Доромарин - дені сау ұрпақ, бақытты отбасы!

Балалардағы есекжем

Мазмұны: [Көрсету]

Қосымша тамақ, баланы шомылдыруға арналған жаңа заттарды пайдаланғаннан кейін ата-аналар баланың рационына жаңа өнімдердің енгізілуінің жағымсыз салдарына тап болады. Ол қарапайым есекжем болуы мүмкін. Аталмыш ауру туралы жалпы ақпарат, оның себептері, белгілері мен оны емдеу, жою тәсілдері осы мақалада қарастырылады.

Есекжем дегеніміз не?

Балалардағы есекжем – бірнеше аурудан тұратын патологияның атауы. Олар бөртпенің пайда болуымен байланысты. Бастапқы кезде қышыма сияқты көрінеді. Аталмыш бөртулер периметрі бойынша айқын қан кернеуі қалыптасатын, терінің жоғарғы қабытының ісінуі болып саналады. Орталығы – солғын. Іріңсіз бөртпенің көлемі әртүрлі (бір-екі миллиметрден бірнеше сантиметрге дейін). Бөртудің сипаты – уақытша. Негізінде білуінің алдында бір күннен артық уақыт өтпейді.

Ауру ағымы бойынша есекжем жедел және созылмалы болып екіге бөлінеді. Бірінші кезеңі шамамен бір жарым айға созылады. Тез және кенеттен пайда болады. Егер баланың денесі алты аптадан аса бөртіп жүретін болса, онда дәрігер есекжемнің созылмалы түрін белгілейді.

«Балалардағы есекжем жұқпалы ма?» деген сұрақ ата-аналардың барлығын мазалайды. Ол сұрақтың жауабы әртүрлі, өйткені аурудың пайда болуының үш түрі бар: кенеттен, физикалық және байланысу.
Аурудың сипаты жедел, өзі жеке ауру ретінде немесе өзге патологияның белгісі ретінде көрінеді.

Балаларда есекжемнің пайда болу себептері

Балаларда есекжем пайда болатын барлық маңызды себептер көбінесе өзара түрленеді және сәбидің жас ерекшеліктерімен байланысты. Мысалы, алты айлық кезінде, аталмыш патология жіті түрде пайда болмайды, өйткені бұл кезеңде сәби анасының сүтінен басқа қосымша тағам (ерте қосымша тағам беретін жағдайды) қабылдамайды. Осындай себеп екі-үш жастағы балалар үшін негізгі болып саналады. Дәл осы кезде аллергиялық есекжем дамиды.

Есею процестерімен ағзаға айтарлықтай жиі көрініс табатын (егер оларды жоймаса) одан да көбірек факторлар әсер етеді.


Сондықтан балалар дәрігерлері мен дерматологтер есекжемнің келесідей себептерін көрсетеді:

  • Терапия ретінде өзге аурулардың «антибиотиктер» тобындағы дәрі-дәрмекті препараттарын белгілейді (оған пенициллин, сульфаниламид және т.б. жатады);
  • Вирустар мен микробтардың баланың азғасына зиянды ықпалы (герпес, гепатит В, С);
  • Жәндіктердің шағуы (ара, маса);
  • Аллергенді тағам  (цитрустар, бал өнімдері, тауық жұмыртқасының ақуызы және т.б.).

Балалардағы есекжемнің белгілері аурудың ауырлық дәрежесіне байланысты өтеді.

Сондықтан «Балаларда есекжем неше күннен кейін кетеді?» деген сұраққа жауап беру қиынға соғады. 

Жалпы алғашқы белгілерін дер кезінде байқаса және дұрыс терапия белгіленсе, үш тәуліктен бес тәулікке дейін жойылады.

Психоматиканың негізін ескере отырып, мұндай аурулардан «өзін-өзі сендіру» күшінің арқасында жазылып кетеді. Егер баланы емделуге дайындап, бөрпе, қышыма және қызарған жерлер арнайы дәрі­-дәрмектерді қабылдағанда кетеді деп баланы сендірсе, бала ересектермен айтарлықтай жақсы қарым-қатынасқа түсіп, дәрігер белгілеген дәрілерді қуана-қуана қабылдайды. Демек, позитивті ойлаудың арқасында есекжемнен тезірек жазылады.

