Доромарин - дені сау ұрпақ, бақытты отбасы!

Балалардағы баспа ауруы

Баспа немесе тонзиллит – ересектер арасында да, сонымен бірге балаларда да жиі кездесетін ауру түрі. Алайда көбіне бұл сырқатты жай тамақ ауруы деп қабылдайды, әрине ол дұрыс емес. Аурудың атауы «тұншықтыру» - «анго» деген ертеректегі грек сөзінен шыққан. Баспа немесе тонзиллит – ересектер арасында да, сонымен бірге балаларда да жиі кездесетін ауру түрі. Алайда көбіне бұл сырқатты жай тамақ ауруы деп қабылдайды, әрине ол дұрыс емес. Аурудың атауы «тұншықтыру» - «анго» деген ертеректегі грек сөзінен шыққан. Сондықтан да көп ауруларды баспа ауруы деп санайтын болған. Медицинаның бұл ауруға толық сипаттама жасағанына көп уақыт болған жоқ, осыдан кейін оны емдеу біраз жеңілірек бола бастады.  

Балалардағы баспа ауруының себептері

Баспа – тамаққа суық тигеннен пайда болады деген түсінік қалыптасқан. «Аузыңды ашпа, тамағыңа суық тиеді», «Суық су ішпе, балмұздақ жеме, тамағың ауырады» деген сөздерді ата-аналардан жиі естіп жатамыз. Мұндай кездерде тамақтың ауыруы әрине мүмкін, бірақ бұл баспа ауруы емес. Тонзилит – қоздырғыштары инфекциялық микроағзалар стрептококк пен стафилококк болып табылатын қауіпті ауру. Бұл бактериялар ауа тамшылары арқылы беріледі, демек бала мектептен, автобустан немесе басқа бір қоғамдық орындардан ауру жұқтыруы мүмкін. Сонымен бірге бұлар ағазада ұзақ уақыт сақталуы мүмкін, жағымды атмосфера туғанда олар тіріле бастайды. Қарапайым мысал: сыныпта немесе балабақшадағы топта балалар баспамен ауыра бастады, бірақ тек сіздің балаңыз бұл сырқатқа қарсы тұра білді. Демек балаңыздың  иммунитеті мықты болып, инфекцияның ары қарай дамуына жол бермей тұр. Инфекциялық таяқшалардың тірілуіне мынадай жағдайлар әсер етуі мүмкін:

  • иммундық қызметтердің төмендеуі;
  • дұрыс тамақтанбау;
  • белгілі бір аурумен ауырып тұрғаннан кейін ағзаның әлсеруі;
  • суық тию;
  • шаршау.

Сонымен қатар балалардағы баспа ауру тіс жегі, құлақтың қабынуы, мұрынның шырышты қабығына суық тигенде, аденоидит, гайморит салдарынан да пайда болуы мүмкін.

Балалардағы баспа ауруының түрлері

Бұл қауіпті ауру сипаттамалық ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болып келеді:

Баспа түрлері Белгілері
Қабынбалы баспа Мұндай жағдайда тамақтың ауыруы, қышуы мен құрғауы байқалады. Бұл жағдайлар ешқандай себепсіз пайда болады. Сонымен қатар баланың дене қызуы көтеріліп, ағза әлсіреп қалады.
Фолликулдық Қабынбалы баспа кезіндегідей белгілер білінеді, алайда олар анық байқала бастайды. Лимфа түйіндері ұлғаяды, мойын ауыра бастайды. Тамақта кеңірдектің  ауыруы байқалады, ашық жаралы қабыршақтар пайда болады.
Үңгіршікті баспа Баспаның бұл түрінде кеңірдекте сары қабыршақтар байқалады.
Ұшықтық Бұл кезде кеңірдекте сулы көпіршіктер пайда болып, 2-3 күннен кейін олар жарыла бастайды. Олардың орындарында кішкентай жаралар қалып қалады. Оған қоса бала құсып, нәжісі сұйыла бастайды. 5-7 жастағы балалар тобы осы сырқатқа жиі шалдығады.
Қышыма Баспаның мұндай түрінде кеңірдекте ірімшіктенген қабыршақ пайда болады. Қышыма баспа түрі бір жасқа толмаған балаларда байқалады.

