Ерте жастағы балаларда бронхит тыныс алу жүйесінің вирустармен және бактериялармен зақымдану жағдайларының жартысына жуығында кездеседі. Ауру жөтелдің, температураның, ағзаның жалпы улануының себебі болып табылатын бронхиалды ағаштың қабынуына алып келеді. Бронхит балаларда ауыр өтеді және ол бірнеше рет қайталануы мүмкін болғандықтан, күрделі асқынулардың себебі болып табылады. Аурудың созылмалы түрге ауысу мүмкіндігін төмендетуге уақытында және ең бастысы, дұрыс таңдалған ем көмектеседі.
Бронхиттің негізгі себептері
Балалардағы бронхит жиі жоғарғы тыныс жолдарының вирустық инфекциялардан туындайтын – фарингит, ринит, ларингит, тұмау түрінде туындайды. Аурудың сирек себебі ретінде бактериялар – стрептококктар, гемофильді және ішек таяқшалары, пневмококктар болып табылады. Аллергиялық бронхит белгілі бір қоздырғыш-аллергендерге – өсімдік тозаңдарына, химиялық ауаға, шаңға, үй жануарларының түктеріне ағзаның арнайы реакциясы әсерінен туындайды.
Бронхиттің инфекционды түрі (бактериалды, вирустық) жұқпалы болып саналады, яғни, жөтелу және түшкіру кезінде микробтар айналасындағы ондаған метрге дейін таралады. Бронхтардың қабынуы жылдың суық мерзімдерінде жиі туындайды, бұл сол уақытта иммунитеттің төмендеуіне, суық тиюге және балалар ұжымында вирустардың жоғары таралуына мүмкіндік туғызады.
Аурудың дамуын туындататын факторлар
Балаларда бронхит өмірінің алғашқы жылында мектептегі және жасөспірімдік кезеңіне қарағанда жиірек туындайды. Бала ағзасында туындататын факторлардың әсерінен төменгі тыныс жолдарының қабыну мүмкіндігі жоғары болады.
Бронхиттің дамуына ықпал ететін факторлар
Ерте жастағы балалардың бронх –өкпелік жүйесінің анатом-физиологиялық ерекшеліктері |
Тыныс алу жолдары қуысының тарылуы; Шеміршек тінінің жұмсаруы; Шырышты қабықтың ісінуге бейімделгіштігі; Бұлшық ет тінінің әлсіз дамуы; Бронхтарда қалыптасқан шырыштың баяу қозғалысы; Тыныс орталығының төмен қозғыштығы; Жөтел түрткісі күшінің жеткіліксіздігі. |
Балалардағы иммунды жүйенің ерекшеліктері |
Иммунитеттің жетілмегендігі; Патогенді микроорганизмдермен күресу күші тәжірибесінің жоқтығы. |
Бала ағзасының вирустармен және бактериялармен жиі жанасуы |
Балалар ұжымында микробтардың таралуы әрқашан жоғары, сондықтан бөбекханаға, бала-бақшаға бейімделу кезеңінде балалар тыныс алу жолдарының ауруларымен көбірек ауырады. |
Суық тию факторлары. |
Суық тию жергілікті микробқа қарсы қорғанысты төмендетеді. |
Жергілікті иммунды қорғаныстың жойылуына және бронхиалды ағаш рецепторларының сезімталдығына ықпал ететін қоршаған ортаның жағымсыз жағдайлары. |
Химиялық заттармен ауаның ластануы, бұл әсіресе мегаполис үшін тән; Нашар тұрмыс жағдайлары – тұратын жердің дымқылдығы мен үйдің көгеруі; Темекі түтіні (пассивті темекі шегу). |
Бронхиттің дамуына уақытынан бұрын туылған балалар және туа біткен жарақаттары бар, тыныс мүшелерінің дамуының ақауы бар балалар бейім келеді. Қабынудың дамуына жиі респираторлы инфекциялар, аденоидтар, гипотрофия ықпал етеді. Ана сүтінде қорғаныс кешендері болады, сондықтан да, бір жасқа дейінгі балалар егер жасанды тамақпен тамақтандырылатын болса , онда жиі ауырады.
Классификациясы
Медицинада бронхиттің бірнеше классификациясы қолданылады.
Патологияның шығу тегіне байланысты былай бөледі:
- Біріншілік – қабыну бірден бронхтарда басталады;
- Екіншілік. Бронхиттің екіншілік түрі трахеиттің, назофарингиттің, ларингиттің және жоғарғы тыныс жолдарындағы басқа да инфекциондық процесстердің асқынуы болып табылады.
Ағымы бойынша бронхит болады:
- Жедел. Бронхиттің белгілері бірден пайда болады, айқын көрінеді, улану белгілері болады. Жедел бронхит уақытылы тағайындалған медикаментозды емді талап етеді.