Жіті есекжемнің дамуын өршітетін факторлар

Балаларда жіті есекжемнің туындауына әсер ететін факторларға мыналар атап өтуге болады:

  • Экзотикалық және аллергиялық азық-түлік өнімдерін пайдалану. Есекжемнің жіті жағдайы балаларға теңіз өнімдерінің «дәмін татып көруге», цитрустар мен жаңғақтарды өте көп мөлшерде берген кезде, тағамға жасанды қоспаларды қосқан кезде айтарлықтай жиі орын алады;
  • Ара немесе сона шаққанан алған у;
  • Улы өсімдіктерден шығатын уыттар;
  • Вирустардың әсері;
  • Дәрі-дәрмектерді, қан компоненттерін жеке көтере алмау.
  • Қауіп-қатер факторларына есекжемнің пайда болуы мүмкін жағдайдағы отбасының балалар кіреді (мысалы, анасының кішкентай кезінде апельсин немесе балдан бөртпе шығатын болған).

Созылмалы есекжемнің даму себептері

Есекжемнің пайда болуына және оның созылмалы түрге жетуіне әсер ететін факторлар:

  • Қоршаған ортаның әсері (суық, салқын жел, қысым, вибрациялық қозғалыстар және т.б.);
  • Аутоиммунды аурулар;
  • Ішек құттары;
  • Эндокриндік жүйенің аурулары;
  • Аллергиялық патологиялар (мысалы, тыныс демікпесі, өсімдіктердің тозаңынан болатын аллергия, оғаш түрдегі дерматит);
  • Созылмалы түрде бактериялардың, зеңдердің немесе вирустардың әсері.

Жалпы аталмыш патологияның туындауын терінің шырлы жасушаларының дамуымен және олардан цитоплазмалық түйіршіктерді жанындағы тінге орналастырумен байланыстырады. Осы түйіршіктердің құрамына кіретін дәл осы гистамин ісіп қызару процесінің медиаторы болып саналады.

Балалардағы есекжемнің белгілері

Есекжем дененің әртүрлі жерінде (тіпті аяқ пен қол ұшында, бастың түкті бөлігінде) жайылмайды. Шырлы жасушалар бас пен мойын аймағында ең көп шоғырланып орналасады, сондықтан осы жер көп қышиды.

Аурудың симптоматикасы мен оның көрінуін болжау мүмкін емес. Көбінесе ол кішкентай кезде кенеттен пайда болады. Бастапқыда тері қатты қыши бастайды, сонан соң сол жер күлдірейді. Көбінесе бөртпе еріннің, қабақтың, аяқ-қолдың, буындардың ісінуіне әсер етеді. Ісіну мен іріңсіз бөрту бір тәулікке (кейбір жағдайларда екі және үш күнге дейін) созылады. Күлдіреуіктер «жарылған» кезде баланың жағдайы нашарлайды, орны дуылдап, қышиды.

Ауыр асқынулар мен көрініс табатын түрлерінің бірі – Квинке ісігі. Мамандар оған «алып есекжем» деген атау берген. Мұндай жағдайда баланың терісі және тері шелі ісіне бастайды. Ең көп қауіп-қатер – тыныс алудың шырышты органдарының ісінуінің дамуы. Квинке ісігінің сипатты белгілері ретінде ауыр дем алу, мұрын және ерін айналысының көгілдірлік көгеруі, қатты жөтелуді атап өтуге болады. Мұндай жағдайда мүмкіндігінше тезірек алғашқы медициналық көмекті көрсетіп, жедел жәрдем қызметкерлерін шақырту керек.

Бір жасқа дейінгі балаларда есекжем жіті түрінде пайда болады. Баланың температурасы 38 градустан жоғары бағанды көрсетуі мүмкін, сондай-ақ қатты қалтыраумен, бас ауруымен, жалпы көңіл-күйінің нашарлауымен сипатталады.