Баспа ауруының белгілері

Аурудың өзіне тән белгілері әдетте бірден пайда болады және күшті қарқын ала бастайды.

Мынадай белгілер баспаны анықтауға көмектеседі:

  • жалпы ағзаның әлісеруі;
  • тәбеттің болмауы, бұл жағдай көбінесе өзінің ауырғанын түсіндіре алмайтын кішкентай балаларда кездеседі;
  • дене қызуының күрт жоғарылауы;
  • біресе қалтырау, біресе қызу;
  • тамақтың ауыруы бірден пайда болмайды, ол тек екінші, үшінші күндері пайда болады;
  • жұтынғанда тамақ ауырады.

Егер сырқат соңғы сатыларында жүріп жатса, оған тағы мына белгілер қосылады:

  • мұрыннан су ағу;
  • жөтел;
  • тамақтың қырылдауы;
  • тамақты күйдіру, тамақтың құрғауы;
  • лимфа түйіндерінің үлкеюі, оларды сипағанда ауыру сезімдерінің болуы;
  • көздің жасаурауы және конъюнктивит.

Кеңірдектің сыртқы түрі де өзгереді: олар үлкейеді және қызарады, кей кездері жоғарыда айтып өткеніміздей қабыршақтар пайда болады.

Баладағы баспа ауруын диагностикалау

Өкінішке орай, баспа белгілерін қарапайым суық тию белгілеріне теңеп, ата-аналар дәрігерге барудың орнына өз беттерінше емдеу жасай бастайды. Алайда ауруды диагностикалау мен оған ем тағайындау тек дәрігердің қолында. Сол себептен де тонзилиттің асқынған түрлері жиі орын алып жатады.  

Белгілеріне, олардың пайда болған уақытына қарай дәрігер мынадай диагностика түрлерін жасай алады:

Клиникалық зерттеу

Бұл стандартты диагностикалау тәсілі, ол науқастың өзімен немесе ата-анасымен әңгімелесуден тұрады. Дәрігер белгілері, олардың пайда болу сипаттары, қаншалықты байқалатыны туралы толық сұрайды. Диагностикалаудың келесі сатысы фарингоскопия болып табылады, бұл медициналық құрал -  шпательдің көмегімен ауыз қуысы мен тамақты тексеру. Қабыну немесе қызару, жара, жұмсақ таңдайдың  шырышты қабатында қабыршақтар бар ма, қызыл иек, кеңірдек, ауыз қуысының айналасы тексеріледі.  

Алғашқы тексеруден кейін дәрігер алдын ала талдау жасап, қажетті зерттеу тағайындайды.

Зертханалық жағдайда диагностикалау

Төменде көрсетілген зертханалық талдаулар нақты диагноз қоюға көмектеседі. Олар:

  • қабыну белгілерін анықтау үшін жалпы қан талдауы;
  • ауру қоздырғыштарын анықтау үшін ауыздың шырышты қабатынан жұғынды алу;
  • баспаның жіті формаларын анықтау үшін таңдай мен мұрын қуысынан жұғынды алу.

Баспаны емдеу

Балалардың баспа ауруларын емдеу толықтай ауру деңгейіне байланысты. Жағдай тіпті нашар болса,  ауруханаға жату керек болады, алайда көп жағдайларда дәрігер үй жағдайында ем қабылдау мен дәрілік заттар жазып береді. Баспа деңгейі мен сипатына қарай вирусқа қарсы немесе бактерияларға қарсы дәрілер береді. Сондай-ақ емдік шараларға қызуды түсіретін, ауыруды басатын дәрілер мен тамақты шаюға арналған ерітінділер және антисептиктер кіреді.

