Доромарин - дені сау ұрпақ, бақытты отбасы!

Баладағы тістер

Баладағы тістердің белсенді жарып шығуы кезеңінде оның иммунды жүйесі әлсірейді. Сондықтан да бұл уақытта бала қосымша қорғанысқа мұқтаж болады, ата – аналар оның ағзасына вирустардың, саңырауқұлақтардың және бактериялардың түсу мүмкіндігін азайтуы қажет. Балалардағы тістердің жарып шығуы туылғаннан кейін бірнеше айдан соң басталады, бұл процесс барлық балада ауырсынусыз өтпейді. Симптомдар тізбегі қалыпты болып саналады, бұл ата-ананы уайымдатпауы қажет. Бірақ, балада пайда болған алғашқы тістердің кейбір ерекшеліктері квалифицирленген көмекті қажет ететін патололгиялық бұзылыстарды көрсетуі мүмкін. Денсаулығына ұқыптылықпен қарау және ағзаны нығайтуға арналған шараларды сақтау, баладағы сүт тістері шығатын уақытта жеңіл өтуіне мүмкіндік береді және асқынулардың алдын алады.  

Сүт тістері (уақытша) тістер деген не?

Баладағы сүт тістер уақытша болып саналады. Олар шамамен 5-7 айда жарып шыға бастайды және үш жасқа жақындағанда бұл процесс аяқталады. Осы кезеңнің соңына дейін балада 20 сүт тістері  (уақытша тістер ) болуы қажет.

Баладағы уақытша тістердің жарып шығуына тән ерекшеліктер тізбегі болады:

  • Тістер жұп болып шығады. Егер ата-аналар бір тістің шыға бастағанын байқаса, жақын уақытта екіншісінің жарып шығуын күту керек. Бір уақытта 2 немесе 4 тістің шығуы өте сирек жағдай;
  • Барлық тістер жұбы басында төменгі жақтан бастап жарып шығады, ол жанынан  жоғарыға қарай орналасқан тісшелерге байланысты емес;
  • Баладағы тістердің санын  мына формуламен анықтайды - «n-4», n- баланың айлық жасы.

Баладағы тістердің жасына байланысты жарып шығуын сызбаға қарап бағдарлауға болады:

Тістер

Олардың жарып шығуының орташа мерзімдері

Орталық күрек тістер

Төменгі –  6-9 айда

Жоғарғы – 7-10 айда

Жанындағы күрек тістер

Жоғарғы –  9-11 айда

Төменгі – 11-14 айда

Азу тістер(алғашқы 2 жұп)

Төменгі – 12-18 айда

Жоғарғы – 13-20 айда

Ит тістер

Төменгі – 16-22 айда

Жоғарғы – 17-23 айда

Екіншілік азу тістер

Төменгі – 20-26 айда

Жоғарғы -26-33 айда

Жоғарыда көрсетілген баладағы сүт тістердің шығу мерзімі үлгі ретінде алынған. Орташа көрсеткішпен салыстырғанда, кейбір балалардың тісі ертерек, кейбірінде кешірек шығады. Белгілі бір жаста балада қанша тістің болуы, тұқым қуалаушылыққа, ағзаның өзіндік қасиеттеріне, тамақтануына, бұрын ауырған ауруларына байланысты болады.

Уақытша тістердің ерекшеліктері мен олардың қызметі

Сүт тістер тұрақты тістермен салыстырғанда біршама басқаша құралған. Олардың эмальі жұқа, қалыңдығы 1 мм-дей, минералдары аз болады, пульпа (нерв ұштары мен қан тамырлары болатын тістің орталық бөлігі) үлкен, ал тіс сауытының пішіні симметриялы болады.

Баладағы тұрақты тістер 6 жасқа таман шыға бастайды және бұл процесс 11-12 жаста аяқталады. Көптеген ата-аналар уақытша тістердің жарып шыққан мерзіміне, құрылымына, орналасуына, тісжегінің пайда болуына және басқа да көптеген мәселелерге аса назар аудармайды. Бұл сүт тістердің рөлі бағаланбайды деген қате пікірмен байланысты болады.

