Балалардың ішек құрттарын жұқтыру себептері
Әрбір ата-ана баласының денсаулығын бақылап, оның ауырып қалмауын қадағалап отырады. Өкінішке орай, гельминттер жұқтыру – бұл кең таралған ауру, ол аналардың немесе әкелердің баласына дұрыс күтім жасамағанынан орын алмайды. Қандай жағдайда балалар ішек құрттарын жұқтырады? Дернәсілдер ағзаға кез келген жолмен енуі мүмкін, себебі балалар бәріне қызығады, барлық заттарды ұстап көреді, оларды ауыздарына салып дәмін татады, қолдарының кір екеніне қарамай жүгіріп жүріп, бірдеңе жей салады. Ішек құрттарын жұқтырудың себептері:
- Гигиена сақтамау. Тамақ ішудің алдында қол жуу керек екенін біз бала кезімізден білеміз, ал бұның не үшін керек екені туралы ойладыңыздар ма? Топырақта паразиттердің дернәсілдері болады. Олар денеге жуылмаған қол арқылы, сонымен қатар жумай жеген көкөністер мен жемістер арқылы еніп кетуі мүмкін.
- Басқа адам арқылы жұғады. Егер отбасыңызда бір адамда осы ауру болса, онда бір пәтерде тұратын адамдардың 90%-ында ішек құрты болуы мүмкін. Балалар ұжымында – балабақшаларда, мектептерде, жазғы лагерьлерде бұл ауру жиі тарайды.
- Дұрыс қуырылмаған ет пен балық жеу. Мал ағзаларында паразиттер мен дернәсілдердің неше түрі тіршілік етеді, олар тек ұзақ уақыт жылумен өңделгенде ғана өледі. Жоғары температурада дұрыс қуырылмаған немесе пісірілмеген етті жеу, өгіз таспа құрты секілді қауіпті паразитті жұқтырудың себебі болады.
- Үй жануарларынан да жұғады. Сүйікті үй жануарлары да паразиттер тасымалдауы мүмкін, олардың жұмыртқалары үй жануарларының жүндерінде кездеседі. Сол себепті үйдегі мысықтар мен иттердің гигиенасы мен гельминтке қарсы терапиясына аса мән беру қажет.
Балалардағы ішек құртының белгілері
Паразиттердің бар екенін анықтауға көмектесетін белгілер:
- Бала ішінің жиі ауыратынын айтып шағымданады.
- Тері қабаттарының бозғылдығы, көздерінің астының көгеріп тұруы.
- Үлкен дәретінің өзгеруі; іш қатуы диареямен алмасуы мүмкін.
- Бетке немесе дененің басқа жерлеріне аллергиялық бөртпелердің қаптауы, олар емделмейді.
- Бала тез шаршап қалады, күшінің жоқтығын айтып шағымданады.
- Гельминттердің кейбір түрлерінен, қан араласқан құрғақ жөтел пайда болады.
- Лимфа түйіндерінің үлкеюі де ішек құрттарының бар екенін білдіреді.
Балада ішек құрттары бар екенін қалай білуге болады
Егер балаңыздан төменде көрсетілген белгілерді байқасаңыз, онда ол ішек құрттарын жұқтырған дегенді білдіреді:
- Балаңыз түнде нашар ұйықтайды, көтен ішегін жиі қасып, жылай береді – бұл энтробиоз белгілері болып табылады. Себебі гельминттер өз жұмыртқаларын тастау үшін түнгі уақытта аналды тесіктің сыртына қарай жыбырлап шығады.
- Балаңыз үлкен дәретке отырғаннан кейін дәрет ыдысына қарап тексеріңіз. Ішек құрттары ішке еніп кеткенде, бала нәжісінен ішек құрттарын көру қиын емес.
- Тәбеті аяқ астынан жоғарылайды, бірақ осыған қарамастан баланың салмағы керісінше түсе бастайды. Қарама-қарсы жағдай да болуы мүмкін – тәбет нашарлап, тамаққа мүлде қарағысы келмейді.