Терапиядан науқастың халі жақсармаған жағдайда «созылмалы есекжем» диагнозы қойылады. Оның негізгі белгілері ретінде бірден бөртпенің пайда болуын және іріңсіз бөрпе орнының қышуын, кезеңдермен өтетінін (біресе асқынып, біресе аурудың бетінің қайтуы сатысында болуы) атап айтуға болады. Қосымша вирустар әсер еткен кезде дерматиттің созылмалы түрі дамиды.

Балалардағы есекжемнің диагностикасы

Балалалық шақта есекжемнің пайда болу себептерін анықтау бойынша диагностика шаралары мынадай кезеңдерден тұрады:

  • Бала туралы ақпарат жинау. Бұл кезеңде бөртпенің пайда болу себептерін, оның пайда болуына ненің әсер еткенін, жақын туыстарында аллергиялық бөрту бар немесе жоқ екенін анықтау керек.
  • Баланың денесін қарау. Баланың бетінде есекжем пайда болған кезде, дәрігер оның мұрында, құлақта, иек пен қабақта қалай таралғанын мұқият қарап шығады. Аталмыш кезеңде бұл бөртпенің сипатын бағалап, іріңсіз бөртпенің көлемін өлшеу керек. Сонымен бірге балада күлдіреуік пайда болғанда, оларды тесіп жарғанда жағымсыз әсер болатын не болмайтынын анықтап алуы керек. 
  • Үшінші кезең аурудың белсенділігін бағалауға көмектесетін Urticaria Activity Score шкаласын қолдануды қамтиды.
  • Зертханалық жағдайдағы зерттеулер бөртудің себептерін анықтау үшін қажет (мұнда емделушінің несебін және қанын зерттеу, оғаш аллергендер мен қанның сарысуы қолдана отырып тест алу, бауыр түрлерін анықтау және т.б. жатады).

Дәрігер дененің жоғары температурасының пайда болуына алып келуінен туындайтын «есекжемнің созылмалы түрі» диагнозын қою үшін арандатушылық тестерінен өткізу керек.

Аурудың түріне байланысты аталмыш тест әртүрлі тәсілдермен өткізіледі:

  • Егер дермографизм байқалса, онда теріні механикалық түрде тітіркендіру керек;
  • Күндік есекжем кезінде балалардың аяқтарына фототестілеу қолданылады;
  • Аквогенді есекжем теріге сулы компресс қойғаннан кейін байқалады (температура 25 градустан төмен болмайды);
  • Суыққа шығатын бөртпе білек мұздың кішкене бөлігін қоя арқылы Дункан тестінің көмегінен анықталады.

Қосымша дәрігер ауру туралы ауқымды түсінік беруге көмектесетін қосымша зерттеулерді белгілеуі мүмкін. Оған УДЗ диагностикасы, мұрын қуысын рентгенге түсіру, ЭКГ және т.б. жатады.
Балада есекжемнің даму белгілері табылмаған жағдайда дәрігер аурудың идеопатиялық түрінің бар екеніне болжам жасалады.

Есекжеммен ауырған кезде көрсетілетін алғашқы көмек

Аурудың жіті түрі бір-екі сағат немесе бірнеше тәулік өткеннен кейін қайтады. Біреудің көмегінің қажеті жоқ. Шынында, аурудың аталмыш түрінің басты мәселесі бөртпелер емес, сол бөрпеден кейін қышуы.

Есекжем кезінде алғашқы көмекті ата-аналары келесі нұсқауларға сүйене отырып көрсетеді:

Мүмкін аллергендерді жою (белгілі бір өнімге, не дәрі-дәрмектерге немесе үй жануарларына аллергия болған жағдайда).

Қышынуды азайту үшін терінің есекжем зақымдаған аймақтарына балаларға қолдануға рұқсат етілген арнайы аллергияға қарсы жақпамайды жағу керек. Тап осы сәтте дәрінің сатып алу мүмкіндігі жоқ болса, күйікке қарсы жақпамайды қолдануға, не теріге қоятын салқын компресс (сірке суынан және судан) жасауға болады.

