қорғаныс функцияларын арттыруға арналған нейропротекторлер.

Қажет болған жағдайда, жатыр тонусын жоятын препараттар қолданылады. Қан ұю қауіпі туындағанда Курантил белгіленеді. Егер 28-аптада іштегі нәрестенің гипоксиясы үдей түссе, онда кесарь тілігі белгіленеді.

Іштегі нәрестеде гипоксиясы бар жүкті әйелдерге оксигенотерапия (ағзаның оттегімен қанығуы), тыныс алу гимнастикасы ұсынылады, ал патологиялық бұзылысстың жіті кезеңінде төсекте жату режимін сақтау керек.

Гипоксияны босанғаннан кейін емдеу

Ауыр гипоксия кезінде нәрестені барокамераға, яғни оттегі қысыммен берілетін құрылғыға орналастырылады. Сәбиге қосымша мидың қызметін, тыныс алу мен жүректің жұмысын қоздыратын препараттар енгізіледі. Алмасу реакцияларын қалпына келтіретін дәрі-дәрмектер мен тыныштандыратын дәрілер, қажеттігіне қарай тырысуға қарсы дәрілер қажет.Егер кәсіби түрде көмек көрсетілетін болса, босану кезінде гипоксияның нәресте үшін салдары аз болады. Оттегі жетіспеушілігін дұрыс алдын алу бойынша шаралар жиынтығына келесі шаралар кіреді:

  • Тыныс алу жүйесінің қалыпты жұмыс істеуін қалпына келтіру – ауыз қуысындағы және мұрын қуысындағы шырышты тазалау;
  • Жаңа туған нәрестені жылыту;
  • Қын айналымы мен тыныс алуына жағдай жасайтын препараттар енгізу;
  • Оттегімен демалу маскасы. Жоғарыда келтірілген шаралар тыныс алуды қалпына келтіре алмаған жағдайда қолданылады.

Ауыр гипоксия кезінде нәрестені барокамераға, яғни оттегі қысыммен берілетін құрылғыға орналастырылады. Сәбиге қосымша мидың қызметін, тыныс алу мен жүректің жұмысын қоздыратын препараттар енгізіледі. Алмасу реакцияларын қалпына келтіретін дәрі-дәрмектер мен тыныштандыратын дәрілер, қажеттігіне қарай тырысуға қарсы дәрілер қажет.

Патологияның жеңіл деңгейінде нәресте қалпына келгеннен кейін үйіне шығарылады. Бірақ емшектегі бала невропатологтің бақылауында болуы керек. Сондай-ақ емдік денешынықтыру, массаж курстары, күнделікті серуендеу қажет болады.

Оттегі жетіспеушілігінің ауыр формасы бар балалар ең алдымен перинаталды орталықта ұзақ уақыт бойы емделеді. Содан соң оларға дәрілер, физиотерапиялық процедуралар, емдік денешынықтырулардан өзге де терапия курстарынан қайта өту керек болады. Мұндай нәрестелерге үйде тыныштық жағдайын ұйымдастыру керек. Ароматерапия мен тыныштандырғыш шөптермен фитованнаның пайдасы зор. Егер ата-аналар дәрігерлердің барлық ұсынымдарын орындаса және сәбиді дұрыс тамақтандырса, нәрестенің жағдайы тез жақсарады. Нәресте тамақтанумен қатар жүйке жүйелерінің дамуы үшін барлық қажет дәрумендерді қабылдауы керек. Гипоксиясы бар балаларға, әсіресе В тобының дәрумендері, аскорбин қышқылы, А дәрумені, микроэлементтер қажет. 

Жүктілік кезінде гипоксияның профилактикасы

Болашақ аналар өздері дербес түрде іштегі балаға оттегінің жеткіліксіз келіп түсу мүмкіндігін төмендете алады, ол үшін:

  • Саламатты өмір салтын ұстану – ішімдіктен бас тарту, темекі шекпеу, кунделікті серуендеу, еңбекті демалыспен кезектестіру керек;
  • Дұрыс тамақтану. Ішкі жүйелерге жүктеме барынша аз болатындай тамақтанып, бірақ іштегі бала дамуы үшін қажетті барлық дәрумендерді алатындай болуы керек;
  • Тыныс алу гимнастикасын және жеңіл дене жаттығуларын жасау керек. Оларды орындау арқылы қанның оттегімен қанығуы күшейеді.
  • Үнемі гинекологтің бақылауында болу керек. Дәрігерге көңіл-күйіндегі өзгерістерді, барлық созылмалы аурулары туралы хабарлап тұруы керек;
  • Инфекциялық ауруларды алдын алу керек.

