Ұйқы – мидың ерекше қызметінен, сондай-ак ағзаның қоршаған ортаға әсерінің төмендеуінен тұратын физиологиялық процесс.
Баланың жақсы дамуының кепілі – толыққанды ұйқы. Ол – ағзаның ауамен, тамақтанумен және сумен қанығуымен қатар, денсаулықтың ажырамас бөлігі. Ұйқы кезінде баланың ағзасы демалып, ояу кезінде жұмсаған артық энергиясының орнын толтырады. Бала ағзасы қызметінің көрсеткіштері өзгереді: тыныс алуы, тамыр соғысы баяулайды, қысымы төмендейді. Адамның денесі босаңсиды. Ұйқы кезіндегі ағзаның күйі қарапайым демалған уақыттағымен салыстыруға келмейді, өйткені тынығу кезінде бала ұйықтаған кездегідей, барынша босаңси алмайды.
Бала түнде нашар ұйықтайды, жиі оянады
Баланың ұйқысынын бұзылуына әсер ететін себептер көп. Егер сәби кезін қарастыратын болсақ, баланың қарны ашуы мумкін. Сәби күні бойы бөтелке немесе анасының сүті арқылы тамақтанады, әрине түнде ұйықтап жатқанда да емгісі келеді. Алайда, мұндай әдетті оп-оңай ретке келтіруге болады. Бұған арналған көптеген амал бар. Түнде ұйықтар алдында балаға сүт немесе су беруге болады. Сондай-ақ ақырындап түнде мүлдем тамақтандырмауға үйретуге болады. Таңертең бала ұйқысынан тұрғанда қарны аш болып, күні бойы қажетінше тамақтанады.
Тістің шығуы да балалардың ұйқысының бұзылуына алып келеді. Күндіз бала ауруын ұмытады немесе басқа нәрселерге ойы бөлінеді, ал түнде ауруы күшейеді.
Үш айға дейін ішек құрылысы қалыптаса бастайтындықтан, сәби ауырсынуы мумкін. Бала түнімен оянып, аяғын көтеріп, ыңырсып жылайды. Одан үлкенірек кезде де, ішектері мен асқорытуы жиі мазалап, түні бойы оятуы мүмкін. Мұндай жағдайда дұрыс тамақтану тәртібі мен педиатрдың кеңесі қажет.
Созылмалы ауа арқылы жұғатын вирустық инфекциялар кезінде тыныс алу ағзалары зардап шегеді. Егер баланың мұрны бітеліп қалса, онда дұрыс ұйықтай алмайды. Баланың тыныс алуын бақылау керек.
Балалардың ұйқысының бұзылуы табиғаты бойынша әртүрлі:
- ояу жүру және ұйықтауға қатысты дұрыс емес қалыптасқан үлгі;
- эмоциялық күш немесе басынан өткен күйзеліс (анасының жұмысқа шығуы, балабақшаға үйрену);
- жаңа туылған сәбидің физикалық түрде жайсыздануы;
- қорқыныш;
- эндокриндік және жүйке жүйесінің мәселелері (қалқанша безі қызметінің бұзылуы, ағзадағы йод тапшылығы).
2-6 жасар балаларда қорқыныштан немесе қорыққаннан ұйқысы бұзылуы мүмкин. Бала түнде шошып немесе айқайлап оянып, не болғанын анық түсіндіре алмай, жылайды. Таңертең баланың есінде ештеңе қалмайды.
Көбінесе 4-10 жастағы ұл балаларда айкезбелік (айкезбе) кездеседі. Бұл құбылыс орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) жетілмегенімен байланысты. Түсінде жүру физиологиялық тұрғыда ОЖЖ-нің тежелу қызметі қозғалу аймағында миға таралмайтынымен түсіндіріледі. Ағзаның негізгі функциялары баяулайды, бірақ қозғалыс функциялары баяуламайды. Балалар тым эмоционалды және қабылдағыш келеді. Күні бойы әлі қалыптасып үлгермеген психикасына жүктеме көп (теледидар, компьютер ойындары). Баланың миы түнде де қызметін тоқтатпайды, бұл айкезбенің пайда болуына алып келеди. Бала көзі жұмулы күйде бөлмеде жүреді, мақсатты түрде әрекет жасайды, өзін белсенді ұстайды. Айкезбенің туындау қаупінің факторларына мыналар жатады:
- тұқым қуалаушылыққа бейімділік (ата-ананың біреуінің генетикалық түріне сәйкес);
- бас ауруы немесе жоғары температура;
- ұстамалы немесе талмалы ауру (кейбір кездері айкезбелік аталмыш аурудың жаршысы болуы немесе ағымына ықпал етуі мүмкін);
Кейбір кездері балалар тұрмай, төсекте ұйықтап жатып та сөйлей береді. Сөздері сараланбаған, түсініксіз, толық мағынасы жоқ болады. Сонымен қатар бұл эмоционалдық артық күш жұмсағаннан да туындайды.