Ең маңыздысы – баланы мұқият бақылап отырып, бөртпенің қайтқан жерлерін қасуына жол бермеу. Бұл бөртпенің қайталап шығуына және инфекциялардың қосылуына жол бермеу үшін қажет. Ол үшін баланың тырнағын алып, үстіне мақтадан тігілген киім кигізіп қою керек.

Егер ісіну, жүрек айну, құсу, жүрегі қатты соғуы, тыныс алудың нашарлағаны байқалатын болса, онда тез арада жедел жәрдем шақыртып, арнайы маманға қаралу керек.

Дәрігер келгенше, мүмкін аллергендерді жойғаннан кейін, ата-аналар барынша көп су (минералды әлсізсілтілі су немесе сілтілі ерітінді), сондай-ақ абсорбент берулері керек. Егер жұмсақ тіндер жәндік шаққаннан немесе дәрілік препараттарды еккеннен кейін ісінсе онда шаққан/егілген орыннан жоғарырақ таңғышты қатты керіп байлау керек.

Балалардағы есекжемді емдеу

Балалардағы есекжем қалай емделеді? Дұрыс тәсілді таңдау үшін аурудың пайда болған факторларын, сондай-ақ оның түрін білу керек. Белгілерін дер кезінде байқау және оларды емдеу – дені сау баланың кепілі.

Емдеудің негізгі принциптері элиминациямен (арандатушы факторлармен байланысты шектеу немесе жою), дәрі-дәрмектерді белгілеумен, есекжемнің пайда болуына әсер еткен болуы мүмкін өзге ауруларды жоюмен байланысты. Ата-аналарды балаларда есекжем қаншалықты ұзақ уақытта қайтатыны, сондай-ақ аталмыш ауруды немен емдеу керек екеніне қатысты тақырыптар үнемі мазалайды. Ең маңыздысы – өзін-өзі емдеуге болмайды. Арнайы маманның талаптары мен кеңестерін мұқият орындау керек.

Тері ауруларын емдеуді белгілеген және белгілерін жойған кезде қолданылуы керек негізгі препараттар:

  • Гистаминге қарсы дәрі-дәрмектерді қабылдау. Аталмыш дәрі-дәрмектер бөлінетін гистаминге жақсы әсер ететінін, әдетке айналдырмайтын және жағымсыз әсерлер тудырмайтын жағдайын ескеру керек.
  • Егер есекжемнің салдарынан лоқсу, құсу және т.б. туындамаса, абсорбенттерді пайдалану.
  • Арнайы тағайындалған диетаны ұстану.

Асқындырып алмау үшін баланы есекжемнің жіті кезеңінде жуындырмай-ақ қойған дұрыс.  

Балалардағы есекжем кезінде АДО бойынша гипоаллергенді диета

Қандай да бір тамақ өніміне реакция түрінде «есекжем» диагнозы қойылған кезде дәрігер нақты бір балаға және нақты бір жағдайға арнайы жасалған диеталық мәзірді белгілеуі керек.

Балалардағы есекжем кезіндегі диета белгілі бір өнімдерді тұтынуға және рационға пайдалы көкөністерді, жемістер мен етті қосуға тыйым салудан тұрады. Ата-аналарға маманның кеңесін орындауда маңызды жауапкершілік жүктеледі. Міндетті түрде емделмесе, есекжем созылмалы түрге айналып, баланың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.

АДО бойынша диетаның негізгі принциптері ретінде мыналарды атауға болады:

  • Бөртпе асқынған кезде (сондай-ақ бірнеше апта бойы) тыйым салынған азық-түлік өнімдерін тұтынбау;
  • Аурудан жазылғаннан кейін өнімдерді ақырындап қосу  (аллергендерді қоспағанда);
  • Су үшу тәртібін ұстану керек (бала суды күніне оның бойы мен салмағын есепке алып рұқсат етілген мөлшерден аз ішпеуі керек).

