Өкпе қабынуы немесе пневмония ең ауыр бронх – өкпе патологиясы болып табылады. Балардағы пневмонияның жоғары таралуы ерте жастағы тыныс алу жүйесінің ерекше құрылысымен, иммундық жүйенің жеткіліксіз жұмысымен және ауруға бейім факторлардың әсерінен болады.
Балалардағы пневмонияның жіктелуі
Медициналық практикада қабынудың сипаты мен даму себептерін нақты анықтауға мүмкіндік беретін пневмонияның бірнеше жіктелуі қолданылады.
Пневмония кезінде балада болуы мүмкін:
- Ауруханаішілік немесе госпитальдық. Аурудың бұл түрінде, өкпенің қабынуы балада үш күннен кейін диагностикаланады, кейін стационарға жатқызылады немесе кемінде үш тәуліктен кейін ауруханадан шығарылады. Госпитальды пневмония ауыр өтеді, себебі, балаларды жұқтыру көптеген антибиотиктерге қарсы, жоғары төзімділікке ие патогенді организмдермен өтеді;
- Ауруханадан тыс;
- Туа біткен. Пневмонияның бұл түріне, жаңа туған нәрестеде туылғаннан кейін алғашқы үш күн ішінде пайда болатын өкпе тіндерінің қабынуы жатады;
- Неотальды – өмірдің бірінші айында балаларда дамитын пневмония.
Рентгеноморфологиялық белгілер (рентген суреттегі өзгерістер) балалардағы пневмония жіктеледі:
- Ошақтық – өкпенің бір немесе бірнеше сегменттерінде диаметрі 1 см-ге дейін инфильтрленген ошақтардың пайда болуы ;
- Сегментарлық –патологиялық өзгерістер өкпенің тұтас сегментін қамтиды;
- Крупозды – қабыну қарқынды өтеді, тіндердің некрозымен бірге жүреді, осыған байланысты қанға ағзаның күшті улануын тудыратын токсиндер түседі;
- Интерстициалды – қабыну альвеол мен паренхиманың қабырғаларын қамтиды, өкпе құрылымдары фиброзды құрылуы мүмкін.
Ерте жастағы пневмония ауырлығына қарай асқынған және асқынбаған болып бөлінеді. Аурудың асқынуында жиі тыныс алу жетіспеушілігі, плеврит, өкпе абсцессі және тіндердің гангренасы болады. Жүрек - қантамыр жүйесіне де кері әсерін тигізуі мүмкін.
Пневмония ұзақтығына қарай екіге бөлінеді:
- Жіті – алғашқы 2-3 аптада симптомдары айқын көрінеді, 6 аптаның ішінде толық жазылуға болады;
- Ұзақ – өкпе тінінің қабыну реакциясының клиникалық белгілері және оларды ренгенологиялық растау 6 аптадан астам уақытта анықталады.
Баладағы пневмонияның ауыр түрін емдеу үшін оны педиатрлық бөлімге жатқызу керек.
Балалардағы пневмония себептері
Пневмония патогенді микроорганизмдердің өкпе тініне өтуі арқылы дамиды. Олардың әсерінен оттегінің сіңірілуі мен көмірқышқыл газының қалыпты шығарылуын бұзатын қабыну процесі басталады. Яғни зақымдалған өкпе, өзінің ең негізгі газ алмасу функциясын тоқтатады, бұл белгілі бір симптомдардан көрінеді.
Пневмонияның себебі –патогенді микроорганизмдер және көбінесе бұл бактериялар – пневмококк, стафилококк, ішек және гемофильді таяқша. Балалардағы өкпе тінінің қабынуы микроплазмдардан, хламидиядан, саңырауқұлақ микроорганизмдерінен, вирустардан жиі кездеседі.
Ерте жаста пневмония респираторлық вирустық инфекциялар аясында дамиды – ЖРВИ, ангинада, ринофарингитте, бронхитте. Жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабырғаларында орналасқан вирустар, олардың қорғаныс қызметін бұзады, қақырықтың пайда болуын арттырады және иммунитетті төмендетеді, бұл тыныс алу жүйесінің төменгі бөлімдеріне патогенді флораның енуін едәуір жеңілдетеді.