Кейбір балаларда түнде бруксизм (тісті шықырлату) байқалады. Көбісі ойлағандай, бұл ішек құрттарына байланысты емес. Бірақ стоматологиялық сипаттағы мәселелер туындауы мүмкін. Бет бұлшықетінің құрысуы – тісті шықырлатудың себептерінің бірі. Бұл құбылыс соңына дейін, нақты анықталмаған.
3-9 жасар балаларда шыжың (несептің тоқтамай аға беруі) ауруына бейімделгіш болып келеді. Себептері – күйзеліс, урологиялық сипаттағы аурулар, сондай-ақ генетикалық бейімділік. Бұл жүйке жүйесінің жетілмеуіне, ояту функциясының дамымағанына байланысты.
Есту мүшелері ауыратын (аденоидтардың ұлғаюы) балаларда тыныс алуының тежелуін байқауға болады. Сонымен қатар бұл артық салмаққа да байланысты болады.
Мектеп жасындағы балалардың ұйқысы жиналған ақпараттың көп мөлшеріне, мектепке бейімделу кезеңіне, стрестік жағдайларға, құрдастарының арасындағы жанжалға, дауласуға байланысты бұзылады. Одан да үлкенірек кезде бала алдағы уақытта келе жатқан емтихандарды уайымдап түнімен ұйықтамайды. 10-13 жастағы қыз балаларда ұйқының бұзылуы ағзаның гармонды қайта құрылуына байланысты болуы мүмкін.
Неліктен бала үшін ұйқы маңызды?
Біз өмір бойы уақытымыздың 30%-ын ұйқыда өткіземіз. Бұл айтарлықтай көп уақыт. Балаларда ұйқы ұзақтығының мөлшері бар. Сәби кезінде тәулігіне 16-дан 18 сағатқа дейін ұйықтайды. Мектепке дейінгі және бастауыш сыныпта 10 сағатқа дейін, сонымен қатар түнгі ұйқыдан бөлек күндізгі ұйқы болуы мүмкін. Жастық шақта ұйқыға деген қажеттілік азайып, тәулігіне 8-9 сағатты құрайды.
Адамның ағзасын қуаттағышпен салыстыруға болады. Егер қуаты аз болса, онда жұмысқа қабілетсіз болады. Біз қуатты әртүрлі жолмен аламыз, соның ішінде ең маңыздысы – ұйқы. Ми ұйқы кезінде алған ақпаратты өңдеп, жаңасын қабылдауға дайындалады. Егер де қандай да бір себеппен баланың ұйқысы бұзылса, әртүрлі салдарға, тіпті кекештенуге дейін алып келуі мүмкін. Физикалық денсаулық жағынан иммунитеттің әлсіреуі, ішкі мүшелердің жұмыс істеуі бұзылады.
Атауы |
Әсері |
Қолдану тәсілі және дозалары |
Үлкен аскөк шайы |
Иммунитетті күшейту, ас қорыту мүшелерінің қызметін жақсарту, ұйқыны қалпына келтіру |
2 грамды 200 мл-ге, ұнтақтау. Кейінгісін арттыра отырып, шай қасықпен ішу. |
Түймедақ гүлдерінің шайы |
Қабынуға қарсы қасиеті бар, баланың ұйқысын жақсартады |
5 грамға ыстық суды құйып, 40-45 минут демдеп қою керек. Үстіне 200 мл-ге дейін су құю қажет. Күніне екі рет ас қасықпен ішу керек. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар үшін мөлшерін арттырып отыру керек. |
Жалбыз тыныштандыратын шайы |
Жүйке жүйесінің босаңсуы, иммунитетті күшейту, ұйқыны қалпына келтіру |
2 ас қасық жалбызға 200 мл. ыстық су құйып, демдеп қою керек. Ішке қабылдау, яғни ішу керек. |
Жаужапырақ, тау жалбызы негізіндегі шай |
Ас қорыту мүшелерін жақсарту, гипертонусты қалпына келтіру, ұйқыны қалпына келтіру |
2 ас қасық шөп қоспасына 200 мл. ыстық су құйып, демдеп қою керек. Мөлшерін арттыра отырып, шай қасықпен ішіп, келесіде мөлшерін арттырып отыру керек. |
Балалық шақтағындай, жасөспірім кезде ұйықтағанда самотропин – өсу гармоны шығарылады. Дамудың психикалық тұрғысынан бала оған жүктелген жүктемені қабылдамайды. Сәбідің ұйқысы ұзақ болуы тиіс. Жүйке жүйесі нығаяды, сөйлеу қызметінің жұмыс істеуіне арналған алғышарттары дамиды. Мектеп алды жаста ұйқының бұзылуы баланың зеректігіне қатты әсер етеди. Эмоционалды жағдай бұзылады. Шындыққа деген енжарлық дамуы мүмкін, зейін қоюы нашарлайды. Мектеп өмірінің алғашқы кезінде бала соматикалық (тән) денсаулықпен қатар ақпаратты алуға және меңгеруге қажетті психикалық даму ерекшеліктеріне ие болуы керек.
