Балалар құлағының қабынуы ересектерге қарағанда он есе көп кездеседі. Дұрыс терапия алмаса, құлақтың ішкі құрылымының қабынуы, өте ауыр зардаптар әкелуі мүмкін, сол себептен ата-аналардың құлақ қабынуы қалай пайда болатынын, оны тану тәсілдерін, емдеу мен профилактикасын білгендері абзал.
Топтастырылуы
Құлақ қабынуын мынадай негізгі топтарға бөлуге болады:
- Сыртқы – есту жолы мен құлақ қабыршағын толықтай немесе жартылай алады;
- Орташа. Негізгі қабыну өзгерістері құлақ жарғағы мен ішкі құлақ бөліктері арасында орналасқан аймақты алады;
- Ішкі құлақ–ішкі құлақтың қабынуы.
Мектепке дейінгі жаста көбінесе орташа құлақ қабынуы кездеседі, оны ұйыма, іріңді (іріңді жағынды шығып тұрады) және қабынбалы деп бөледі.
Ұзақтығына және патологиялық реакцияларының ерекшеліктеріне қарай құлақ қабынуы өткір, өткірлеу, созылмалы деген түрлерге бөлінеді.
Балалар құлағының қабыну себептері
Балалар құлағының қабыну себептерінің таралуы евстахия (есту) түтігінің анатомиялық құрылымының ерекшеліктерімен байланысты. Бала туылғанда ол әлі толығымен иілмеген, қысқа, сонымен бірге тесігі кең болады. Осының барлығы мұрын жолдары, қуыстары және тамақ арқылы орта құлақ қуысына шырышты ылғалдың оңай еніп кетуіне жол ашады. Бұл қысымның өзгеруіне және құлақ жарғағындағы табиғи желдету әсерінің өзгеруіне әкеліп соғады, яғни қабыну реакцияларының дамуына жақсы жағдай туғызады.
Құлақ қабынуының сыртқы формасының басты себебінің бірі патогенді микроағзалар мен шеміршекті бөліктерде орналасқан шаш түйіншелерінің түсіп кетуі болып саналады. Инфекциялардың енуі мен дамуына өту жолындағы микрожаралар – сырылған жерлер мен жарақаттар ықпал етеді.
Құлақ қабынуының орташа түрі көбіне төменде көрсетілген ЛОР-органдарының басқа аурулары кезінде пайда болады:
- ЖРВИ;
- Синуситтер;
- Тонзиллиттер;
- Ринофарингиттер.
Қабынудың қарқынды түрі кей кездері бөгде заттың есту жолына түсіп кеткенінен де болады, ол жарғақ мембранасына механикалық түрде әсер етеді.
Лабиринтит көп кездесе бермейді және көбіне гаймор қойнауының, менингиттің асқынуының салдары болып табылады.
Созылмалы бұл ауру түрі шала туған нәрестелерде, гипотрофия кезінде, ағзада дәрумендер мен минералдар жетіспегенде, мешел ауруында және қосалқы аурулар кезінде жиі кездеседі. Құлақ құрылымының қайталана беретін қабынуы диабетпен және бронхтық өкпе патологияларынан зардап шегетін кішкентай науқастарда көп кездеседі.
Балалар құлағының қабыну белгілері
Сыртқы бөліктерді қамтитын құлақ қабынуының белгілері:
- Құлақ түтігінің көрініп тұратын бөлігі мен есту жолындағы түтікті қан кернеп тұрады;
- Ауыру мен жайсыздық;
- Дене қызуының көтерілуі.
Ауызды ашқанда, құлақты тартқанда одан ары қатты ауыру білінеді.
Сыртқы құлақ қабынуы белгілеріне қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
- Шектеулі. Басты белгісі – терінің белгілі бір аумағын қан кернеп тұрады, сыздауық шығып оның ортасында ірің біліне бастайды. Оны ашқаннан кейін ауыру сезімдері азайып, дене қызуы түседі;
- Жайылмалы. Қабыну бүкіл есту жолына таралып, құлақ қабыршағына дейін жетеді. Жайылмалы құлақ қабынуының себебі көбіне қышыма микроағзалардың немесе бактериялардың көбеюі болып табылады.
