Балалардағы дерматит (атопиялық дерматит) – бұл аллергияның, инфекциялардың немесе уланулардың әсерінен туындайтын тері ауруы. Ұлдар мен қыздардың ауыру деңгейі теңдей болып табылады. Дерматит эпидермистің қызаруымен, бөртпелердің пайда болуымен және тері жабындысының зақымдалған аймақтарындағы ыңғайсыз сезімдермен сипатталады. Аурудың терапиясы аллергендермен қатынасты шектеуге және иммунитетті нығайтуға негізделеді.
Аурудың классификациясы
Балалардағы дерматиттің келесі түрлері болады:
- аллергиялық дерматит – ағзаға аллергеннің қайталап түсуімен сипатталатын ауру болып табылады;
- жанаспалы дерматит – терінің аллергенмен жанасатын жерінде пайда болады;
- күннің әсерінен – тері жабындыларына ұзақ уақыт ультракүлгін сәулелер әсер етуінен туындайды;
- себореялық дерматит – бастың эпидермисінің түкті қабатында қышытатын бөртпелердің пайда болып, оның бетке, мойынға, жоғарғы бөліктерге және дененің басқа да бөліктеріне таралуымен сипатталатын ауру.
Потологияның пайда болу себептері
Балалардағы атопиялық дерматит немесе аллергиялық дерматит келесі себептерден туындайды:
- генетикалық бейімділік;
- ерте емшек емуден бас тарту;
- бронхиалды демікпенің пайда болуы;
- үй жануарларының түктеріне, өсімдік тозаңдарына, шаңға, химиялық тұрмыстық заттарға, тері күтіміне арналған өнімдерге, сондай-ақ тағам өнімдеріне аллергияның әсерінен болады;
- инфекционды-вирустық сипаттағы аурулар;
- кейбір медикаментозды препараттарды қабылдау;
- АІЖ аурулары, соның ішінде асқазанның ойық жарасы, гастрит, колит және басқалары да кіреді;
- иммунтапшылық;
- тұрақсыз эмоцианалды жағдай;
- жағымсыз экология;
- екпелер;
- табиғи емес матадан киімдер кию.
Ауру тағы да бір әртүрлілікке ие – жөргектік дерматит. Бұндай ауру келесідей себептерден дамиды:
- ұзақ уақыт аралығында ылғалды жөргекпен жүруі;
- жеке бас гигиена ережелерін бұзу – сирек шомылдыру, жақпамайлар мен ұнтақтарды пайдаланбау;
- баланың табиғи емес матадан жасалған киімде ұзақ уақыт бойы жүруі;
- саңырауқұлақ;
- жоғарғы ылғалдықтағы жерде болуы;
- бала терісінің зиянды химиялық қосылыстармен тікелей қатынаста болуы.
Жанаспалы дерматит – потологияның түрлерінің бірі. Аурудың туындау себептері:
- баланың денесінің суынуы немесе ысуы;
- күннің астында жиі болуы;
- тұрақты рентген сәулесін алу;
- залалсыздандыру құралдарын тұрақты пайдалану;
- химиялық тұрмыстық заттарға немесе азық-түлікке, тері күтіміне арналған құралдарға аллергиялық реакциялар;
- өсімдіктермен тікелей қатынас;
- жәндіктердің шағуы.
Аурудың симптоматикасы
Балалардағы атопиялық дерматит немесе аллергиялық дерматит келесі белгілнермен көрініс табады:
- құрғақ тері;
- қабыршақтану;
- қандай да бір ағзаның немесе дене мүшесінің тамырларының қанға толуы;
- эпидермистің қызаруы;
- дененің жоғарғы жақ аймағындағы эпидермистің жұқаруы;
- көру мүшелерінің аймағында пигментті дақтардың пайда болуы;
- конъюнктивит – көздің патологиясы;
- тері жабындысының қышуы;
- жұқа тіндердің ісінуі;
- эпидермистегі бөртпенің әртүрлігі.
Баланың терісіндегі себореялық дерматиттің белгілері мынадай:
- бас терісінің түкті бөлігінде сұр түсті қабыршақ түріндегі бөртпелердің бір-бірімен қосылған, бірыңғай қабықтың пайда болуы ;
- бөртпелердің тез арада бетке, мойынға және дененің жоғарғы бөліктеріне ауысуы;
- эпидермистің зақымдалған жерлеріндегі ыңғайсыздық сезімі.
