Кішірек жастағы балалар ЖРА-мен ата-аналар жылына бірнеше рет соқтығысады. Және көбінесе өз бетінше терапия жасау қате болып табылады, себебі бұл иммунитеттің әлсіреуі мен асқынуларына әкеліп соғады. Балаға дұрыс ем тағайындау үшін, бірінші кезекте ЖРА-ның ЖРВИ-дан және тұмаудан қандай айырмашылығы бар екенін, қайта ауырудың алдын алатын респираторлық аурулар себептері мен амалдарын біліп алу керек.
ЖРА, ЖРВИ немесе тұмау
Суқық тиген деген термин ресми түрде медицинада қолданылмайды. Бұл көбіне жалпылама атау және оның ішіне – ЖРА, ЖРВИ және тұмау секілді барлық респираторлық аурулар кіреді. ЖРА өз кезегінде жедел респираторлық аурулар деп түсіндіріледі. Оның тууына алып келетін негізгі микроағзалар, бұлар вирустар, түрлі бактериялар, кейде тіпті зеңдер. Ал ЖРВИ жоғарыда аталған вирустардың нақты бір қоздырғыш вирусы тудыратын ауру.
ЖРВИ мен ЖРА белгілері көбіне ұқсас болып келеді, әсіресе аурудың алғашқы күндерінде. Алайда вирустық инфекцияны басқа қоздырғыштармен зақымдалған тыныс алу жолдары ауруларынан ерекшелейтін бірнеше белгілер бар.
Белгілері |
ЖРВИ |
ЖРА |
Аурудың басталуы |
Жылдам |
Ақырындап |
Температура |
Вирустық инфекцияның алғашқы белгілерінен кейінгі 2-3-ші күндері білінеді |
Көп жағдайларда суық тиюдің нақты белгілерінің пайда болу кезінде білінеді |
Түшкіру |
Алғашқы белгілерінің бірі |
Болмауы да мүмкін |
Улану белгілері (әлсіздік, бастың ауыруы, тамақтан бас тарту) |
Көбіне бірден байқалады |
Анық біліне бермейді |
Мұрыннан су ағу |
Мұрыннан ағатын су көп және түссіз болады |
Бірінші күндері шырыш ашық түсті, кейін ірің қосылып сары-жасыл түске айналады |
Тамақта болатын өзгерістер |
Тамақтың артқы қабырғасы қызыл болады, тексергенде мұрыннан ағатын шырыш көрініп тұрады |
Қызылдау шырыштың сырты ақ және сары қабатпен қапталып тұруы мүмкін |
ЖРА мен ЖРВИ айырмашылықтары аурудың пайда болу уақытына да байланысты болады. Егер бала маусымдар ауысуы кезінде ауырып қалса, онда бұл вирустық инфекция. Қыста пайда болған ауру көбіне ЖРА болады. ЖРВИ ЖРА-на айналып кетуі де мүмкін, яғни вирустық инфекцияға бактериялық инфекция қосылып, жалпы жағдайды нашарлатады, басқа аурулардың пайда болуына әкеледі және сауығу аралығын ұзартады.
ЖРА мен ЖРВИ емдеуде ерекшеліктер бар ма? Суық тию ауруларын емдеу терапиясы негізінен ұқсас, бірақ вирустық инфекция кезінде вирусқа қарсы дәрілер қажет, ал ЖРА-ның ауыр түрінде бактерияға қарсы терапия қажет болады. Балаңызға қандай дәрі түрлері қажет екенін тек тәжірибелі дәрігер ғана шеше алады, олардың таңдауы баланың жас ерекшелігіне, аурудың ауырлығына қарай, тағы басқа патологияларына қарай жүреді. Бірақ ЖРА-на өз бетімен жазылып кетеді деп қарауға мүлде болмайды. Уақытылы алынбаған терапия тыныс алу жүйелерінің жоғарғы жағынан төменгі бөліктеріне дейін кетіп қалу себебі болуы мүмкін, бұл фарингит, трахеит, ларингит, ауыр жағдайларда бронхит пен пневмонияға дейін жеткізуі ықтимал. ЖРА асқынған кезде баланың құлағы қабынуы да мүмкін.