Уақытша тістер көптеген қызметтер атқарады, олардың ішіндегі ең негізгілері:

  • Бет сүйегінің дұрыс қалыптасуы. Тістің жарып шығу мерзіміндегі ауытқуларға байланысты немесе тістер қатарының толық болмауынан, бет сүйегі жеткіліксіз дамиды, соның нәтижесінде бұл дұрыс емес тістеудің, асимметрияның және адамның келбетін нашарлататын басқа да мәселелердің себебі болады;
  • Қатты тағамды тістеу және шайнау. Алғашқы күрек тістері мен азу тістерінің арқасында бала тағамның жаңа түрлерін таниды, ол ас қорыту қызметіне жағымды әсер етеді және АІЖ жүйесі мүшелерінің жетілуін жылдамдатады;
  • Жақты тұрақты тістердің пайда болуына дайындайды. Сүт тістері оңай түседі, бұл түбірлік жүйенің сорылуына ықпал ететін арнайы катализаторлардың түзілуне байланысты болады.  Екінші жағынан, бұл катализаторлар тұрақты тістердің бастамасының қалыптасуына қатысады. Егер баланың сүт тістері қандай да бір себептерден болмаса немесе уақытынан бұрын түскен болса, онда тұрақты тістердің шығуында мәселелер болуы мүмкін;
  • Сөйлеу қызметі. Тістерсіз көптеген дыбыстарды дұрыс айту қиын, сондықтан олар болмаса дикция да дұрыс болмайды.

Баладағы сүт тістерін ағзаның барлық жағдайының индикаторы деп атауға да болады. Егер ол мүжіліп, түсін өзгертсе, ол белгілі бір бұзылыстарды, дәрумендер тапшылығын, дұрыс емес тамақтануды, зат алмасудың дұрыс еместігін, эндокринді және ас қорыту жүйелерінің ауруларын көрсетеді. Сүт тістерінде болған нәрселердің барлығы, тұрақты тістерде де көрініс береді. Емделмеген тісжегі пульпиттің, периодониттің себебі болады, ал ол тұрақты тістердің бастамасының бүлінуіне әкелуі мүмкін.

Сондықтан ата-аналар баланың тісінің жағдайына әрдайым көңіл бөліп, мазалайтын бұзылыстар болса, уақытылы дәрігерге қарату қажет. Егер баланың тісі ауырса, жылдам дәрігерге апару керек. Тістерді емдеу ерте жастан бастап жүргізіледі, балалар тіс дәрігерлері жеңіл әдістерді және емдеу тәсілдерін қолданады, яғни бала оны жеңіл көтере алатындай етіп қарастырады.

Баланың ересек кезінде қандай тістері болатыны тек оның күтіміне ғана емес, оған қоса сол кезеңде уақытша тістердің жарып шығуына қаншалықты көңіл бөлгеніне де байланысты болады.

Тістердің жарып шығуы кезінде болатын симптомдар

Ата-аналар бала туылғаннан бастап, оның алғашқы тістерінің шығуына дайындалады. Бұл процесстің қалай өтетінін ертерек болжау мүмкін емес. Кейбір балалар тістің шығуын жеңіл өткізеді, яғни оның жалпы жағдайы бұзылмайды және ауырсыну сезімдері болмайды.  Дегенмен көпшілік жағдайда, тістердің жарып шығуы белгілі бір өзгерістерді көрсетеді, олар:

  • Баланың қыңырлығы;
  • Қызылиектің бөртіп, ісінуі және қызаруы;
  • Тәбеттің төмендеуі;
  • Қызылиек тінінің қышуы. Әдетте балалар тітіркенуді өздері басуға тырысады, яғни, ойыншықтарды аузына салып, кеміреді;
  • Сұйық нәжіс;
  • Сілекейдің көп бөлінуі. Сілекейдің көп бөлінуі тістің жарып шығуының жанама белгісі болып саналады, яғни, шамамен 3 айда баланың сілекей бездері белсенді қызмет атқарады, ал оның алғашқы тісі әлдеқайда кейінірек шығуы мүмкін;
  • Дене температурасының 37-38,5 градусқа дейін көтерілуі.
  • Ылғалды жөтел;
  • Терінің сілекеймен тітіркенуіне байланысты болатын бөртпелер.

Барлық айтылған өзгерістер қауіпсіз болып саналады, оны көпшілік балалар басынан өткізеді. Қызылиектегі ауыру сезімін басуға арнайы гельдер мен ойыншықтар көмектеседі, қатты температура көтерілетін болса, бір уақытта ауырсынуды да басатын, қызуды түсіретін дәрілерді береді.

Дегенмен, баланың тістерінің жарып шығуы әдеттегідей болмауы да мүмкін. Кейде балаға квалифицирленген маманның көмегі қажет болады. Келесідей жағдайларда оған міндетті түрде қаралу керек: 

  • Температура 37 градус және одан да жоғары 3 күн бойы сақталады. Бұл вирустық немесе бактериалды инфекцияның қосылғандығын көрсетеді, оған қарсы күресу үшін арнайы ем қажет болады;
  • Мұрынның іріңді қабынуы. Баланың тістерінің шығу кезеңінде риниттің туындауы мүмкін, бұл кезде бөлінген шырыш түссіз сұйық болуы қажет. Егер маңқа қалың және сары-жасыл бола бастаса, онда суық тию ауруын жою қажет;
  • Қызылиектің айқын қабынуы. Баланың алғашқы тісі әрдайым қызылиектің ісінуімен шығады. Кейде бұл қабыну ушығып, төменгі жақтың көп бөлігін алып кетеді. Бұндай өзгерістердің себебі ісінген тінге патогенді микроорганизмдердің түсуі болып табылады. Ауыр жағдайларда балаларға антибиоткотерапияны, ал іріңдеу кезінде хирургиялық емді тағайындайды.