Бала терісіндегі жөргектік дерматит келесі белгілермен сипатталады:
- шап аймағындағы, жамбас аймағындағы және дененің төменгі бөліктерінің қуыстарындағы эпидермистің қызаруы немесе бөртуі;
- ылғалды бөртпелер;
- ішінде сұйықтығы бар құрылымдардың пайда болуы;
- эрозия (қабыршақ) көпіршіктердің ашылуынан кейінгі;
- тері жабындысының зақымдалған аймақтарындағы ыңғайсыздық сезімі – көбінесе қышу мен күйдіру сезімін туындатады;
- бала ерке болып, жиі жылайды.
Балалардағы жанасулық дерматит мынадай белгілерге ие:
- терінің аллергенмен жанасатын жерінде қызарулар мен бөртпелердің пайда болуы;
- тері жабындысының мәселелі аймақтарындағы ыңғайсыздық;
- терінің зақымдалған аймағына жанасқандағы қатты ауыру сезімі;
- ашқаннан кейін тері жабынында қабыршақтар қалыптасатын күлдіреуіктердің пайда болуы.
Атопиялық дерматит әдетте қыста пайда болады, ал аллергиялық дерматит және аурудың басқа да түрлері көктем-жаз кезеңдерінде белгілі болады.
Баладағы дерматитттің диагностикасы
Егер дерматиттің кез-келген түріне күдік туса, маманға қаралу ұсынылады. Бұл мәселемен педиатр, дерматолог, инфекционист және аллерголог-иммунолог айналысады. Ауруды диагностикалаудан бұрын дәрігер науқасты қарап тексеріп, сұрастыру керек, сондай-ақ сәйкес анализдерді тағайындауы қажет. Маман тек осыларға негіздеп қана қорытынды жасайды.
Дерматит диагностикасының кезеңдері. Кесте 1
Диагностика кезеңдері |
Зерттеу түрлері |
Қарап тексеруге анамнез жинау |
|
Зертханалық зерттеулер |
|
Аспаптық зерттеу |
|
Дәрігер барлық зерттеу нәтижелеріне қарай негіздеп, дерматиттің бар немесе жоқтығына қорытынды береді.
Балалардағы дерматитті емдеу
Балалардың терісіндегі дерматитті қалай емдеу керектігін дәрігер айтады. Терапия аурудың диагностикасынан кейін тағайындалады.
Аллергиялық дерматитті емдеу үшін, аллергендермен қатынасты жою қажет. Тек сол ғана терапиялық шаралардың тиімділігіне кепіл бола алады.
Балалардағы дерматитті емдеуді дәрігер тағайындайды. Бұл аурудың терапиясы үшін көптеген құралдар бар, дегенмен барлық медикаментозды препараттар тек белгілерін жоюға ғана көмектеседі, бірақ аурудың өзіне әсер етпейді.
Егер балада атопиялық дерматит туындаса, антигистаминдік препараттармен ем жүргізіледі. Әдетте Супрастин немесе Лоратадин тағайындайды. Олар аурудың сырт көрінісін жояды – жұмсақ тіндердің ісінуін басады, қышуды және бөрткенін жойып отырады. Егер балада жанасулық немесе жөргектік дерматит пайда болса , онда мамандар жергілікті қолдануға арналған өнімдерді тағайындайды. Оларға гормондар немесе антигистаминдік дәрілер негізіндегі жақпамайлар мен гельдер кіреді.
Бірақ бұл Доромаринге қатысты емес. Бұл балалардағы дерматитті емдеу үшін тағайындалатын табиғи емдік-профилактикалық өнім болып табылады. Ол иммунды жүйенің жағдайын жақсартады және ағзаға толықтай жағымды әсер етеді. DoroMarine-нің емдік қасиеті оның теңдесіз құрамымен байланысты. Кешен келесі пайдалы заттардан тұрады:
- қиыршығыстық Ангустат ламинариясы – құрамында 40-тан астам пайдалы құрылымдар болады, оның ішіне әртүрлі дәрумендер мен минералдар кіреді;
- теңіз кальцийі – сүйектердің және бұлшық еттердің құрылымын жақсартады, сондай-ақ тіс эмаліне жағымды әсер етеді;
- трепанг сығындысы – барлық қасиеттерімен балық майына ұқсас болып келеді және құрамында әртүрлі дәрумендер мен минералдар болады;
- жеміс шырыны– дәрумендердің дәмін жақсартады және кешеннің тиімділігін арттырады.