Балалардағы ЖРА себептері
Балалардағы вирустық түрдегі ЖРА тұмау вирустарының, энтеровирустардың, аденовирустардың және басқа да көптеген микроағзалардың әсерінен пайда болады, барлығы 200-ден астам түрді құрайды. Бактериялық ЖРА себептері ағзаға кокстық микроағзалардың, гемофилді таяқшалардың, кейде легионелланың енуіне байланысты болуы мүмкін.
Ауырып тұрған балалардан сау балаларға вирустар мен бактериялар ауалы-тамшылы түрмен, сондай-ақ бір-біріне жанасу, ортақ ойыншықтар, жеке заттары арқылы беріледі. ЖРА балалар арасында таралуы мынадай факторларға байланысты:
- Иммундық жүйенің жетілмеуі;
- Балалар ұжымындағы көп балалар тобымен тығыз байланыс;
- Нашар желдетілген бір орында ұзақ отыра беру, бұған балабақшалар мен мектептерді жатқызуға болады.
Көбіне ЖРА 1 жастан 5 жасқа дейінгі балалар арасында кездеседі. Бір жасқа дейін баланың ағзасы анасының қарсы денелері арқылы патогендік микроағзалардан ішінара қорғалады және осы уақытта әдетте кішкентай балалар бөтен адамдармен сирек кездеседі.
Кішкентай балаларда суық тиюдің пайда болу ықтималдығын арттыратын бірқатар алдын-алу себептері бар:
- Теңгерімсіз тамақтану;
- Иммундық жүйенің төмен жұмысы;
- Пәтердегі лас ауа;
- Дәрумен тапшылығы;
- Созылмалы аурулар;
- Суық тию.
Балада ЖРА жиі қайталануын болдырмау үшін, суық тиюді толық емдеп қана қоймай, сонымен қатар оның дамуына себеп болатын факторлардың ағзасына тигізетін әсерін азайту қажет. Сондықтан балаға дұрыс ем жасап қана қоймай, жақсылап аурудың алдын-алған дұрыс.
Балалардағы ЖРА белгілері
Ауру тудырушы микроағзаларды жұқтырған сәттен бастап ЖРА-ның айқын белгілерінің пайда болуына 3-5 тәуліктен көп уақыт кетеді. Бұл кезең инкубациялық деп аталады. Әдетте инкубация аяқталғаннан кейін балалар әлсіз, жылауық болады, нашар ұйықтайды, тамақтан бас тартады. Осыдан кейін айқынырақ белгілер пайда болады:
- Дене қызуы 38-ге дейін және одан жоғарыға көтерілуі мүмкін;
- Дауыс қарлығып, тамақ қышиды;
- Мұрыннан су ағады, мұрын бітеледі, су ағады;
- Бұлшықеттердің ауыруы, кейбір балалар құлақтарының ауырып тұрғанын айтып шағымданады;
- Тамақтан бас тарту, жылаңқылық, бас ауруы, кейде лоқсу мен құсу түріндегі ағзаның улануы.
ЖРА алғашқы 2-3 күнде ауыр өтеді. Содан кейін белгілері төмендеп, бірақ құрғақ жөтелдің орнына ылғалды жөтел келуі мүмкін, ал көбінесе мұрыннан жасыл шырыш шыға бастайды. Кішкентай балаларда асқынбаған ЖРА шамамен 7-10 күнге созылады. Егер суық қатты жөтелмен бірге жүрсе, онда ол баланы тағы 2-3 апта бойы мазалауы мүмкін.
Балалардағы ЖРА-ын диагностикалау
Балалардағы ЖРА диагностикасы көбінесе жұтқыншақты тексергеннен, өкпе мен бронхтарды тыңдағаннан кейін және ата-аналардың шағымдары негізінде жасалады. Ауыр сырқат жағдайында дәрігер:
- Жалпы қан және есеп талдауын;
- Антибиотиктерге мұрын мен жұтқыншақтың сезімталдығын тексеретін жұғынды алуды;
- Пневмония немесе бронхиттің жоқ екеніне көз жеткізу үшін рентгенге түсіруге кеңес береді.
