Доромарин - дені сау ұрпақ, бақытты отбасы!

Балалардағы атопиялық дерматит

Мазмұны: [Көрсету]

Атопиялық дерматит кішкентай балаларда ең көп таралған тері дерматозына жатады. Ауру созылмалы түрге ауысып кетіп өмір бойына қалып қою мүмкін. Өмір бойына аурыратын түріне ұласып кетпеу үшін ата-аналар атопиялық дерматиттің даму механизмдерін, себептері мен ауруды қоздыратын факторларды, патологияны емдеу қағидаларын нақты білулері керек.

Атопиялық  дерматит дегеніміз не?

Медицинада атопиялық дерматит бірінші кезекте терінің зақымдануын сипаттайтын мультифакторлы ауру ретінде түсіндіріледі. Аурудың негізінде генетикалық деңгейде берілетін бейімділік жатыр. Дерматиттің алғашқы белгілері сәбилерде, әсіресе бір жасқа дейінгі балаларда жиі байқалады. Негізгі байқалу белгілері – терісі қызарып, құрғап, қатты қыши бастайды.

Балалардағы атопиялық дерматиттің негізгі себебі – ішкі және сыртқы қоздырғыштарға иммундық жүйенің ерекше жауабы

Ауру созылмалы түрде болады, ісіп ару процесінің асқыну және басылу кезеңдерімен өтеді. Көп жағдайда өмір бойына қалып қояды. Ересек адамдарда атопияны нейродерматит көрсетеді.

Пайда болу себептері

Балалардағы атопиялық дерматиттің негізгі себебі – ішкі және сыртқы қоздырғыштарға иммундық жүйенің ерекше жауабы. Иммунитет жұмысының осындай бұзылуы генетикалық бейімділікке, нақтырақ айтатын болсақ, теріде белгілі ақуыздар, яғни филагриндердің аз мөлшерде болуы немесе мүлдем болмауына байланысты. Қалыпты жағдайда адамның денесі берік липидті қабықшамен қапталған, оның негізгі функциясы – ылғалды ұстап қалу және агрессивті қоздырғыштардың теріге әсер етуін алдын алу. Егер филагрин жеткіліксіз болса, онда липидті қабықша өзінің қорғаныс қызметін толық атқара алмайды, тері кеуіп кетеді және аллергендерді әсер етеуіне осалдық таныта бастайды.

Балаларда атопиялық дерматит көбінесе ағзаға сыртқы ортадан келіп түсетін экзогенді аллергендердің әсерінен пайда болады. Олар бірнеше түрге бөлінеді:

  • Биологиялық – бактериялар, вирустар, зеңді микроағзалар, паразиттер;
  • Дәрілік;
  • Азық-түліктік;
  • Тұрмыстық – шаң, косметикалық және жуатын заттар, табиғи емес маталардан тігілген киімдер;
  • Химиялық – бояулар, еріткіштер, мұнай өнімдері;
  • Физикалық – төмен және жоғары температура, терінің қажалуы;
  • Климаттық жағдайлар. Құрғақ ауа, желкем және аязды күн теріге жағымсыз әсер етеді.

Балаларда атопиялық дерматиттің тағамдық түрі басым болады. Ауру бірден бірнеше аллергендердің әсерінен жиі туындауы мүмкін.

Қоздырушы факторлар

Атопиялық дерматиттің дамуы қауіпінің факторларына жатады:

  • Жағымсыз экологиялық жағдайлар. Атопиямен ауыратын науқастар санының артуы қарқынды түрде табиғи ресурстардың ластануын, өсімдіктерді өсіру кезінде химиялық қоспаларды қолдануын білдіреді;
  • Асқазан-ішек жолдары жүйесінің жетілмеуі немесе ас қорыту мүшелерінің патологиялары;
  • Баланы жасанды тамақтандыруға ауыстыру;
  • Жиі қайталанатын вирустық және инфекциялық аурулар;
  • Тамақ арқылы микроэлементтер мен дәрумендердің жеткіліксіз мөлшерде келіп түсуі;
  • Жоғары тершеңдік. Термен бірге іштен адамның терісін тітіркендіріп әсер ететін зиянды заттар шығады;
  • Тиімсіз тамақтану. Баланы шамадан артық тамақтандыру, рационда тәтті тағамдардың, тұзды тағамдардың, әртүрлі майға қуырылған картоптардың, газдалған сусындардың көп мөлшерде болуы атопиялық дерматиттің туындауына себепші болады;
  • Жүйке жүйесі мүшелерінің конституциялық ерекшеліктері. Аса сезімтал балаларда атопия жиі туындайды;
  • Психоэмоционалды күйзелістер. Психосоматика жасөспірім шақта және ересектерде зор маңызы бар. Отбасында жиі кикілжіңдер туындағанда, бала-бақшаға және мектепке бейімделу кезінде балаларда дерматит күшейе түседі.

Атопиялық дерматиттің дамуы қауіпінің факторларына жатады:  Жағымсыз экологиялық жағдайлар. Атопиямен ауыратын науқастар санының артуы қарқынды түрде табиғи ресурстардың ластануын, өсімдіктерді өсіру кезінде химиялық қоспаларды қолдануын білдіреді; Асқазан-ішек жолдары жүйесінің жетілмеуі немесе ас қорыту мүшелерінің патологиялары; Баланы жасанды тамақтандыруға ауыстыру;

Аурудың даму кезеңдері

Айтып өткендей, балалардағы атопиялық дерматит созылмалы патологияларға жатады, сондықтан бірін-бірін алмастыратын бернеше кезеңде өтеді.

Аурудың кезеңдеріне жатады:

  • Қоздырғыштармен бастапқы байланыс;
  • Клиникалық белгілер кезеңі. Жіті кезең ұзақтығы бойынша 7-ден 14 күнге дейін созылады. Балада атопияның алғашқы белгілері аллергенмен байланысқаннан кейін 2-3 тәулік өткен соң байқалады;
  • Белгілерінің басылуы. Уыттардың мөлшері азаяды, теріде пайда болған жаралар біртіндеп қайта бастайды. Денеде 2-3 апта бойы құрғақ және шамалы қызарған жерлер қалуы мүмкін, содан соң бірте-бірте тері өз қалпына келеді;
  • Ауру бетінің қайтуы (ремиссия). Іс жүзінде аурудың барлық белгілері қайтады. Ауру бетінің қайту ұзақтығы иммунитеттің жағдайымен, күтіну және ауруды алдын алу шараларымен анықталады.

Айтып өткендей, балалардағы атопиялық дерматит созылмалы патологияларға жатады, сондықтан бірін-бірін алмастыратын бернеше кезеңде өтеді.

Классификация

Медицинада атопиялық дерматиттің бірнеше классификациясы қолданылады. Патологияның түрлерге бөлу жас мөлшері бойынша тиімді және сәйкес келетін емді таңдап алуға көмектеседі.

Аурудың даму фазасы

Патология ағымының үш негізгі фазасы бар:

  • Басталуы. Бұл кезеңде атопияны қоздыратын негізгі фактормен иммундық жүйенің буындарымен алғашқы байланыс пайда болады;
  • Клиникалық көріну. Атопияның барлық негізгі айқын көрінетін белгіліренің пайда болуымен сипатталады;
  • Белгілерінің басылуы. Баланың жағдайы жақсара бастайды, патология белгілері жойылады.

Жасы

Балалардың жасына байланысты үш түрде өтеді:

  • Дерматиттің сәбилік түрі. Егер бала екі жасқа толмаса ғана қойылады. Негізгі белгісі – қызыл дақтар пайда болып, қышиды;
  • Аурудың дамуының балалық түрі (екі жастан жасөспірім шаққа дейін). Теріде бөртпелер іркілген эритемамен, терінің қатқылдануымен, түлеумен көрінеді;
  • Жасөспірімдік түрі. Балаларда ағзаның гормонды қайта құрылуы кезеңі 18 жасқа дейін өтеді. Ауру бетінің қайту кезеңі мен ісіп қызару процесінің үздіксіз алмасуы тері лихенификациясының туындауына алып келеді. Аталмыш термин терінің қалыңдауы мен ондағы бейнелердің күшеюі, жоғары пигменттенуін білдіреді. Жасөспірімдердегі патологиялық элементтер – бұл көбінесе дененің қызарған аймақтары және сол жерлердің қатты қышуы.