- Созылмалы. Айқын емес клиникалық көрініспен сипатталады және сылбыр ағымда өтеді. Созылмалы бронхит бірнеше рет асқынуы мүмкін.
- Рецидивті. Егер асқынуы .
- Жылына үш реттен аз болмаса, онда аурудың осы түрі диагностикаланады.
Қабыну процессінің таралуы бойынша:
- Шектелген. Қабыну өкпенің тек бір ғана сегментінде орналасқан бронхтарда болады;
- Жайылған – өкпенің екіден көп бөлігі зақымданады;
- Диффузды – қабыну барлық дерлік бронхиалды ағашқа таралады.
Өзгеру сипаты бойынша:
- Катаральды. Қабыну ошағы бронхтардың шырышты қабатында орналасады;
- Геморрагиялық. Мүшенің қабырғаларында майда қан құйылулармен сипатталады;
- Ойық жаралы. Геморрагиялықтың асқынуы болып саналады, қабыну терең жаралардың қалыптасуына алып келеді;
- Іріңді. Іріңді қақырықтың түзілуімен сипатталады;
- Некротикалық – бронхтардың қабырғаларында өліеттенген тіндер түзіледі;
- Фиброзды. Бронхтың қабынған қабырғаларында фибрин белогы жиналып, нәтижесінде склеротикалық үрдістің себебі болуы мүмкін.
- Обструктивті. Тыныс алу жолдары қуыстарының тарылуымен және бронх обструкциясымен жүреді. Обструктивті бронхит балаларда ауыр өтеді, ентігу, сырылмен, тыныстың қиындауымен сипатталады.
Бронхиолитті бөлек қарастырады – бронхиалды ағаштың ең майда элементі– бронхиолаларда қабыну болады. Бұл ауру жиі тыныс алудың жеткіліксіздігіне және осы жағдайдың асқынуына алып келеді.
Белгілері
Бронхит әдетте балаларда респираторлы инфекция түрінде басталады. Басында тамақтың қышуы, мұрын бітелуі, мұрыннан су ағу, дауыстың қарлығуы, жөтелу, конъюктивиттің болуы сияқты белгілері көрінеді. Егер инфекция төмен жағында таралса, онда аурудың 5-7 күндері қабынудың бірінші белгілеріне құрғақ жөтел, температураның 38-ге дейін көтерілуі және одан да жоғарыға, тершеңдік, жалпы мазасыздық, кейде ентігу белгілері қосылады. Бірнеше күннен кейін құрғақ жөтел ылғалды болып, қақырықты жөтел басталады, кейде ол іріңді болады.
Жедел бронхит қолайлы ағынымен сипатталады, шамамен 10 күннен кейін баланың жағдайы жақсара бастайды, қалған жөтел тағы 1-2 аптадай мазалауы мүмкін.
Жедел бронхит емшектегі балаларда қиынырақ өтеді, бұл жөтелуге қабілетсіздігімен және ағзаның күрделі ағынды улануымен байланысты болып табылады. Нәрестелерде бронхтардың шырышы жиі асқазанға түсіп, құсудың туындауына әкеледі. Нәрестелердегі емі негізінен ауруханада жүзеге асырылады.
Обструктивті бронхит көбінесе 2-4 жастағы балалар үшін тән. Бұл да жедел сияқты басталады, дегенмен аурудың негізгі белгілеріне мыналар қосылады:
- Ұстама түріндегі жөтел;
- Шулы тыны;
- Қашықтықтан естілетін сырылдар;
- Дем шығарудың ұзаруы.
Бронхиалды обструкцияны сондай-ақ тыныс әрекетіне көмекші бұлшық еттердің қатысуы көрсетеді. Қабырғааралықтардың арасының ығысуына, мұрын қанаттарының үрленуіне, кеуде торының ісінуіне назар аударуға болады. Обструктивті бронхитте ауыз айналасы терісінің көгеруі, жалпы бозару болуы мүмкін. Баладағы обструкцияны емдеуді патологиялардың белгілері пайда болғанда бірден бастау қажет.
Бронхиттің асқынуы
Қабыну ағынының ұзарып кетуінен асқынулардың дамуы көпшілігінде артады, сондықтан, бронхитті қалай емдеу керектігін аурудың басталғанында ойлау керек. Бронхиттің жағымсыз зардаптары болуы мүмкін:
- Бронхопневмония;
- Бронхоэктаздық ауру;
- Жүрек және тыныс жеткіліксіздігі;
- Бронхиалды демікпе;
- Эмфизема;
- Пневмосклероз.
Бронхиттің асқынуын емдеу қиын, жалпы дамуға жағымсыз әсер етеді және балада соматикалық аурулардың дамуына себепкер болып табылады.