Балалардағы ЖРА-ын емдеу
ЖРА-ын дәрімен емдеуді педиатр дәрігер таңдауы керек. Ата-аналар антибиотиктердің барлық жағдайларда тағайындалмайтынын есте сақтаулары қажет. Оларды пайдаланудың негізгі белгілері - бұл 3 немесе одан да көп күн бойы дене қызуының жоғары болуы, аурудың қатты болуы, ағзада бактериялық инфекцияның дамуы туралы нақты диагностикалық деректердің болуы. Көптеген аналар балаға антибиотик беру, оны асқынудан қорғайтынына сенеді, бірақ бұл дұрыс емес. Антибиотик дұрыс тағайындалмаса, бұл терапия иммунитеттің төмендеуі, дисбактериоз, асқорытудың бұзылуына әкеледі. Яғни, керісінше, суық тие берудің жиі пайда болуы үшін мүмкіндіктер туады.
Дәрігердің тағайындаусыз өз бетіңізше дене қызуын түсіретін дәрілерді беруіңізге болады, тек мына ережелерді сақтаңыз:
- 38,5 градустан жоғары болса, балалардың температурасын төмендетуге болады. Кей жағдайларда анемнездегі қалтырап талу белгісінің болуы мүмкін, сондықтан мұндай балалардың қызуын 37,5 градуста түсіре беру қажет;
- Баланы қымтап орауға болмайды, себебі бұл жылу айналымын нашарлатады және температураны одан ары жоғарылатып жібереді;
- Дене қызуын түсіретін дәрілерді қабылдау арасындағы интервал 4 сағаттан кем болмауы керек. Оларды жиі пайдалану бауырдың жұмысына теріс әсер етеді.
Мұрынға тамызатын тамыр тарылтатын тамшылар мұрын жолдары қатты бітеліп қалған кезде, алғашқы үш-төрт күнде қолданылады. Балаларға күніне 2 рет тамызуға болады. Тамырды тарылтатын мұндай тамшыларды ұзақ уақыт бойы қолдану және олардың мөлшерін арттыру тәуелділікті тудырады. Мұрынды тазарту үшін физ. ерітінді, фармацевтикалық тұзды ерітінділер, түймедақ немесе қырмызыгүл гүлдерінің тұнбаларын пайдалануға болады.
Емдеу кезеңінде ағзаға дәрумендердің түсуін күшейту керек. А дәрумені және В тобындағы дәрумендер, аскорбин қышқылы, микроэлементтер қорғаныш күштерінің көбеюіне ықпал етеді. Егер балаға ЖРА кезінде белгілі бір витаминдік-минералды кешендер берілсе, оның денсаулығы тезірек жақсарады, асқынулардың және патогендік микроағзалармен қайта ауыру қаупі айтарлықтай төмендейді.
Мынадай ережелерді сақтасаңыз, ЖРА-ын емдеу жылдам сауығып кетуге жеткізеді:
- Балаға мүмкіндігінше көп су ішкізу керек. Бұл әдеттегі су, итмұрын қайнатпасы, мейізден жасалған компот, морстар, шөптердің қайнатпалары - түймедақ, қалақай және өгейшөп;
- Бөлмеде дұрыс микроклимат жасауыңыз керек - ауа температурасы 20-21 градусқа дейін болуы керек, бөлменінің ауасын мүмкіндігінше жиі тазартып тұру ұсынылады. Қажетті ылғалдылық қамтамасыз етіңіз, ауа ылғалдатқышын пайдалануға немесе жылытқыш радиаторларға дымқыл сүлгілер іліп қоюға болады;
- ЖРА-мен ауырып жатқан баланы күштеп тамақтандыруға болмайды. Науқас кезде ағза барлық күшін инфекциямен күресуге бағыттайды және тағамды қорыту бұл әрекетті қиындатып жібереді;
- дене температурасы жоғары болып, ал ауру ауыр өтіп жатса ғана, төсектен тұрмауға болады;
- Температура тұрақтанғаннан кейін, таза ауада серуендеу керек, егер жаңбыр болмаса немесе қатты жел болмаса әрине.