Сонымен бірге ата-аналар баланың жазылуына қолайлы жағдай жасаулары керек. Кез келген жағдайда бірнеше күн төсекте жатып емделу керек болады. Егер балаңыз мектеп жасында болса, мектепке бару туралы сөз де қозғалмауы тиіс. Ағзаны одан ары шаршатуға болмайды, сол себепті балаға толық тыныштық пен демалыс қамтамасыз етілуі тиіс. Кез келген мультифильмдерді немесе комедиялар көрсін, ұзақ ұйықтасын және жай ғана демалсын.  

Жылдам жазылуға жетелейтін келесі қадам – ол дұрыс тамақтану. Кез келген ауру түрінде тәбет төмендейді немесе мүлде болмайды, алайда ағзаға вирустармен күресу үшін және қайта қалпына келу үшін қоректік заттар қажет. Баланың тамағы ауырып тұрғандықтан, оған жағымсыз әсер тудырмайтын жұмсақ және жайлы тамақтар іштіру керек. Тамақ пен сусындардың барлығы жылу болуы тиіс. Бұл уақыттағы ең тиімді тамақ үлесі – лимон қосылған шай, морс, компот, езбе мен көкөніс сорпасы.

Дәстүрлі емді қатты пайдаланудың қажеті жоқ, бірақ олардың дәрілік заттар емес екенін де естен шығармау керек. Ауырғанда бал, таңқурай немесе лимон жақсы көмектеседі, алайда олар ауруды толықтай жазып, ағзадан инфекцияларды шығара алмайды. Сол себептен дәрімен емдеу кезінде олар қосымша ретінде көмекке келулері керек.

Сонымен бірге науқас жатқан бөлмені желдетіп, күн сайын ылғалды тазалық жүргізіп тұрған абзал.

Зардаптары 

Баспа аурынан кейінгі жиі орын алатыны – бұл құлақтың қабынуы. Аталған ауру орта құлақ пен жарғақ қабыршағынының қабынуын білдіреді. Есту деңгейі төмендейді немесе мүлде жойылады.Егер баспаны емдемесеңіз  немесе өз бетіңізше емделсеңіз, бүкіл ағза жұмысына әсер ететін қауіпті зардаптар туындауы мүмкін. Балалар баспамен ауырғаннан кейін болатын барлық асқыну жағдайларын жалпы және жергілікті деп екі үлкен топқа бөлуге болады.

Жалпы зардаптар

Оларға мыналар жатады:

  • жүрек бұлшықетінің ревматизмдік зақымдалуы;
  • бүйрек аурулары – пиелонефрит пен гломерулонефрит;
  • буындардың зақымдалуы, артрит.

Жергілікті зардаптар

Баспа аурынан кейінгі жиі орын алатыны – бұл құлақтың қабынуы. Аталған ауру орта құлақ пен жарғақ қабыршағынының қабынуын білдіреді. Есту деңгейі төмендейді немесе мүлде жойылады.

Баспадан кейін шығатын зардаптардың тағы бірі – көмейдің ісіп кетуі. Бұл баланың демалуына, жұтынуына, тіпті сөйлеуіне де кедергі болады. Кей кездері көмекей қанап кетеді. Мұндай жағдайда бірден дәрігерге жүгіну қажет.  

Ауыр және қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін тек медициналық мекемеде ем алу керек. Сонымен қатар, жағдай жақсарып қалған кезде дәрілерді ішуді тоқтата салмай, емдеудің толық кешенін қабылдаған дұрыс.  Жазылғаннан кейін екі апта ішінде дәрігерге тағы бір қаралып, оның айтқандарын орындап, қажетті талдауларды өткізген жөн.