Ісіп қызару процесінің ауқымдылығы

  • Шектеулі зақымданған дерматит. Дененің зақымданған аумағы 5%-дан аспайды;
  • Таралған тері элементтерінің атопиясы. Терінің зақымданған аумағы 25%-дан аспайды;
  • Диффузиялық қабыну. Патологияның мұндай түрінде алақан мен беттің ерін мен мұрын айналасынан басқа жерлердің барлығы дерматитпен зақымданады.

Жалпы көңіл-күйдің өзгеруі

Атопиялық дерматит ауырлығы бойынша мынадай болуы мүмкін:

  • Жеңіл білінуі. Асқыну дененің шектеулі бір аймағында бірлі-жарым дақтардың немесе бөртпелердің пайда болуымен және аздап қышуымен сипатталады. Ауру емделуге жақсы беріледі, ауру бетінің қайту ұзақ уақыт алады;
  • Орташа ауыр. Көпіршікті бөртпе дененің әртүрлі аймақтарына шығады, көпіршіктер жарылып, оның орлардың орнына сулы және қышытатын жара пайда болады;
  • Ауыр. Баланың терісі толығымен зақымданады, сулы жаралар ұзақ уақытқа дейін жазылмайды, жалпы көңіл-күйі нашар болады. Патологияның ауыр ағымы көбінесе емізулі әлсіз сәбилерде анықталады.

Негізгі белгілері

Балада атопиялық дерматит бірінші кезекте терінің зақымдануы арқылы байқалады. Аурудың негізгі белгілері:

  • Эритеманың пайда болуы – қызыл дақтар. Жаңа туған және емізулі сәбилерде аурудың бастапқы сатысында әдетте, екі ұртында, шабында, шықтақтары мен құйрықтарында жаралар шығады. Осы аймақтардағы тері сипап қарағанда ыстық, құрғақ болады;
  • Көпіршікті бөртпе – мөлдір сұйықтықпен толып тұрған майда безеулер. Көп жағдайда тақым шұңқырларында, шап аймақтарында, қолдың бүгілетін жерлерінде, құлақтың артында, мойында, арқада пайда болады. Ол жерлер ашылғаннан кейін орындарында сулы жара немесе қабыршақ қалады.
  • Қышу. Бұл – дерматиттің ең негізгі белгілерінің бірі. Оның қырқындылығы аурудың сатысына және оның айқын клиникалық көріністеріне байланысты. Терінің ең жоғары зақымданған кезі жіті кезеңіне жатады. Өмірінің алғашқы айларында сәбилер денесін қаси алмайды, сондықтан денесінің қышуы оларға психологиялық жайсыздық тудырады. Соның салдарынан мазасызданып, ұйқысы бұзылып, жылауық бола бастайды;
  • Көңіл-күйінің нашарлауы. Бір жасар балада тәбеті нашарлап, әлсіздік пайда бола бастайды. Балаларда өмірінің алғашқы жылдарындағы атопиялық дерматит ашушаңдықтың, тіпті агрессияның да бірден-бір себебі болуы мүмкін.

Балада атопиялық дерматит бірінші кезекте терінің зақымдануы арқылы байқалады. Аурудың негізгі белгілері:

Аурудың жіті көрінуі бірнеше тәуліктен 2-3 аптаға дейін мазалауы мүмкін. Содан соң белгілері басылып, аурудың беті қайта бастайтын кезеңге өтеді.

Атопиямен ауратын балаларға қабақтың қошқылдануы, еріннің тілімденіп жарылып кетуі тән.

