Дені сау бала — ата-ананың қуанышы. Өкінішке орай, сәбилердің көпшілігі әртүрлі аурулармен нәресте жасынан-ақ бетпе-бет келеді. Олардың ішінде асқорыту жолдарының мәселелері басты орындарда тұр. «Гастрит» диагнозын дәрігерлер тіпті нәрестелерге де қояды, бұл әртүрлі жастағы балалар арасында аурудың жаппай таралғанын білдіреді.
Балалар гастритінің түрлері
Гастрит – дамуына көптеген факторлар әсер ететін ауру түрі. Ол денсаулыққа
қатысты басқа мәселелерге жасырына отырып, түрлі формалар мен түрлерге ие болады. Тек кәсіби гастроэнтеролог қана, баланы тексергеннен кейін, дұрыс диагноз тағайындайды.
Гастритті «шырышты қабаттардың қабынуы» деп те айтуға болады. Түскі немесе кешкі тамақтан кейін балаңыз асқазан тұсының ауырып тұрғанына шағымданса, тура осы нәрсе ішек жолдарында жүріп жатыр деген сөз.
Аурудың топтастырылуы бірнеше сипатқа бөлінеді. Ауру ағымына қарай дәрігерлер мынадай түрлерін бөліп көрсетеді:
- жіті гастрит (дамудың бастапқы кезеңінде, жіті түрінде көрінеді)
- созылмалы (бұл кезеңде тамақтанбай қоюға болмайды, себебі бала ауырсынуды сезбейді және қабыну шырышты қабықтың атрофиясына әкеледі)
- атрофиялық (бұл кезеңде мәселеден құтылу мүмкін емес - ол шырышты қабаттың құрылымын толығымен өзгертеді)
Балалар мектеп жасына жеткенде ғана асқорыту жүйесінің қалыптасуы аяқталады. Бұған дейін асқазан-ішек жолындағы қышқылдық деңгейі төмен болады. Бірақ ауру сатысына қарай оған үлкен өзгерістер әкеледі. РН деңгейі бойынша ауру былайша жіктеледі:
- жоғарғы қышқыл түзу;
- төменгі секрециямен;
- асқазанның қалыпты қышқылдылығымен.
Сонымен, этиологияға қарай, гастрит түрлері келесідей болуы мүмкін:
- аутоиммунды (ауру секрецияны бұзады және шырышты қабықтың қабыршықтарын жұтады)
- инфекциялық (ата-аналары осындай гастритпен ауыратын балаларда мұндай жағдай 100% диагностикаланады)
- рефлюкс-гастрит (дәрілерді жиі қабылдау асқазанда түрлі ауырлықтағы қабыну түрлерін тудырады )
Гастроэнтерологтар тіпті емшектегі балалардың да асқазан мәселесінен зардап шегетінін мәлімдеп отыр. Балаға қойылатын мұндай диагнозды естігенде, орта жастағы балалар ата-аналары таңқалыстарын жасырмайды.
Балалар гастритінің себептері
Гастроэнтерология саласындағы ең танымал мамандар балаларда гастриттің неше түрі болатынын айтуда. Сондықтан, сізге күтпеген диагноз қойылса, оған дайын болыңыз. Балалардағы бұл мәселелер неден туындауы мүмкін?
Жалпы ауру екі жағдайда байқалады:
- Бастапқы (оны асқазанның шырышты қабатының зақымдалуы тудырады);
- Қайталайтын (дұрыс тамақтанбау нәтижесінде осындай мәселе туындауы мүмкін, үстелде бұрыштан жасалған тағамның болуы және антибиотиктерді жиі ішу).
Әдетте бұндай жағдайларда гастрит жіті деп топтастырылмайды. Кішкентай балалардағы бұл асқазан мәселелері созылмалы кезеңге сирек айналады.
Мәселе туындауының ең кең таралған себептері мыналар:
- тамақтану кестесінің дұрыс еместігі;
- балалар үстелінде болмауы керек тағамдарды тұтыну;
- ішек құрт инвазиялары;
- антибиотиктер қатарына жататын дәрілер;
- дәрігер кеңесінсіз тағайындалған химиялық заттар.
Гастроэнтерологтар иммунитеті төмен балалардың гастритке жиі шалдығатынын айтады. Сонымен қатар бұл ауру тағамдық өнімдердің сіңірілуіне қатысты мәселелер тудырады. Бала арықтап, дәрумендер мен минералдардың қатты тапшылығын сезінеді. Бұл жеткіліксіздікті арнайы кешенді өнім қабылдау арқылы толтыруға болады.