Баспа ауруларының профилактикасы

Ауырып ем іздегенше, қашанда ауырмайтын жол іздеген дұрыс. Алайда барлық ата-аналар мұндай мүмкіндікті қолдана бермейді. Тек жылы жағдайда ұстасақ болды деп, қамқор аналар жағдайды одан ары ушықтыра түседі, себебі бала  иммунитеті әлсіреп қалады. Профилактикалық шаралар төмендегідей болуы керек:

  • тамақты шынықтыру керек – бала суық су ішсін, балмұздақ жесін, бірақ әрине шектен шығып кетпесін;
  • тіс жегі инфекция көзі болып табылатындықтан, баланың тісін қадағалау керек;
  • теңгерімді және пайдалы тамақтануды қамтамасыз ету;
  • аурулар тарайтын уақыттарда қоғамдық орындарға бармау;
  • медициналық мекемелерге барғанда маска тағу;
  • спортпен айналысып, физикалық белсенділік арқылы иммунитетті нығайту;
  • баланың барлық қажетті  дәрумендер мен минералдарды қабылдауын қамтамасыз ету.

Ата-аналарға кеңес

Баспаның ауыр салдары болатын қауіпті сырқат болғанына қарамастан, оны емдеу мен профилактикасының тиімді тәсілдері бар. Мұндай тәсілдердің бірі – Доромарин дәрумендік кешенін қабылдау. Сонымен қатар ең бастысы, емдеу дәрігерімен кеңесу және оның айтқандарын уақытылы орындау.

Баспа ауруын емдеу мен оның профилактикасы кезінде ата-аналар балаларының иммунитетіне қатты көңіл бөлулері керек. Баланы спортқа үйрету арқылы шынықтырып, пайдалы тағамдар жегізіп оның ағзасының қызметтерін күшейтуге болады. Баланың иммундық жүйесін күшейтудің маңызды шарты - дәрумендік кешендер қабылдау болып табылады.

Доромариннің 100% табиғи құрамы  баспаның алғашқы және соңғы сатыларын тиімді емдеуге мүмкіндік береді. Емдеу-профилактикалық өнімінің құрамындағы құрамдас бөліктер балаңыздың ауруды жеңуіне көмектеседі:

  • ангустат ламинариясы ағзаның қорғаныс күштерін нығайтады, ағзаның вирустар мен инфекцияларға қарсылығын жоғарылатады;
  • трепанг сығындысы ағзаны уыттардан тазартады, аурудан айығуды жылдамдатады, жеңілдік пен энергия жетіспеушілігінің орнын толтырады;
  • теңіз кальциі әлсіреп қалған ағзаны күшейтеді;
  • жеміс шырыны жағымды дәм береді, бұл кішкентай балаларды емдеуде өте тиімді.

Доромарин – бұл мүлде зияны жоқ тағамдық өнім, оны балаларға 3 айдан бастап беруге болады.

Баспаның ауыр салдары болатын қауіпті сырқат болғанына қарамастан, оны емдеу мен профилактикасының тиімді тәсілдері бар. Мұндай тәсілдердің бірі – Доромарин дәрумендік кешенін қабылдау. Сонымен қатар ең бастысы, емдеу дәрігерімен кеңесу және оның айтқандарын уақытылы орындау.

Баспа ауруы - дәрігер Комаровскийдің мектебі

 

Сіз Доромарин бүкіл Қазақстан бойынша тегін жеткізе аласыз.

Доромаринді сатып алу


Отзывы реальных людей кашель

Пікірлер шынайы адамдардың

Большое спасибо продукции Доромарин! У ребенка  повысился аппетит слава Аллаху. Раньше часто болел, мокрота из легких не уходила. Постоянно потел. Сейчас благодаря вашей продукции тьфу тьфу ребенок отлично себя чувствует. И аллергия не сильна как раньше. Закончили один курс (4 банки). Как будет возможность хочу приобрести всем 3 детям. Спасибо. Кстати малыш стал активным. Он пошел в 10 месяцев. Сейчас ему 10,5 месяцев. Холодное пьем смело. Бывает мороженое дают, не боимся сквозняка

Слава Аллаху, сейчас пьет воду не согревая, раньше сразу болела, сейчас нет. Сейчас активная, понимает многое, больше не плачет как раньше, и спит спокойно не просыпаясь. Ложится в 10 просыпается в 9, появился аппетит, кушает все. Спасибо Вам, да благословит вас Аллах