Егер бала шала туылған болса, алғашқы айларында көп ауырса, иммунитеті төмен және рахит сияқты патотогиясы бар балаларда тістерінің жарып шығуында қиындықтар жиі туындайды.

Тістердің жарып шығуы кезінде болатын асқынулар

Баланың сүт тістерінің шығу кезіндегі жалпы жағдайының нашарлауы, бұл кезеңдегі жалғыз мәселе емес. Оның дұрыс еместігін көрсетеді:

  • Тістердің ерте шығуы. Бұл кезде ешбір қауіптілік жоқ, тек анасына емізу кезінде қолайсыздық тудырады. Балалардың тіспен туылған жағдайлары да болған, көпшілік стоматологтар оны жұлып тастау қажеттігін айтады;
  • Тістің өте кеш жарып шығуы салдарынан, адентия – тістердің жартылай немесе толығымен болмауына әкелуі мүмкін;
  • Тістердің аномальды қалыптасуы  – артығымен, тістердің бетте, тілде, еріннің ішкі бөлігінде пайда болуы, күрек тістердің болмауы, қиғаш тістеу, тістер қатарының қабыспауы болады;
  • Эмаль гипоплазиясы. Яғни, тіс эмальінде қоңыр-сары жүлгелердің пайда болуын көрсетеді. Бұл жүктілік кезеңінде ауырған ауруларына немесе бала ағзасындағы минералдар тапшылығына байланысты болуы мүмкін;
  • Қызылиек гемангиомасы. Баланың тістері әрдайым дұрыс бағытта шыға бермейді, кейде оның өткір жиегі жанында орналасқан капиллярларды қысады. Соның нәтижесінде ол қансырап, гемангиома түзіледі. Оның емі дәрігердің бақылауымен жүргізіледі.

Көптеген асқынулардың алдын алуға немесе оның айқындылық деңгейін төмендетуге болады, оған баланың дамуына ұқыптылықпен қарау және уақытылы стоматологқа көрсету көмектеседі.

Тістердің жарып шығуы кезіндегі асқынуларды қалай болдырмауға болады?

Баланың алғашқы тісі шықты – не істеу керек және балаға бұл кезеңнен өтуге қала көмектесуге болады? Тәжірибелі дәрігерлер аналарға сабырлы болуға және ең алдымен баланың жағдайына көңіл бөлуге кеңес береді. Бұл кезеңде емшек жасындағы балаларға жанасу арқылы қатынас маңызды болып саналады, сондықтан оны көбірек қолға көтеріп, әңгімелесіп, көңілін басқа нәрсеге аударту керек. Ауыру сезімін басуға гельдер көмектеседі, оны қызылиекке жағу қажет. Балаға көбірек сұйықтық ішкізу керек, баланы тыныштандыруға бос емізіктер, суық өнімдер – тоңазытылған қияр, сәбіз, банан, яғни ол кеміре алатындардың барлығы көмектеседі. Ауырсыну сезімінің деңгейі, баланың қай тісінің шығып келе жатқанына байланысты болады. Көбіне мазасыздықты азу тістер тудырады, дегенмен ол бір жастан кейін шығады, бұл уақытта қолдануға болатын дәрілердің тізімі кеңейеді. Яғни балаға дәрілермен көмектесуге болады.

Баладағы тістердің белсенді жарып шығуы кезеңінде оның иммунды жүйесі әлсірейді. Сондықтан да бұл уақытта бала қосымша қорғанысқа мұқтаж болады, ата – аналар оның ағзасына вирустардың, саңырауқұлақтардың және бактериялардың түсу мүмкіндігін азайтуы қажет.

Иммунды жүйенің қызметінде, тістердің уақытылы жарып шығуында және асқынулардың болмауында тамақтану маңызды әсер көрсетеді. Өсіп келе жатқан ағза өзіне қажетті минералдарды, микроэлементтерді және дәрумендерді тұрақты түрде алып отыруы қажет. Бұл шарттар әрдайым орындала бермейді, оның себебі кейбір балалар белгілі бір тағамды ғана жейді немесе мүлде нашар тамақтанады. Оның жолы бар – пайдалы заттар бала ағзасына қосымша көздермен түсуі мүмкін, бірақ ол қауіпсіз әрі клиникалық тексерілген болуы қажет. Доромарин – балаларға арналған табиғи емдік-профилактикалық өнімі, бұл жағдайдағы ең әсерлілерінің бірі болып саналады.