Ерте жастағы балаларда пневмонияның қоздырғаш факторлары:
- Иммунитеттің төмендетілген жұмысы;
- Респираторлық тракттың белгілі бір анатомилық ерекшеліктері – тыныс алу жолдарының тарлығы, өкпе тінінің жеткіліксіз жетілуі;
- Мерзіміне жетпей тууы;
- Гипотрофия;
- Гиповитаминоз;
- Тыныс алу мүшелерінің созылмалы аурулары;
- Вирустық респираторлық инфекцияларды дұрыс емдемеу. Жөтел пайда болған кезде көптеген ата – аналар балаға жөтелге қарсы препараттар береді, бұл дұрыс емес, себебі, микробтар шырышпен бірге тыныс алу жолдарынан шығу керек. Егер жөтелді бірден алып тастасақ, қақырық бронхта жиналып, микробтардың таралуына себепші болады.
Алғашқы 2-3 жастағы балаларда пневмония ауыр өтеді. Бұл жаста балаға жинақталатын шырышты жөтелу қиын, бұл өкпенің кеңейіп, тез ұлғаюуына себепші болады.
Балалардағы пневмонияның симптомдары
Пневмонияны мүмкіндігінше ерте емдеу керек, өйткені дер кезінде емдемесе ауру ұзаққа созылып, асқынуға алып келеді.
Балалардағы пневмонияның негізгі симптомдары:
- Ұстамалы жөтел, аурудың жіті фазасында жиі тұншығу және құс тудыруы мұмкін;
- Дене қызуының көтерілуі;
- Ентігу;
- Тыныс алудың бұзылуы – терең тыныс жасауға тырысу, күшті жөтелдің пайда болуына әкеледі;
- Тері қабаттарының бозаруы және мұрын – тісті үшбұрыштың көгеруі;
- Улану симптомдары – тамақтан бас тарту, бас ауруы, әлсіздік, тершеңдік, ұйқының бұзылуы.
Алғашқы 2-3 жастағы балада пневмония кезінде температура 37,5 градустен жоғары болмауы мүмкін, бұл иммунитеттің жетілмеуімен байланысты. Температураның 39 градусқа дейін және одан жоғары көтерілуі, үлкен жастағы балаларға тән, бірақ, бұл пневмония кезінде жоғары гипертермия болуы мұмкін емес дегенді білдірмейді.
Пневмонияны респираторлық инфекциялардың созылмалы ағымынан көруге болады, әдетте ЖРВИ және айқын симптоматикасы бар суық тию 7 күнге дейін созылады. Егер осы уақыт ішінде баланың жағдайы жақсармаса, өкпе қабынуын алдын алу мақсатында емдеу жүргізілуі тиіс.
Жаңа туылған сәбиде пневмония басқаша болуы мүмкін. Бұл жаста аурудың симптоматикасы әлсіздіктен, ұйқышылдықтан және шөлмектен бас тартудан байқалады. Жиі құсу мен диарея болуы мүмкін. Жоғары температура болмайды, әдетте гипотермия, яғни оның төмендеуі байқалады.
Балалардағы пневмонияның диагностикасы
Балалардың пневмониясын көрсететін белгілер пайда болғанда, міндетті түрде педиатрға қаралу керек. Дәрігер диагнозды қояды:
- Өкпе аускультациясы (тыңдау);
- Баланы қарау және оның жағдайының ауырлығын бағалау;
- Өкпе рентгенографиясы;
- Қабыну процесін растайтын қан талдаулары.
Бронх – өкпе жүйесінің төменгі бөлімдерінің қабынуына күдіктенген кезде, барлық тексерулер шұғыл түрде жүргізіледі.
Балалардағы пневмонияны емдеу
Пневмонияны емдеудің медикаментозды схемасы
Препараттар тобы |
Пайдалану мақсаты |
Антибиотиктер |
Антибиотиктерді пайдалану қабыну процесін жоюға әкеледі. Аурудың қоздырғышы анықталғанға дейін кең спектерлі антибиотиктер беріледі, әдетте бұл пеницилиндер, цефалоспориндер немес макролидтер. Антибиотиктермен емделу, кемінде 7 күн жалғасады, одан кейін дәрігер олардың пайдалану қажеттілігін анықтайды. |
Жөтелге қарсы препараттар қақырық түсіретін дәрілер және бронхолитиктер |
Олардың әсерінен қақырық сұйылтылады және оның сыртқа шығуы жақсарады. |
Ыстықты түсіретін дәрілер |
Ерте жастағы балаларға егер температура 38,5 және одан жоғары болса берілу қажет. Егер балада тырысу жағдайы болса, онда 37,5 градустен бастап температураны төмендету керек. |
Иммуностимуляторлар |
Ағзаның жалпы қарсыласыуын арттырады және сауығуды тездетеді. |
Пробиотиктер |
Осы топтан дәрі қабылдау, антибиотиктердің ас қорыту жолына теріс әсерін төмендету үшін қажет. |
Пневмониясы бар балаға барлық емді дәрігер жүргізуі керек. Оны витаминді кешендермен толықтыруға болады – қабыну аурулары кезінде, әсіресе С витамині мен микроэлементтер қажет, табиғи түрде олардың көп мөлшері ламинарияда бар.