Құлақ қабынуының орташа түрі белгілеріне қарай біраз ерекше болып келеді. Қабынбалы түрінде басты белгілері төменде көрсетілгендей болады:
- Құлақтың ауыруы. Ол солқылдатып, үнемі ауыратын, оқыс және қақсап ауыратын болады. Құлақ бүртігін (құлақта шығып тұратын төмпешік) саусақпен басқан кезде ауыру үдей түсіп, ол бетке, тамаққа, самайға әсер етуі мүмкін;
- Дене қызуының көтерілуі, кейде тіпті 40 градусқа дейін;
- Құлақтың бітелуі;
- Баланың мазасыздығы.
Құлақ қабынуы кезінде қашанда баланың ұйқысы бұзылады, тәбеті нашарлайды, жылай береді, ашушаңдық танытады. Кей кездері диарея мен құсуға дейін жеткізетін лоқсу орын алады.
Бұл аурудың қабынбалы түрін дұрыс емдемесе, жеңіл қабыну іріңді қабыну түріне айналып кету қаупі болады. Сырқат үдемелі ауыру сезімдері мен құлақ естігіштігінің төмендеп кетуі арқылы білінеді. Іріңнің жиналуы мен оның жарғаққа түсіретін қысымы салдарынан ол тесіледі (жарылады), сонымен бірге ірің есту жолына қарай сыртқа шығады.
Ұйыма құлақ қабынуы – ішкі құрылымдардың қабынуына дейін жеткізетін іріңсіз сұйықтықтың жиналуы. Қабыну әлсіз жүретіндіктен, балада айтарлықтай белгілері білінбеуі де мүмкін.
Ішкі құлақ қабынуы кезінде вестубулярлық бөлік зардап шегеді, сондықтан есту қабілетінен бөлек, бала құлағының шуылдайтынын, құсқысы келетінін және басының айналатынын айтып шағымданады. Жүрісінен шатасып, үйлесімділік нашарлайтынын көрсететін белгілер біліне бастайды.
Емшек еметін балалардағы құлақ қабынуы белгілерінің ерекшеліктері
Баланың бірнеше рет шыңғырып жылауы, ұйқысының нашарлауы, емшек емуден, бөтелкеден бас тартуы –бұлар айлық балалардың құлақ қабынуының алғашқы белгілері. Мұндай белгілердің пайда болуы сүт пен қоспаларды жұту, ауыру сезімдерін қатты жоғарылататынымен байланысты. Егер құлаққа қол тигізсеңіз, ауыру сезімінің қатты болатынын байқайсыз.
Емшек еметін балаларда құлақ қабынуының пайда болу қаупі мұрнынан су ағумен байланысты, себебі олар бұл кезеңде көбіне шалқасынан жататындықтан, мұрындағы шырыш құлақ қуысына оңай еніп кетеді.
Балалардағы құлақ қабынуының асқынуы
Төмендегідей күтпеген салдарлары болуы мүмкін:
- Қабынудың маңдай сүйегіне өтіп кетуі;
- Бет жүйке тамырларының ісінуі;
- Екінші реттік менингит;
- Іріңді ісік жаралар;
- Сепсис.
Орта құлақ қабынуы ұзақ уақытқа созылғанда есту мүкістігі орын алуы мүмкін. Есту қабілетінің күрт төмендеуі баланың тілінің шығуы мен ақыл-ес мүмкіндіктеріне кері әсерін тигізеді.
Балалардағы құлақ қабынуының диагностикасы
Диагноз отоскопия жасауға – отоскоп көмегімен есту жолының терең орналасқан бөліктері мен құлақ жарғағының патологиялық өзгерістерін бағалауға көмектеседі. Ауыр жағдайларда рентгенография, компьютермен тексеру жасалады.
Балалардағы құлақ қабынуын емдеу
Емді міндетті түрде дәрігер тағайындайды. Қабынуды бактерияға қарсы тамшылар басады, алайда құлақ жарғағы жарылып кеткен болса, олардың кейбірін қолдануға болмайды.