Доромарин тістің жарып шығуына қалай әсер етеді

Дәрумендік кешенді балаларға 3 айдан бастап беруге болады. Оны курс бойынша қабылдау ағзаның барлық жүйесіне жағымды әсер етіп, олардың дұрыс дамуы мен қызмет атқаруын қамтамасыз етеді. Баладағы сүт тістер жарып шығу барысында, Доромарин:

  • Иммунды жүйенің қызметін арттырады, соның әсерінен бактериалды және вирустық инфекциялармен байланысу мүмкіндігі төмендейді;
  • Жүйке жүйесінің қызметін жақсартады, баланың қыңырлығын азайтып, ұйқысын жақсартады;
  • Тәбетті жоғарылатады;
  • Ас қорыту жүйесінің қызметін қалыпқа келтіреді.

Ең бастысы - Доромарин баланың тісі шығу кезіндегі асқынулардың алдын алады және оның  кейін дұрыс қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Ата – аналар Доромаринді сәбиге беру арқылы, баланың тісі шығуы кезіндегі жалпы жағдайын ғана жеңілдетіп қоймайды. Соған қоса, суық тию ауруларының, аллергиялық реакциялардың, аденоидтардың, дерматиттердің дамуының алдын алады.  

Доромарин  дәрумендік кешенінің ерекшеліктері

Балалардағы тістердің жарып шығуы туылғаннан кейін бірнеше айдан соң басталады, бұл процесс барлық балада ауырсынусыз өтпейді. Симптомдар тізбегі қалыпты болып саналады, бұл ата-ананы уайымдатпауы қажет.

Құрамына және қасиеттеріне байланысты Доромарин дәрумендік кешені тек табиғи заттардан жасалған, яғни олар:

Ламинария DoroMarine-нің негізгі компоненті болып саналады, оның құрамында әртүрлі топ дәрумендері, тағамдық талшықтар, темір, фосфор, йод, полисахаридтер және альгинаттар, ағзаға қажетті барлық заттар болады. Ламинария зат алмасу процессін жақсартады, иммундық жүйенің жетілуін тездетеді және нығайтады, тіндер регенерациясын ынталандырады, жүйке жүйесіне жағымды әсер етеді. Ангустат ламинариясындағы альгин қышқылы токсиндерді бейтараптап, олардың шығарылуын тездетеді, яғни, сорбент сияқты әсер етеді. Бұдан бөлек, ол микробқа қарсы әсер етеді, тыныс алу, ас қорыту жүйесінің шырышты қабығының, ауыз қуысының патогенді микроорганизмдерге тұрақтылығын арттырады, йодтың сіңірілуін жақсартады. 

Доромариннің құрамындағы теңіз кальцийі сүйек тінін нығайтады, жүрек-қан тамыр жүйесінің қызметін қалыпқа келтіреді.

Трепанг сығындысының құрамында ас қорыту және тыныс алу мүшелерінің дұрыс қызмет атқаруы үшін қажетті, микроэлементтер кешені және дәрумендер тобы болады. Олардың жеткіліксіздігі ауыз қуысының шырышты қабығының ойық жаралы зақымдануының, АІЖ ауруларының  және эндокринді патологиялардың себебі болуы мүмкін.

Доромариннің барлық компоненттері ағзаға біртұтас әсер етіп, дұрыс дамуына мүмкіндік береді және күрделі аурулардың дамуының алдын алады.

Сіз Доромарин бүкіл Қазақстан бойынша тегін жеткізе аласыз.

Доромаринді сатып алу


Кости - зубы

Пікірлер шынайы адамдардың

Здравствуйте, да пьем. Очень хорошие витамины! Спасибо вам большое! Ребенок много не потеет и зубы быстро вылезают, аппетит хороший

Была операция на две ноги. Вероятно благодаря Доромарину, мой сын быстро поправился, когда другие болели, чувствовали слабость. Слава богу сейчас все в порядке. Вчера сняли гипс. Принимаем Доромаин без перерыва

Берите, не пожалеете, у меня 2 сына тоже часто болели, без антибиотика не обошлись, у старшего сына не было аппетита, как начали пить Доромарин мы не болеем, зубки вылезли безболезненно

Я купила 4 банки, замечательный продукт, заказала еще 4 банки. Заметила хорошие изменения, помогает развитию ребенка и вырасти зубам, отлично! Спасибо Вам!

Доромарин Отзывы

Доромарин Отзывы

Доромарин Отзывы

Доромарин Отзывы

Доромарин Отзывы

Доромарин Отзывы

Доромарин Отзывы

Доромарин Отзывы

Телефон нөміріңізді қалдырып, біздің мамандардың тегін кеңесін алыңыз.

Кері қоңырау

X

WhatsApp-ге жіберу