Асқазан ауруларының ішіндегі кең таралған себептері:
- уытты инфекциялар;
- хеликобактер пилори бактериясы;
- уланулар;
- жіті вирустық инфекциялар (мысалы, тұмау);
- иммундық жүйенің зақымдалуы.
Нәрестелер мен 14-тен 16 жасқа дейінгі жасөсіпірімдерде ауруды қоздыратын факторлар жеке жазылады. Нәрестелерде сырқат мына жағдайлардан кейін пайда болады:
- сүт қоспаларын жиі ауыстырғаннан;
- ерте тамақтандыруды бастағаннан;
- балаларға арналмаған тамақтардан.
Жасөспірімдер мәселені көбіне өздері қолдан жасап алады: барлық басқа тамақтардың орнына ащы және майлы жейді, алкоголь ішіп, темекі тартады.
Балалар гастритінің белгілері
Жіті және созылмалы гастрит түрлерін медицинада екі топқа бөліп қарастырады:
- жалпы;
- өзіндік.
Аурудың жалпы белгілері бірден байқалмай анда-мұнда пайда болуы мүмкін, ал кейбір нәрестелер үшін керісінше, бәрі кенеттен басталады және белгілердің барлық тобын бір мезгілде байқауға болады. Оларға мыналар жатады:
- іштің ауыруына шағымдану (белгі тамақтанудан бұрын және одан кейін айқынырақ көрінеді);
- қыжыл;
- кекіру;
- үлкен дәрет мәселесі (көбіне диарея);
- іштің жанып тұрғандай сезімде болуы;
- жылдам шаршау;
- жиі ашуланшақтық.
Жіті формалардағы гастрит қоздырғыш дәрілерді қабылдағаннан кейін он екі сағаттан соң басталады. Мұндай мәселелерді басқа белгілермен шатастыру қиын:
- ауыру белгілері;
- лоқсу;
- құсу;
- сілекейдің көп бөлінуі;
- терінің бозғылдығы;
- тілдің ағаруы.
Улы инфекция болған кезде клиникалық сипат кішкене өзгеше болады:
- жоғарғы температура;
- шырышты құсу;
- диарея;
- әлсіздік;
- селқостық және енжарлық.
Гастриттің созылмалы түрін жоғары аталған белгілерге қарап анықтайды. Бұған мыналарды қосуға болады:
- іштің түйіліп ауыруы;
- дене салмағының төмендеуі;
- дене температурасының жоғарылауы.
Гастроэнтерологтар осы айтылған белгілердің тіпті біреуі байқалса да, ата-аналардың балаларын балалар клиникасына апаруына кеңес береді.
Балалар гастритін диагностикалау
Педиатрияда «гастрит» деген диагнозды дұрыс қою өте қиын. Барлық тексерулер асқазанға арнайы құрылғыларды енгізу арқылы анықталады:
- РН деңгейін анықтауға арналған зондпен тексеру;
- биопсия;
- электродтар ендіру;
- ішкі қысымды өлшеу.
Ауру анықталған жағдайда балалар гастроэнтерелогы жалпы зертханалық талдаулар жасатады, олар:
- қан талдауы;
- несеп талдауы;
- нәжіс талдауы.
Осылайша, ол басқа органдардың: бауыр мен ұйқы безінің зақымдану дәрежесін анықтауға тырысады.
Хилокобактер пилори бактериясымен асқазан жолының зақымдалуын оңай жолмен анықтауға болады. Ол үшін тіпті екі жастағы балалар жасай алатын арнайы тест бар:
- бала су ішеді;
- бірнеше минуттан кейін арнайы жабдыққа демалады;
- дәрігер баладан бөлінген көмірқышқыл газының деңгейін анықтайды.
Егер ол қалыпты болса, гастриттің инфекциялық түрі дегенді ұмытуға болады.
Гастритті белгілеріне қарай ішек жарасымен, панкреатитпен, өт қабынуымен және ішкі органдардың паразиттерімен шатастырып алу оңай екенін ата-аналардың түсініп алғаны маңызды. Олардың әрқайсысы гастриттің пайда болуының алдында тұруы мүмкін, оның себебі немесе әсері болуы ықтимал. Сондықтан балада кездесетін асқазан-ішек жолдарының кез-келген мәселелері орын алса, ата-аналар балаларын дереу педиатрға көрсетулері керек.