Құлақ қабынуын емдеудің стандартты кестесінде мынадай дәрілік заттардың бірнеше тобын қолдануға болады, олар:
- Қантамырларды тарылтатын қасиетке ие мұрын тамшылары. Олар шырышты қабаттардың ісігін азайтады, осының әсерінен ауыру сезімдерінің қарқындылығы да азаяды;
- Құрамдастырылған құлақ тамшылары. Қышуды, ауыруды, қабынуды жою үшін пайдаланылады;
- Қабынуды жоятын строидсыз заттар;
- Егер құлақ қабынуы іріңді болса, антибиотиктер қабылдау;
- Дене қызуы жоғары болғанда оны басуға арналған заттар.
Құрамында С дәрумені, иммунитетті күшейтетін құрамдас бөліктері, ламинариясы бар дәрумендік-минералды кешендер беруге кеңес беріледі. Мұндай заттарды қабылдау иммундық жүйенің жұмысын жақсартып, ол аурудың жеңіл өтуіне септігін тигізеді, жазылуды жеңілдетеді және аурудың жіті түрінің созылмалы түріне айналып кетуінің алдын алады.
Балалардағы құлақ қабынуының профилактикасы
Патология профилактикасы жұтқыншақтың қабыну-инфекциялық ауруларын толық емдеу мен гигиеналық нормаларды сақтау болып саналады. Баланың құлағын мақта оралған таяқшалармен, үшкір заттармен «шұқылауына» жол бермеңіз.
Қорғаныс күштерін жоғарылатуға Доромарин секілді балаларға арналған дәрумендік кешендер көмектеседі. Бұл тек табиғи құрамдас бөліктер негізінде жасалған емдеу –профилактикалық өнімі. Оны кешенді түрде қабылдау ағзаның мықты қорғанысын қамтамасыз етеді, суық тию мен қабыну ауруларының пайда болуын төмендетеді.
Ата-аналарға кеңес
Кішкентай балалардың иммундық жүйесінің ішкі органдарының жетілмегендігі, олардың түрлі инфекцияларды қабылдап алуына әкеледі. Алайда ата-аналары ағза күшін жоғарылата алады, бұл ретте оларға Доромарин дәрумендер кешені көмектеседі. Оның құрамында:
- Қиыр шығыс ангустат ламинариясы бар. Ламинарияның құрамдас бөліктерінің бірі – фукоидан иммунитетті мықты көтереді, соның әсерінен ауру тудыратын бактериялардан қорғайтын ағзаның табиғи қорғаныс механизмдері белсенділік танытады. Ламинарияның альгин қышқылы ұлпалардың қалпына келуіне ықпал етеді, осының арқасында қабыну кезіндегі құлақтың ішкі құрылымдары жылдам қалпына келеді;
- Теңіз трепангінен алынған сығынды. Осы құрамдас бөлігінің есебінен Доромарин ағзаны сауықтыратын және жалпы нығайтатын әсерге ие ең пайдалы дәрумендерге бай;
- Теңіз кальциі. Сүйек және шырышты ұлпалардың дұрыс қалыптасуын қамтамасыз етеді;
- Жеміс шырыны.
Құлақ қабынуын емдеу кезінде пайдаланылған Доромарин жазылуды жылдамдатады, аурудың созылмалы болып кетуінің алдын алады, жіті ауру түрінің асқынған түрге айналып кету қаупін төмендетеді.
DoroMarineешқандай жанама әсерлері жоқ, үш айдан бастап ішуге кеңес берілген, суық тию ауруларының, соның ішінде құлақ қабынуының сенімді алдын алатын өнім.Осы кешенді өнімді пайдаланған кісілердің көптеген жағымды пікірлері, балалардағы қант диабетін емдеу кезінде де теңдессіз өнім екенін көрсетіп отыр. Оның әсерінен алмасудың барлық түрлері жақсарады, глюкозаны сіңіру қалыпа келеді және ұйқыбезінің жұмысы жақсарады. Доромаринді қабылдау балалардағы қант диабетін жеңілдетеді, асқынған патологиялардың пайда болуының алдын алады және дәрілік заттарды пайдалану мөлшерін азайтады.
Доромаринді дені сау балаларға да, сонымен қатар жиі ауыратын балаларға да беруге болады. Емдеу-профилактикалық өнімі тыныс алу жүйелерінің де жағдайын жақсартады және балалардың ақыл-ес пен физикалық дамуын жылдамдатады, балалар мекемелеріне тез үйреніп кетуіне мүмкіндік береді.
Құлақ қабынуының себептері және оны қалай емдеуге болады? - ДәрігерКомаровский