ЖРА емдеу кезінде ата-аналар баланың денсаулығын мұқият бақылаулары керек. Оның жағдайының нашарлауы, күшті жөтелдің қосылуы, температураның қайтадан жоғарылауы, құсудың қайталануы, сұйық нәжіс дәрігермен қайтадан кеңес кеңесу қажеттілігін көрсетеді.
Балалар ЖРА алдын алу
Кіші жастағы және одан үлкен балалардағы ЖРА профилактикасы былай жасалуы керек:
- Туа салысымен балаларды шыңдау керек. Егер бала үнемі ауа ванналарын алып жүрсе, иммунитет тезірек қалыптасады, 2-3 сағат сайын күнделікті серуендеп, жазда жүзуге қатыстырып, жалаң аяқ жерге жүгірту қажет;
- Балалардың тамақтары әртүрлі және дәрумендерге бай болуы керек. Өмірінің алғашқы жылдары көптеген балалар белгілі тағамдарды ғана жегісі келеді, бұндай тамақтану кезінде кейбір дәрумендер денеге сіңбей қалады. Сондықтан балаларға қосымша дәрумендік-минералды кешендерді қабылдау қажет;
- Балаларды туыла салысымен гигиенаға үйрету керек. Жаяу серуендеп келгеннен соң, қоғамдық орындарға барғаннан кейін қолдары мен беттерін жууға үйрету қажет, су вирустық және бактериялық инфекциялардың таралу ықтималдығын азайтады;
- Баланың бөлмесінде ауа үнемі таза және ылғалды болуы керек. Бұл үшін оны күніне 2-3 рет ауасын тазартып, жиһаздың шаңын тазалап, ылғалды тазалау жұмыстарын жасау керек;
- Созылмалы ауруларды тез арада емдеу керек.
Жиі ауыратын баланы мамандар - иммунолог, гастроэнтеролог, пульмонолог зерттейді. Осы мамандардар кеңес алу сондай-ақ өткір респираторлық инфекциялардың алдын-алуға көмектеседі.
Ата-аналарға кеңес
Емдеу-профилактикалық Доромарин өнімін қабылдау арқылы баланың ағзасын күшейтуге болады. Оның құрамында тек табиғи өнімдер бар, аллергиялық реакциялар мен тәуелділікті тудырмайды.
ЖРА кезінде Doromarine қолдану ағзаға кешенді түрде әсер етеді:
- Қиыр шығыс ангустат ламинариясы микроэлементтер құрамы мен негізгі дәрумендердің құрамын қалыпқа келтіреді. Осының арқасында респираторлық жүйе органдарының қарсыласуы жоғарылап, жалпы ағза вирустар мен бактерияларға қарсы тұра бастайды;
- теңіз трепангінен алынған сығынды уыттар мен жиналып қалған қалдықтарды сыртқа шығаруды тездетеді, жалпы тонусты көтереді. ЖРА кезінде трепанг сығындысы тез сауығу мен алмасу әрекеттерін жылдамдатады;
- Теңіз кальциі сүйек-бұлшықет жүйесіне жағымды әсер беріп, ауру салдарынан әлсіреп қалған ағзаның жылдам қалпына келуіне әсер етеді.
Доромаринді балалар рахаттана отырып ішеді, оның құрамында өнімге хош иіс пен жағымды дәм беретін жеміс шырыны бар.
Doromarine курстық қабылдау ЖРА пайда болу мүмкіндігін айтарлықтай төмендетеді. Тіпті өте жиі ауыратын балалардың өзі оны қабылдағаннан кейін жағымды динамикаға ие болады – суық тию аурулары жылына 2 реттен көп болмайды.
Доромарин клиникалық зерттеулерден өткен. Оны үш айдан бастап балаларға қабылдауға болады, бірегей дәрумендер кешенін үнемі ішіп тұруға болады. Оны пайдаланудың қарсы көрсетілімдері жоқ. Сонымен бірге – Доромарин өнімін қабылдау ауыр патологиялармен күресуге көмектеседі немесе олардың ағымын айтарлықтай төмендетеді.
ЖРА емдеу – Дәрігер Комаровский мектебі