Баладағы аллергиялық ринит – мұрын мен мұрын қуыстарының шырышты қабықтарының ісіп қызару процесі дами бастайтын ағзаға келіп түсетін аллергендердің әсеріне ағзаның әдеттен тыс реакциясы. Бұл ауру түрі балалар үшін аса қауіпті емес. Бірақ ауырған кезде жедел түрде медициналық көмек көрсетілмесе, өліммен аяқталатындай жағдайға алып келетін тіндер мен шырыштардың созылмалы және жіті ісінуі, яғни Квинке ісігінің асқынуын қоздырады. Мұндай жағдай орын алмас үшін, алғашқы белгілерді байқай салысымен сауықтыруға арналған сәйкес шараларға кірісу керек.
Аллергиялық ринит пен кәдімгі тұмаудың айырмашылығы қандай?
Аллергиялық риниттің кәдімгі тұмаудан айырмашылығын келесі белгілер бойынша ажыратуға болады:
- Дене температурасының көтерілуі. Бұл кәдімгі тұмауды көрсетеді. Аллергия кезінде балалардың температурасы көтерілмейді, яғни 37°С-тан аспайды.
- Әлсіздік пен тәбеттің болмауы. Аллергендердің әсеріне ағзаның әдеттен тыс реакциясы кезінде мұндай белгі туындамайды.
- Аллергия күтпеген жерден басталады. Бірден сипатты белгілер пайда болады. Салқын тигеннен болатын аурулар баяу ағымымен ерекшеленеді. Алдымен әлсіздік, бас ауру, тамақтың жыбырлауы пайда болып, содан соң қалған белгілері туындап, байқала бастайды.
- Аллергия кезінде қатарынан 10 ретке дейін түшкіреді. Салқын тиіп ауырғанда 2-3 рет.
- Ағзаның әдеттен тыс реакциялары мұрын қуыстарында пайда болатын тұмаудың, кейде қышудың көрініс табуымен сипатталады. Өзге аурулар мұндай белгісіз өтеді.
- Аллергия кезінде мұрыннан су сұйық күйінде ағады. Ал тұмау кезінде алғашқы күндері сұйық, содан соң жабысқақ бола бастайды.
- Салық тиген кезде балада жөтел пайда болады. Аллергия кезінде мұндай белгі болмайды.
- Ағзаның әдеттен тыс реакциялары көзден жастың ағуымен, көздің шаншып ауруымен, көздің айналасында эпидермистің қараюымен, терінің үстіңгі қабатының бөртуімен сипатталады.
Назар аударыңыз! Ауруды дұрыс анықтау керек, өйткені аллергиялық ринитті гистаминге қарсы дәрі-дәрмектермен, ал суық тигеннен болатын ауруларды вирусқа қарсы дәрілермен емдейді.
Аллергиялық риниттің түрлері
Аллергиялық риниттің бірнеше түрі бар. Асқынуы бойынша ауруды былайша топтастырады:
- Жыл бойына созылатын ринит. Ауру қай мезгіл екеніне қарамастан, жыл бойына асқынуы мүмкін.
- Маусымдық ринит. Жылдың белгілі бір мезгілінде немесе айында пайда болады. Маусымдық ринитке пайда болуының мерзімділігі тән. Көбінесе белгілі бір өсімдік гүлдей бастағанда пайда болады.
Себептері
Балаларда вазомоторлық ринит ағзаға ауру қоздырғыштарының әсер етуінен туындайды. Аллергендердің бірнеше түрі бар:
- Зеңді. Баланың тұратын үйінде бөлмелер нашар желдетіліп немесе жылынатын, сондай-ақ бөлмеде қатты ылғал болса, онда үйдің қабырғалары, едені немесе төбесі көгеріп, зең шығуы мүмкін. Ол мәселелердің туындауына алып келеді. Аллергиялық ринит сондай-ақ термикалық өңдеуден нашар өткен немесе мүлдем өтпеген жеміс-жидектер мен көкөністерде кездесетін зеңдерден пайда болады.
- Өсетін. Өсімдіктің тозаңы, сығындысы, шырыны және т.б. ағзаның әдеттен тыс реакцияларын тудырады.
- Азық-түліктік. Аллергеннің кез келген өнімінен аллергия пайда болады. Көбінесе цитрусты жемістер, сүт, шоколад, бал, жаңғақтар мен жұмыртқа.
- Жануарлар. Үй жануарларының жүні, құстардың қауырсыны және т.б.
- Микробты. Аллергияның пайда болуын стафилококктар мен стрептококктар өршітеді.
- Тұрмыстық. Аллергиялық реакциялардың пайда болуының мұндай себептеріне тазалайтын, жуатын заттар, шаң және өзге факторлар жатады.