Балалар гастритін емдеу
Кішкентай науқасты емдеу тікелей гастрит түріне байланысты. Көбінесе, гастроэнтерологтар сіздің балаңыздың денсаулығын қалпына келтіруге көмектесетін бірнеше тәсілдер тобынан тұратын кешенді емдеу тәртібін құрайды.
Оларды кесте түрінде қарастырған ыңғайлы
Гастрит түрлері |
Терапия түрлері |
||||
Эрадикационды терапия |
Диета |
Дәрімен ұстап тұру |
Физиотерапия |
Шипалы-дауалы емдеу |
|
Хеликобактер жұқтыру |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
Жоғары немесе төменгі қышқылдылық |
+ |
+ |
+ |
||
Жіті гастрит |
+ |
+ |
+ |
+ |
|
Созылмалы гастрит |
+ |
+ |
+ |
+ |
|
Уытты- инфекциялық |
+ |
+ |
+ |
Терапияның әр түрі туралы кішкене толығырақ айтып өтейік.
Эрадикационды терапия
Хеликобактер жұқтырған кезде дәрігерлердің ең бірінші тапсырмасы мыналар болып табылады:
- бактерияны бейтараптандыру;
- асқазан жұмысының дұрыс тәртіптегі жұмысын қалпына келтіру.
Осы мақсатта балаларға препараттардың көптеген кешені тағайындалады, оның ішіне:
- антибиотиктер;
- пенициллиндер;
- макролидтер кіреді.
Ангустат ламинариясы негізінде жасалған емдеу-профилактикалық өнімдері жоғары тиімділікке ие. Оның құрамына «алгинаттар» деп аталатын зат кіреді. Олардың бактерияға қарсы және қалпына келтіру қасиеттері бар.
Диета
Дұрыс тамақтану баланы емдеу кезінде маңызды рөл атқарады. Онсыз гастритті емдеу мүмкін емес. Жедел сатысында дәрігерлер нәрестеге тек блендер арқылы өтетін тағамдарды беруге кеңес береді. Тағам үлесінен дәмдеуіштер, қант, майлы ет пен газдалған сусындарды мүлде шығарып тастаңыз. Гастроэнтерологтар жемістер мен көкөністерді тұтынуды шектеуді ұсынады. Целлюлозаға бай бұл өнімдер асқазанның қабынып тұрған шырышты қабатын тітіркендіреді.
Тамақтанудың мұндай тәртібі 2-3 ай бойы сақталады. Баланың тамақ үлесіндегі жаңа піскен жемістер мен көкөністердің жетіспеушілігін толтыру үшін, күн сайын табиғи құрамдас бөліктер негізіндегі дәрумендер кешенін беру қажет. Гастрит кезінде әсіресе А және В дәрумендерін қабылдау маңызды. Мәселен, егер құрамында микро- және макроэлементтер бар болса. Бұл асқорытуды қалыпқа келтіруге көмектеседі.
Балалар жиі тамақтанулары керек: аз-аздан күнінен бес реттен кеме емес. Тамақтың:
- тура ішер алдында дайындалғаны;
- суық немесе ыстық емес, жылы болғаны;
- мынадай түрлермен дайындалғаны: қайнату, буға қайнату, пісіру;
- бала гастритінің түріне қарай таңдалып дайындалғаны маңызды.
Мысалы, жоғары қышқылдық болған кезде, сүт және барлық сүт өнімдері пайдалы болады. Ал секрецияның төмен деңгейі болғанда үстелде міндетті түрде сорпалар мен әлсіз компоттар болуы керек.
Дәрімен ұстап тұру
Гастриттің кез келген формасында дәрілер беріледі. Оларсыз ауруды емдеу мүмкін емес. Әсіресе жіті жағдай орын алғанда дәрі ішу өте маңызды. Олар қабынуды жылдам басады және ауыру сезімін жояды.
Гастроэнтерологтар өздерінің кішкентай науқастарына мынадай дәрілер тағайындайды:
- ферменттер;
- дәрумендер;
- шөп қайнатпалары;
- антацидтер;
- ауыруды басатын дәрілер.
Заманауи құралдарды зерттейтін дәрігерлер ата-аналарға емдеу тәртібіне полисахарид фукоиданы бар емдік-профилактикалық өнімдерді қосуды ұсынады. Олар мынадай рөл атқарады:
- табиғи сіңіргіш;
- ұлпалардың қалпына келу әрекетін жылдамдатқыш;
- иммунитетті күшейткіш.
Асқазан мәселесімен зардап шегетін балалар үшін мұндай тиімділік өте маңызды. Фукоиданмен сауықтыру әрекеті жылдамырақ жүреді.