Тыйым салынған азық-түліктер

Тыйым салынған негзігі азық-түлік өнімдеріне жатады:

  • теңіз өнімдері мен балық (соның ішінде таңсық);
  • әртүрлі шоколадтар;
  • консервленген және тағамдық қоспалары жоқ азық-түлік өнімдері;
  • ысталған және дәмдеуіштер қосылған тағамдар;
  • әртүрлі дәмдеуіштер мен тұздқтар (майонез, кілегей, кетчуп);
  • жұмыртқа;
  • бал;
  • тоқаш;
  • саңырауқұлақтар мен жаңғақтар;
  • цитрустар, жидектер;
  • кофейнді сусындар және т.б.

Рұқсат етілетіна азық-түлік өнімдері

  • сорпа (көкөністен және сиыр етінен дайындалған);
  • қайнатылған бұзау еті;
  • қайнатылған картоп;
  • пайдалы майлар;
  • жармалар мен ботқалар;
  • маусымдық көкөністер (қияр);
  • морс және компот;
  • пісірілген алмалар;
  • аскөк;
  • шәй.

Басты ереже – тағамның пеште немесе буға пісірілуі. Майға қуырылған майлы тағамдарды рационнан шығарып тастау керек. Ата-аналар баланың жаңдайын қадағалап отырулары керек. Әлсіздік белгілері байқалса, құсқысы келсе, басы айналып немесе бас ауру мазаласа, онда тез арада арнайы маманға қаралуы керек. Мұндай қосымша құбылыстардың себебі құрастырылған диета болуы мүмкін.

Азық-түлік өнімдерінен пайда болған есекжем кезіндегі тамақтану тәртібі

Аллергенді өнімдерді пайдаланғаннан есекжем пайда болған жағдайда бірнеше (беске дейін) күн бойы  ашығуға кеңес беріледі. Кешенде тазартқыш клизма белгіленеді. Ашығудың алдында дәрігер белгілеген іш өткізетін дәріні қабылдау керек. Назар аударыңыз, ашығу кезінде күніне ең аз дегенде 1,5 литр су ішу керек!

Дәрігердің бақылауымен жүргізілуі тиіс ашығудан кейін балаға тамақтану үлгісі белгіленеді:

  • Емделуші бірінші және екінші күні аш қарынға өнімнің бір ғана түрінің 100 гр жейді;
  • Күн сайын 200 гр қосылып отырады және қабылдауды тәулігіне төрт ретке дейін жеткізеді;
  • Екі-үш күннен кейін бірінші өнімге жаңа өнім қосылады.

Мысалы, дүйсенбі және сейсенбі күні бала қайнатылған картоп жейді. Содан соң тағы бір қайнатылған көкөніс қосылады. Содан кейін ақырындап сүт өнімдерін, нан, бұзау етін қоса бастайды. Ең соңғы сәтте аллергия туындаған болуы мүмкін өнімді береді. Мұндай жағдайда аллергенді анықтау және оны жою оңай. Анықтағаннан кейін ашығуды қайталап, клизма (дәрі-дәрмексіз) жасау керек. Содан соң, аллергия туындамайтын өнімдерді пайдаланылады.

Алдағы уақытта ата-аналар баланы дұрыс тамақтану негізін әдетке айналдыру керек.

Есекжем кезіндегі альтернативті диета

Есекжемнің дамуы өзге себептермен түсіндірілетін жағдайларда баланың балама емдеуді таңдап алу керек: 

  • Егер теріге бөртпе дәрі-дәрмектерді қабылдағаннан шықса, онда аталмыш дәріні қабылдауды тоқтатқаннан кейін емделу керек. Бұдан басқа, дәрігер таңқурай, құлпынай, шие, қияр, қызанақ және т.б. сияқты көкөністерді, сондай-ақ тағамдық қоспаларды рационға қосуға тыйым салады.
  • Егер физикалық есекжемнің дамуы орын алса, онда тұтынатын тұздың мөлшерін азайту керек.