Босанғаннан кейінгі гипоксияның профилактикасы

Босану кезіндегі нәрестенің гипоксияның салдарын дәрігер өзінің кәсіби әрекеттерімен ғана алдын ала алады. Жаңа туған сәбидің тыныс алу жолдарын тазартып, қажет болған жағдайда шұғыл жәрдемнің барлық түрін жасауы керек. Егер жаңа туған сәбидің жағдайы ауыр болса, онда сәбиді бірден жан сақтау бөліміне жатқызады. Онда сәби дәрі-дәрмекпен емделеді және үнемі медицина қызметкерлерінің бақылауында болады.

Ата-аналарға кеңес

Егер бала гипоксиямен дүниеге келсе, ата-аналарға қатты үрейленудің қажеті жоқ. Көп жағдайда сәбидің ағзасы оңай қалпына келеді, оған тек қана көмектесу керек.

Егер бала гипоксиямен дүниеге келсе, ата-аналарға қатты үрейленудің қажеті жоқ. Көп жағдайда сәбидің ағзасы оңай қалпына келеді, оған тек қана көмектесу керек. Әсіресе өмірінің алғашқы айлары емделу үшін өте маңызды. Егер ата-аналар осы кезеңде сәбидің денсаулығына көп уақыт бөлсе, онда бір жасқа келгенше дамуы жағынан өз қатарластарынан артта қалмайтын болады. Өздігінен қалпына келудің резервтік механизмдерін жеделдетуге емдік шаралардан өзге дәрумендер кешені көмектеседі. Олардың ішіндегі ең қауіпсіз және әсерлісі Доромарин емдік-профилактикалық өнімі болып саналады. Оның құрамында ангустат ламинариясы, теңіз кальциі, теңіз трепангасынан алынған экстрат, табиғи шырын бар. Жиынтық азғаның барлығына оң әсер етеді, ал оны оттегі жетіспеушілігі кезінде пайдалану:

  • Бас мидың жұмыс істеуіне оң көрініс беретін жүйке импульстарының берілісінің жақсаруына;
  • Бас миға оттегінің келіп түсуін арттыруға;
  • Алмасу процестерін алдын ала тұрақтандыруға;
  • Жүрек жұмысын тұрақтандыруға;
  • Тырыспаны жоюға;
  • Қимыл-тірек аппараты қызметінің бұзылуын болдырмау;
  • Оттегі жетіспеушілігі кезінде ағзаның барлық қажет биологиялық белсенді заттармен қанығуына мүмкіндік туғызады.

Емізулі балаларға Доромаринді үш айынан бастап беруге болады. Егер дәл осы уақытта жиынтықты пайдалануды бастайтын болса, ары қарай да өмірінде гипоксияның ауыр салдарының мазалауы екіталай. Доромарин жеңіл әсер етеді. Емдік-профилактикалық өнімнің әсерімен нәрестенің мазасыздануы азаяды, ұйқысы мен тәбеті жақсарады. Дәрумендер жиынтығы баланың физикалық және ақыл-ой дамуын жақсартып, иммунитетіне жақсы әсер етіп, асқорытуды қалпына келтіреді. Doromarine-нің тағы бір маңызы бар қасиеті – ағзаны токсиндер мен дәрілік заттардың қалдығынан тазалауы (бұл сәби өмірінің алғашқы айларында гипоксияның салдарынан көп дәрі-дәрмек қолданған болса, өте маңызды).

Пікірлер шынайы адамдардың

Здравствуйте! Айым, вот уже 16 день как сыночке принимает Доромарин, у него было черепное давление, из-за чего не мог нормально спать, после принятия вашего продукта спит хорошо, просыпается мало. Спасибо Вам большое, желаю увидеть плоды вашего труда!

Благодарю Вас от чистого сердца, 2 года уже боремся, не осталось ни одной больницы, где бы мы не пролечились. Дочка болеет ДЦП. Слава Аллаху, во-вторых Вам спасибо. У дочки был запор, не ходила в туалет до 10 дней, появлялся геморрой (кровоточило). После приема 3 банок Доромарин начались улучшения.

Доромарин Отзывы

Доромарин Отзывы

Доромарин Отзывы

Доромарин Отзывы

Доромарин Отзывы

Телефон нөміріңізді қалдырып, біздің мамандардың тегін кеңесін алыңыз.

Кері қоңырау

X

WhatsApp-ге жіберу