Физиотерапия
Емдеу кестесіне физиотерапияның кез келген сатысын қосады. Жіті сатысы мына жолдар арқылы қайтады:
- лазермен;
- ультрадыбыстық толқындармен.
Созылмалы түрінде электрофорез сеанстары тиімді болады.
Жоғарыда көрсетілген емдеу тәсілдерімен бірге дәрігерлер кальций қабылдауды ұсынады. Балалардың денесі теңіз кальцийін жақсы сіңіреді. Ол гастритті емдеуде көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар мидың белсенділігін ынталандырады, көздің көруін жақсартады және вирустық ауруларға қарсы жақсы кедергі қалыптастырады.
Шипалы-дауалы емдеу
Созылмалы гастриттен зардап шегетін балаларға жылына екі рет арнайы шипажайларға баруға кеңес беріледі. Бұл аурудың асқынып кету қаупін төмендетеді.
Балалар гастритін болжау және оның профилактикасы
Дәрігерлердің ұсыныстарына жауапкершілікпен қарайтын ата-аналар өздерінің балаларының денсаулығы үшін уаымдамаса болады. Уақытында емдеу және толыққанды тамақтану мәселені мүлде ұмытуға көмектеседі.
Ал енді асқынған түрлері созылмалы түрге айналып, мынадай аурулардың пайда болуына әкеліп соқтырады:
- он екі елі ішектің қабынуы;
- жара;
- өт жолының қабынуы;
- тоқ ішектің қабынуы.
Мәселенің алдын алу үшін мына тізімдегі тәртіптерді қатаң сақтаңыздар:
- жиі тамақтануды қамтамасыз етіңіз;
- зиянды тамақтарды тамақ үлесінен мүлде шығарып тастаңыз;
- асқазан жолының жарақатының себебі болатын заттарды (мысалы, батарейлер) балалардан тығып қойыңыз;
- баланың көзінше темекі шекпеңіз;
- отбасында достық қарым-қатынас ұстаныңыз (күйзеліс асқорыту жолдарының жұмысына жағымсыз әсер етеді);
- табиғи дәрумендер кешені қабылдау арқылы мәзіріңізді үлкейтіңіз.
Соңғы кеңесті ата-аналар көп ұстана бермейді. Ал педиатрлардың айтуы бойынша, дұрыс таңдалған дәрумендік кешен – бұл бала денсаулығының негізі.
Ата-аналарға кеңес
Егер сіз балаңыздың асқорыту жолдары туралы уайымдайтын болсаңыз, оны DoroMarine деген атпен белгілі балаларға арналған табиғи емдеу-профилактикалық өнімін қабылдауға үйретіңіз. Ол өзінің қасиеттерінің арқасында гастритті емдеуге жақсы көмекші болады:
- ауыруды басады;
- түйілуді жояды;
- ұлпалардың қалпына келуін жеңілдетеді.
Сонымен қатар бұл дәрумендік кешен:
- асқорытуды қалпына келтіреді;
- ішек жұмысын жақсартады;
- жайсыздықты жояды;
- ауыр металдардың тұздарын сыртқа шығарады;
- қабыну әрекетін жояды;
- бактерияларды өлтіреді (сонымен бірге ауру тудыратын түрлерін де);
- мүмкін болатын қансырауларға кедергі болады.
Кішкентай науқастарды гастриттен емдеу кезінде Доромаринді емдеу сатысына қосқанда бірінші күннен-ақ жақсару белгілері біліне бастайды. Ата-аналар мынадай белгілерді байқайды:
- кекірік азаяды;
- қыжыл жойылады;
- тәбет жақсарады.
Балалар лоқсу мен әлсіздікке шағымдануларын қояды.
Гастрит кезінде асқазан қабырғаларын одан ары тітіркендірмес үшін табиғи негіздегі өнімдерді қабылдау маңызды. DoroMarine толықтай осыған сай келеді. Оның құрамында:
- ангустат ламинариясы;
- трепанг сығындысы;
- теңіз кальциі;
- дәрумендердің, минералдың, макро- және микроэлементтердің кешені;
- табиғи жеміс шырыны бар.
Балаңыз қашанда қуанышты жүріп және дұрыс дамысын десеңіз, оның асқазанын мүмкін болатын инфекциялар мен қабынулардан қорғаңыз. Доромарин – өз балаларының денсаулығын қорғайтын ата-аналардың сенімді көмекшісі.
Гастрит пен асқазан жарасының дәрілері - Дәрігер Комаровский