Балалардағы созылмалы атопиялық дерматит кезінде бірқатар ерекше белгілерін анықтауға болады:

  • Моргана – төменгі қабақ аймақтарында пайда болатын сансыз көп әжімдер;
  • «Аң терісінен тігілген бөріктер». Ауыратын балада шаштың түйінінің әлсіреуінен басының шүйде жағындағы шашы сирей бастайды;
  • «Жылтырлаған тырнақтар». Үнемі қасығанның салдарынан тырнақтар жылтырап, жиектері егелген сияқты көрінеді;
  • «Қыстағы табан». Табан ісініп, қалыптан тыс қанға толған сияқты көрініп, тері қабыршақтанады және жарылады.

Диагностикасы

Балада атопиялық дерматиттің пайда болғанын сезіктенген кезде педиатрға, аллерголог және дерматологке қарату керек. Диагноз белгілерді, анамнез бен зертханалық мәліметтерді негізге ала отырып қойлады.

Атопияны көрсететін басты диагностикалық белгілер:

  • Дененің қышуы;
  • Терінің зақымдануы;
  • Аурудың қайта-қайта қайталануы;
  • Атопияға генетикалық бейімділік;
  • Екі жасқа дейінгі кезде аурудың басталуы.

Патологияның қосымша белгілері:

  • Маусымдық – белгілер көбінесе жылдың суық айларында пайда болады;
  • Қоздырушы фактордың әсерімен аурудың асқынуымен байланысы;
  • Қатты терлеген кезде қышып дуылдау;
  • Ксероз – терінің жоғары құрғақтығы;
  • Көз айналасындағы терінің қатты пигменттенуі;
  • Мойындағы, алақандағы, табандағы қатпарлар;
  • Төменгі қабақта қосымша қыртыстардың пайда болуы;
  • Қан көрсеткіштерінің өзгеруі;
  • Қайталанатын конъюнктивиттер;
  • Баланың терідегі инфекциялық процестерге бейімділігі;

Балада үш негізгі және үштен аса қосымша белгінің анықталуы атопиялық дерматитті көрсетеді.

Аурудың диагностикасы қанды зерттеуді де қамтиды.

Жалпы қан талдауы

Атопиялық дерматит кезінде балаларда лейкоциттердің саны артады, озинофилдер мен базофилдер анықталады, эритроциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ) артады.

Атопиялық дерматит кезінде балаларда лейкоциттердің саны артады, озинофилдер мен базофилдер анықталады, эритроциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ) артады.

Биохимиялық зерттеу

Биохимиядағы өзгеріс көбінесе созылмалы ағымы кезінде пайда болады. Бұл жағдайда атопия бүйрек пен бауырдың жұмыс істеуінің бұзылуына алып келеді.  

Е иммуноглобулинінің санын анықтау

Атопиялық дерматитпен ауыратын науқастарда Е иммуноглобулинінің саны артады, ол неғұрлым көп болса, соғұрлым аурудың белгілері қатты көрінеді.

Арнайы аллергиялық сынамалар

Аурудың асқындыратын негізгі аллергендерді анықтау үшін аллергиялық сынамалар қолданылады. Бұл әртүрлі нұсқадағы теріге арналған тестер. Мүмкін аллергендерді зақымдалған теріге арнайы жағып, қалай әсер ететінін бақылайды. Емізулі балаларға мұндай тестер белгіленбейді, көбінесе бала 5 жастан асқан кезде ғана жасауға болады.

Айрықша қарсы денелерді анықтау

Талмыш талдау үшін көктамырдан қан алынады. Бұл тәсіл бірден оншақты әртүрлі аллергендерге жоғары сезімталдылықты анықтауға көмектеседі. Теріге жасалатын тестермен салыстырғанда, бұл әдістің нақтылығы азырақ, қауіпсіздеу.

Негізгі емдеудің қағидалары

Балалардағы атопиялық дерматитті емдеуді ауру пайда болғаннан бастап неғұрлым тезірек бастау керек. Баланы дәрі-дәрмекпен емдеп, күн тәртібі мен тамақтануын өзгертіп, тері күтімін жақсарту қажет. Емдеу тиімді болуы үшін ең алдымен қоздырғыштармен қайта байланыспаған дұрыс.