Балалардағы есекжемнің асқынуын алдын алу

Бөрпенің қайта шығуын болдырмау үшін алдын алу шараларын жасау керек:

  • аллергендермен байланысты толығымен жою;
  • иммунитерапия курсын өту;
  • тағайындалған диетаның негіздерін ұстау;
  • дәрігерлер белгілеген дәрі-дәрмектерлі мұқият қадағалау (егер балада антибиотиктерге аллергия болса, оны қабылдамау);
  • ас қорыту және жүйке жүйелерімен байланысты мәселелерді емдеу.

Бұдан басқа, есекжемнің пайда болуын алдын алу пәтерді үнемі тазалаудан, аллергендерді жоюдан (мысалы, үй жануарларын туыстарға беру немесе арнайы қорғайтын орынға өткізу)тұрады. Баланы шомылдырғанда, оның терісіне (жақпамайлар, майлар, ұнтақтар) қолданатын косметикалық заттарды ауыстыру керек. Кір жуатын ұнтақты, үйді тазалайтын заттарды аллергиясы бар кішкентай балалар тұратын үйлерге арнайы жасалған гипоаллергенді түріне ауыстыру керек.

Жоғарыда келтірілген шаралардан басқа, өзіңіздің балаларыңызға дәрумендік кешендерді сатып алуға ерекше назар аударыңыз. Құрамында Қиыршығыстық ангустата ламинариясы бар бөлек емдік-профилактикалық өнімді қолдану баланың ағзасын аллергиялық реакциялардың туындауына айтарлықтай берік етеді, сондай-ақ оны вирустар мен инфекциялардың зиянды ықпал етуінен қорғайды.

Ата-аналарға кеңес

Ата-аналарға беру керек негізгі кеңестердің ішінен мыналарды атап өтуге болады:

  • Отбасының тамақтану жүйесінде зиянды өнімдердің, консервленген шырындардың, тұздықтар мен дәмдеуіштердің (майонез, кетчуп, қыша) болмауы; 
  • Балада бөртпені шығуын алдын алу үшін және шыққан жағдайда асқындырып алмау үшін жүйелі түрде дәрігерге қаралып тұру керек;
  • Баланы емдеп жатқан дәрі-дәрмектерді қадағалап отыру керек. Егер есекжем дәрі-дәрмектерді қабылдағаннан пайда болса, онда медициналық қызметкер мұндай патологиядан хабардар болуы керек;
  • Егер бала үй жануарларына немесе өсімдік/гүлдің тозаңына аллергия пайда болуна бейім (генетикалық) болса, онда ата-аналары мұндай аллергендермен баланың қарым-қатынасын қысқартуы немесе мүлдем болдырмауы (мысалы, үй жануарларын асырамау, бөртпе шығу мүмкін үй гүлдерін өсірмеу) керек.
  • Баланың бос уақытын ұйымдастыру және немен айналысып жатқанын қадағалау керек. Осылайша, балаға сыртқы ортаның әсерін жоюға болады (мысалы, суықтан бөртпе шығып кетпеуі үшін оны суық күні ұзақ уақытқа далаға шығарма және т.б.).

Баланың иммунитетін жақсарту және аурулардың дамуына жол бермеу үшін баланың рационына ДороМарин дәрумендер кешенін қабылдауға кеңес береміз. Тиімділігі клиникалық дәлелденген. Дәрумендердің құрамы толығымен табиғи. Баланың ағзасы үшін толық қауіпсіз. Оның көмегімен есекжемнің белгілерінен құтылып, бөртпені санын азайтып ғана қоймай, сонымен бірге баланың жалпы иммунитетін қалпына келтіруге (әсіресе, бұл салқын тигеннен болатын аурулар асқынатын күз-қыс мезгілдерін өзекті) болады. Бұл профилактиалық өнімге келесі белсенді элементтер кіреді:

  • Қиыршығыстық ангустата ламинариясы. Оның құрамында баланың иммунитетіне жақсы әсер ететін пайдалы минералдар мен әртүрлі дәрумендер бар.

Ламинарийдан алынатын талшықтар өзінің сапалы сипаттамалары (құрамында табиғи ақуыз, көмірсу болуы) бойынша «жер бетіндегі» өсімдіктерден алынып жасалғандардан айтарлықтай асып түседі. Бұдан басқа, ламинарийдің құрамында көп мөлшерде А және Е тобының дәрумендері бар. Дәл осындай дәрумендер есекжемнің симптоматикасын жоюға көмектеседі.