Бұл – аллергиялық риниттің пайда болуының басты себептері. Алайда мәселенің туындауына өзге де факторлар әсер етуі мүмкін:
- ағзаға салқын тию немесе ағзаның қатты ысуы;
- гигиена ережелерін сақтамау;
- қоршаған ортаның жағымсыз әсері;
- баланың тұратын жерінде ауаның тым ылғалды болуы немесе ылғалдың жетіспеушілігі;
- мұрын қуыстарының бітелуі;
- мұрын шырыштарының ісуі;
- қатарынан 10 ретке дейін қайта-қайта түшкіру;
- мұрын жолдарынан тұмау пайда болғаннан кейін 2-3 күн өтсе де, жабысқақ болмайтын сарысудың ағуы;
- мұрын айналасында эпидермистің қызаруы;
- мұрында жайсыз сезімдердің болуы;
- көз жасының ағуы.
Белгілері
Мұрын бітеле немесе мұрыннан су аға басталғаннан кейін, сондай-ақ өзге де белгілері байқала басталған жағдайда дәрігерге қаралу керек. Маман бұл белгілердің пайда болу себебін анықтайды және тұмауды қалай емдеу керек екенін айтып береді.
Диагностика
Дәрігер терапияны белгілеместен бұрын ауруды анықтауы керек. Дәрігер ең алдымен анамнез жинай бастайды, яғни баланың туыстарына немесе жасөспірімнің өзіне бірнеше сауал қояды. Дәрігер мынадай сұрақтар қояды:
- тұқымдарында қандай генетикалық патология бар?
- ауруға тән белгілер қашан пайда болады?
- баланы нақты не мазалайды?
- патология белгілерінің пайда болуына не түрткі болды?
Содан соң маман баланы қарайды, содан кейін ғана мынадай тексерулерді белгілейді:
- ағзада эозинофилдердің болуын анықтауға арналған қан талдауы;
- мұрын қуыстарынан аққан сары судың талдауы;
- эпидермистің аллергиялық сынамасы;
- Е иммуноглобулиндеріне қан талдауы;
- мұрын қуысын қарау – айнаның көмегімен мұрын жолдарын тексеру;
- рентген;
- КТ немесе УДЗ.
Дәрігер осы зерттеулерді негізге ала отырып қорытынды шығарады және тиісті емдеуді белгілейді.
Алдын алу
Аллергиялық риниттің туындауын болдырмау үшін дәрігердің мынадай кеңестеріне құлақ асу керек:
- баланың аллергендермен байланысын шектеу;
- дұрыс тамақтану қағидаларын ұстану – балаларда аллергия кезінде диетаны дәрігер белгілейді;
- бала ұйықтағанда қауырсыны бар немесе маталары аллергенді төсек жабдықтарын қолданбау керек;
- балаға дәрі-дәрмектерді дәрігер белгілеген мөлшерде ғана беру керек;
- баланың киімдерін осы процедураны өткізуге арналған арнайы заттармен ғана жуу керек;
- арнайы маманның кеңесінсіз халықтық медицинаның дәрі-дәрмектерін қолданбау керек;
- баланы шынықтыру;
- бала терісін күту үшін арнайы гипоаллергенді заттарды ғана қолдану керек.
Балаға дәрумендерді, атап айтар болсақ, C, D, E, K, A дәрумендері мен В тобының дәрумендерін үнемі беріп отырған жағдайда аурудың туындауынан құтылуға болады. Бұл дәрумендердің барлығы Қиыр шығыстық ангустат ламинариясының құрамында бар. Бұл өнім тек әдеттен тыс реакцияның пайда болуына бөгет болып қана қоймай, өзге де ауруларға төтеп бере алатындай, ағзаның қорғаныс күшінің артуына көмектеседі.
Емдеу тәсілдері
Аллергиялық ринитті қалай және немен емдеу керек екенін дәрігер талдаулар мен сынамалардың қорытындыларын зерттеп болғаннан кейін анықтайды. Терапия баланың жасы мен аурудың сипатына байланысты болады. Ең алдымен баланың аллергенмен кез келген өзара әрекеттесуін шектеу керек. Тек осы жағдайда ғана емдеу оң нәтиже береді.
Дәрі-дәрмекті
Балалардағы аллергиялық ринитті емдеу келесі медикаментозды дәрі-дәрмектерді қолдануға сүйенеді:
- Сорбенттер. Бұл препараттар ауру асқынған кезде белгіленеді. Дәрі-дәрмектер ағзаны аллергендер мен зиянды заттардан босатады.
- Гистаминге қарсы дәрі-дәрмектер. Мұндай дәрілер ағзаның әдеттен тыс реакциясын тудыратын гистаминдердің әрекетін бейтараптандырады. Ал ол өз кезегінде аурудың симптоматикасынан арылтады. Ринит, көздің жасаурауы мен аурудың өзге де белгілері жоғалады.
- Аллергиялық ринитке қарсы тамшылар. Бұл – мұрын қуыстарының бітелуіне қарсы мұрынға тамызатын тамшылар. Балаларда аллергиялық ринит кезінде тамшыларды дәрігерлер баланың тыныс алуы нашарлағанда ғана белгілейді. Тамшыларды тек дәрігердің белгілеуі бойынша ғана қолдануға рұқсат етіледі.