Асқынған кезде

Емдеудің негізгі міндеттері:

  • Терідегі ісіп қызаруды жою, соның ішінде қышуды азайту;
  • Аурудың асқынуын және тым ауыр түріне ауысуына жол бермеу;
  • Терінің қызметін қалпына келтіру;
  • Дерматиттің күшеюін өршітетін ауруларды емдеу.

Ауру бетінің қайтқан кезінде

Жіті қабыну басылғаннан кейін қайтадан қайталану мүмкіндігін төмендету керек. Ол үшін теріге дұрыс күтім жасап, мүмкіндігінше қоздырғыштармен қайта байланыс тудырмау керек. Ауру бетінің қайтуының ұзақтығы ағзаның қорғаныс күшін нығайту кезінде де айтарлықтай ұзарады.

Дәрімен емдеу

Атопиялық дерматиті бар балаға аурудың алғашқы белгілері байқала саласымен дәрі-дәрмекпен емдеу белгіленеді. Дәрі-дәрмектер аурудың ауырлығын, бөрткен жерлерді, баланың жасын негізге ала отырып таңдалады.

Емдеудің стандартты сызбасы қамтиды:

  • Гистаминге қарсы дәрі-дәрмектер. Олар қышуды азайту мақсатында белгіленеді. Сонымен бірге бұл дәрі­-дәрмектер терінің қызаруын және қабынған аймақтардың ісінуін азайтады. Гистаминге қарсы дәрі-дәрмектер теріні тырнауды ескертуге көмектеседі, сәйкесінше зақымдалған аймақтардың қалпына келуін жылдамдатады;
  • Шырлы жасушалар жарғақшаларының тұрақтандырғыштары. Мысалы, Кетотифен. Олардың механизмі қабыну медиаторларының жасушалардан шығуын бұғаттаумен байланысты, яғни аллергиялық реакцияның көрінімін азайтады. Шырлы жасушалар жарғақшаларының тұрақтандырғыштары жанама әсерлер тудырмайды, бірақ жинақтаушы әсерлерге бөленген, сондықтан да оны кем дегенде қатарынан 3 ай қабылдау керек;
  • Энтеросорбенттер – Полисорб, белсендірілген көмір. Уыттарды бейтараптандырады және олардың ағзадан шығуын жылдамдатады. Әсіресе, тағамдық аллергиядан туындаған атопиялық дерматит кезінде өте қажет.

Атопия ұзаққа созылған кезде және ауру жиі қайталанғанда иммунитеттің жұмысын жақсартатын дәрі-дәрмектер қажет. Аталмыш топқа ішектердің микрофлорасын тұрақтандыратын дәрі-дәрмектер, иммуномодуляторлар жатады. Дәрігерлер дәруменмен емдеу курсынан өтуге кеңес береді. Қабылдайтын дәрумендік кешенде міндетті түрде А дәрумені, аскорбин қышқылы, Е дәрумені болуы керек.

Дерматиттерді емдеу кезінде гомеопатия қажетті нәтижелер бермейді. Стандартты дәрі-дәрмектерді пайдалануды созу аурудың жеңіл түрінен ауыр түрге өтуіне алып келеді. Ата-аналар мұны үнемі естерінде сақтаулары керек.

Жергілікті емдеу

Атопиялық дерматиттің кез келген түрін емдеудің негізі – сыртқа қолдануға арналған дәрі-дәрмектер. Оларды қышуды азайту, асқынуды жою, эпидермиске патогенді микроағзалардың еніп кетуін болдырмау мақсатында қолданады.

Жергілікті емдеу қамтиды:

  • Қабынуға қарсы жақпа майлар. Оларға мырыш майы, Циндол, салицил жақпа майы жатады;
  • Жергілікті стероидтер – Адвантан, Локоид, Элоком. Бұл дәрілердің құрамында гормондар бар, бірақ оларды пайдаланудан қорқудың қажеті жоқ. Глюкокортикостероидті жақпамайлар ағзаның ішіне енбейді, сондықтан да оларды дұрыс таңдап, дұрыс қолданған жағдайда қауіпсіз болып саналады. Жергілікті стероидтер қишуды жақсы басады және атопияның жіті кезеңінде белгіленеді;
  • Атопиялық дерматит кезіндегі қоспалы жақпамайлар. Қабынуға қарсы дәрі-дәрмектердің, антибиотиктер мен гормондардың әртүрлі комбинациясынан тұрады. Зеңді немесе бактериалды өсімдік әлемінің қосылу ықтималдылығы артқан кезде қолданылады. Оған Тридерм, Пимафукорт сияқты дәрі-дәрмектер жатады.