Осылайша, ұйқының бұзылуы жоғары белсенділік, жоғары эмоционалды қозу, тез шаршау синдромдарына әкеп соғады.
Бірте-бірте ұйқыны қалпына келтіру оң әсер береді және көптеген мәселелерді алдын алады.
Баланың ұйқысын қалай қалпына келтіруге болады?
Кішкентай кезінде балалар күндіз де, түнде де ұйықтайды. Яғни ұйқысының ұзақтығы көп болады. Күн мен түнді ауыстырып алатын жағдайлар да кездеседі. Мұндай жағдайда ата-анаға қиын болады, өйткені бала түнде ұйықтамай, әлемді танығысы келіп, бар назарды өзіне аудартады. Мұндай жағдайды күні бойы баламен айтарлықтай көп уақыт өткізіп, ұйықтатпай ретке келтіруге болады. Ойыншықтармен немесе ойындармен көңілін аударуға тырысу керек.
Мектепке дейінгі жаста стрестік жағдайларды жою баланың ұйқысын қалпына келтіруге көмектеседі. Стресс міндетті түрде жағымсыз эмоциялардан пайда болмайды. Ол әртүрлі жағымды әсерлерден де болуы мүмкін. Мысалы, жағымды әсерлерге қанығу. Барлығы шектен шықпау керек. Мультфильмдер көру, планшетте ойын ойнау көп жағдайда қатаймаған жүйке жүйесіне зиян келтіреді, сондықтан шектен шықпау керек. Сондай-ақ тәртіп қажет. Оның ішінде тамақтану тәртібі. Тағам барынша пайдалы болуы, жасұнықтың қажетті мөлшерінен тұруы керек. Ақуыздардың, майлар мен көмірсулардың дұрыс арақатынасы болуы қажет. Жатар алдында тойып тамақ ішсе, баланың асқазан тұсында жайсыздық пайда болуы мүмкін.
Егер бала ауырсынып тұрса, әлсірететін массаж жасауға, жылы ванна, сондай-ақ тыныштандыратын шөптік шайлар (аллергиялық әсерлер болмаған жағдайда) көмектеседі. Тыныштандыратын әсері бар шөптік шайлардың мысалы мыналар жатады.
Ұйқының бұзылуы иммунитеттің әлсіреуіне алып келеді. Бұл вирусты аурулардың қауіпін арттырады. Педиатрлар дәрумендік жиынтықтарды қолдануға кеңес береді. Иммунитетті А, В, С, D дәрумендері, цинк, магний, селен минералдары жақсартады. Балаларға арналған дәрумендер жиынтығын қолдану кезінде иммунитеттің жақсаруымен қатар, ағзада баланың толыққанды дамуы үшін қажетті функциялар ретке келтіреді.
Ата-аналарға арналған ұсыныстар
Баланың денсаулығын үнемі бақылап отыру керек. Жамандықтың, сәтсіздіктің толық көрініс тапқанын күтіп отырмай, мәселелерді ескертіп, алдын алу керек.
Ұйқының бұзылуы алғашқы туындауға да (белгісіз себептер), екінші туындауға да (күн тәртібінің өзгеруі, физикалық мәселелер, тамақтанудың бұзылуы салдарынан). Баланың дамуындағы мәселелерді алдын алу үшін, ата-аналардың көбісі Доромарин – табиғи дәрумендер жиынтығын алады.
Бұл өнім ерекше емдік қасиеттерге ие және медицинада кеңінен қолданылады. Дәрумендер жиынтығы Қиыр Шығыс Ламинариясының табиғи компонеттері негізінде дайындалған. Теңіз өсімдіктерінде йодтың мөлшері аса көп. 100 г құрғақ ламинарийдегі йодтың мөлшері 160-тан 800 мг-ға дейін ауытқып отырады. Йод қалқанша безінің дұрыс жұмыс істеуі қажет. Ол өз кезегінде сергек жүру мен ұйқыны реттеуге қатысатын гормондаға жауап береді. Балаларға арналған дәрумендер қоректік заттардың кейбірі жетіспегеннен ұйқы бұзылғанда қолданылады. Кішкентай кезінде орын алған барлық мәселелер бір тізбектің буындары болып табылады. DoroMarine дәрумендер кешенін қолдану арқылы ұйқы, иммунитет, қоршаған ортамен күресудің төмен деңгейі мәселелерін алдын алуға болады.
Балалардың ұйықтау ережелері, балалар ұйқысы, нәрестенің ұйқысы - Комаровский