- Глюкокортикоидтар. Дәрігер мұндай дәрілерді аллергия пайда болуы мүмкін кезде алдын ала белгілейді. Мысалы, терек бүршік жара бастаған кезде. Дәрі-дәрмектер аллергендердің әсерін бейтараптандырады.
Халық медицинасы дәрілері
Аллергиялық сипаттағы ринитті халықтық медицинаның көмегімен де емдеуге болады. Алайда оларды қолданбастан бұрын, арнайы маманмен кеңесу керек.
Ауруды емдеу үшін дәстүрлі емес медицинаның мынадай дәрілері қолданылады:
- Түймедақпен тамақты булау. Процедураны орындау үшін, екі үлкен қасықпен түймедаққа ыстық суды құяды. Дәріні сүзіп, лимон шырынының бірнеше тамшысымен араластырады. Соған дәкені сулап алып буын ішке тарту үшін балаға береді. Мұндай процедура арқылы мұрынның бітелуінен құтылуға болады.
- Қалақай негізіндегі тұнба. Үш қасық қалақайдың үстіне бір стақан қайнаған суды құяды. Содан соң 30 минутқа тұндырып қояды. Шырынды сүзіп алып, балаға күні бойы аздаған мөлшерде ішкізіп отырады.
Ата-аналарға кеңес
Аталмыш тәсілдермен баладағы аллергияның пайда болуын алдын алу үнемі сәтті бола бермейді. Тіпті балалар дәрігері мен гастроэнтерологтің кеңесі қалағандай әсер бермейді. Алайда аллергиялық риниттің пайда болуын болдырмайтын дәрумендер кешені бар. Ол – Доромарин.
Доромариннің ең басты артықшылығы – құрамы табиғи. Балаларға арналған бұл емдік-профилактикалық өнім келесі компоненттерден тұрады:
- Қиыр шығыстық Ангустат ламинариясы– оның құрамына аллергияның пайда болуын алдын алатын және ағзаның қорғаныс күшін арттыратын А, С, D, Е, К және В тобының дәрумендері кіреді;
- Трепанг сығындысы – құрамында иммунитетті жақсартатын көптеген пайдалы заттар бар. Оған F дәрумені де кіреді. Оның мөлшері балықтың құрамындағы дәруменнен бірнеше есе асып түседі;
- теңіз кальцийі – осы компонентінің арқасында Доромаринді қолдану баланың қимыл-тірек жүйесінің жағдайына жағымды әсер етеді;
- жеміс шырыны – өнімнің дәмін жақсартады, сондықтан дәрумендер кешені пайдалы болып қана қоймай, рахатқа да бөлейді.
DoroMarine табиғи емдік-профилактикалық дәрумендер кешені 3 айдан бастап 16 жасқа дейінгі балаларға қабылдауға ұсынылады. Өнім Қазақстан Республикасының аумағында сатылады. Жеткізуі тегін.
Табиғи емдік-профилактикалық кешеннің артықшылығы:
- зиянды компоненттері жоқ, құрамы табиғи;
- гипоаллергенді;
- дәмі жағымды;
- клиникалық сынақтан өткен;
- оның құрамында қалыпты өсуге және дамуға арналған барлық дәрумендер мен минералдар бар;
- өнімнің тиімділігі мен сапасын растайтын барлық қажетті құжаттары мен сертификаттары бар.
Доромарин дәрумендерін қабылдау келесідей нәтиже береді:
- ағзаның қорғаныс күшін арттырады;
- метаболизмді қалпына келтіреді;
- көздің шаршағыштығы басылып, көруі жақсарады;
- есте сақтау қабылеті жақсарады, ал ол өз кезегінде сабақтағы үлеріміне жақсы әсер етеді;
- жүйке жүйесінің жағдайы жақсарады;
- асқазан-ішек жолының қызметі дұрысталады;
- жаралардың, тыртықтар мен өзге де терінің зақымдалған жерлерінің қалпына келуін жылдамдатады;
- аяқ-қолдардың ұйып қалуы жоғалады;
- сіңірдің тартылуы жоғалады;
- шлактар, уыттар мен өзге де зиянды заттар ағзадан шығады;
- қимыл-тірек аппаратының жағдайы жақсарады, тістің және сүйектердің дұрыс қалыптасуына ықпал етеді;
- қан айналымы жақсарады;
- жүректің қызметі қалпына келеді;
- ағзаның әдеттен тыс реакциялары туындамайды.
Сол себепті көптеген мамандар балаларға арналған Доромариннің дәрумендерін қабылдауға кеңес береді.
Аллергиялық ринит – әсіресе балаларда пайда болған жағдайда тез арада емеуді қажет ететін аурудың түрі. Білікті терапияның болмауы өліммен аяқталатын жағдайды өршітетін Квинке ісігінің пайда болуына алып келеді. Өзге де аурулар сияқты аллергиялық сипаттағы ринитті емдегеннен көрі, алдын алған дұрыс. Ауруды болдырмау үшін клиникалық тәжірибелермен расталған Доромарин көмекстеседі.
Аллергиялық ринт - Дәрігер Комаровский мектебі