Су процедуларына рұқсат етіле ме?

Атопиялық дерматит кезінде баланы аурудың тіпті жіті кезеңінде де жуындыру керек. Су процедураларының негізгі мақсаты – теріні қосымша ылғалдандыру, яғни тітіркендіруді азайтуға көмектеседі және жаңа бөртпелердің шығуына жол бермейді. Алайда жуындырған кезде келесі ұсынымдарды сақтау керек:

  • Баланы шомылдырғанда су 33-34 градустан аспауы керек;
  • Мүмкіндік болса, ваннада шомылдыру керек. Өйткені себезгінің астында судың қатты қысымымен дененің зақымданған жерлерін асқындырып жіберуі мүмкін;
  • Процедураның уақыты – 10 минут.

Ваннадан кейін үнемі эмоленталар қолдану керек. Жақпамай түріндегі бұл дәрі бүкіл теріге жағуға арналған. Жуынып болғаннан кейін үнемі эмоленталар қолдану керек. Балалардағы атопиялық дерматит кезінде эмоленталар липидті үлдірді қажет күйде ұстап тұруға көмектеседі, яғни теріні жағымсыз факторлардың әсер етуінен қорғайды. Оны дымқыл теріге жағады.  

Егер күнде суға шомылуға мүмкіндік болмаса, онда ылғалдындырудың өзге әдістерін қолдану керек. Мысалы, терінің ысқышпен сүрту, сепкіштің  (пульверизатор) көмегімен денеге жылу су шашу. Бірақ бұдан кейін де денеге эмолента жағу керек.

Не жеу керек?

Атопиялық дерматит кезінде тамақты талғамай жей беруге болмайды. Дәрігерлер гипоаллергенді диета ұстауға кеңес береді. Рационға қосуға болмайтын өнімдер:

  • Теңіз балығы;
  • Шоколад және тәттілер;
  • Экзотикалық жемістер, соның ішінде цитрустар;
  • Жаңғақтар.

Ата-аналардың ойынша дерматиттің белгілерін тудыруы мүмкін өнімдерді міндетті түрде рационнан шығарып тастау керек. Дерматиттің белгілері басылғаннан кейін ротациялы диета ұстау керек. Оның мәні алдында тыйым салынған өнімдерді ақырындап рационға енгізу болып табылады. Тағамның әрбір жаңа түрі 3-4 күнде бір рет енгізіледі, содан соң баланы бақылап, яғни терісінде жаңадан өзгерістер пайда болған немесе болмағанын анықтау керек. Егер мұндай жағдай орын алмаса, онда тамақтануға келесі өнімдер кезек-кезек қосылып отырады.

Балаларға арналған ас мәзіріне жартылай фабрикаттар, хош иіс беретін және бояғыштары бар өнімдер, ащы және қатты тұздалған тағамдар кірмеу керек. Су ішу тәртібін дұрыс ұйымдастыру керек. Таза су, тәтті емес компот, морс, итмұрын қайнатпасын ішкізу керек.

Емізулі сәбилерге қолдан қоректендіру кезінде балалар тағам қоспасы жеке таңдап алынады. Құрамы бойынша анасының сүтінен барынша жақын түрін алған дұрыс. Асқыну кезеңінде жасына қарай белгіленген қосымша тамақты енгізуді уақытша кейінге қалдыру керек.

Күн тәртібін қалай дұрыс ұйымдастыру керек?