Егер балада атопиялық дерматит дамыған болса, дәл осы DoroMarine-мен емдеу тағайындалады. Дәрумендер иммунитет жағдайын нығайтады. Осының арқасында ол аллергендердің әсеріне қарсы тұра алады, сондықтан бөртпе түріндегі реакциялар және ісінуі мен қышуы пайда болмайды.
Кешеннің артықшылықтары:
- құрамы тек табиғи заттардан тұрады, бұл кешенді қабылдау денсаулық үшін толығымен қауіпсіз болып табылады ;
- аллергиялық реакция шақырмайды;
- жағымды дәмге ие және осы себептен де оны қабылдаған кезде балада наразылық болмайды;
- баланың физикалық және ақыл есінің дұрыс дамуына әсер ететін барлық қажетті пайдалы заттармен ағзаны қамтамасыз етеді.
Доромаринді балалардағы дерматитті емдеу үшін ғана тағайындамайды, сондай-ақ келесі жағдайларда да:
- егер бала, әртүрлі инфекцияларды тасымалдауы мүмкін басқа балалармен тұрақты араласатын болса;
- егер бала қандай да бір жұмысқа деген зейінін жинақтай алмаса;
- дәрумендердің және басқа да пайдалы заттардың жеткіліксіздігі кезінде;
- егер бала уақытының көп бөлігін гаджетке немесе теледидарға жұмсаса;
- бала немесе жасөспірім қажеттіден артық физикалық жүктеме түсіретін көп мөлшердегі үйірмелер мен секцияларға баратын болса.
Доромарин – ағзаға зиянын тигізбейтін дәрумендік кешен. Осы себептен де, егер дерматит туындаса оны дәрігердің нұсқауынсыз-ақ емді жүргізуге болады.
Бұл кешен тек симптоматикасын ғана жойып қоймайды, сонымен бірге аурудың өзінен де арылтады.
Доромарин келесі қасиеттерге ие:
- иммундық жүйенің қызметін жақсартады, соның арқасында балалардағы атопиялық дерматит толықтай жазылады;
- зат алмасуға жағымды әсер етеді;
- көруді жақсартады;
- ақыл-естің дамуына жағымды әсер етеді, есте сақтау қабілетін және зейінді жинақтауды жақсартады;
- асқазанның және ішектің қызметін қалыпқа келтіреді;
- ағзадағы жасушалардың қайта қалпына келу процессін жылдамдатады;
- ағзаны шлактар мен токсиндерден босатады;
- улануды шақыратын ауыр металлдардың қызметін бейтараптайды;
- шектен тыс физикалық жүктеме кезінде жиі туындайтын ұстамалар мен ұюшылықтан арылтып, бұлшық еттерге жағымды әсер етеді;
- жүрек-қан тамыр жүйесінің қызметін жақсартады.
Доромарин дәрумендер кешенін 3 айдан 16 жасқа дейінгі балаларға қабылдауға болады. Бала терісінің дерматитін қалай емдеу керектігі туралы сұрақ туындаса, бұл мәселеден толығымен арылтатын осы кешенге назар аударуды ата-аналарға ұсынады.
Ауру туындағандағы профилактика
Егер балада атопиялық дерматит пайда болса, ауруды емдеу ұзақ уақытқа созылады. Аурудың пайда болуының алдын алған жеңілірек болып табылады. Бұны жасауға келесі профилактикалық шаралар көмектеседі:
- ағзадағы қорғаныс күшін арттыру үшін Доромарин дәрумендер кешенін қабылдау;
- баланың тері күтімінің дұрыстығын қадағалау;
- бала денсінің суықтауы мен ысынуын болдырмау;
- эпидермисті тұрақты ылғалдандырып тұру;
- мүмкін болатын аллергендермен қатынаста болмау;
- уақытылы диагностика мен инфекциондық сипаттағы патологиялардың терапиясы мақсатында баланы дәрігерге қарату;
- тек табиғи матадан жасалған киімдерді қолдану;
- ылғалдана салысымен бірден жергекті ауыстырып тұру керек;
- баланың эпидермисіне күтім жасау үшін тек сапалы құралдарды қолдану.
Егер дерматит туындаса, емді дәрігер тағайындайды. Аурудан толықтай арылу үшін Доромаринді қолдануды ұсынады. Дәрумендік кешен ағзаның қорғаныс күшін арттырады және ол үшін жаңа болып табылатын өмір шарттарына баланың иммунитетін қалыптастырады. Доромаринді балаларға үш айдан бастап қабылдау ұсынылады. Дәрумендерді жасөспірімдер мен ересектерге де, сондай-ақ бала көтерген әйелдерге де қабылдауға болады.