Балаларда кездесетін ішек құрттарының кең таралған түрлері
Жылан құрттар Тоқ ішек пен тік ішекте болады |
Ұзындығы 1 сантиметрден аспайтын, кішкентай ақ құрттар. Көбінесе мектепке дейінгі балаларда кездесетін энтеробиоз деген ауру тудырады. Олардың өмір сүру кезеңі 3-4 аптаны құрағанмен, бұл ауру өз бетімен емделмейді. Бала артқы жағын қаси береді, сөйтіп паразиттердің жұмыртқаларын киімдеріне, қолдарына жабыстырып, аузы арқылы қайта ағзаға енгізеді. |
Аскаридалар Бүкіл ағзада болуы мүмкін: көбіне олардың тіршілік ету ортасы өкпе, жүрек, бауыр, ішектер болып табылады. |
Аскаридалар – жұмыртқалары адам ағзасында 12 жылға дейін өмір сүре алатын домалақ құрттар. Үлкендерінің ұзындығы 40 см дейін жетеді. Бала ағзасында аскаридалардың кездесуі оның денсаулығына қатты зиянын тигізеді: түрлі органдарға түскен бұл құрттар бронхит, пневмония, уытты гепатит, дәрумен тапшылығы, соқыр ішек ауруларын тудыруы мүмкін. |
Қылдырықбас Тоқ ішек пен тік ішекте болады |
Қылдырықбас артқы жағы кеңдеу келетін, жіп тәріздес домалақ құрт. Қылдырықбас белгісі ұзақ уақытқа дейін білінбейтін трихоцефалез деген қауіпті ауру тудырады. Егер уақытында ем қабылдамаса, қан аздық,дәрумен тапшылығы, ферменттер жетіспеушілігі, қатты шаршау секілді салдарлары орын алуы мүмкін. |
Балалардағы ішек құрттарын қалай анықтауға болады
Кей жағдайларда ауру белгілері анық болмай, балаңызда не қызыңызда ішек құрттарының бар немесе жоқ екенін білу қиындық тудырады. Мұндай жағдайда тек бір ғана шешім бар – ол дәрігерге қаралу. Маман баланы тексеріп, ішек құрттарының бар немесе жоқ екенін анықтайтын бірнеше талдау түрлерін жасауға жібереді. Қандай талдаулар жасау керек:
- Жалпы қан талдауы. Гельминттердің болуы кейбір көрсеткіштерге міндетті түрде әсер етеді – гемоглобиннің жоғары немесе төмен болуы, эозинофилдер деңгейінің жоғарылығы, эритроциттердің шөгу жылдамдығының жоғары болуы.
- Нәжіс талдауы. Зертхана маманы нәжісті қарап, ол жерде ішек құрттарының жұмыртқаларының бар немесе жоқ екенін тексеріп, оң не теріс нәтиже қорытындысын береді. Теріс талдау нәтижесін алсаңыз, басқа күндері тағы екі рет нәжіс талдауын жасату керек. Осындай жолмен, ішектердегі паразиттерді 100% нақты анықтауға болады.
- Аналды тесіктен жағынды алу. Энтеробиозды анықтауға арналған танымал әдіс болып табылады. Процедура таңертең жасалады, іске кіріспес бұрын жақсылап дәрет алу қажет және дәретханаға бармай тұра тұрған дұрыс.
- Ерекше қарсы денелерді анықтауға арналған қан талдауы – ағзада ішек құрттарының бар немесе жоқ екенін, сонымен қатар ауру тудыратын паразиттердің нақты түрлерін анықтайтын заманауи және ақпараттық тәсіл.
Балалардағы ішек құрттарынан қалай құтылуға болады
Ішек құрттары бар екені анықталған соң, шақырылмаған қонақтардан құтылудың емдік тәсілдері қалай жүреді деген нәрсе бірінші кезекте тұрады. Бұл ауру түрімен күресуде заманауи медицина көптеген құралдар ұсынады, олардың арқасында ішек құрттарының бірнеше түрінен бірақ құтылуға болады. Бұл заттардың тиімділігіне ешқандай күмән жоқ, алайда олардың уыттылғы жоғары және бауыр мен бүйрекке көп күш түсіреді.
Паразиттермен күресудегі керемет көмекші – ол Доромарин, балаларға арналған табиғи емдік-профилактикалық өнім, оның құрамына қиыр шығыс ангустат ламинариясы кіреді, осы құрамдас бөлік ішек құрттарына қарсы әсерге ие. Бұл баға жетпес балдыр құрамында мырыш, йод, фосфор, марганец секілді пайдалы микроэлементтер бар. Доромарин бала ағзасына қалай әсер етеді? Ішек жұмысын жақсартып, үлкен дәретті қалпына келтіреді; ағзаны йодпен қанықтырады; өзінің химиялық құрылымының арқасында өнім гельминттердің өмір сүретін улы ортасын сыртқа шығарады, сонымен бірге әлсіреген және өлі құрттардан құтылуға көмектеседі; ішек микрофлорасын жақсартады; тіршілік тонусын жоғарылатады. Доромаринді қабылдау гельминттерге қатысты мәселені оңай шешуге және оны толықтай ұмытуға көмектеседі.