Емі
Балалардағы бронхитті дәрігердің бақылауымен емдеу қажет. Ауыр жағдайларда баланы емдеу стационарда жүргізіледі. Медикаментозды емді белгілеріне, аурудың ауырлық деңгейіне, жалпы жағдайына қарай таңдайды. Аурудың бактериалды түрінде міндетті түрде антибиотиктер, қызуы жоғарыласа қызуды түсіретін өнімдер қажет. Аурудың вирустық этиологиясы кезінде вирустарға қарсы өнімдер тағайындалады.
Бронхит кезінде жөтелге арналған өнімдер де қажет. Егер ол құрғақ болса, жөтелге қарсы медикаменттерді, ал ылғалды болса муколитиктерді тағайындайды. Обструктивті бронхитті бронходилататорларды – бронх қуыстарын кеңейтетін өнімдерді де қолдану арқылы емдеуге болады.
Бронхиттің белгілерін емдеуде келесі шарттарды бақылау тиімдірек болады:
- Аурудың жедел фазасында төсек режимі қажет;
- Бала көп сұйықтық ішуі керек;
- Тамақтануы жеңілдетілген, дәруменделген болуы қажет;
- Бөлмедегі ауа ылғалдандырылған және таза болуы керек.
Созылмалы бронхиттің емделуі қиынырақ. Мәселені толық шешу үшін, тыныс алу жүйесінің қызметін қалыпқа келтіру қажет иммунитетті тек медикаментозды еммен ғана емес, сонымен бірге дәруменді-минералды кешендерді қолдану арқылы да нығайту қажет. Соңғы топқа арнайы балалар үшін жасалған, жоғары тиімділікті өнім Доромарин жатады. Оны ішудегі жағымды әсері тек тыныс алу мүшелеріне ғана емес, бүкіл ағзаға толығымен әсер етеді. DoroMarine – тек патологияларды емдеуде ғана емес, сонымен бірге профилактика мақсатында ішуге ұсынылатын табиғи кешен.
DoroMarine – кешеннің құрамы
Доромарин – құрамына ондаған кешендер кіретін, өзінің теңдесіз қасиеттері бар, табиғи емдік-профилактикалық өнім. Олардың негізгілері:
- Қиыршығыстық ангустат ламинариясы. Ламинарияның биологиялық активті заттары ағзадан улы заттардың шығарылуын жылдамдатады, зат алмасу процесстерін қалыпқа келтіреді, жасушалар мен тіндердің қайта қалыптасуына ықпал етеді;
- Теңіз трепангінен алынған сығынды. Құрамында В тобының дәрумендері, аскорбин және фолий қышқылдары болады. Трепангтың қасиеттері ағзаға балық майының әсерімен сәйкес келеді;
- Теңіз кальцийі. Доромариннің құрамында сүйек тінінің қызметін жақсартады, тістің дұрыс қалыптасуына ықпал етеді, жарақаттар мен бұлшық еттердің созылуының алдын алады;
- Жеміс шырыны. Өнімге жағымды дәм береді және оның құрамында көптеген дәрумендер кешені болады.
Балаларға арналған дәрумендер DoroMarine-нің барлық кешендері табиғи, сондықтан ағзаға толық сіңіріледі, аллергиялық реакция шақырмайды, ең қажетті жеткіліксіз микро және макроэлементтердің орнын толтырады.
Доромарин препаратын қолдану көрсетілімі
Кешендік әсер бала ағзасында иммунитеттің жоғарылауына ықпал етеді, зат алмасуды және мидың қызметін жақсартады, бронх тіндерінің шырыштан тазаруына ықпал етеді. Дәрумендік қоспаны курспен ішу ас қорыту процессін жақсарта отырып, АІЖ мүшелерінің қызметін реттейді, бұл іш қатуында, диспепсиялық бұзылыстарда және тәбеттің нашарлауында көмектеседі.
Доромарин кешені 3айдан бастап балаларға ішуге арналған. Табиғи өнімді ішуге қарсы көрсетілімдері жоқ, оны негізгі ауруларды емдеу кезінде де, қалпына келу кезеңінде қолдануға болады. Бронхитті DoroMarine емдік кешенімен қоса емдеу, аурудың созылмалы түрге ауысуының алдын алады, рецидивті аурулардың санын төмендетеді, жедел қабынудың ағымын жеңілдетеді. Кешенді қабылдау тұрақты респираторлы инфекциялардан арылуға және жылына бірнеше рет суық тиюмен ауыратын балалардың өзіне де көмектеседі. Бронхитті қалай емдеу керектігінде әрқашан педиатрмен кеңесу қажет. Доромарин дәрумендерін негізгі медикаментозды емге қосуға болады, бұл жағдайда баланың жазылуы санаулы күнде көрінеді, ал асқынулары болмайды.