Здравствуйте! Мои дети пропивают, очень хороший продукт, сон детей улучшился, капель и простуда прошли, Спасибо, ощутили заметную помощь

Здравствуйте! 2 месяца назад купили 8 банок Доромарин. Для поднятия иммунитета и аппетита. Очень полезный продукт, как начали принимать, вообще не кашлял, и на вкус приятный. Довольны Вашим продуктом, очень полезен для здоровья, Спасибо менеджеру Жадигеру, очень приветливый, спокойной отвечает на все вопросы

Доромарин и вправду хороший продукт, помогает, появился аппетит, у нас были аденоиды, храпели сильно, сейчас так сильно не храпим, часто болело горло и лимфоузлы, они уменьшились.

Добрый день. Нургуль. У нас все хорошо. Когда дочь кашляла принимали 3 раза в день, выздоровела. Закончили.

Принимали 1 курс, видим хороший результат, раньше была аллергия, бронхит и отдышка, тфу-тфу, сейчас избавились от этого. Иногда, немного кашляет, но в садик можно ходить.Раньше, в год 4 раза лежали в больнице. После употребления Доромарин здоровье намного улучшилось.

Принимаем месяц и кашель уже исчез. Еще раз заказали у ребенка появился аппетит, нам очень помогает Доромарин

Доромарин - самый лучший витамин для детей. Сама в этом убедилась и всем советую. Мы почти заканчиваем 8 банку. Аллага шукир, сын самое главное не болеет, раньше стабильно раз в месяц болели, ангина, орви, бронхит. Как начали пить доромарин, забыли про болезни, антибиотики, аппетит улучшился

Очень хороший продукт, кашель у сына прошел, благодаря Доромарин, кушаем очень хорошо. Можно сказать, что он стал гиперактивным тфу-тфу. Продолжаем прием курса.

Я давала своему 3 месячному сыну, сейчас продолжаем прием, нам уже 5 месяцев. Слава Аллаху! До применения Доромарин у сына был хрип, но при этом не было температуры. Хрип не исчез, врач сказал что мог проглотить околоплодную пленку. После приема 2 банок Доромарин, начали видеть результат. Мокрота сама по себе начала смягчатся и вышла наружу вместе с рвотой. Так как увидели только положительные результаты, решили заказать еще 4 банки. Не пожалеете, если купите, вкус очень приятный, даю сыну в бутылке, разбавляя с водой, он принимает с одним удовольствием

У моей дочки был острый бронхит, получали уколы и антибиотики, но это не помогало. Потом решили приобрести Доромарин, врачи были удивлены, что бы избавились от бронхита

Благодаря Доромарин избавились от кашля и гриппа. Увидели только хорошие рещультаты

Здравствуйте! У сына кашель прошел, обошлись без приема антибиотиков. По вашему совету увеличила дозу приема Доромарин

Здравствуйте! Слава Аллаху, без всяких лекарств иммунитет сам боролся и мы вылечились. Обычно были осложнения и брали уколы. Появилась ангина и был гной, но ребенок игрался и легко справился с болезнью

Можете приобрести не боясь. Я даю своей дочке. Слава Аллаху помогает. Болели бронхитом, был хрип в легких. Сейчас вылечились. Спасибо вам Доромарин

Здравствуйте! Я заказала, во время получила продукт. Спасибо Вам и доставщику и за совет отдельное спасибо. У ребенка улучшается здоровье, повышается иммунитет. Раньше как выходили на улицу на второй же день начали кашлять, болели ОРВИ и лежали в больнице. Огромное спасибо, пусть ваша работа процветает

Доромарин Отзывы

Доромарин Отзывы

Доромарин Отзывы

Телефон нөміріңізді қалдырып, біздің мамандардың тегін кеңесін алыңыз.

Кері қоңырау

X

WhatsApp-ге жіберу