  • Теңіз трепангасынан алынған сығындылар;
  • Теңіз кальциі. Кальцийді пайдаланғаннан сүйек және буындар мықты болатыны барлығына мәлім. Кальцийдің аталмыш түрі бала қаңқасының тұрақтануына ынталандырушы әрекет етеді, бұлшықет пен сіңірдің иілгіштігінің жойылуын алдын алады.
  • Макро және микроэлементтердің жоғары деңгейі.
  • Доромариннің құрамына сондай-ақ жеміс шырыны кіреді. Дәл соның арқасында дәрумендердің дәмі тәтті болады және кез келген жастағы балағы ұнайды.

Бала үш айдан асқаннан бастап қабылдауға болады. Өндіруші мемлекет – Ресей Федерациясы (Хабаровск өлкесі).

Құрамына қоңыр балдырлар кіретін дәрілерді қабылдау гистаминдердің шығуын бұғаттауға жақсы әсер етеді. Мұндай жағдайда есекжемнің кез келген түрінің симптоматикасы жойылады, емдеу бір сарынды және ешқандай асқынуларсыз өтеді. Бұл кешенді арнайы дайындалған және белгіленген диетамен бірге, сондай-ақ баланың ағзасына аллергендердің зиянды әсер етуін басуға арналған дәрі-дәрмектерді қабылдауды үйлестіріп қолдану керек.

Тамақ өнімін тек ғана есекжемді емдеу кезінде ғана емес, өзге аурулар (ішек дисбактериозы, суық тигеннен пайда болатын аурулар, асқазан-ішек жолдарының жұмысы бұзылғанда және т.б.) кезінде де қолданылады.

Назар аударыңыз, дәруменді кешенді қолданумен ұсынылған емделу курсына әр балаға биотехнолог тағайындалады! Ол жүйелі түрде баланың көңіл-күйін бақылап отырады, сондай-ақ сұрақтар пайда болған кезде ата-аналарға жауап және кеңес беріп отырады. Бүкіл курс бойы біздің мамандарымыздың кеңес беруі – тегін.

Өмір сүру ғажап! Есекжем. Сіздің ағзаңыз неге әсер етеді

Сіз Доромарин бүкіл Қазақстан бойынша тегін жеткізе аласыз.

Доромаринді сатып алу


Отзывы Кожа

Пікірлер шынайы адамдардың

А у нас после принятия Доромарин улучшился аппетит и победили энтеровирусную инфекцию за 3 дня. Хотя прошлым летом из за этой напасти попали в инфекционку. Так что всем тоже рекомендую.

Очень полезный продукт, ребенок стал засыпать вовремя, улучшился аппетит, у нас был дерматит, сейчас постепенно проходит, в туалет ходит регулярно, советую купить. Хорошо помогает при гриппе. Мы заканчиваем 7 банку

У нас диагноз - атопический дерматит. Сыну Доромарин помог уже с первой же недели. При аллергии очень хорошо выручает, у сына кожа восстановилась, аппетит повысился.

Да, это правда избавляет от пятен на теле. На спине у дочки было пятно похожее на карту, теперь оно стало меньше и уже потихоньку исчезает. Спасибо большое коллективу Доромарин. Я ничуть не жалею, есть изменения в здоровье у дочки, самое главное она сейчас не заикается. Большое спасибо!

Очень хорошо помогает при витилиго Исчезают пятна на теле. Доромарин

Доромарин Отзывы

Доромарин Отзывы

Доромарин Отзывы

Доромарин Отзывы

Доромарин Отзывы

Доромарин Отзывы

Все еще сомневаетесь в Доромарин? Ознакомьтесь с отзывами!Доромарин - это лечебно профилактический продукт для детей, отличный помощник,

Телефон нөміріңізді қалдырып, біздің мамандардың тегін кеңесін алыңыз.

Кері қоңырау

X

WhatsApp-ге жіберу