Балалардағы ішек құрттарына қарсы дәстүрлі ем
Гельминттерге қарсы заттардың дәріхана сөрелерінде толып тұрғанына қарамастан, дәстүрлі медицина әдістері де көп қолданылады. Соның ішінде кең таралғандары:
- Гельминтозға қарсы күресте қарапайым сәбіз жоғары бағаланады. Сәбізді шикі күйінде жеуге немесе оның сөлін шығарып, бал қосып шырын ретінде ішуге болады.
- Ішек құрттарын емдеуде баяғыдан сарымсақ пайдаланылып келген. Үлкендеу балалар күніне бірнеше басын жей алады, ал кішкентай сәбилер: сарымсақтың 3 басын тазалап, үстіне 250 мл сүт құйып, 10 минут судың буына қайнату қажет. Балаға күніне 2 рет алынған тұнбадан жарты қасықтан беру керек. Сонымен қатар сарымсақ клизмасы деген бар. Сарымсақтың сөлін 2:1 қатынасымен суға қосып, ұйықтар алдында осы амалды жасау қажет болады.
- Ішек құрттарына қарсы пайдалы және дәмді өнім – асқабақ шемішкелері. Балаға оны шағу үшін жай былай беруге болады, бірақ кішкене су мен бал қосып, тазаланған дәндерінен ботқа жасап берген дұрыс болады. Аш қарынға 1 қасығын, күні бойы қалған мөлшерін жеп тауысуға болады.
- Балаға жиі-жиі шикі пияз беріңіздер – оны таза күйінде де, түрлі салаттарға қосып та беруге болады.
- Түймешетен тұнбасы кеңінен танымал. Оны былай жасайды: кептірілген гүлдерінің бір ас қасығына 250 мл қайнақ су құйып, жарты сағатқа қойып қою қажет. Алынған тұнбаны күніне үш рет 1 қасықтан қабылдау керек.
Балалардағы ішек құрттарының профилактикасы
Гельминттерден құтылсаңыз да, олардың қайталануы мүмкін екенін естен шығармаңыз. Мына ережелерді ұстана отырып, профилактика жасай аласыз:
- Гигиена сақтау. Балаларыңызға тамақ ішер алдында және дәретханаға барған соң қолдарын жууды үйретіңіз. Тырнақтарын қысқартып алыңыз, себебі оның астына жиналған кір – ішек құрттарын жұқтырудың негізі.
- Баланың ішкі киімдерін жақсылап үтіктеңіз. Көрпе төсекті жиі ауыстырыңыз.
- Дастарханға қоятын жемістерді, көкөністерді жақсылап жуыңыз, үстінен қайнақ су құйып жіберген дұрыс.
- Краннан, қайнардан және құдықтан не үшін су ішуге болмайтынын балаңызға түсіндіріңіз. Ішуге арналған су міндетті түрде қайнаған болуы керек.
- Паразиттердің кейбір түрлері масалар мен шыбындар арқылы да беріледі, сол себептен жәндіктерден қорғанатын үркіткіштер немесе басқа заттар қолданыңыз.
- Балаңыздың тырнағын тістелемеуін және жерден немесе еденнен алған заттарды аузына салмауын қадағалаңыз.
- Егер үй жануарлары болса – оларды гельминттерден профилактикалық емдеу жолдарын жасап тұрыңыз.
Балаларға арналған Доромарин дәрумендер кешені ішек құрттарын жұқтыру профилактикасына жақсы көмек болады. Бала ағзасының қорғаныс жүйесі ересектерге қарағанда жақсы жұмыс істемейді, сол себепті балалар ересектерге қарағанда гельминтозбен жиі ауырады. Доромарин бала иммунитетін күшейтеді, ағзаның вирустық және инфекциялық ауруларға қарсы қорғанысын жоғарылатады. Доромарин ағзаны пайдалы заттар мен микроэлементтерге толық қанықтыра алады, бұл РФ Биотикалық Орталығының зерттеулерімен расталған. Балаларға арналған бұл дәрумендік кешен толықтай табиғи және құрамында химиялық жолмен алынған құрамдас бөліктер жоқ. Балалар – ата-аналар өмірінің мәні мен қуанышы, сондықтан олар үшін ең жақсыны таңдау керек. Доромарин сатып алып, сіз балаңыздың денсаулығына қамқор боласыз және оған жарқын болашақ сыйлайсыз.
Ішек құрттары - дәрігер Комаровскийдің мектебі