Атопиялық дерматиті бар балаларға күндіз кем дегенде 2 сағат және түнде 9-10 сағат ұйықтау керек. Ұйықтап жатқан кезде жүйке және иммунды жүйенің жұмысы бірыңғайланады. Асқынған кезде қимыл-қозғалыс ойындарына шектеу қою керек, өйткені бала терлейді, демек терінің тітіркенуі күшейе түседі.

Таза ауада серуендеуге тыйым салынбайды, яғни таза ауа ағза үшін өте пайдалы. Алайда баланы терлемейтіндей етіп киіндіру керек.

Атопиялық дерматит кезінде:

  • Баланың бөлмесін таза ұстау керек. Яғни үнемі желдетіп, ылғалды тазалау жүргізіп, шаң жинағыштардан құтылу керек;
  • Үйдегі ауаның тиімді ылғалдылықта ұстау керек. Ол үшін ауаны ылғалдағышты қолдануға болады.

Шипажайлық-курорттық емдеудің мүмкіндіктері

Атопиялық дерматит ауруы бетінің қайтуы кезінде шипажайлық-курорттық емдеуден өтуге кеңес беріледі. Магнитотерапия, ультрадыбыстық емдеу,  индуктотермикалық әдістермен емдеу сеанстары өткізілетін шипажайларды таңдау керек. Теңіз курорттарына барып келгеннен кейін иммунитет едәуір жақсарады.

Асқыну

Балалардағы атопиялық дерматиттің асқынуы аурудың орташа ауыр және ауыр ағымы кезінде жиі туындайды. Олардың ішіндегі ең негізгілері – теріге патогенді микроағзалардың еніп кетуінің салдарынан зақымдалған аймақтардың іріңдеуі. Ұзақ уақытқа созылған кезде тері семуі немесе қалыңдап қатаюы мүмкін. Жиі және ауыр асқынулар тыныс демікпесінің пайда болуына алып келуі мүмкін.

Мүгедектік тағайындала ма?

Әдетте атопиялық дерматит кезінде балаға мүгедектік берілмейді. Бірақ егер ауру жасөспірім шаққа дейін ауыр түрде созылып, жиі қайталанатын және өмірлік маңызы бар функциялардың толық немесе ішінара жоғалуына алып келетін болса, онда еңбекке қабілетсіздікті белгілеу үшін МӘС-қа жүгіну керек. Егер тексеру кезінде мүгедектіктің белгілері анықталатын болса, онда мүгедектің үшінші тобы беріледі.

Асқынуды алдын алу

Атопиялық дерматит созылмалы ауруларға жатады. Патологияның кезекті қайталану мүмкіндігін азайтуға болады. Ол үшін:

  • Мүмкін аллергендермен ауырып жүрген балалармен қарым-қатынасын азайту керек;
  • Пәтерде таза микроклиматты сақтау керек;
  • Психологиялық тұрғыда зақым келтіретін жағдайлардың азайту керек. Бұл, әсіресе, ОЖЖ ауруларымен ауыратын балаларға қатысты;
  • Киімдерді жуу үшін гипоаллергенді заттарды қолдану керек. Іш киімді және төсек-орын жабдығын жуған кезде бірнеше рет шаю керек;
  • Балаға табиғи матадан тігілген киімдер сатып алу керек. Киімде қажайтын тігістер мен денге бататын элементтер болмағаны дұрыс;
  • Құрамында спирті бар косметиканы қолданудан бас тарту керек;
  • Баланың тырнағын үнемі қысқа етіп алып тастау керек. Бұл балаға терісін қышудан құтылуға көмектеседі;
  • Имолента мен ылғалдандырғыш жақпамайларды қолдана отырып теріні үнемі ылғалдандыру керек;
  • Терінің зақымдануына жол бермеу. Қатты жөкені қолдануға болмайды, табиғатқа шыққанда арнайы заттар мен денені жауып тұратын киімдердің көмегімен жәндіктердің шағып алуынан денені қорғау керек.

Ата-аналарға кеңес

Доромарин бірегей кешенін балаға үш айынан бастап бере беруге болады. Көбінесе дәл осы уақытта атопиялық дерматиттің алғашқы белгілері жиі пайда болады.