Ата – аналардың міндеті – дәрігердің барлық ұсыныстарын сақтау. Аурудың жіті фазасында бала төсек режимін сақтауы тиіс, міндетті түрде көптеп сұйықтық ішу керек. Бұл ағзаға түскен токсиндерді шығаруды жеделдету үшін қажет.
Аурудың алғашқы бірнеше күнінде балалар әдетте тамақтан бас тартады. Оларды күшпен жеуге мәжбүрлеудің қажеті жоқ, тәбеттің пайда болуы кезінде, ас қорыту жүйесі оңай сіңірілетін тағамдарды беру қажет. Тағам пайдалы және витаминделген болу керек.
Өкпе қабынуының асқынбаған түрлері кезінде, толық сауығу бір жарым – екі айдан кейін басталады.
Балалардағы пневмонияны алдын алу.
Кішкентай балаларға пневмониядан толық сақтануға болмайды, бірақ осындай ауыр ауру қаупін айтарлықтай төмендетуге болады. Ол үшін сізге керек:
- Жүктілікті жоспарлау кезінде, әйелде хламидия мен миклоплазманы анықтауға мүмкіндік беретін талдауларды тапсыру, бұл микроорганизмдер жиі жатыр ішілік инфекцияны тудырады;
- Мүмкіндігінше бала өмірінің алғашқы жылында емшек сүтімен емізу;
- Баланы туғаннан бастап шынықтыру;
- Қосымша тамақтарды жасы бойынша енгізу,үлкен жастағы балаларды әр түрлі және пайдалы тағамдармен тамақтандыру қажет.
Суық тиген кезде дұрыс ем қабылдау керек. Респираторлық инфекцияларды емдеу кезінде, сауығуды жеделдетуге көмектесетін және асқынудың қаупін азайтатын витаминдік кешендер беру қажет.
Ата – аналарға ұсыныстар
Балалардың денсаулығы көбінесе ата – аналарға байланысты. Оны нығайту және аурулардың, соның ішінде пневмонияның, даму қаупін төмендету үшін тек толыққанды тамақтану, шынығу, белсенді өмір салты ғана емес, сонымен қатар витаминдік кешендерді қабылдау қажет. Емдеуді алдын алу өнімдерінің бірі, табиғи компонеттерден тұратын Доромарин.
Пневмония кезінде DoroMarine курстық қабылдауы:
- Қабыну процесін алып тастау және бронх-өкпе жүйесі мүшелерін қақырықтан, шырыштан, токсиндерден тазарту. Доромарин ламинария құрамына кіретін Қиыр Шығыс ангустат құрамында өкпе тінінің регенерациясын жақсартатын және иммунитетті нығайтатын заттар бар;
- Ағзаның қорғау күштерін арттыру;
- Ішкі органдарды токсиндерден, оның ішінде антибиотиктер мен басқа да дәрілік заттардың қалдықтарынан тазарту;
- Доромаринге кіретін йод қосылыстарының есебінен бронхиалды ағаштың дренаждық функциясын жақсарту;
- Жүйке жүйесінің жағдайын қалпына келтіру және тәбетті жақсарту;
- Теңіз кальций әсерімен тегіс бұлшықеттің жиырылу қабілетін жақсарту, Доромарин кешеніне кіреді. Бұлшықет қабатының жұмысын күшейту, жөтелді тездетеді, бұл қақырықтың бөлінуіне көмектеседі.
Доромаринді пневмонияның жіті сатысында беруге болады, емдік-профилактикалық өнім барлық дәрілермен толық үйлесіп қана қоймай, сонымен қатар оларды пайдалану кезеңін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді. Балаға алдын алу ретінде DoroMarine бере отырып, ата - аналар олардың сәбиінің ауыр бронх-өкпе патологиялары болмайтынына, ал респираторлық инфекциялар сирек пайда болып, жеңіл түрде өтуіне толық сенімді болуы керек.
Доромаринді қабылдау курстарынан үнемі өтіп жатқан балаларда ас қорыту мәселесі жоқ, оларда сирек соматикалық аурулар дамиды,ал физикалық және зияткерлік қабілетімен ерекшеленеді. Дәрумен кешенін үш айдан бастап беруге болады, ол тек кішкентай балаларға ғана емес, жасөспірімдерге де пайдалы.
Өкпе қабынуы немесе пневмония балаларда – доктор Комаровский мектебі