Атопиялық дерматитті толық емдеп жазуға бола ма? Бұндай сұрақ аталмыш ауруға бірінші рет тап болған көптеген ата-аналарды мазалайды. Жоғарыда жазылған емдеулер мен алдын алу шараларын ұстанған кезде патологияны толық бақылауға алуға болатыныан ата-аналар білулері керек. Терапияның тиімділігі тиісті дәрі-дәрмектерді пайдалану қаншалықты өз уақытында басталғанына байланысты. Иммунитетті жақсарту аурудың қайталануы мүмкіндігін айтарлықтай төмендетеді. Осы мақсатта Доромарин емдік-профилактикалық өнімі толығымен жарайды. Оның құрамында қиыршығыстық ангустата ламинариясы, трепанга сығындысы, теңіз кальциі, шырын бар.

Атопиялық дерматит кезінде Доромаринді пайдалану баланың толық жазылып кетуіне көмектесетін, бірден бірнеше жағымды әсер береді

  • Иммундық жүйе жақсарады;
  • Ағзада жиналған уыттар шығарылады;
  • Алмасу реакциялары қалпына келеді;
  • Ас қорыту мүшелерінің жұмысы қалпына келеді;
  • Жүйке жүйесі нығаяды;
  • Терінің бастапқы қалпына келу процесстері күшейеді;
  • Ағзаның аллергиялық әсерлерге бейімділігі төмендейді;
  • Инфекциялық процесстердің жалғасу қауіпі азаяды.

Доромарин бірегей кешенін балаға үш айынан бастап бере беруге болады. Көбінесе дәл осы уақытта атопиялық дерматиттің алғашқы белгілері жиі пайда болады. Доромарин жағымсыз әсер тудырмайды, созылмалы патологиялармен күресіп шығуға көмектеседі, жағымды дәмі бар, сондықтан балалар оны сүйсініп ішеді.

Емдік-профилактикалық өнімнің тағы бір артықшылығы – оны теріге жағуға болады. Доромаринді бір шай қасық мөлшерімен жұмсақ ысқышқа жағып, бөрткен және қалыптан тыс қан толған дақтары бар аймақтарды сүртіп шығады. Кешенді теріде болар-болмас өзгерістер пайда болған кезде осындай тәсілмен қолдану патологиялық ошақтардың ақырындап күшейе түсуін алдын алуға көмектеседі.

Сіз Доромарин бүкіл Қазақстан бойынша тегін жеткізе аласыз.

Доромаринді сатып алу


Отзывы Кожа

Пікірлер шынайы адамдардың

А у нас после принятия Доромарин улучшился аппетит и победили энтеровирусную инфекцию за 3 дня. Хотя прошлым летом из за этой напасти попали в инфекционку. Так что всем тоже рекомендую.

Очень полезный продукт, ребенок стал засыпать вовремя, улучшился аппетит, у нас был дерматит, сейчас постепенно проходит, в туалет ходит регулярно, советую купить. Хорошо помогает при гриппе. Мы заканчиваем 7 банку

У нас диагноз - атопический дерматит. Сыну Доромарин помог уже с первой же недели. При аллергии очень хорошо выручает, у сына кожа восстановилась, аппетит повысился.

Да, это правда избавляет от пятен на теле. На спине у дочки было пятно похожее на карту, теперь оно стало меньше и уже потихоньку исчезает. Спасибо большое коллективу Доромарин. Я ничуть не жалею, есть изменения в здоровье у дочки, самое главное она сейчас не заикается. Большое спасибо!

Очень хорошо помогает при витилиго Исчезают пятна на теле. Доромарин

Доромарин Отзывы

Доромарин Отзывы

Доромарин Отзывы

Доромарин Отзывы

Доромарин Отзывы

Доромарин Отзывы

Все еще сомневаетесь в Доромарин? Ознакомьтесь с отзывами!Доромарин - это лечебно профилактический продукт для детей, отличный помощник,

Атопикалық дерматит – Дәрігер Комаровский

Телефон нөміріңізді қалдырып, біздің мамандардың тегін кеңесін алыңыз.

Кері қоңырау

X

WhatsApp-ге жіберу